Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_ekzamen_2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.7 Кб
Скачать

3. Ластанған суды тазарту әдістері

Лас суды механикалық, химиялық және биологиялық әдістермен тазалайды және бактериядан тазарту үшін дезинфекция жасалынады.

Тазарту мына әдістер арқылы жүзеге асады:

  • Сүзу;

  • Тұндыру;

  • Механикалық бөлшектерді ортадан тепкіш күш арқылы бөліп алу;

  • Фильтрлеу.

Сүзу үшін екі түрлі қондырғы пайдаланылады: торшалар мен талшық ұстағыштар. Торшалар 25-40 градус бұрышпен орналасады, ал талшық ұстағыштар тесіктері бар конустар тәрізді барабан, дискі және фильтрлерден тұрады.

Тұндыру әдісі зиянды қатты және сұйық түрдегі заттардың төмен шөгуі мен су бетіне жүзіп шығуына арналған. Тұндырғыштар су ағынының бағытына қарай горизонталды, вертикалды, радиалды және аралас болып келеді.

Механикалық бөлшектерді ортадан тепкіш күш арқылы бөліп алу әдісінде гироциклонда мен центрифугалар қолданылады.

Өте ұсақ бөлшектер үшін фильтрлер қолданылады. Бұл фильтрлерде сүзгіш ретінде кварц құмы, тас қиыршықтары, антрацит, шлак, көмір пайдаланылады. Микрофильтрлерде ұсақ тесіктері бар материалдар қолдаылады (керамика, металдар).

Билет №14

1. Литосфераға анықтама бер

Литосфера [1] — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосфераменшектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның кқалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады. Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден

40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базальттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км.

2. Белсенсіз (пассивті) жол дегеніміз не?

Белсенсіз (пассивті) жол – бұл ағзалардың тіршілік функцияларының қоршаған орта өзгерісіне бағынуы. Орта жағдайы күрт қолайсызданғанда ағзалардың кейбір түрлері өз тіршілігін белсенділігін едәуір азайтып, «жасырын тіршілік» деп аталатын күйге өшеді. Мысалы, кейбір жәндіктер құрғақшылық кезінде ауада кеуіп қалады да, ылғал көбейгенде тіршілік белсенділігін арттырады. Бұл процесті анабиоз деп атайды. Бұл күйге ірі ануарлар ішінде аюлар түседі – қорек көзі азайған кезде олар ұйқыға кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]