Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бақылау-өлшегіш 2014 каз-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
378.84 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

2 АКУШЕРЛІК ІС ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ

АКУШЕРЛІК ІС ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ-ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ

«ЖАТЫР МОЙНЫ МЕН ЖАТЫР ДЕНЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ЗАМАНҒЫ

ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ»

Мамандық: 051 301 – «Жалпы медицина»

Пән: акушерлік іс және гинекология

Курс: 5(бесінші)

Алматы, 2014 ж.

Бақылау-өлшегіш құралдарын құрастырушы доцент м.ғ.к Нугманова М.И., №2 акушерлік іс және гинекология кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілді « » 2014ж., №__ хаттама

№2 акушерлік іс және гинекология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Л.Г. Калиева

Тәжірибелік сабақтарға арналған бақылау-өлшеу құралдары:

1. Сұрақтар, тестілер

2. Ахуалдық есептер

Қорытынды бақылауға арналған бақылау-өлшеу құралдары:

4. Емтихандық сұрақтар.

5. Тәжірибелік дағдалар

Тақырып №1: Жатыр мойнының астарлас және обыралды аурулары, жіктелуі, зерттеу әдістері.

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тестілер;

  1. Жатыр мойнының патологиялық үрдісіне жатпайды:

    1. астарлас аурулар

    2. лейкоплакия

    3. обыр

    4. эритроплакия

    5. эндометрия полипі

  1. Жатыр мойнының асталас ауруларына жатпайды:

  1. шын эрозия

  2. жалған эрозия

  3. жай лейкоплакия

  4. эритроплакия

  5. дисплазия

  1. Жатыр мойны обыралды ауруларына жатады:

  1. Дисплазия

  2. жатыр мойнының жыртылуы

  3. жатыр мойны полипі

  4. іштен біткен эрозия

  5. набот кисталары

  1. Жатыр мойны обыралды үрдістерінің пайда болуына ықпал етуші факторлар:

  1. май алмасудың бұзылысы

  2. стрестік жағдайлар

  3. етеккірлік циклның бұзылыстары

  4. қайтаамалы жатыр мойны эрозиясы

  5. жатыр мойны эдометриозы

  1. Жатыр мойнының фондық жане ракалды ауруларының этиологиясына жатпайды:

  1. инфекциялық

  2. вирустық

  3. гормондық

  4. генетикалық

  5. экологиялық

  1. Жатыр мойнының қынаптық бөлігі мынадай эпителимен жабылған:

    1. цилиндрлік

    2. жалпақ көпқабатты

    3. призма тәрізді

    4. жыбырлақ

    5. куб тәрізді

  1. Цервикальдық канал жабылған:

  1. бирқабатты цилиндр тәрізді эпителиямен

  2. копқабатты цилиндр тәрізді эпителиямен

  3. жалпақ көпқабатты

  4. куб тәрізді

  5. призма тәрізді

  1. Ауысу аймағы дегеніміз:

  1. сыртқы ернеудегі цилиндрлік эпителияның копқабатты жалпақ эпителиге ауысқан бөлігі

  2. эндоцервикстің цилиндрлік эпителиямен жабылған бөлігі

  3. экзоцервикстің цилиндрлік эпителиямен жабылған бөлігі

  4. эндоцервикстің жалпақ эпителиямен жабылған бөлігі

  5. экзоцервикстің жалпақ эпителиямен жабылған бөлігі

  1. Жатыр мойны дисплазиясына жатпайды:

  1. жасуша бөлінісінің бұзылысы

  2. эпителий қабаттық құрылымының бұзылысы

  3. жасуша полярлығының бұзылысы

  4. кейбір жасушалардың полиморфизмі

  5. базалды мембрананың бүлінісі

  1. Жатыр мойны дисплазиясы бөлінеді:

  1. жеңіл

  2. іштен біткен

  3. жүре пайда болған

  4. аралас

  5. біріншілік

  1. Жатыр мойны патологиясының диагностикасындағы клиникалық әдістерге жатпайды:

  1. нысаналы биопсия

  2. айнамен қарау

  3. жатыр мойнының биопсиясы

  4. онкоцитологияға жағында алу

  5. арты күмбездің пункциясы

  1. Қандау зерттеу әдістері жатыр мойнының астарлас және обыралды ауруларың аспаптық диагностикасына жатады?

  1. Онкоцитологияға жағында алу

  2. иммундық тексерулер

  3. кольпоскопия

  4. айнамен қарау

  5. онкоцитологияға жағында алу

  1. Жатыр мойны патологиясының диагностикасындағы зертханалық әдістерге жатпайды:

  1. цитологиялық

  2. бактериоскапиялық

  3. бактериологиялық

  4. иммунологиялық

  5. эндоскопиялық

  1. Гистологиялық тексеруге жатыр мойнынан материалды қандай құралмен алған дұрыс?

    1. конхотоммен

    2. электротұзақпен

    3. скальпельмен

    4. қырынды алу арқылы

    5. затты әйнекке ізтаңба алу

  1. Жатыр мойны эндоскопиясына жатпайды:

    1. карапайым кольпоскопия

    2. кеңейтілген кольпоскопия

    3. кольпомикроскопия

    4. кольпоцервикоскопия

    5. кульдоскопия

  1. Онкоцитологияға жағынды жатыр мойнының қай бөлігінен алынады?

    1. экзоцервикстен.

    2. эндоцервикстен

    3. қынаптың артқы күмбезінен

    4. уретрадан

    5. цилиндрлік эпителидің жалпақ эпителиге ауысқан жерінен

  1. Кольпоскопия кезіндегі Шиллер сынамасы дегеніміз не?

    1. жатыр мойнын 3 сіркесу қышқылымен өңдеу

    2. жатыр мойнын Люголь ертіндісімен өңдеу

    3. жатыр мойнын сутекті қышқылмен өңдеу

    4. жатыр мойнын бриллинт көгімен өңдеу

    5. жатыр мойнын марганцовка ертіндісімен қңдеу

  1. Жатыр мойнын 3% сіркесу қышқылының ерітіндісімен тазалағанда мынадай өзгерістер болмайды:

    1. эпителияның шамалы ісінуі

    2. шырыштық қабаттың түсінің өзгеруі

    3. өзгермеген тамырлардың тарылуы

    4. жатыр мойнындағы шырыштың кетуі

    5. жатыр мойны эрозиясының жазылуы

  1. Гистероцервикоскопия көрсетілген:

    1. жатыр мойны полипінің диагностикасы үшін

    2. жатыр мойны псевдоэрозиясының диагностикасы үшін

    3. жатыр мойны эритрплакиясының диагностикасы үшін

    4. жатыр мойны лейкоплакиясының диагностикасы үшін

    5. жатыр мойны ракалды процессінің диагностикасы үшін

  1. Мына патология кезінде ең бірінші қажетті зерттеу әдісі?

  1. қарапайым кольпоскопия

  2. кольпомикроскопия

  3. кеңейтілген кольпоскопия

  4. онкоцитологияа жағынды алу

  5. гистероцервикоскопия

Жауаптары:

1-Д 11-Д

2-Д 12-В

3-А 13-Д

4-Г 14-В

5-Г 15-Д

6-Б 16-Д

7-А 17-Б

8-А 18-Д

9-Д 19-А

10-А 20-Г

Игерілген білім деңгейін қорытынды тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жатыр мойнының астарлас аурулары терминіне анықтама беріңіз

  2. Жатыр мойнының обыралды аурулары терминіне анықтама беріңіз

  3. жатыр мойнының астарлас жане обыралды ауруларының этиологиясы, патогенезі

  4. копқабатты жалпақ эпителидің қабаттарын атаңыз

  5. ауысу аймағы дегеніміз не?

  6. обыралды ауруларының заманауи әдістері

  7. жатыр мойны патологиясы диагностикасы клиникасының әдістері

  8. Кольпоскопияға анықтама беріңіз? Қандай түрлері бар? Жатыр мойнының обыралды ауруларының диагностикасында ролі және маңыздығы

  9. Қалыпты жатыр мойнының кольпоскопиялық көрінісі.

  10. Онкоцитологияға жағынды алудың техникасы

Онкоцитологияға жағынды алу

Қадам

Қадамдарды бағалау критерийлері

Бағалау балл жүйесінде

1

Әйелді гинекологиялық креслоға шығуын өтінеді. Алдын алы таза біррет қолданылатын жөргек төсеп алады.Ережеге сәйкес қолды жуғаннан кейін, екі қолға стерильді резина қолғап киеді.

20,0

10,0

5,0

2,5

2

Жатыр мойнын айнамен қарауға кіріседі. Ол үшін үлкен жыныс еріндерін сол қолдың саусақтарымен ашады,ал оң қолмен ашылмаған күйінде және бүйірімен Куско айнасын кіргізеді,.Айнаны толық кіргізгеннен кейін бұрады және дұрыс қалыпқа орналастырады. Жатыр мойнын жалаңаштау үшін айна құлақшаларын бекітеді.

20,0

10,0

5,0

2,5

3

4

Жатыр мойнын қарайды және жатыр мойнында патологиялық өзгерістердің болуына көңіл бөледі. Бөлінділер болған жағдайда жатыр мойнын стерильді тампонмен құрғатады. Жатыр мойнының патологиялық өзгерген аймағынан Аэро шпателімен жағынды алады және оны затты әйнекке жұқалап жағады.

Сосын цервикальды өзекке екінші үшкір ұшын кіргізеді және оны 360 градусқа бұрайды, сол кезде жағынды цилиндрлік эпителидің жалпақ эпителийге ауысқан жерінен алынады. Алынған жығындыны басқа затты әйнекке жағады.

20,0

20,0

10,0

10,0

5,0

5,0

2,5

2,5

5

Содан соң айнаның құлақшаларын ашады және қынаптан ақырындап шығарады, оны дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салады.

Қолғаптарды шешеді және утилизацияға арналған арнайы контейнерге салады. Қолды сабындап жуып, орамалмен сүртеді.

20,0

10,0

5,0

2,5

Этап бойынша жоғарғы балл 100 бал

Тақырып №2: Жатыр мойнының шын және жалған эрозиясы (эктопиясы). Клиникасы,диагностикасы. емдеу әдістері.

Игерілген білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтар:

    1. Жатыр мойнының эрозиясына анықтама беріңіз.

    2. Жатыр мойны эрозиясының қандай түрлері бар?

    3. Жатыр мойны шын эрозиясының клиникалық симтоматикасы қалай көрінеді?

    4. Жатыр мойны эктопиясы дегеніміз не? Эктопияның пайда болу себептері?

    5. Туа пайда болған және жүре пайда болған эктопияны қалай түсінесіз? Этиология және патогенездік ерекшеліктері

    6. Эктопияның клиникалық симтоматикасы қалай көрінеді?

    7. Жатыр мойнының шын және жалған эрозиясының зерттеу әдістері

    8. Псевдоэрозияның кольпоскопиялық көрінісі қандай?

    9. Шиллер сынамасы қандай мақсатпен қолданылады?

    10. 3 сіркесу қышқылымен өңдеудің мақсаты қандай?

    11. Бездік, пролифирлеуші, эпидермезирлеуші псевдоэрозияның морфологиялық сипаттамасы.

    12. Псевдоэрозия терапиясының негізгі ұстанымдарын атаңыз

Игерілген білім деңгейін тексеруге арналған ситуациялық есептер

Есеп №1

35 жасар М., дегенәйел әйелдер консультациясына профилактикалық тексеруге келді, шағымдары жоқ.

Өмір анамнезі;соматикалық дені сау, Етеккірі 13 жастан , бірден тұрақталған, 5 күне өтеді, 30 күн сайын қайталанады, ауыру сезімсіз. Соңғы етеккірі 2 апта бұрын уақытында болған.Жыныстық өмірі 20 жаста, тұрмыста. Жүктілігі-4, босану-2. Мед.түсік -2.

Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ.

Гинекологиялық статусы:

Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.

АҚ: жатыр мойнында сыртқы ернеудің тұсында қызғылт түсті диаметрі 1 см болатын, беткейі кедір-бұдырлы аймақ анықталды. Бөлінділер – шырышты.

PV; жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі, жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері қалыпты, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.

Кеңейтілген кольпоскопия:жатыр мойнында жүзім шоғырына ұқсаған қызғылт түсті шар тәрізді өсінділер анықталды, 3 сіркесу қышқылымен тазалағаннан кейін бозғылттанып, рельефі айқындала түсті. Люголь ертіндісімен тазалағаннан кейін – йоднегативті реакция.

Үрпіден жане цервикальды каналдан gn және trich жағынды алу:

үрпі

Цервикальды канал

Эпителиальдық жасушалар клеткалар

3-4

5-6

Лейкоциттер

2-3

4-5

Трихомонадалар

таза

таза

Гонококтар

таза

таза

флора

Гр. теріс таяқшалар

Гр. теріс таяқшалар

Жатыр мойнының патологиялық аймағынан нысаналы биосия арқылы алынған биоптаттың гистологиялық қорытындысы: бездік псевдоэрозия.

Тапсырма:

      1. Дүрыс диагноз қойыңыз

      2. Салыстырмалы диагностика жүгізіңіз

      3. Емдеу іс-шарасын таңдаңыз.

Есеп 2

34 жасар М., деген әйел әйелдер консультациясына профилактикалық тексеруге келді, шағымдары жоқ.

Өмір анамнезі;соматикалық дені сау, Етеккірі 13 жастан , бірден тұрақталған, 5 күне өтеді, 28 күн сайын қайталанады, ауыру сезімсіз. Соңғы етеккірі 2 апта бұрын уақытында болған.Жыныстық өмірі 20 жаста, тұрмыста. Жүктілігі-, босану-2. Медаборт -3.

Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ.

Гинекологиялық статусы:

Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.

АҚ: жатыр мойнында сыртқы ернеудің тұсында қызғылт түсті диаметрі 2,5 см болатын, беткейі кедір-бұдырлы аймақ анықталды. Бөлінділер – шырышты.

PV; жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі,жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері қалыпты, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.

Кеңейтілген кольпоскопия:жатыр мойнында жүзім шоғырына ұқсаған қызғылт түсті шар тәрізді өсінділер анықталды, 3 сіркесу қышқылымен тазалағаннанкейін бозғылттанып, рельефі айқындала түсті. Люголь ертіндісімен тазалағаннан кейін – йоднегативті реакция.

Үрпіден жане цервикальды каналдан gn және trich жағынды алу:

үрпі

Цервикальды канал

Эпителиальдық жасушалар

3-4

5-6

Лейкоциттер

2-3

4-5

Трихомонадалар

таза

таза

Гонококтар

таза

таза

флора

Гр. теріс таяқшалар

Гр. теріс таяқшалар

Жатыр мойнының патологиялық аймағынан нысаналы биосия арқылы алынған биоптаттың гистологиялық қорытындысы: бездік псевдоэрозия.

Тапсырма:

  1. Дүрыс диагноз қойыңыз

  2. Дифференциалды диагностика жүгізіңіз

  3. Емдеу тактикасын таңдаңыз.

1 Есептің жауабы

Негізгі симптомдары;

  • Айнамен жатыр мойнын қарағанда сыртқы ернеудің тұсында қызғылт түсті диаметрі 1 см болатын, беткейі кедір-бұдырлы аймақ анықталды.

Қосымша зерттеу әдістері:

  • үрпіден жане цервикальды каналданgn и trichжағынды алу

  • кеңейтілген кольпоскопия

  • нысаналы биопсия гистологиялық тексерумен бірге

Анализдер интерпретациясы:

  • үрпіден жане цервикальды каналданgn и trichжағынды алу

  • жатыр мойнында жүзім шоғырына ұқсаған қызғылт түсті шар тәрізді өсінділер анықталды, 3 % сіркесу қышқылымен тазалағаннан кейін бозғылттанып, рельефі айқындала түсті. Люголь ертіндісімен тазалағаннан кейін – йоднегативті реакция.

  • гистологиялық зерттеудің қорытындысы: бездік псевдоэрозия

Салыстырмалы диагностикасы:

  • Жатыр мойының шын эрозиясы

  • Жатыр мойының обыры

Қортынды диагнозы: Жатыр мойны эктопиясы

Емі: жатыр мойнының диатермоэксцизиясы немесе криодеструкциясы

2Есептің жауабы

Негізгі симптомдары;

  • Айнамен жатыр мойнын қарағанда сыртқы ернеудің тұсында қызғылт түсті диаметрі 2,5 см болатын, беткейі кедір-бұдырлы аймақ анықталды.

Қосымша зерттеу әдістері:

  • үрпіден жане цервикальды каналданgn и trichжағынды алу

  • кеңейтілген кольпоскопия

  • нысаналы биосия гистологиялық тексерумен бірге

Анализдер интерпретациясы:

  • үрпіден жане цервикальды каналданgn и trichжағынды алу - патолоиясыз

  • жатыр мойнында жүзім шоғырына ұқсаған қызғылт түсті шар тәрізді өсінділер анықталды, 3% сіркесу қышқылымен тазалағаннан кейін бозғылттанып, рельефі айқындала түсті. Люголь ертіндісімен тазалағаннан кейін – йоднегативті реакция.

  • гистологиялық зерттеудің қорытындысы: бездік псевдоэрозия

Салыстырмалы диагностикасы:

  • Жатыр мойының шын эрозиясы

  • Жатыр мойының обыры

Қортынды диагнозы: Жатыр мойны эктопиясы

Емі: жатыр мойнының диатермоэксцизиясы немесе криодеструкциясы