
- •41. Эмоцияның түйсіктен айырмашылықтарын көрсете отырып, арасында байланыс орнатыңыз.
- •43. Жалпы және арнайы қабілеттердің арасында байланыс орнатыңыз.
- •44. Сіздің ойыңыз бойынша, көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •46. Қазақ ақын-жазушыларынан қиял түрлерін (қайта жасау, творчестволық қиял, арман) көрсететін нақты мысалдар келтіріңіз.
- •53. Ғылыми психологияның қалыптасу тарихына сіздің жеке көзқарасыңыз
- •55. Сіздің ойыңыз бойынша, Студенттің оқу үлгеріміне байланысты анкета үлгісін кестеде беріңіз.
- •56. Сезімнің адам өміріндегі маңызы туралы жазыңыз.
46. Қазақ ақын-жазушыларынан қиял түрлерін (қайта жасау, творчестволық қиял, арман) көрсететін нақты мысалдар келтіріңіз.
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
М. Жүмабаев, «Жаратылыстың қүшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор жүмыстар істей білуге қабілеттілік адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес.
Абай мұны өте дүрыс көре білген. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп- тегіс жүмыр келсін айналасы. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар тандамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? Бүл өлеңіне Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың психологиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр.
І.Есенберлиннің тарихи шығармалары көркемдік пен деректіліктің астасуы негізінен туды. Яғни тарихи дерек пен жазушы қиялының бірлігінен барып оқырманды қызықтыратын керемет дүниелер туды. Жазушы аңызды да пайдаланды, деректі қиялы арқылы дамыта келе сол тарихи кезеңнің шындығын ашуға мүмкіндік туғызды. Осы секілді көптеген шығармаларды мысалға келтіруге болады. Көркемдік тұрғыдан келгенде сан мың оқырман қызыққан
Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдарын» айтуға болады. Онда жазушының сол заманның көркемдік шындығын ашуы, сол дәуір жастарының болмысын бедерлеуі өзгеше суреттелген. Шағын ғана детальдар жазушы қиялы арқылы дамып, сол кездегі жастардың сезімін, олардың өмірге деген құштарлығын көркем образдар арқылы танып-білдік.
47. «Сөз ойдың көрінісі, ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деген тақырыпта қорытынды жасаңыз. «Сөз- ойдың айнасы» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, тілден сырлы сазды табайық. Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда тілді дамытып оқытуды «өне бойы, өмір серік»- етіп алғанымыз жөн. Сәбит Мұқановтың “Сөз — Советтік Армия” деген өлеңі былай басталады:
Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені,
Жүректің шахтасынан халық оны
Мыңдаған жылдар қазып, кен тасына
Тереңнен әрең барып жетті қолы
Жеткен соң. қолы сөздің кен тасына,
Кен күйінде қазына болмасына
Түсініп, қорытуға әкеп төкті
Мидық мың градустық домнасына .
Бұл жерде ақын тілдің қатынас құралы ретіндегі ролін ғана емес (оны әдебиетшінің “көмегісіз”, лингвистердің өздері-ақ түсіндіре алады), сөз бен ойдың бірлігін айта қалғандай әдемі бейнелеген. Айтты-айтпады, “мидың мың градустық домнасында” құрыштай қорытылып шықпаған сөз, яки суреткердің ой қазанында қайнап шықпаған сөз шын мәніндегі “шығармаға негізгі материал” бола алмайды. Өйткені көркем сөз — көрікті ойдың көрінісі; қ ұ н д ы с ө з қ ұ н а р л ы о й д а н ғ а н а т у а д ы, “ойы нәрсіздің тілі де әрсіз” (Л. Толстой).
48. Баланың зейіні оның сырт келбетінен (бет-пішіні, көз жанары т.б.) көрінетіндігі жайында дәлелдер жасаңыз . Зейін адамның қайсыбір бір немесе бірнеше тітіркендіргішті адамның нерв системасына минут сайын әсер ететін тітіркендіргіштер тасқынынан бөліп алып, сол тітіркендіргіштерге (олардың тұтас бір комплексіне) көңіл қоя білуінен көрінеді.
Балалардың алаңдағыштығына мұғалім кінәлі болатыны өте жиі кездеседі. Егер ол сабақты бір сарынды және іш пыстыратындай етіп жүргізетін болса, егер балаларға орындауға жұмыстың бұрыннан таныс және өте оңай түрлерін тапсыратын болса, егер оларды бос отырғызып қоятын болса немесе тек жаттанды атқарушылық амалдарды талап ететін тапсырмалар беретін болса,- ол бала зейінің алаңдағыштығының пайда болуына жағдай жасамай қоймайды. Балалардың іштері пысады да, олар басқа бір тартымды нәрсе іздейді (сөйлеседі, қағаз жазады, тентектік жасайды).
Егер мұғалім әбігерленіп немесе абыржып тұрса, егер ол қара басының қиыншылықтарына, қуанышты не ауыртпалықты толғаныстарына деген барлық реакцияларын жеткілікті дәрежеде тежей алмай келсе, егер ол сабақтарын өткізу мен өз жұмысына жете ден қойып тұрмаса – оқушылар мұны сол сәтте-ақ сезеді. Мәселен, бірінші сыныпта оқу сабақтарында у-шу болып кетуі өте жиі кездеседі, балалар алаңдайды, бұл әбден түсінікті. Өйткені оқушылардың көбі басқа балалардың не оқығандығын тыңдап қана отырады, оның үстіне оқып отырғандарының мазмұны бәріне жақсы белгілі болады, ал даярлығы жақсы көптеген балалар бұл тапсырылған әңгімені ғана емес, бүкіл оқу кітабын бастан аяқ баяғыда өздері оқып шыққан. Сондықтан мұндай жағдайда балалар ұстамды бола алмайды.
49. «Адам өміріндегі ең тамаша нəрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» атты тақырыпқа интерпретация жасаңыз. Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады. Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады.
50. «Психологияның біздің өміріміздегі рөлі мен мағынасы» тақырыбында талдау беріңіз. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды. Адамның мінез-құлқын қадағалауға мүмкіндік беретін құралдарды жасауды талап етуші, капиталистік өндіріс әдісінің дамуына байланысты пайда болған, көптеген практикалық мәселелер алдында "сана психологиясы" әлсіз болды. Бұл XX ғасырдың екінші онжылдығындағы пайда болған психологияның жаңа бағытына әкелді. Бұл бағыттың өкілдері психологиялық ғылымның жаңа мағынасын жариялады.
51. Топтағы бір студентке психологиялық портрет жасаңыз. Кез-келген оқу пәні мұғалімінің психологиялық портреті келесі құрылымдық компоненттерге ие: адамның даралық сапалары, яғни оның индивид ретіндегі ерекшеліктері – темперамент, нышандар т.б.; оның тұлғалық сапалары, яғни, оның тұлға ретіндегі ерекшеліктері – адамның әлеуметтік мәні; коммуникативтік (интерактивтік) сапалар; мәртебелік–позициялық ерекшеліктері, яғни оның ұжымдағы жағдайының, рөлінің, қатынастарының ерекшеліктері; іс-әрекеттік (кәсіби-пәндік), сыртқы мінез-құлықтық көрсеткіштер. Аталған компоненттер жиыны мен тіркесімдердің ерекшеліктері оқытудың әр сатысы үшін, соның ішінде мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбие берудегі мұғалімнің психологиялық портретін анықтайды. Мысал:
Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. 1990-2001 жылдар аралығында Өскемен қаласындагы № 37 орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындагы ҚазҰТУ-га келіп оқуга түсті.
М.А.Нүсіпбеков-қабілетті, білімді, спортқа деген ынтасы зор. Республиқалық жарыстарга қатысып, жүлделі орындарға ие болган. Компьютермен жұмыс істей алады, ағылшын тілін жетік біледі.
Мінезі біртоға, сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады.
Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Базалық дайындық деңгейі мен қабілеттігін ескере отырып, М.А.Нүсіпбековты халықаралық студенттік конференцияга жіберуге ұсынуға болады.
52. Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тұрғысынан жазыңыз. Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады [1, б. 516-518].
Л.С. Выготский, Б.Н. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырды.
А.В. Петровский Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс.
Р.С. Немов бойынша қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірак адамда күрделі формада, саналы түрде болады.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады.