Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология п__ннен емтихан жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.94 Кб
Скачать

Психология пәнінен емтихан жауаптары

1. Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады. Сонымен психология негізінен грек сөзінен аударғанда ”жан туралы ғылым”, ал “психология” термині қолданысқа алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашқыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ғ.ғ. психология - бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды.

Психологияның даму тарихы. Психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым.

4-кезең психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдылықтарын зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.

3-кезең психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді.

2-кезең психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады.

1-кезең “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты.

  • 2. Психология ғылымның салаларына талдау беріңіз. Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға бөлінеді.

Тәлім – тәрбие психологиясы.Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара қарым – қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.

Жас ерекшелiк психологиясы – әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы.

Арнаулы психология - бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” – зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымымен оқу – тәрбие істерін зерттейтін пән – педагогика мен жан дүниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.

Еңбек психологиясы – адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

Медициналық психология – дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез – құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаққа бөлінеді. а) Нейропсихология; ә) Психотерапия ; в) Психопрофилактика және гигиена

Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел – жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым – қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді.

Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан – жануар, жәндіктердің құлқын, әрқилы механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырысқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жер інде этология деп аталатын тамақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.

3. Психология пәні туралы түсініктердің негізгі даму кезеңдерін талдаңыз. Психология "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді. 19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды. 1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты. Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады. 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі —психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған.

4. Танымдық процестерді жалпы сипаттаңыз. Танымдық процестерге түйсік, қабылдау ойлау, сөйлеу және қатынас, қиял, ес кіреді. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды. Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Қабылдау — ми қабығының күрделi анализдiк және синтездiк қызметiнiң нәтижесi. Қабылдаудың физиологиялық негiзiне бiрнеше тiтiркендiргiштердiң жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Ес дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтiн процесс. Ес — күрделi психикалық процестердiң бiрi. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секiлдi процестерден тұрады. Естiң физиологиялық негiздерiн бiр кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесiнiң пластикалық қасиетi туралы iлiмiмен түсiндiретiн. Жүйке жүйесiнiң пластикалылығы дегенiмiз түрлi қозулардан қалған әсерлердiң қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабiлетi. Естiң негiзгi түрлерi. Ерiктi және ерiксiз ес түрлерi. Сонда, белгiлi мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтауды мен жаңғыртуды, ерiксiз ес деп атайды. Мақсат қойып, арнайы әрекеттердi қолданып жатып есте сақтағанды ерiктi ес деп атайды. Механикалық ес. Мұндай есте қалдыру ешбiр өзгерiссiз, дәлме-дәл қайталауды коздейдi. Мысалы, түрлi ережелердi жаттау барысында механикалық сақтауды қолданады. Бұған көп күш кетедi және сапасы төмен болады. Логиқалық ес. Бұл есте сақтау амалында логикалық түсiнұ, жүйелеу, негiзгi логикалық компоненттердi бөлiп шығару, солардың араларында мәндiк байланыстарды табу жасалынады. Бейнелi-көрнекiлiк ес. Мәлiметтердi бейнелерге, схемаларға, графиктерге, сүреттерге айландыру. Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адамның зейіні ырықты зейінырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайта жаңғыртып, өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға ғана тән психикалық процесс.

5. Іс-әрекеттегі мотив пен  мақсатттың ерешеліктерін анықтаңыз. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез-келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъекттің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез-келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар іс-әрекеттің қоздырушы себептері және де ол белгілі жетістіктерге бағытталады.

Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады. Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Мотив қажеттіліктің пәні болып айқындалады. Мотив арқылы қажеттілік нақтылана түседі, субъектке түсінікті болады. Қажеттілік пен мотивтің пайда болысымен адамның жүріс-тұрысы шұғыл өзгереді. Егер бұрын жүріс-тұрыс бағытталмаған болса, онда мотивтің пайда болысымен ол өзінің белгілі бағытын алады. Өйткені мотив - әрекеттің пайда болу себепшісі. Әдетте бір мақсат үшін адам бірнеше әрекеттер жасайды. Бір мотивке негізделген осы әрекеттердің жиынтығы іс-әрекет деп аталады, дәлірек айтсақ, ерекше іс-әрекет немесе іс-әрекеттің ерекше түрі. Осылайша, мотивтің арқасында біз А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теория құрылымындағы жоғарғы деңгейге келіп жеттік – ол ерекше іс-әрекет деңгейі.

Іс-әрекет тек бір ғана мотив үшін іске аспайтынын айта кету керек. Кез-келген ерекше іс-әрекет мотивтердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мотивтердің бірісі әрдайым жетекші, ал екіншісі –тұрлаусыз болады. Осы тұрлаусыз мотивтер ынталандыру-мотиві болып келеді.

Мотивтер мақсаттың қалыптасуымен әрекеттерді түғызады. Біз атап кеткендей, мақсат әрқашанда саналы болады, ал мотивтің өзі екі үлкен классқа бөлуге болады: іс-әрекеттің саналы және санасыз мотивтері. Мысалы, саналы мотивтерге өмір мақсаттарын жатқызуға болады. Бұл мақсат-мотивтер. Бұндай мотивтердің болуы үлкен адамдардың көпшілігіне тән.

Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамндықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.

6. Жеке адам және оның негізгі компоненттері туралы талдаңыз. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болса бір іспен шұғылданады, оның азды көпті тәрбиесі, білімі, өзіне тән ерекшеліктеріболады. Осы айтылғандардың барлығы оны жеке адам етеді. А.В.Ковалев жеке адам тарихи әлеуметтік жағдайдың жемісі және жеке адам қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектісі деп анықтама берген. Жеке адам болу үшін мынандай негізгі компонент керек. 1. Жеке адамның бағыттылығы оның қажеттіліктері мен мүдделерінің идеялық және хронологиялық әрекеттерден құрылады. Соның ішінде, бағыттылық компоненттерінің бірі дараланып шығады, ол жетекші ролге ие болады. 2.жеке адамның мүмкіншілігі. 3.жеке адамның мінезі күрделі синтетикалық құрылым. 4.Мен компоненті. Жеке адамның қажеттіліктері 3 ке бөлінеді.1.материалдық қажеттілік. Адамның өмір тірішілігінің негізгі көрсетуіне байланысты анықталынады.2.Рухани қажеттілік адамға ғана тән.а)танымдық;ә)эстетикалық. 3.Әлеуметтік қоғамдық қажеттілік. Тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мәнге ие.

7. Мотивация және оның теорияларына анықтама беріңіз. Мотивация ұғымы-адамның нақты бiр мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесiмен түсiндiрiледi. Мотивациялық жүрiс-тұрыс “Адам ненi қалайды?ң Ол неге ұмтылады?” сұрақтарына жауап бередi. Адамдар жүрiс-тұрысының негiзiнде белгiлi бiр қажеттiлiктер болады. Қажеттiлiк бұл адам бастан кешiретiн мұқтаждық қанағаттануы, адам тiршiлiгi, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшiн өмiрлiк маңызды болып табылады.

Мотивация туралы теориялар ежелгi грек философтары мен теологтары iлiмдерiндегi рационализм және ирррационализм бағыттарымен бiрге дамыды. ХIХ ғасырдың ортасына дейiн ықпалы басым болған рационалистiк позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретiнде қарастырылды. Тек адам ғана сана, ақыл-ой, ерiк-жiгерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күшi- адамның ақыл-ойы мен санасы және еркiмен байланысты. Иррационализм негiзiнен жануарлар әлемi туралы iлiм болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелiгi оның жүрiс -тұрысы ерiксiз, санасыз, биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттiлiктерге сүйенедi.

Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында ХVII-ХVIII ғасырда жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистiк, иррационалистiк) негiзiнде құрылған екi теорияның маңызы зор болды. Бiрiншi, адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын рационалистiк тұрғыда түсiндiрушi “Шешiм қабылдау” теориясы-экономика саласына математикалық бiлiмдердiң енгiзiлуiне байланысты адамның экономикалық жүрiс- тұрыстық шешiм қабылдауы. Кейiннен, бұл адам iс-әрекетiнiң барлық сферасына қатыстырылды.

Екiншiсi- адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсiндiрушi “Автоматизм” теориясы- осы ғасырдағы механика жетiстiктерi нәтижесiнде пайда болып, кейiннен тiрi организмнiң сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бiрi-адам, екiншiсi-жануар жүрiс-тұрысын түсiндiруге бағытталған, бiр-бiрiне тәуелсiз, жеке және философиялық iлiмдердiң екi үлкен лагерiне негiзделген, жеке адамның мотивациясының қозғаушы күшi туралы бұл теориялар ХIХ ғ. аяғына дейiн өмiр сүрдi.

ХIХғ. екiншi жартысы барлық ғылымдар саласы үшiн күрделi жаңалықтарға толы болды. Соның бiрi-Дарвиннiң “эволюциялық теориясы”. Ол алғаш рет осы екi тiрi жаратылысты жүрiс-тұрыстық және мотивациялық тұрғыдан бiр-бiрiне жақындастырып, әсiресе, қажеттiлiктер мен инстинктердiң эмоционалды-экспрессивтi түрде көрiнуiнде екеуiне де ортақ формалар болатынын анықтады.

Биологиялық иррационалдық теориялардың бiрi-З.Фрейд пен У.Макдоуголл негiзiн салған “Инстинкттер теориясы” болды. Олар адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күштерiнiң себебiн тума инстинктерден iздеуге батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша мұндай инстинкттер саны үшеу; өмiр сүру, өлiм, агрессивтiлiк инстинктерi.

Мотивацияның когнитивтi “ теориясы. Бұл теория бойынша, негiзгi мәселе адам санасы мен бiлiмiне, оның танымымен байланысты феномендерге тiкелей байланысты болып саналады.

А.Н.Леонтьевтiң “Адам мотивациясының iс-әрекеттiк тегi”. Бұл теория адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегiн түсiндiруге бағытталған.

8. Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз. Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір объектіге  бағытталып,оның айқын бейнелеуін қамтамасыз ететін психологиялық процесс.Зейін  үш түрі бар:Ырықсыз зейін адам алдында мақсат қоймай ақ қоршаған ортадағы тітіркендіргіштердің әсерінен адам санасының белгілі бір объектіге еріксіз аударуы.Мысалы: өткір иіс,оқыс дыбыс,ашық түстер.Ырықты зейін адам өз алдына мақсат қойып,қандайда ерік жігер күшін жұмсап заттарға саналы түрде көңіл аударады.Мысалы: емтиханға дайындалу,сабаққа дайындалу.Үйреншікті зейін алғашқыда ырықсыз зейінді қажет ететін кейіннен автоматизмге айналатын зейін.Мысалы:машина жүргізу. Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады.Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады.У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: 1) сезімдік (сенсорлы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) – ерік қосумен болатын.Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.

Зейіннің  психологиялық теориялары

Адамға тән әрекеттің  кез келген түрінде зейін орын алмаса,оның нәтижелі болуы қиын. Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді. 

9. Қабылдау, оның түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз. Қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi.Түйсiктер бiздiң өзiмiзде болатын болса, ал қабылданатын заттардың қасиеттерi мен бейнелерi кеңiстiкте шоғырланады. Қабылдаудың әр түрлерi таза күйде сирек кездеседi. Олар көбiнесе комбинацияланып, қабылдаудың күрделi түрлерiн құрайды. Мысалы, оқушының мәтiндi қабылдау әрекетiнде көру, есту және кинестезиялық қабылдаулар қатысады.Қабылдаудың келесi классификациясында материяның тiршiлiк етуiнiң белгiлi бiр формалары – кеңiстiк, уақыт, қозғалыс негiзге алынады.Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн және алыстығын, бағытын қабылдау. Кеңiстiктi қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуiнде үлкен рөл атқарады және адамның онда бағдарлауының қажеттi шарты болып табылады. Кеңiстiктi қабылдау кеңiстiктiң объективтi көрiнiсiнiң бейнеленуi болып табылады және объекттердiң формасын, көлемiн және өзара орналасуын, олардың рельефiн, қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады.

Уақытты қабылдау – бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тiзбегiн бейнелендiру. Уақыттың қабылдану ұзақтығы адам iс-әрекетiнiң мазмұнына тәуелдi. Қызықты, маңызды iстерге толы уақыт зымырап тез өтедi. Егер оқиға қызықсыз, елеусiз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды.Уақытты бейнелеудегi кейбiр субъективтiлiк адамның жасына да байланысты болады. Мысалы, балалар үшiн уақыт өтпейтiндей көрiнсе, ересектер оның тез өткендей қабылдайды. Адам уақытты қабылдаудағы субъективтiлiктен практикалық iс-әрекет пен тәжiрибесi негiзiнде арыла алады.

Қозғалысты қабылдау – бұл объектiлердiң кеңiстiктегi орны мен қалпының өзгерiсiн бейнелеу. Қозғалысты қабылдау өмiрлiк маңызға ие. Қоғалысқа көру жүйесiнiң перифериялық бөлiмi сезiмтал келедi. Объект табылғанда, көру аумағының шет жағында оның түскен бейнесi көздiң рефлекторлық бұрылысын тудырады, нәтижесiнде объект бейнесi көру аумағының орталығына ауысады, осы жерде бұл обектiнi ажырату мен тану жүзеге асады. Заттың қозғалысын қабылдау, негiзiнен, оның қандай да бiр фонда орын ауыстыру немесе жылжи отырып, көз торының түрлi клеткаларының кезектi қозуын тудырады.

10. Түйсік пен қабылдаудың ерекшеліктерін көрсетіңіз. Түйсiк – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. В.Вундтың энергетикалық жiктеуi. 1898 жылы В.Вундпен рецепторлардың адекватты тiтiркендiргiштердiң энергиясынан тәуелдiлiк бойынша классификациясы ұсынылды. Ол механикалық, химиялық және жарықтық сезгiштiктi қабылдауға арналған рецепторлардың келесi үш типiн бөлiп шығарды: 1.механорецепторлар ткандердiң деформациясының, жиырылуының немесе жылжуының механикалық энергиясын қабылдайды. Олар бүкiл дененiң бетiнде және iшiнде орналасқан: терiде, бұлшықетте, сiңiрлерде, тамыр қабырғаларында т.с.с. 2.хеморецепторлар – рецепторлардың анағұрлым ежелгi тобы. Химиялық заттарға сезгiштiк бiрклеткалық организмдерде де болады. Жоғары дамыған сезгiштiк насекомдардың хеморецепциясына тән. 3.фоторецепторлар жарықтық энергияны қабылдайды. Жарықтық тiтiркендiргiштерге сезгiштiк филогенезде прогрессивтi түрде дамыған.

Қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi.Түйсiктер бiздiң өзiмiзде болатын болса, ал қабылданатын заттардың қасиеттерi мен бейнелерi кеңiстiкте шоғырланады. Қабылдаудың түйсiктерден едәуiр дамығандығын көрсететiн тағы бiр ерекшелiгi, егер, түйсiктердiң нәтижесiнде белгiлi бiр сезiм (ашықтық, аштылық, тепе-теңдiк, суықтық, дыбыстың жоғарылығы және т.б.) пайда болатын болса, ал қабылдаудың негiзiнде адам санасының затқа, құбылысқа, процеске жатқызатын өзара байланысты түйсiктердiң жиынтығы ретiндегi бейне қалыптасады.Бiрақ қабылдау мiндеттi түрде түйсiктерге негiзделедi. Түйсiну мен қабылдаудың маңызды ұқсастығы – екеуiнiң де пайда болуы үшiн дүниедегi заттар мен құбылыстардың адамның сыртқы сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп отыруы керек. Сонымен, қабылдау - түйсiкке қарағанда, едәуiр күрделi әрi жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс. Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Бұл ерекшелiктi апперцепция деп атайды.

11. Эмоция және оның түрлеріне талдау жасаңыз. Эмоция - бұл  ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен  бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың  субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоционалдық құбылыс  құрылымында үш компоненттi көрсетуге  болады: пәнi, эмоционалды уайым және қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).

Эмоция пәнiне  адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың  тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай  болуы мүмкiн: емтиханда алған  баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.

Эмоцияның негізгі түрлері. Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Түрлері: Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда  туады. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б. Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Ұялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару.Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi.  Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi.Қорқыныш эмоциясы  адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде  қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн.

 12. Әрекет және дағды түрлерін атаңыз. Әрекет – бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай әрбір әрекет мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты әрқырлы ғана емес, сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар –өз алдына ұсақ мақсаттарға бөлінеді. Енді әрбір әрекет әртүрлі жолдармен орындалатынына көңіл аудару керек, яғни әртүрлі тәсілдермен орындалады. Әрекетті орындау тәсілі операция деп аталады. Әрекетті орындау тәсілі жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әртүрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекттің мүмкіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан іс-әрекет теориясында мақсат міндет деп аталады. Міндетке байланысты операция әр түрлі әрекеттерден тұруы мүмкін. Бұл әрекеттер өз алдына ұсақ әрекеттерге бөліне алады.Осылайша, операциялар – іс-әрекеттің ірірек бірліктері.

Операцияның басты қасиеті олар аз сезіледі немесе тіпті сезілмейді. Әрекеттен операцияның айырмашылығы сонда. Жалпы айтқанда, операция деңгейі – ол автоматтық әрекеттер мен дағды деңгейі. Дағды түсінігіне орындау барысында пайда болатын саналы іс-әрекеттің автоматтандырылған компоненттерін жатқызамыз. Басынан бастап автоматтандырылған әрекеттерге қарағанда (мысалы рефлекторлық қимылдар) ұзақ жаттығулар арқасында дағды автоматтандырылған болады. Сондықтан операциялардың екі түрі болады: бірінші түріне адаптация мен бейімделу арқылы пайда болған операцияны жатқызамыз. Ал екінші түріне – автоматизацияның арқасында дағдыға айналып, санасыз әрекеттер процестеріне өтіп кеткен саналы әрекеттерді жатқызуға болады. Бірінші түр айтарлықтай сезілмейді, ал екіншілері сана шекарасында тұрады.

Жоғары айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: операция мен әрекеттер арасында айқын шекараны бөлу қиынға соғады.

Енді іс-әрекет құрылымындағы үшінші, ең төменгі деңгейге өтелік – ол психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-әрекет теориясында психофизиологиялық функциялар деп – психикалық процестерді қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді айтамыз. Адам биоәлеуметтік организм болғандықтан, біз психикалық процестердің өтуін психикалық процестердің іске асу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін физиологиялық процесс деңгейлерінен бөліп қарастыра алмаймыз. Психикалық функциялардың көпшілігі организмнің бірнеше мүмкіндіктерінсіз жүзеге аспайды. Осындай мүмкіндіктерге түйсікке қабілеттілікті, қозғалғыштық қабілеттілігін, өткен әсерлер мен іздерді бекіту мүмкіндігін жатқыза аламыз. Осы категорияға жүйке жүйесінің морфологиясында бекітілген және өмірдің алғашқы айларында туа пайда болған механизмдерді айта кету керек. Осы қабілеттер мен механизмдердің барлығы адамға туылған сәттен бастап беріледі, яғни олардың генетикалық шарттылығы бар.

13. Қиялдың жасалу жолдарын талдап, түсіндіріңіз. Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процессі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял екі психикалық процесспен-ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Қиялдың образдары адамның  өміріндегі шынайы образдардың жекелеген  жақтарын қайта жасау жолымен  жасалынады. Мысалы: Фантастикалық  романдарды оқи отырып, сіз ойдан  жасалынған кейіпкерлер бәрі бір  өзінің түр-келбетімен бізге танымал обьектілерге ұқсас екенін аңғарған боларсыз. Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді.Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен  тығыз байланысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі-бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Яғни қиял біздің іс-әрекетімізді реттеуде үлкен роль атқарады.

Қиял біздің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуымен де байланысты. Қиял біздің еңбек іс-әрекетерінің кез-келген түрінде кездеседі, себебі қандай да бір нәрсені жасау үшін, жасалынатын нәрсе туралы хабардар болуымыз қажет.

Қиялдың физиологиялық  негізі, нерв жүйесінің байланысының актуализациясы, оның ыдырауы қайта топтасуы, жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмнің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді.   Қиял көптеген органикалық процесстер мен қозғалыстарға әсер етеді. Ішкі органдарың іс-әрекетіне зат алмасу процесіне т.б. Мысалы: дәмді түскі ас туралы көз алдымызға елестетсек, бізде сілекей бөлінеді, ал күйік туралы ойласақ біздің терімізде ң күйіктің ң шынайы белгілері пайда болғандай боладыБір жағынан қиял адамдардың қозғалыс функцияларына ықпал етеді. Мысалы: Біз жарыс кезінде стадионда жүгіріп келе жатырмыз деп елестетсек, бұлшық еттеріміздің қозғалғаны да байқалады.

Осылайша, қиял адам организімінің  процесстерін реттеуде де және олардың  жүріс-тұрысын реттеуде де үлкен  рөль атқарады.

14. Қиялдың еріксіз жəне ерікті түрлерін анықтаңыз. Қиял процесі ес сияқты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалынуы бойынша бөлінеді. Еріксіз(мақсатсыз)жасалынған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалынбайды, және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады. Ерікті қиялдың  адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл  түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған  міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өз арқылы бақыланады және бағытталады. Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиял, шығармашылық қиял және арманды бөліп қарауға болады.

Қайта жасау қиялы  адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау  қажеттілігі туған кезде пайда  болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен  танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көруімен ғана емес, сонымен қатар есту т.б. сияқты процесспен байланысты. Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның  жоқ үлгі бойынша жаңа образды  жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалынған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.

Қиялдың ерекше түрі-арман  болып табылады. Қиялдың бұл түрінің  мәні жаңа образдарды жеке өзіннің  жасауында. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтар бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі-бір тілек жатады. Екіншіден, арман- шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процессі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау табу т.б. түріндегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді. Арманның негізгі ерекшелігі, оның болашақтағы іс-әрекетке бағытталғандығында, яғни арман-өзін қалаған болашаққа бағытталған қиял.

Ырықсыз пассивті қиял сананың іс-әрекеттерінің әлсіреуі, оның бұзылуы кезінде түсте байқалады. Пассивті қиялдың айқын көрінісі, адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады.

 15. Психологияның зерттеу əдістеріне сипаттама беріңіз. Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті. Субъективті әдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына немесе олардың өзінше есептеріне, сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан пікіріне немесе алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес ғылым саласына айналғаннан бері субъективті әдістер бірінше кезекте дами бастады және қазірде жетілу үстінде. Бақылау, өз-өзін бақылау және сауалнама психологиялық құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістері еді. Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды. Бұл жағдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездерінде дәл есептелінген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы және кемшіліктері де бар. Саулнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін. Стандарттанудың негізгі мәні мынада екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер. Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент - әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады. Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді.

16. Ойлау түсінігі. Ойлау мен сөйлеудің байланысын көрсетіңіз. Бiздiң қоршаған дүние туралы бiлiмдерiмiз түйсiк пен қабылдаудан басталады. Бiрақ таным олармен ғана шектелмейдi. Түйсiктер мен қабылдау арқылы алынған мәлiметтер сезiмдiк шектен шығып, ойлау арқылы бiздiң таным шекарасын кеңейтедi. Себебi ойлауда қабылдауда берiлмеген нәрсенi ой қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкiндiк беретiн қасиет болады. Ойлау негiзiнде адамның қоршаған дүние жөнiндегi танымы тереңдей түседi.

Ойлау дегенiмiз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуi.

Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы бiлдiрiледi. Бiреу екiншi бiреуге пiкiрiн бiлдiргенде, өзiн естiсiн деп дауыстап сөйлейдi. Ой толық сөз күйiнде бiлдiрiлгенде ғана айқындалып, дәйектелiп, дәлелдене түседi. Ойлау мен сөйлеудi бiрдей деп, бұлардың арасына теңдiк белгiсiн қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниенi бейнелеудiң ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткiзетiн құрал болып табылады.

Бала тiлi шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниенi бiрiншi сигнал жүйесiнiң қызметi арқылы танып, бiледi. Ойлаудың бұл түрi оның танымын онша кеңiте алмайды. Баланың тiлi шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау шеңберi кеңейетiн болады. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесiнде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтiн – объективтiк шындық.

Сонымен, ойлау - аса күрделi психикалық процесс. Оны зерттеумен бiрнеше ғылымдар айналысады. Солардың iшiнде логика мен психологияның орны ерекше. Бiрақ осы екi ғылымның ойды зерттеудегi әдiс-тәсiлдерiнде өзiндiк айырмашылықтары бар. Мысалы, егер психология әр түрлi жас шамасындағы адам ойлауының пайда болуы, дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшелiктерi мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкiл адамзатқа ортақ ойлау iс-әрекетiнiң заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нәтижесi болып табылатын ұғым, пiкiр, ой қорытындылары сияқты ойлау формаларының табиғатын зерттейдi.

Ойлаудың физиологиялық негiздерi И.П. Павловтың бiрiншi және екiншi сигнал жүйесi жөнiндегi iлiмiне байланысты түсiндiрiледi. Ойлау – ми қыртысының күрделi формадағы анализдiк-синтездiк қызметiнiң нәтижесi, мұнда екiншi сигнал жүйесiнiң уақытша жүйке байланыстары жетекшi рөл атқарады. Екiншi сигнал жүйесiнде жүйке қызметiнiң өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерiнiң мидағы заңдылықтары бiрдей. Бiрақ, олардың айырмашылықтары мынада: егер бiрiншi сигнал жүйесiндегi реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екiншi сигнал жүйесi оларды жалпылап отырады.

17. Ойлаудың әр түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз. Адамның ойлауы әр түрлi деңгейдегi ойлау операцияларынан тұрады. Ал олардың әрқайсысы әр түрлi танымдық мәнге ие. Шығу тегi мен пайда болуы (генезi) бойынша ойлау келесi түрлерге жiктеледi:

  • Көрнекi-әрекеттiк ойлау - мәселенi шешу жағдаятын шынайы түрлендiретiн бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы iске асатын ойлау түрi.

  • Көрнекi-бейнелiк (бейнелiк) ойлау – жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетiн ойлау түрi.

  • Сөздiк-логикалық (пайымдаушы) ойлау тiлдiң және тiлдiк құралдардың көмегiмен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негiзгi түрлерiнiң бiрi.

  • Мәселенiң түрiне байланысты:

1) Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдарды пайдалану негiзiнде заңдар мен ережелердi танып-бiлуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрi.

2) Практикалық ойлау - ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйiн (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) бiлдiретiн ойлау түрi. Бұл ойлау түрi кеңес ғалым-психологы Б.М. Тепловпен едәуiр көп зерттелiнген.

2. Таным түрi бойынша:

  • Эмпирикалық ойлау - теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсiн, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрi.

  • Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдар негiзiнде заттар мен құбылыстардың мәнiн танып-бiлу.

3. Рефлексия немесе саналау деңгейi бойынша:

  • Интуитивтiк ойлау - тез өтетiн, анық кезеңдерi жоқ, көбiнесе саналанбайтын ойлаудың түрi. Бұл ойлау түрi кеңестiк психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б. зерттелiнген.

  • Рационалдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық) ойлау - уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдерi бар, ойлаушы субъектiнiң санасында едәуiр көрiнiс табатын ойлау түрi.

4. Әрекеттiң тәсiлдерi негiзiнде:

  • Вербалдық (сөздiк) ойлау - тiлдiк құралды пайдалану арқылы адамның өз пiкiрiн тұжырымдауы, бiлдiруi.

  • Көрнекi ойлау – мәселенi шешу нақты бейнелi түрде көрiнуiнде жүзеге асатын ойлау түрi.

5. Ойлау бағыттылығымен байланысты:

1) Шынайы (немесе реалистiк) ойлау – ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетiн ойлаудың бiр түрi.

2) Аутистiк ойлау - адамның ниеттерiн жүзеге асырумен байланысты болатын ойлау түрi. Осыған ұқсас келетiн эгоцентрлiк ойлаудың ерекшелiгi - адамның басқа бiреудiң позициясында тұра алмауы.

6. Ойлау iс-әрекетiнiң өнiмiне байланысты:

  • Продуктивтiк ойлау - адамның ойлау iс-әрекетiнiң жаңа өнiмiн шығару.

  • Репродуктивтiк ойлау – ойлау iс-әрекетi барысында өмiрде бар бiлiмдердi пайдалану.

7. Ойлаудың функцияларына байланысты:

  • Творчестволық ойлау – ақиқат дүниеге жаңалықты тудырумен, жаңа бiлiмдердi тауып, негiздеумен байланысты болатын ойлаудың түрi.

  • Критикалық ойлау - заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негiзiнде, солар жөнiндегi көзқарастар мен пiкiрлердегi қайшылықтар мен кемшiлiктердi таба бiлумен байланысты болатын, ғылыми дәйектелген сындық пiкiрден тұратын ойлаудың бiр түрi.

8. Ерiктiк күштiң жұмсалуына байланысты:

1) Ырықсыз ойлау - түс көру бейнелерiн ырықсыз трансформациялау.

2) Ырықты ойлау – проблемалық жағдаяттарды, ой есептерiн мақсатты түрде шешу.

18.  Ойлау формалары мен операцияларын ашып көрсетіңіз . Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледi. ұғым дегенiмiз - заттар мен құбылыстар туралы ой. өғымда заттардың жалпы және негiзгi қасиеттерi бейнеленедi. өғымдар жеке және жалпы болып бөлiнедi. Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пiкiрлерден көрiнедi. Пiкiр - бұл бiр зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрiнетiн ойлаудың формасы. сссссОйлаудың ең күрделi және жоғарғы формаларының бiрi – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз - бiрнеше пiкiрлерден жаңа пiкiрлер шығару тәсiлi. Қорытынды шығару үшiн оны белгiлi тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет.

Ой қорытындысының негiзгi үш түрi бар:

1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.

Дедукция дегенiмiз - жалпыдан жекеге қарай жүретiн ой қорытындысы. Мысалы: бiз тiрi организмдер оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды, ал балық тiрi организмнiң бiрi десек, олай болса, балық оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыға келемiз.

Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмiр сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмiр сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыны жасаймыз.

Аналогия дегенiмiз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкiл әлемдiк тартылыс заңын тапқанда, аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстiндегi денелердiң қозғалуы, әсiресе құлауы мен аспан денелерiнiң қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсiндiруде аналогияны келтiрдi. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.

Ойлау операциялары: Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция. Анализ-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді. Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету. Ол анализге қарама-қарйшы операция жерде жатқан затты көріп, біз оны түсінеміз. Оның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Анализ бен синтез негізінде салыстыру пайда болады. Ойлау операцияларының күрделі түрі-абстракция мен нақтылау. Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз.Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі т.б.

19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз.Кез келген қабілет өзінің даму процесінде өзінің дамуын алдағы деңгейде жеткілікті рәсімделуіне қажетті неғұрлым жоғары деңгейге көтеретін кейбір қабілеттер үшін бірқатар кезеңнен өтеді. Алайда қабілеттің дамуы үшін алдыменен атлаптылықты құрастыратын негіздемесі анықталатын болуы тиіс. Бейімділікпен қабілеттілік дамуының табиғи негізін қалыптастырушы, жүйке жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшелігі түсіндіріледі. Мысалы, тума бейімділік ретінде алуан түрлі анализаторлардың даму ерекшелігі шыға келеді. Солай, музыкалық қабілетті дамытуға арналған негіз ретінде естуді қабылдаудың белгілі бір сипаттамалары бой көтере алады.

Қабілет дамуының келесі деңгейі дарындылық болып табылады. Дарындылық адамды қандай да бір әрекетті табысты орындау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қабілеттің өзгеше сәйкестігі деп аталады.

Бұл анықтамада дарындылықтан әрекеттің жетістіксіз орындалуы емес, тек сондай жетістікті орындалу мүмкіндігі ғана тәуелді екені атап өту керек. Кез келген әрекетті табысты орындау үшін тек қана лайықты қабілеттің сәйкестігі болуы ғана талап етілмейді, сонымен қоса қажетті білім мен дағдыны талап етеді. Адам қандай да феноменалдық математикалық дарындылығы болса да, егер ол ешқашан математика оқымаған болса, ол осы саладағы ең қарапайым қызметті табысты атқара алмайды. Дарындылық қандай да әрекеттің табысқа жету мүмкіндігін ғана анықтайды, осы мүмкіндікті іске асырылуы лайықты қабілетті қандай өлшемде дамытады және қандай білім мен дағды игерте алатынын анықтайды.

Дарынды адамдардың дербес ерекшелігі қызығушылығы бағыттылықта басты кейіпте білінеді. Мәселен, бір адамдар математикаға, келесісі – тарихқа, үшіншісі - қоғамдық жұмысқа тоқталып жатады. Қабілеттің ары қарай дамуы нақтылы әрекетке өтеді.

Адам қабілеттілігі дамуының келесі деңгейі – талант. “Талант” сөзі бір жалқау құл өзінің қожасы жоқ кезде ұрлап алған күмісін, айналымға жібертіп пайда алудың орнына оны жерге көміп тастайтын (осыдан, “талантыңды жерге көм” –деген мақал шыққан) Библияда кездесетін шекті ұғым. Қазіргі кезде талант арнайы қабілеттіліктің (музыкалық, әдеби және т.б.) жоғары деңгейі болып түсіндіріледі. Қабілет сияқты талант та әрекет негізінде айқындалып, дамиды. Талантты адамның әрекеті тәсілдеменің сонылығымен, принципиалды жаңалылығымен ерекшеленеді.

Талантты ояту қабілет сияқты жалпы қоғамды шарттастырылған. Онда аталмыш қоғамның алдында тұратын нақтылы міндеттерінің ерекшеліктері мен дәуір қажеттілігіне байланысты толыққанды даму үшін неғұрлым қолайлы жағдай қанадай дарындылық.

Талант – бұл қабілеттің белгілі бір үйлесімділігі, олардың жиынтығы екенін атап өту қажет. Жекелеген айырушы қабілет, тіпті өте жоғары дамығаны да талант деп аталуы мүмкін емес. Мәселен, таланттылардың арасынан есте сақтауы жақсы да, жаман да адамдарды көптеп табуға болады. Адамның шығармашылық әрекетінің есте сақтауы бұл оның жетістігіне байланысты факторлардың бірі ғана. Бірақ нәтижелер терең қызығушылықсыз, күшті екпінсіз, бай қиялсыз, икемді ақылсыз жеткілікті болмайды.

20. Эмоция жəне жоғары сезімдерге сипаттама беріңіз.Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.

Эмоцияның алгашқы және маңызды функциясы адам үшiн қоршаған заттардың, құбылыстардың адамдардың әсерлi оқиғалардың өз ойларының жоспарларының шешiмдерiнiң және т.б. субъективтi мәнiн бастапқы бағалау болып табылады.

Жоғары сезiмдер

Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және басқа адамдарның эмоциялық әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң барлық кезеңiн көрсете алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-89).

Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi.

Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы. Мысалы, адамзатқа белгiлi тарихи тұлғалар өздерiнiң кең рухани байлықтарымен және адамсүйгiштiк қасиеттерiмен қадiрлi болған. Олар Сократ, Платон, Аристотель, Мухаммед Пайғамбар, Ибн-Сина, Әл-Фараби, Абай, Алтынсарин, Шоқан, Ыбырай т.б. Қазiргi кезеңде өрiс алып кетуiне байланысты жастарымыздың сана-сезiмiн уландырып, ұлттық менталитетiмiзге жат жәйттердi, құбылыстарды болдырмау үшiн жасөспiрiмдердiң жоғарыда айтқандай биiк сезiмдерiн жаңа бiлiм, тәрбие технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет.

21. Түйсік белгілі бір физикалық тітіркендіргіштердің сәйкес рецепторларға әсері болып табылатындықтан, олай болса түйсіктердің жіктеуі де осы рецепторларға негізделетіні анық. Түйсіктердің негізгі түрлеріне жататныдар: тері түйсіктері – жанасу, қысым, сипап сезу, температуралық түйсіктер, ауырсыну түйсіктері, дәм сезу түйсіктері, көру түйсігі, есту түйсігі, күй- қалып пен қозғалыс түйсіктері(статикалық және кинестетикалық ), сондай –ақ органикалық түйсік (аштық, шөлдеу, жыныстық түйсіктер, ішкі мүшелерді түйсіну).

Органикалық түйсік. Бұл түйсіктер біріншіден, организмнің органикалық қажеттіліктерінен туады, екіншіден, ішкі мүшелердің қызметінің бұзылуы кезінде пайда болады. Органикалық түйсіктерге шөлдеу, аштықты түйсіну, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу, жыныстық жүйеден келетін түйсіктер, сонымен қатар жалпы көңіл – күйдің жақсы немесе жаман сезімдік негізін құрайтын айқын емес, ажыратылмайтын түйсіктер жатады.

Ауырсыну түйсігі. Ауырсыну биологиялық өте маңызды қорғаныс бейімі болып табылады. Сипаты мен күші бойынша қиратушы тітіркендіргіштердің әсерінен ауырсыну организм үшін қауіпті әсерлер жөнінде белгі береді. Адам денесінде ауырсынуға сезімтал емес және ауырсынуға сезімтал учаскілер болады. Шамамен 1 см-ге 100 ауырсыну нүктелері сәйкес келеді.

Температуралық түйсіктер. Бізге жылулық пен суықтықтың түйсігін береді. Бұл сезгіштік дене температурасын рефлекторлық реттеу үшін үлкен маңызға ие. Сезім мүшелерінің классикалық физиологиясында жылулық пен суықтыққа сезгіштікті екі, бір-біріне тәуелсіз сезгіштік түрлері ретінде қарастырады.

Жанасу мен қысым. Жанасу мен қысым түйсіктері өзара тығыз байланысты. Қысым қатты жанасу болып табылады. Ауырсыну түйсігімен салыстырғанда жанасу мен қысым түйсіктерінің салыстырмалы нақты локализациясы болады. Қысым рецепторларының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – олардың бейімделгіштігі

Есту түйсіктері.Адамның есту түйсіктері сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты. Есту түйсіктері есту рецепторларына әсер ететін дыбыс шығарған денемен тудырылатын және ауаның кезекпен шоғырланып, сиреуі болып табылатын дыбыстық толқындарды бейнелеу. Есту адаптасциясы – есту сезімталдығының түрлі дыбыс күшіне бейімделуі. Есту жіткірлігі – сыбырлап айтылған сөзді құлақтың ұзақтан анық есту қабіліті.

Көру түйсігі.Көрудің таным процесіндегі рөлі зор. Олар адамға өте бай әрі нәзік ажыратылатын кең көлемді мәліметтерді береді. Көру түйсігі көзге жарық сәулесінің әсері нәтижиесінде пайда болады. Біздің көзіміз жалпы түстерді емес, белгілі бір заттың түсін қабылдайды. Көру түйсігінің негізгі рецепторлары – ол таяқшалар мен шақшалар. Таяқшалар- көздің ішкі бетінің, әсіресе жиек шетінде қалың орналасқан фоторецепторлардың бір түрі. Шақшалар- фоторецепторлардың бір түрі. Көздің тор қабығының ішкі бетінің орта бөлігінде 1 мм-де 14 000 ға дейін қалың орналасқан. Конвергенция (жақындау, үйлесу) өте жақындағы затты көру үшін оның білігін екі көздің бұлшық еттердің жәрдемімен жақындату кезіндегі екі көздің қөру жолының бір нүктеде түйісуі.

22. Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. 

Мінез –әр адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы.Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік – адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл — әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені темперамент – адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Осы көзқарасқа орай, мінез – адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.

XIX ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психолгиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді.

И.Кант мінезді темперментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т.б. мінездің туа пайда болумен қатар жүре пайда болумен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас – тартыс туғызып келеді.

23. ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстармен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын ала болжап, оқу процесінде студенттердің психологиялық ерекшеліктерін толық зерделей отырып, студентті толық тұлға ретінде қалыптастыруға бағдар тұту. «Студент» термині латын сөзінен шыққан, орысшаға аударғанда іждағатты жұмыс жасайтын, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.

Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:

1) психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек;

2) әлеуметтік жағы – студенттің белгілі әлеуметтік топтан, ұлттан шығуынан туындайтын қоғамдық қатынастарын, қасиеттерін нақты көрсетеді;

3) биологиялық жағы – жоғарғы нерв іс-әрекетінің типі, анализаторлардың құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктілер, физикалық күш, дене

құрылысы, бет әлпеті, терісінің және көзінің түсі, бойы және тағы басқалармен көрінеді. Бұл жағы, негізінен, тұқым қуалаушылық және туа біткен дағдылармен алдын ала анықталған, бірақ, белгілі шекара аралығында тіршілік жағдайына байланысты өзгереді.

Бұл жақтарын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер студентке белгілі жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым, құрама және сөз сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім анализаторлар оптимумы, күрделі психомоторлық құрылымдардың және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады. Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады. Сонымен, студенттік жас барлық алдындағы биологиялық, психологиялық, әлеуметтік даму үдерістеріне негізделген ең жоғары, «шың» жетістітерге жетуімен сипатталады.

24. Студенттердің оқу-танымдық қызметін талдау нәтижесінде студенттердің үш типологиялық тобы анықталды. Оқуға қарым-қатынасы жағынан зерттеушілердің бірқатары 5 топты бөліп көрсетеді. Бірінші топтағы студенттер білім алуға, кәсіби шеберлікке ұмтылады. Олар оқу қызметінің барлық салаларында да белсенді болады.

Екінші топтағы студенттер оқу қызметінің барлық саласындағы білімді алуға ұмтылады. Бұл топ үшін жан-жақты қызметтермен айналысу тән болып келеді, бірақ олар оқытушылық және басқа да пәндердің негізін терең меңгеруден жалыққыш болып келеді. Сондықтан да олар көбінде үстіртін біліммен шектелетін болып келеді. Олардың қызметінің негізгі мақсаты – бәрінен де аз-аздан болуы.

Үшінші топтағы студенттер тек өздерінің мамандығына ғана қызығушылық танытады. Оларға тек болашақтағы кәсіби мамандық үшін қажетті ғана білімді алу (өздерінің пікірі бойынша) тән болып келеді.

Төртінші топтағы студенттердің оқу үлгірімі орташа болғанымен, олар тек өздеріне ұнайтын пәндерге ғана қызығушылық танытады. Олар сабаққа жүйелі түрде қатыспайды, оқу қызметінің және оқу жоспарындағы пәндердің қандай да бір түрлеріне қызығушылық танытпайды, себебі олардың кәсіби қызығушылықтары әлі қалыптаса қоймаған.

Бесінші топқа еріншек және жалқау студенттер жатады. Оқу орнына олар ата-аналарының талабы бойынша немесе армияға бармау үшін, сондай-ақ жұмысқа бармау үшін келеді.

Т.И Лисовский мынадай студенттер типологиясын ұсынады:

1. «Гармониялық». Өз мамандығын саналы түрде таңдайды. Өте жақсы оқиды, ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Дамыған, мәдениетті, ашық, әдебиет пен өнерге қызығушылығы бар, спортпен шұғылданады.

2 «Кәсіби». Өз мамандығын саналы түрде таңдайды. Жақсы оқиды, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға сирек қатысады, себебі жоғарғы оқу орнынан кейінгі практикалық жұмыстарға бейімделген, қоғамдық жұмыстарға қатысады. Мұндай студенттер үшін ең бастысы – жақсы оқу.

3. «Академик». Мамандығын саналы түрде таңдайды. Тек «өте жақсыға» оқиды. Аспирантурада оқуға бейімделген. Өзге пәндерге зиян келтірсе де, көбінде ғылыми-зерттеушілік жұмыспен айналысады.

4. «Қоғамшыл». Оған қоғамдық жұмыстарға икемділік тән. Осының салдарынан оқуға және ғылыми жұмыстарға деген белсенділігі төмендейді. Дегенмен, ол өзінің мамандығын дұрыс таңдағанына толығымен сенімді. Әдебиетпен және өнермен шұғылданады.

5. «Өнер сүюші».Әдебиет пен өнерге жақын болғандықтан, ғылыми жұмыстарға аз қатысады. Бірақ, сабақты жақсы оқиды. Оған көркемдік қабілеттілік пен кең ой-өріс тән.

6. «Ынталы». Өз мамандығын саналы түрде таңдамайды. Бар күшін сала отырып, сабақты адал ниетпен оқиды. Ұжым адамдарымен аз араласады. Уақытының басым бөлігін оқуға жұмсағандықтан, өнермен және әдебиетпен аз шұғылданады, киноға, концертке, дискотекаға барғанды ұнатады.

7 «Орта деңгейлі». Сабақты артық күш жұмсамай мүмкіндігінше оқиды. Соны мақтан тұтады. Оның мақсаты: «Диплом алып, басқалардан кем жұмыс жасаймын». Мамандықты таңдауда көп ойланбайды. Оқуға түскен соң, аяғына дейін оқу керек деп пайымдайды.

8.«Түңілген». Өзі қабілетті болғанымен, таңдалған мамандығы ол үшін аз тартымды болып табылады. Оқуға түскен соң, аяғына дейін оқу керек деп пайымдайды. Жақсы оқуға тырысқанымен, оқудан ешқандай ырзашылық алмайды.Өнермен, спортпен шұғылдануға талпынады. 9 «Еріншек». «Аз күш жұмсау» мақсатында нашар оқиды. Дегенмен өзін толығымен мақтан етеді. Болашақтағы кәсібіне жауапкершілікпен қарамайды. Ғылыми-зертеушілік жұмыстарға және қоғамдық өмірге қатыспайды. 10.«Өнерпаз». Оған кез-келген жұмысты шығармашылық жолмен шешу тән – оқуға да, қоғамдық жұмыстарға да қатысады. Ұқыптылықты, жинақтылықты, бас көтермей істейтін жұмысты жаны сүймейді. Сондықтан да, «Маған бұл қызық емес» немесе «Маған бұл қызық» принципы бойынша дұрыс оқымайды. Ғылыми-зерттеушілік жұмыстармен айналыса отырып, түрлі мәселелерді шешудің бірқилы жолдарын іздейді. 11. «Ұлы». Мәртебелі факультеттерде сәтті оқиды, қарапайым студенттерге жоғарыдан қарайды. Компанияда басшы болуға ұмтылады, басқа студенттерге немқұрайлы, менсінбей қарайды.

25. Маслоудың мотивацияның «тұлғалық» теориясы негізінде өзін – өзі актуализациялау концепциясы жасалған. Негізгі еңбектері «Мотивация и личность». Маслоу осы уақытқа дейін адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжірибие жасау арқылы қол жеткізуге толықтай қарсы шықты.

Маслоу концепциясы бойынша адамдар дүниеге келген сәттен бастап белгілі бір қажеттіліктер жүйесі бірге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейде бөлініп орналасқан.Төмендегі қажеттіліктер өтелгеннен кейін барып одан жоғары орналасқан қажеттіліктер бой көтере бастайды. Физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, демалу, шөл, жыныстық қатынас)

Қауіпсіздік қажеттіліктер ( өзін сәтсіздік, өзін-өзі қорғау қажеттілігі)

Сүйіспеншілдік және өзін қабылдау қажеттілігі( танылуы, ұнату т.б)

Өзін-өзі құрмет тұтуға қажеттілігі (табысқа жету, біліктілік т.б)

Өзін-өзі жүзеге асыруға немесе жетілдіруге қажеттілік.

Бұл теория бойынша ең маңыздысы – өзін-өзі актуализациалауға деген қажеттілік.Өзін- өзі актуализациалау, сол арқылы адамның даралығының қалыптасуы бастапқы мотивациялық негіз ретінде анықталады. Өзін – өзі актуализациалаудағы қажеттілік негізінде адамда белгілі бір жеке адамдық қасиеттердің жиынтығын дамытуға мүмкіндік беретін мотивацияның ерекше түрі пайда болады.

26. Қабылдау дегеніміз – ақиқат дүние заттары мен құбылыстардың сезім мүшелерге тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдаудың түрлері.

Кеңістіктегі қабылдау: заттардың формасын, көлемін, тереңдігін және алыстығын, бағытын қабылдау. Кеңістіктегі қабылдау кеңіістіктің объективті көрінісінің бейнеленуі болып табылады және объектердің формасын, көлемін және өзара орналасуын, олардың рельефін қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады.

Заттардың көлемі мен түрін қабылдау: Заттардың көлемі мен түрін қабылдауда олардың көздің тор қабығында бейнеленуінің үлкен маңызы бар. Үлкен заттарға үлкен кескін, кіші заттарға кіші кескін сәйкес келеді.

Заттардың аумақтылығы мен қашықтығын қабылдау. Заттардың аумақтылығын немесе тереңдігін қабылдауда биокулярлық көру негізгі рөл атқарады. Монокулярлық көру қашықтықты белгілі бір шек маңында ғана дұрыс анықтай алады. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.

Заттар қашықтаған сайын кеңістікте заттардың орналасуына қарай туатын жарық пен көлеңкенің өзара орналасуының маңызы үлкен болады.

Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау – бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру. Уақыттық аралықтарды дәл бағалауға есту және қимылдық түйсіктер себепші болатындығы анықталған. Уақыттың қабылдау ұзақтығы адам іс-әрекетінің мазмұнына тәуелді.

Қозғалысты қабылдау – бұл объектілердің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу.

27. Темпераменттер

  • Холерик

  • Флегматик

  • Сангвиник

  • Меланхолик

Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза.

Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді.

Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады.

29. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сойлеу пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің озінде сойлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы озара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытын кана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақ-талган қогамдық тәжірибай меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз.

Жазбаша сөйлеу - баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сөйлеу меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Баланы жазу сөзіне үйрету – бастауыш мектептегі оқуды пайызға шаққанда жартысына жуығы ашылады. Жазбаша сөйлеудің дамуы хат танудан басталады. Бала мектепке келген кезден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның 3 кезеңі бар:

  • Әріптің элементтерін үйрену кезеңін деп аталады.

  • Бала әріптің жеке элементтерін жаза білу қаблетіне ие болады. Баланың зейіні енді біртіндеп әріп таңбаларына ауа бастайды, оынң әріп жазуға қатысын қимыл – қозғалыстары автоматталына түседі. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза білуге үйренеді. Жазуға үйренудің екінші кезеңін психологияда әріптік кезең деп аталады.

  • Жазба сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең. Мұнда оқушы өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Баланың зейін енді жеке сөздері емес, солардан құралатын сөзге ауады. Бала, сондай – ақ, сөздегі әріптің орналасу да қатты көңіл бөледі.

Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұгынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны үғынуды қажет етеді. Қабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонаңияны қабылдау сойлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонаңиясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келісушілік білдіреді. Адамға тон сейлеу орекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сейлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сейлеудің мазмүндылыгы, екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмүн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмүндылыгы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы таяз кісі бос сеөді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

30. Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.

Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.

Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет, əрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады.

Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объектілердің маңызымен анықталады:

Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл-өтірікші, әдепті–дөрекі т.б.).

Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер–еріншек т.б.).

Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).

Заттарға қатынасынан (сақи–ашкөз, ұқыпты–салақ т.б.).

41. Эмоцияның түйсіктен айырмашылықтарын көрсете отырып, арасында байланыс орнатыңыз.

«Эмоция» ұғымы төркіні – «емовера» деген латын сөзінен «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша – тітіркену, толқу. Бұл –жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу және шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция–адамдар мен жануар дүниесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтежеге жеткізеді немесе көніл-күйін жабырқатып, іс-әрекетті бейберекетсіздікке ұшыратады. Түйсік пен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көніл-күйіне ұнамды ісер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық – әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретедеді. Сөйтіп, адамның сезім күй және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі –эмоция –жан дүниесінін жандану мен тіршілік ағамында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз –адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырылмау байланысты туандайтын психикалық күйлер. Түйсіктерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мінің бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге соқтырады. Мәселен, осындай айырмашылық жануарлар мен адам психикасын арасындағы айырашылықтарды бүркемелеу мүмкін. Жануарлар эмоция түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.

42. Сіздің пікіріңіз бойынша, психологиядағы анкеталық әдісті сыни талдаңыз. Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.

Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады). Анкеталық әдіс -психологияда адамның психикалык ерекшеліктерін зерттеуде пайдаланылатын әдістердің бірі. Мұнда кісі бұрын жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша, кейде ауызекі жауап қайырады. Осы әдіспен әртүрлі таптың, ұжымның психикалық өзгешеліктері (талап, тілегі, қызығуы, талғамы т.б.) зерттеледі. Мысалы студенттердің қандай кітаптарды құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кім екендігін т.б. осы тәріздес мәселелерді Анкеталық әдіспен анықтауға болады. Ондағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, қысқа, түсінікті тұжырымдалып жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс.

Алынған материалдың нәтижесі статистикалық талдаудан өткізіледі де, ондағы үлкен цифрларға қарай қорытынды жасалады. Мәселен, бес жүз адамнын төрт жүзі "Абай" романын оқыдық деп жазса, бұдан оқырмандардың 80%-нын осы кітаппен таныс екендігін, бұл шығарманың көпшілік сүйіп оқитын кітапға айналғанын аңғаруға болады.

43. Жалпы және арнайы қабілеттердің арасында байланыс орнатыңыз.

Жалпы қабылет дегеніміз адамның ақыл ой өзгешеліктерін жеке қабылеттерін көрсететін кез келген адамның бойынан табылатын қабылет, жалпы қабылет адамдарға ортақ болып табылады зиректік заттарды тез есте сақтауда болады. 

Арнайы қабылет дегеніміз жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижесі орындалуына мүмкіндік беретін қабылет. Адамның кейбір өзгешеліктері оны құшағында жатқанда пайда болады. Мысалы: баланың ата-анасы туған туысқанына ұқсап туылса анатомиялық деп аталады. Адам болғанның бәрі тек жүру, сөйлеу мүмкіндігіне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабылет тобына кірмейді, себебі, біріншісі – психологиялық құрылыс емес, екіншісі баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілетсіздерге қарағанда қабылетті адам іс әрекет пен тезірек меңгеруді қажетті мол нәтижеге оңай жетеді.Қабілет өзінше әр түрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша дамуы денгейін қамтыған әрі оларға тәекелді күрделі бірігіп. Адамның сыртқы білім ептілік дағды әрекетінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс әрекетпен бөлек. Мысалы: тұлға техникалық және білім жағынан күшті болатұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей –ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.