Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурс ГИС ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.5 Кб
Скачать

13. Қоныстану картасының жүйесі

Қоныстану жүйесі - аумағы жағынан тұтас, атқарымдары жағынан бірімен-бірі байланысқан мекендер жиынтығы. Ол құрамындағы мекендердің параметрімен де, олардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстардың қарқындылығымен де сипатталады. Қоныстану жүйесі — халықтың қоныстануын жүйелік көзқарас әдістерімен зерттеу кезіндегі алғашқы ұғым. Қоныстану жүйесіне тән ерекшелікке моноцентризм, яғни төңірегінде қоныстану жүйесі қалыптасатын орталықтың болуы (әдетте, қала) жатады. Масштабы мен күрделілік дәрежесі бойынша қоныстану жүйесі жергілікті және аймақтық болып бөлінеді.

15. Кешенді аудандық атластардағы әлеуметтік сфераның картографиялануы

Географиялық Атлас — географиялық карталардың біртұтас жүйелі жинағы. Олар көпсалалық карталарға ортақ жалпы бағдарлама бойынша құрастырылады. Географиялық Атластың мынандай түрлері болады: аумақтық қамтуына қарай — дүние жүзінің, жеке елдің, облыстың, аудан мен аймақтың, т.б. атластары; мазмұнына қарай — жалпы геогр. карталар атласы, салалық атластар (мыс., геол., және климаттық, а.ш., т.б.); көптеген өзара байланысты құбылыстардың (мыс., Дүниежүзі мұхиттың климаты мен океанографиясы) не көрсетілетін аумақтың толық сипатын беретін кешенді атластар; арналған мақсатына қарай — ғыл.-анықтама, өлкетану, оқулық, туристік атластар; көлемі жағынан — бірнеше томдық үлкен атластан қалта атласына дейін болады.

Картографиялық объектілердің ең толық және жан-жақты жүйелі сипаттамасын атластардағы түрлі мақсаттар мен аумақтық қамтулар жүзеге асырады. Олардың арасындағы ең алғашқы болып кешенді атластар орын алады, онымен бірге табиғат, халық және шаруашылық тіркеседі. Тек осындай карта жинағында ғана табиғат пен шаруашылық объектілердің аумақтық байланысы, табиғат ресурстарының, халықтың және экономиканың өзара тығыз байланысы көрсетіледі. Соның өзінде атластардың мазмұны ғылыми зерттеу практикасымен және оны басқару, жобалау жұмыстарымен өте тығыз байланыста болады. Әлеуметтік-экономикалық карталардың рөлі атластарда өте маңызда рөл атқарады: көптеген шаруашылықтың күшейтілуі табиғат кешендеріне, экологиялық мәселелердің төмендеуі және оны сақтау, қайта құру және қоршаған ортаны пайдалану жатады.

Атластардың аумақты қамтуының тәуелділігі әлеуметтік-экономикалық карталардың тақырыбы және мазмұны, олардың ақпараттық жүктемесі, суретте пайдаланатың әдіс-тәсілдері арқылы анықталады. Мысалы, кешенді ұлттық және әмбебап универсальный аймақтық атластарда жай уақыттарда табиғат және шаруашылық карталарында өзара тепе-теңдік сақталады, ал атластарда арнаулы мақсаттардың шешімі үшін шаруашылықты басқаратын және жобалайтын табиғат карталарының жоқ болуы немесе бір сюжеттегі табиғи ресурстардың көрсетілуі болады.

Негізінде кешенді атлас аймақтардың әлеуметтік-экономикалық, табиғи-географиялық сипаттамасын және олардың мазмұнын, барлық негізгі жақтарын қамтуы тиіс. Тек қана сондай атластар ғана тең мөлшерде салалық және аумақтық зерттеулерді қамтамасыз етеді, картографиялық аумақтық кешенді толық аумақтық жүйе ретінде, әсіресе ғылыми-танымдық мәселелерді шешуде және халық шаруашылығы практикасында қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]