Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурс ГИС ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.5 Кб
Скачать

49. ArcGis бағдарламасындағы компоновка.Карта легендасын құрастыру

Компоновка негізінде – карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз өлшемі беріледі. ArcCatalog – геомәліметтердің базасын құрастыру мен кеңістік мәліметтерді басқару үшін, сонымен қатар, метамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты функцияларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлық мәліметтерін құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді іздеуге, көруге арналған құралдар, метамәліметтерді құрастыру, көру, басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады. ArcMap-қа ұқсайды, бірақ ерекшелігі – редакция жасалмайды. ArcToolbox – мәліметтерді геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды сақтайтын қосымша.

Карта легендасы – карта бетіндегі нысандарды оқу үшін құрастырылады. Оларды шартты белгілер деп табылады. ArcGIS-те шартты белгілерді құрастыру үшін әрбір қабатта көрсетілген нысандар мен мәліметтерді компоновкада карта бетіне шақырамыз. Кез-келген картаны құрастыруда картадан тыс бос орындардың барлығын шартты белгілерді қоюға пайдаланамыз.

50.Кесте. ArcGis бағдарламасында диаграмма құрастыру.

Стандарттардың ашықтығы жəне оларды демеу

ArcGis – бұл геоақпараттық жүйені (ГАЖ) құруға арналған бағдарламалық өнімдердің шоғырланған жиынтығы. ArcGis, кеңістіктік мəліметтерді құруға, басқаруға, интеграцияға, талдауға, бейнелеу жəне көрсетуге қолданылады. ArcGis-дің бағдарламалық өнімдері, ГАЖ-функционалдық пен бизнес-логика қажет етілетін барлық жерлерде үстел үсті, серверлік жəне тұтынушы қосымшаларында, WEB арқылы, «алаңда» немесе ұтқыр құрылғыларында қолдануға мүмкіндік береді. ArcGis бағдарламалық өнімдерінің сызғышы «үйлесімділік» ұранымен өңделініп, СОМ, Net, Java, XHL, SOAP объекттік архитектурасын қосқанда, компьютерлік саланың стандарттары негізінде құрылған. ArcGis архитектурасының ауқымдылығы бағдарламалық қамтамасыздандырудың көптұтынушылық саралауы мен мəліметтерді жаңартуға арналған бірыңғай ортаның қажет болуы, жеке тұтынушылар мен ірі компанияларға бағдарламалық қамтамасыздандырудың біркелкі келетіндігін білдіреді.

ArcGis архитектурасы

Кесте1

Қосымшалар

Үстел үсті ГАЖ

Серверлік ГАЖ

Ұтқыр ГАЖ

Өңдеушілер библиотекалары

Arc Objects

Мəліметтер

Файлдар

Көп тұтынушылық ДБЖБ

Қосымшалар серверлері

Кесте2

ArcGIS Server

ArcGIS сервер – бұл көп деңгейлі серверлік геоақпараттық жүйе. Жүйенің бернелігі мен өнімділігі, əртүрлі шешімдерді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық компоненттер жиынтығында негізделген.ArcGIS Server, кеңістіктік мəліметтерді басқаруға, визуализациялауға жəне талдауға арналған тұтынуға дайын қосымшалар мен сервистерді өзіне қосады. ArcGIS сервер, əртүрлі деңгейдегі клиенттерге кең ГАЖ бернелікті ұсынады. Ол кеңістіктік мəліметтермен, карталарды жариялау жəне орналастырылған геоақпараттық жүйелер ішіндегі кеңістіктік талдауды басқаруын қамтамасыз етеді

Визуализациялау

ArcGIS Server, екі өлшемді динамикалық жəне кэшталған, сонымен қатар глобус тəрізді үш өлшемді карталарды демеуін қамтамасыз ететін картографиялық Web сервистерге рұқсат береді.

ArcGIS Server, Web-қосымшалардың бернелігі құрылымдық кескінінің зор мүмкіншіліктеріне ие болады, дизайны, пайдалануда қарапайымдылығымен, ал интерфейсі достық қалпымен ерекшеленеді.

Кеңістіктік мəліметтерді басқару

ArcGIS Server, өнімділігі бойынша жұмыс тобы (Workgroup) мен бірлескен (Enterprise) деңгейлерге бөлінген кеңістіктік мəліметтерді басқару жəне сақтау технологиясының ауқымдылығын қосады. Геомəліметтер сервистері үлкен көлемдегі кеңістіктік мəліметтерге көп тұтынушылық рұқсатпен демеуді, оларды шығару, бекітілген саралау жəне репликация мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Кеңістіктік талдау

ArcGIS Server көп ағымды тəртіпте серверден тыс кеңістіктік талдау жəне мəліметтерді геоөңдеу жүзінде есептерді шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, геометриялық желілер, векторлық, растрлік жəне үш өлшемді мəліметтерді , талдаумен қосқанда, ГАЖ-бернеліктің бүкіл спектрі қолданылуы мүмкін. Үстел үсті өнімдерінде құрылған геоөңдеу құралдары мен скрипттер, сервистер жүзінде жариялануы мүмкін.

Өңдеу

NET жəне Java платформаларында тұтынушы қосымшалары мен сервистерді құру бойынша кең мүмкіндіктер бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]