- •1.Қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері
- •5. Қылмыстық саясаттың құқықтық негіздері
- •9. Қылмыстық жаза шараларының жүйеленуі, түрлері
- •10. Қылмыспен күресті қоғамдық бақылау
- •14. Қылмыспен күрестің виктимологиялық аспектілері
- •19. Қр Президенті – қылмыстан саясаттың негізгі субъектісі
- •21.Құқықтық мемлекет және қылмыспен күрес
- •23. Экономикалық қылмыстылықты декриминализациялау
9. Қылмыстық жаза шараларының жүйеленуі, түрлері
Жаза — сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-ақ, жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы да есепке алынады. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру. Негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру; мүлкін тәркілеу т.б. Бұрын қылмыс жасамаған азаматтарға жаза белгілеу кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар ескеріледі. Ол мән-жайларға мыналар жатады: байқаусыз жеңіл қылмыс жасау; айыпкердің кәмелетке толмауы; айыпкердің жас балалары болуы; зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсетуі; қылмыспен келтірілген шығынды толтыруға көмектесуі; ауыр мән-жайлардың тоғысуынан; қылмыс жасауға жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілікке жатпайтын қылығының түрткі болуы; шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу; қылмысты ашуға, қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге, қылмыс жасау арқылы қымқырылған мүлікті іздеуге көмектесу, т.б. Сонымен бірге айыпкер үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да ескерілген.
Оған мыналар жатады: бірнеше қылмыс жасау; қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру; ұйымдасқан топтың құрамында қылмыс жасау; қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару; жасы кәмелетке толмаған адамдарды қылмысқа тарту; аса қатыгездікпен жәбірленушіні қинап қылмыс жасау; қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар пайдаланып қылмыс жасау; адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы; өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау, т.б. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды ескеріп, сот орындарының айыпкерді жазадан босатуы да мүмкін. Бірінші рет жеңіл немесе орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер өз айыбын мойындап, өз еркімен заң орнына келсе, қылмысты ашуға жәрдемдесіп, келтірген зиянды өтеуге көмектессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ, жеңіл қылмыс жасағаннан кейін екі жыл, орташа ауыр қылмыс жасағаннан кейін бес жыл, ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл өтсе, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты айыпкер жазадан босатылады. Айыпты азаматтарды ауруға шалдығуына, төтенше жағдайларға, айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты, рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату жағдайлары да кездеседі. Егер айыптау үкімі заңды күшіне енген күнінен бастап есептегенде: әр түрлі себеппен ол үкімді жеңіл қылмысы үшін сотталғандар үш жыл; орташа ауыр қылмысы үшінсотталғандар алты жыл; ауыр қылмысы үшін сотталғандар он жыл, аса ауыр қылмысы үшін сотталғандар он бес жыл мерзім ішінде өтемеген болса, қылмысы үшін сотталған адам жазаны өтеуден босатылады.
Жаза тағайындау кезінде қылмыстардың қайталануы, бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамға қауіптілік дәрежесі, алдыңғы жазаның тәрбиелік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайлар, сондай-ақ, жаңадан жасалған қылмыстың сипаты ескеріледі. Егер айыпкер үкім шығарғаннан кейін, жазаны толық өтемей жатып жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша тағайындаған жазаға алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде сот әрбір қылмыс үшін бөлек жаза тағайындап, түпкілікті жазаны тағайындалған жазалармен толық немесе ішінара біріктіру жолымен белгілейді. Ал әкімшілік жауапкершілікке тартылған немесе әкімшілік қадағалауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын жазалар әкімшілік шара деп аталады.
Қылмыстық жаза мемлекетік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданылады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты кұрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана –сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық шара мемлекетітік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық – құықылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілк, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмытық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз еркшелектерімен оқшауланады.
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін. Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәләудің дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәләнің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлықына тікелей байланысты болады. Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан еркешелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді.Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты- әлеуметтік қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған. Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңнын міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзге де қылмыстық –құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді. Арнаулы сақтандырудың иелері болып қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көзделген мақсатына жетуінің құралы- соттал,андарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заі талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоңам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады. Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты- басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморалдық күйге жүрген, қылмыс істеу мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінң санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заі барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады. Сол сияқты – қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мақсатына жету құралын құрайды.Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады.
