Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коранистика.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
984.58 Кб
Скачать

Тафсӣр[өңдеу]

 Толық мақаласы: Тәфсир әл-Құран

Бастапқыда Құранды түсіндіру Мұхаммед пайғамбардың   Сүннеті арқылы, яғни оның белгілі бір аяттарға қалай амал еткені, оларды қалай түсіндіргені туралыхадистермен және оның ең жақын сахабаларының сөздерімен жүзеге асты. Мұхаммед әл-Бұхари мен Муслим ибн әл-Хәджадж секілді мухаддис ғалымдар өздерінің хадис жинақтарында Құранның белгілі бір аяттарының түсіндіруге арналған хадистер мен асарларды жинақтады. Ибн Джарир әт-Табари және Ибн Әбу Хатим сияқты тәпсір ғылымын зерттеген ғұламалардың арқасында бұл ғылымның ерте кезеңі аяқталып, Исламның ерекше бір пәні ретінде қалыптасты.

Арабтың тәпсір (араб.: تفسير‎, тафсӣр) сөзі «баяндау, мағынасын ашу» ұғымын білдіреді. Шариғаттағы тәпсір сөзінің мағынасы: қасиетті кітапты дұрыс түсінуге,аяттардың мағынасын дұрыс жеткізуге және дұрыс үкімдер шығаруға көмектесетін барлық әдістерді қолдану арқылы Құранды түсіндіру, «тәпсірлеу»[46].

Әз-Заркаши айтады:

Тәпсір — біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке   түсірілген Аллаһтың Кітабын дұрыс түсінуге көмектесетін, оның мағынасын баяндап, одан үкімдер мен өсиеттерді шығаратын ғылым. Ол мағлұматтарды лексикология ғылымынан, синтаксис пен сөзжасамнан, риторикадан, фиқһ негіздерінен, Құран қыраттары туралы ғылымнан алады және (аяттардың) түсу жағдайы туралы білімге, насих (үкімді жоюшы) пен мансухты (үкімі жойылған) білуге мұқтаж.[47]

Тәпсір ғылымын, яғни Құран Кәрімді біреулердің түсіндіруін кейбір мұсылмандар артық санайды, яғни оның мағынасы негізінен анық және тәпсірге мұқтаж емес дейді. Мұсылман ғалымдар тәпсірлердің пайда болуының үш себебін айтады:

  1. Аллаһ тағаланың білімінің күші мен хикметі соншалықты, Ол бір ауыз сөздің өзіне бірнеше мағына салып, көп адам біле бермейтін терең мағыналы қылуы мүмкін.

  2. Аллаһ тағала бір нәрсе туралы айтып жатқан кезде оның себебі болған оқиғаларды немесе аяттан шығатын үкімді айтпауы мүмкін. Ал Құранды, Сүннетті талдап осы себептер мен үкімдерді табу әркімнің қолына келе бермейді. Тәпсіршінің міндеті осы түсініксіздіктерді баяндау.

  3. Сонымен қатар Құранда астарлы немесе көп мағыналы, түсінілуі қиын, аз кездесетін сөздер мен сөзтіркестер келуі мүмкін. Ал бұларды түсіндіру үшін тіл білімі, соған қоса шариғат терминологияларын білу қажет.

Бұның мысалы ретінде Ади ибн Хатимның «қара және ақ жіптер» туралы аят түскенде оны тікелей түсініп, таң уақытын білу үшін қара және ақ жіптерді байлауын келтіруге болады. Бұл затты пайғамбардан   сұрағанда, ол бұл аяттардағы «қара және ақ жіп» дегеніміз таңның ағаруы мен түннің қараңғысы екенін түсіндіреді[48].

Та′уӣл[өңдеу]

 Толық мақаласы: Тауил

«Тауил» сөзі «негізіне қайтару» деген мағына береді. Бұл термин «аяттың өзінің ішіндегі мағынаға жүгінуі» деген мағына береді. Бұл сөз «ийала» (басқару) деген сөзден шыққан деген пікірлер бар, сонда сөзді түсіндіріп тұрған адам оны басқарып, мағыналарын орынды-орнына қойып тұрған секілді болады[49].

Тәпсір мен тауилдің арасындағы айырмашылық туралы әртүрлі пікірлер бар. Тіпті кей ғалымдар бұл сөздер бір мағына береді деп те санаған. Ибн Хабиб ән-Найсабури айтады: «Қазіргі заманда көптеген атақты тәпсіршілер тәпсір мен тауилдің арасында қандай айырмашылық бар деген сұраққа жауап бере алмас еді»[50].

Бастапқыда айырмашылығы аз болған тәпсір мен тауил терминдері уақыт өте келе мұсылман үмметі Құранды анық дәлелдерге жүгініп түсіндіретіндерге және рационализм, символикалық-аллегориялық тәсіл арқылы тәпсірлейтіндерге межеленді[51]. Ақыр соңында тауил дәстүрлілікті ұстанған ғалымдардың көзінде еш жауапкершіліксіз, тәпсірдің ғасырлар бойы созылған дәстүріне қарамастан Құранды түсіндіруге айналды.

75 Құран тарихи мәдени ескерткіш ретінде