Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коранистика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
984.58 Кб
Скачать

Емтихан сұрақтары

1 Құрантанудың зерттеу пәні

2 Құрандағы Меккелік сүрелердің ерекшелігі

Меккелік сүре — хронология бойынша ертерек сүрелер, Мұхаммед пайғамбарға   һижраға дейін түсірілген. Сүренің басқа түрі — мединелік сүре.

Меккелік сүрелер әдеттегіде мединелік сүрелерден қысқа, негізінен Құранның соңғы бөлігінді орналасқан. Муқаттаға әріптері бар сүрелердің көбісі меккелік сүрелер.

Араб тілінде "аят" сөзінің "муғжиза", "белгі", "дәлел", "ғибрат", «таңғажайып іс" және «жамағат" деген мағыналары бар. Оның қай мағынада келгендігін сөйлемдегі қолданылуына қарай ажыратуға болады. Осы мағыналардың барлығы Құран Кәрімде келген.

Араб тілінде "сүре" сөзі "дәреже", "орын" деген мағыналарға ие. Ал діни термин ретінде сүре дегеніміз – басы мен соңы бар, өз алдына бір топ аяттар жиынтығы. Яғни сүре – бірнеше немесе көптеген аяттар жиынтығынан тұратын Құранның бір бөлігі.

Құранда бір жүз он төрт сүре бар. Бұл сүрелердегі аят сандары әртүрлі. Ең қысқа "Кәусар" сүресі үш аяттан тұрса, ең ұзын "Бақара" сүресі екі жүз сексен алты аяттан тұрады әрі "Бақара" сүресінің көпшілік аяттары ұзын және Құрандағы ең ұзын аят та осы сүреде.

Құран ілімдерін зерттеуге арналған еңбектерде меккелік және мәдиналық аяттарға үш түрлі анықтама берілген. Олар:

Бірінші анықтама: Меккелік аяттар дегеніміз – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдина қаласына көшкеннен кейін де Меккеде түскен аяттар. Мәдиналық аяттар дегеніміз – Мәдина қаласында түскен аяттар.

Бұл анықтама бойынша, меккелік аяттардың қатарына Мекке шаһарына жақын орналасқан Мина, Арафат, Худайбия сияқты жерлерде түскен аяттар да жатады. Ал мәдиналық аяттардың қатарына Мәдина шаһарына жақын орналасқан Ухуд, Қуба, Бәдір тәрізді жерлерде түскен аяттар жатады.

Бірақ Құран Кәрімде Меккеде де, Мәдинада да түспеген, тіпті ол екеуінен алыс жерлерде түскен аяттар да бар.

Екінші анықтама: меккелік аяттар дегеніміз – Мекке халқына бағыттала айтылған аяттар, мәдиналық аяттар дегеніміз – Мәдина халқына бағыттала айтылған аяттар.

Бұл анықтаманың негізінде, "Ей, адамдар!" және "Ей, адам баласы!" деп басталатын аяттарды меккелік аяттар деп есептеуге болады. Себебі Құран Кәрім алғаш Мекке қаласында түсе бастағанда, адамдардың көпшілігі әлі Ислам дінін қабылдамаған еді. Сондықтан Аллаһ тағала оларға Құранды тыңдап, оған иман келтіру үшін "Ей, адамдар!" немесе "Ей, адам баласы!" деген қаратпа сөзді пайдаланған.

Ал "Ей, иман келтіргендер!" деп басталатын аяттар мәдиналық аяттар болып табылады. Себебі Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдина қаласына қоныс аударғаннан кейін ол жердің тұрғындарының көпшілігі мұсылмандар болды. Сол себептен оларға "Ей, иман келтіргендер!" деген қаратпа сөзді қолданған.

Бірақ бұл анықтама да меккелік және мәдиналық аяттардың толық мағынасын қамти алмайды.

Үшінші анықтама: меккелік аяттар дегеніміз – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдина қаласына қоныс аударғанға дейін түскен аяттар, ал мәдиналық аяттар дегеніміз – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдина қаласына қоныс аударғаннан кейін түскен аяттар.

Бұл меккелік және мәдиналық аяттарға берілген анықтамалардың ішіндегі ең танымалы әрі ең нақтысы болып табылады. Себебі бұл анықтама Құранның барлық аяттарын қамтиды. Сондықтан көптеген ғалымдар меккелік пен мәдиналық аяттар дегенде осы анықтама қамтыған мағынаны қоштайды.

3 Құрандағы Мәдиналық сүрелердің ерекшелігі

4 Меккелік және Мәдиналық сүрелер

Құран Кәрім – көркемдігі, әуездігі жағынан да теңдесі жоқ Кітап. Жекелеген сөздері мен сөйлемдерінен, баяндау тәсілдері мен сөздік мағыналарынан қы-лаудай кемшілік табу мүмкін емес. Құран Кәрім екі жерде – Мекке мен Мәдинада түсті. Сондықтан сүрелердің басында «меккелік» және «мәдиналық» деп жазылады. Меккелік аяттар 10 жыл, 5 ай, 13 күнде түсіп біткен. Мәдиналық аяттар хижраның 10-ыншы жылынан бастап, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтыс болғанға дейінгі аралықта түскен, яғни бұл уақыт 9 жыл, 9 ай және 9 күнге созылған. Меккелік аятар мәдиналық аяттарға қарағанда көптеу. Меккелік аяттар Құран Кәрімнің 19/30 құраса, ал мәдиналық аяттар 11/30 құрайды. Құран аяттарының «меккелік» немесе «мәдиналық» екенін және олардың қай уақытта түскенін жақсы білген абзал. Аяттың түсу себебін білмесе, оның ма-ғынасын түсіну қиынға соғады. Мәдинада үлкен 19 сүре түскен. Олар – “Бақара”, “Әли Ғымран”, “Ниса”, “Маида”, “Әнфал”, “Тәубе”, “Нұр”, “Ахзап”, “Қытал”, “Фатах”, “Хұжрат”, “Мұжадәле”, “Хашыр”, “Мүмтахина”, “Жұма”, “Мұнафиқун”, “Талақ”, “Тархим” және “Насыр” сүрелері. Қалған 71 сүренің меккелік екеніне дау жоқ. Ал 24-і шүбәлі болып саналады. Бұл сүрелердің «меккелік» не «мәдиналық» екенін айыру үшін мынадай ерекшеліктерге мән бер-ген жөн: • парыздар мен үкімдер Мәдина-да түссе, дін әдістері мен таухид ілімі туралы аяттар Меккеде түскен; • “Я аййуханнас” (Ей, адам-дар)» деп басталатын аяттар – меккелік, “Я аййуһалләзина әману” (Ей, иман келтіргендер)» деп басталатын аяттар – мәдина-лық болып табылады; • меккелік сүрелер – қысқа, мәдиналық сүрелер ұзын болып келеді; • меккелік сүрелер рухани тартымдылыққа, нәзіктілікке толы болса, мәдиналық сүрелер терең ойға құрылған; • меккелік сүрелер толық әрі мазмұны салмақты, ал, мәдиналық сүрелер негізінен бұйрық райда болады; • меккелік сүрелерде үмметке бұрынғы өткен қауымдар үлгі етіп көрсетілсе (мәселен, “олардың жағдайларынан ғибрат алыңдар” десе), ал, мәдиналық сүрелерде парыз, түрлі жазалар, жындар, амалдар мен ғибадаттар, т.б. қамтылған; • меккелік сүрелерде христиан-дар мен яхудилерге арналған аяттар жоқ. Онда тек мүшіріктерге ғана айтылған. Мәдиналық сүрелерде христиандарға, яһудилерге және мұнафықтарға арналған аяттар бар. Сүрелердің тәртібі хазреті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір сүрген кезінде-ақ айқындалған. Ибн Аттияның айтуынша, “сү-релердің көбінің реті пайғам-барымыздың (с.ғ.с.) тірі уақы-тында белгілі болған”. Басқа сүрелер сахабалардың айтуымен орналастырылғанымен, оларға пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қатысы болған. Расулулла (с.ғ.с.) “Мына сүре мына сүреден бұрын, басқа сүре бұдан кейін” деп көрсеткен.

5 Құрандағы эсхатологиялық мәселелер.

6 Құрандағы Алланың атрибуттары

Аллаһ адамгершiлiк ақыл үшiн қол жетпейтiн болмыс исламда. Табиғаттың жаратылған олары, өзi айырмашылыққа никем жаратпаған. Демек, алла барлық маңыздысы ештеңе жасады және болмыстың барлық формасы барлық ғалам барлық ретке салған күйлердiң келтiрдi бөлiнбейтiн байланыс және гармонияның күйiнде өзiмендермен аралық болып табылады. Сонымен бiрге ол жаратылған әлемде барлық процесстер мен оқиғаларлармен басқарады. Алла өмiрдiң барлық формаларын жаратушы болып табылады және олардың тiршiлiк әрекетiн қолдайды. Сонымен бiрге, алла өмiрдiң нақтылы мерзiмiнiң барлық адамдар, малдар, өсiмдiктерi үшiн орнатты. Мұсылмандар барлық ғаламдарда абсолюттi барлық жасауға ұқ болатын алланы ерiк бойынша тек қана болатынын сенедi. Ол тек қана абсолюттi ерiкпен және құдiретпен ие болады. Дәнеңе ол болмайды бастаушы. Алланы көредi және абсолюттi барлық адам үшiн қол жетпейтiн түрлер, және дәнеңе оның қарауынан мүмкiн емес жабуға естидi. Ол жалғыз шын қожайын жинағы маңызды болып табылады.

Құранға сәйкес алладан басқа бар болмау басқа құдайы. Қызмет етулер және табыну үшiн жалғыз объект бұл себептенге ол тек қана болып табылады. Алла құдайларға қызмет етудi тыяды. Исламдағы тiлшiк, ырымшылдықтар, жаратылған стихиялар және қияли кейiпкерлердiң алдында табыну және қорқыныштар болып табылады ол адамның аққөңiл өкiнуiнен кейiн әйтпесе емес қош болыңызатын алланы алдында (ширк ) өте ауыр күнәлер.

7 Құрандағы Адам болмысы

8 Тафсир сөзінің мағынасы

Бастапқыда Құранды түсіндіру Мұхаммед пайғамбардың   Сүннеті арқылы, яғни оның белгілі бір аяттарға қалай амал еткені, оларды қалай түсіндіргені туралыхадистермен және оның ең жақын сахабаларының сөздерімен жүзеге асты. Мұхаммед әл-Бұхари мен Муслим ибн әл-Хәджадж секілді мухаддис ғалымдар өздерінің хадис жинақтарында Құранның белгілі бір аяттарының түсіндіруге арналған хадистер мен асарларды жинақтады. Ибн Джарир әт-Табари және Ибн Әбу Хатим сияқты тәпсір ғылымын зерттеген ғұламалардың арқасында бұл ғылымның ерте кезеңі аяқталып, Исламның ерекше бір пәні ретінде қалыптасты.

Арабтың тәпсір (араб.: تفسير‎, тафсӣр) сөзі «баяндау, мағынасын ашу» ұғымын білдіреді. Шариғаттағы тәпсір сөзінің мағынасы: қасиетті кітапты дұрыс түсінуге,аяттардың мағынасын дұрыс жеткізуге және дұрыс үкімдер шығаруға көмектесетін барлық әдістерді қолдану арқылы Құранды түсіндіру, «тәпсірлеу»[46].

Әз-Заркаши айтады:

Тәпсір — біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке   түсірілген Аллаһтың Кітабын дұрыс түсінуге көмектесетін, оның мағынасын баяндап, одан үкімдер мен өсиеттерді шығаратын ғылым. Ол мағлұматтарды лексикология ғылымынан, синтаксис пен сөзжасамнан, риторикадан, фиқһ негіздерінен, Құран қыраттары туралы ғылымнан алады және (аяттардың) түсу жағдайы туралы білімге, насих (үкімді жоюшы) пен мансухты (үкімі жойылған) білуге мұқтаж.[47]

Тәпсір ғылымын, яғни Құран Кәрімді біреулердің түсіндіруін кейбір мұсылмандар артық санайды, яғни оның мағынасы негізінен анық және тәпсірге мұқтаж емес дейді. Мұсылман ғалымдар тәпсірлердің пайда болуының үш себебін айтады:

  1. Аллаһ тағаланың білімінің күші мен хикметі соншалықты, Ол бір ауыз сөздің өзіне бірнеше мағына салып, көп адам біле бермейтін терең мағыналы қылуы мүмкін.

  2. Аллаһ тағала бір нәрсе туралы айтып жатқан кезде оның себебі болған оқиғаларды немесе аяттан шығатын үкімді айтпауы мүмкін. Ал Құранды, Сүннетті талдап осы себептер мен үкімдерді табу әркімнің қолына келе бермейді. Тәпсіршінің міндеті осы түсініксіздіктерді баяндау.

  3. Сонымен қатар Құранда астарлы немесе көп мағыналы, түсінілуі қиын, аз кездесетін сөздер мен сөзтіркестер келуі мүмкін. Ал бұларды түсіндіру үшін тіл білімі, соған қоса шариғат терминологияларын білу қажет.

Бұның мысалы ретінде Ади ибн Хатимның «қара және ақ жіптер» туралы аят түскенде оны тікелей түсініп, таң уақытын білу үшін қара және ақ жіптерді байлауын келтіруге болады. Бұл затты пайғамбардан   сұрағанда, ол бұл аяттардағы «қара және ақ жіп» дегеніміз таңның ағаруы мен түннің қараңғысы екенін түсіндіреді

9 Сүре және орналасу тәртібі

10 Аят және оның мәні Араб тілді философия және дін.

Аят (араб.: آية‎, белгі, кейде өлең деп те аударылады) - Құран сүрелерінің қысқа, дербес бөлігі. Құран 114 сүреден (тараудан) тұрады.[1] Ол сүрелер (Фатихадан өзгесі) ұзақтығы, көлемі бойынша белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ал әрбір сүре аятқа бөлінеді. Аятты сөйлем немесе сөйлемнің бір бөлшегі, яғни сөз тіркестері деп те айтуға болады. Құранның көп бөлігі ұйқасқан қара сөздер арқылы жазылған, яғни бірнеше аяттың соңы бірыңғай буында құралып отырады. Ең ұзақ сүреде 286 аят бар. Аяттарда бір сөзден 68 сөзге дейін болуы мүмкін. Құранда барлығы 6204-тен 6236-ге дейін (әртүрлі есептер бойынша) Аятта, 77934 сөз бар.[2]

Құрандағы сәжде аяттары[өңдеу]

Олар:

  • Ағраф 206,

  • Раъд 15,

  • Нахл 41,

  • Исра 107,

  • Мәрйәм 58,

  • Хаж 18,

  • Фурқан 60,

  • Нәмл 25,

  • Сәжде 15,

  • Сад 24,

  • Фуссиләт 37,

  • Нәжм 62,

  • Иншиқақ 21,

  • Ъалақ 19.

Ислам шариғаты бойынша осы сәжде аяттарының қайсы бірін оқыған не естіген адамға тіләуәт сәждесін жасау уәжіп болып есептеледі.

Құранда 114 сүре бар, 6 236 аят бар, “Құран Кәрім” сөзі 79 000 рет қайталанған және Құранда 323 670 әріп бар.

Бір мұсылман Құранды толық оқып шықса әр әрпіне 10 сауаптан алады. Яғни 323 670 х 10 тең 3 236 700 болады екен. Демек Құранды толық оқып шықсаңыз 3 236 700 сауапқа ие болады. [3]

Құранда қанша аят бар?[өңдеу]

Құранда қанша аят бар екендігі жайлы ғалымдардың бірнеше пікірлері бар.

Бұның себептері кей ғалымдар ұзын сөйлемді бірнеше сөз деп есептесе, кейбірі бір аят деп есептеген. Шафиғи ғалымдары аяттардың басындағы бисмиллә сөзін сүренің ішінде деп есептесе, Ханафи ғалымдары бисмиллә сөзін бөлек бір аят деп есептеген. Сол секілді «Я-син»,

«Ха-Мим» секілді әріптерге байланысты осындай пікірлер бар.

Ибн Аббас Құранда 6616 аят,

Нафи 6217,

Шәйбә 6214,

Мысыр ғалымдары 6226,

Араб тілі және әдебиетін жақсы меңгерген риторик ғалым Замахшари Құранда 6666 аят бар деген пікірлер айтқан.

Ибн Хузайма «ән-Насиху уәл Мансуху» кітабында Құранда 6666 аят бар деген тоқтамға келіп, аяттарды мына төмендегідей бөліктерге бөлген:

Уаъд (уәде беру) аяттары – 1000

Уаъид (жазалану туралы ескерту) аяттары – 1000

Әмір аяттары – 1000

Наһи (тыйым) аяттары – 1000

Хабар және қисса аяттары – 1000

Мысал және ғибрат аяттары – 1000

Ахкам (үкімдер) аяттары – 500

Дұға және тасбих аяттары – 100

Насих және мансух (үкімдері жойылған) аяттар – 66

Осылайша барлығы – 6666 аят болады деп жазған.

Дегенмен Куфа ғалымдары Құранда 6236 аят бар деген пікір айтқан.

Бүгінгі күні Куфилердің пікірі бойынша Құранда 6236 аят бар деген тұжырымға тоқталған.

Бүгінгі күні басылып жатқан Құран кітаптарының барлығында 6236 аят бар.[

11 Құрандағы жақсылық пен жамандық мәселесі

12 Уахи ұғымы және оның келу формалары

Уахи. («сендіру», «сыр ашу») - жасырын сөйлеу, әмір ету, ишарат беру, асығу, хат жазу, т.б мағына береді. Қасиетті Құран Кәрім Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) Уахи жолымен түскен.

Құран түсірілуінің сипаты[өңдеу]

Уахи Мұхаммед пайғамбарға   Аллаһтан әртүрлі сипатта келетін болған. Ең алғашқы аяндарды ол түсінде көріп, олар таңның атуы секілді орындалатын болған.Уахидың бұл түрі оған пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрып келген.

Уахидың екінші кейіпі — иландыру. Жәбірейіл періште уахиды Мұхаммед пайғамбарға   иландырып, ол оның ақылы мен жүрегіне жететін болған. Әбу Умамадан келген хадисте Мұхаммед пайғамбар   айтқан:

«

Шын мәнінде қасиетті рух маған адамның өз пешенесіне жазылған ризығын бітірмейінше өлмейтінін иландырды...[6]

 »

Үшінші түрі — періштенің адам кейібінде келіп, Аллаһтың аянын жеткізуі. Оның мысалы ретінде Омар ибн әл-Хаттабтан имам Муслим келтіретін «Жәбірейіл хадисы» деген атпен танымал хадис. Ол хадисте Жәбірейіл періштенің Мұхаммед пайғамбарға   аппақ киім киген, қара шашты ер адам түрінде келгені туралы айтылған.Ән-Нәсәи жеткізген хадисте Жәбірейіл Дихйа әл-Кәлбидің түрінде келгені туралы айтылған[7].

Төртінші түрі — періштенің қоңыраудың үні сияқты дауыспен бірге келуі. Айша Мұхаммед пайғамбардан   уахидың қалай түсетіні туралы сұрағанда ол былай жауап берген:

«

Кейде ол маған қоңыраудың үні сияқты келеді — бұл маған ең ауыр түрі. Ол мен оны жадыма сақтағаннан кейін кетеді. Кейде періште маған ер адамның кейібінде келеді. Ол менімен сөйлеседі де, мен оның айтқандарын есте сақтаймын

 »

Айша айтқан: «Мен оған уахидың қатты суық күні келгенін көрдім — уахи тоқтағанда оның маңдайынан тер құйылып тұратын еді» (Сахих әл-Бұхари). Аянның бұл түрінің ауырлығы соншалықты Айшадан келген тағы бір хадисте айтылған: «Пайғамбар түйенің үстінде отырып аян алғанда, ол түйе тізерлеп отырып, қозғала алмай қалатын еді»[8].

Бесінші түрі — Жәбірейілдің шынайы түрінде келуі. Бұл Мұхаммед пайғамбардың   өмірінде екі рет болған. Ол туралы Құранның өзінде[9] және Айшадан келетін хадисте айтылған[10].

Алтыншы түрі — Аллаһтың ешбір делдалсыз Мұхаммед пайғамбарға   тікелей аян беруі. Бұған мысал ретінде бес уақыт намаздың парыз болған кезін айтуға болады[11].

Жетінші түрі — Мұхаммед пайғамбардың   Аллаһпен жамылғының артынан тікелей сөйлесуі. Бұл секілді Мұса пайғамбар да Аллаһпен сөйлескен. Бұл туралы Мұхаммед пайғамбардың   Миғраж түніндегі саяхаты туоралы мәшһүр хадисте айтылған[12].

Кейбір тәпсір ғалымдары Мұхаммед пайғамбардың   Аллаһты ешбір жамылғысыз тікелей көріп, сөйлесуі туралы айтып, соны уахидың сегізінші түрі деген. Бірақ бұл пікір Айшадан келген хадиске және Аллаһты бұл дүниеде ешкім көре алмайтыны туралы аяттарға қайшы. Барлық сахабалар Айшаның хадисіндегідей пікірді ұстанған[11].