Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
металл констр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.16 Mб
Скачать

4.2.2. Қар жүктемесі

Қар төсемінің салмағы құрылыс ауданына және төбежабын пішінінің формасына байланысты анықталады [1] 321б. немесе [4] 17-22б..

Төбежабынның қар төсемінің салмағы (РО) 2 қосымша [1] 532б. мәліметтеріне сәйкес анықталады.

Қар жүктемесінің үйлестірілу есебін ескере отырып, беларқа ұзындығы бойыншаесептік жүктеме, қар жүктемесі мына формула арқылы табылады:

(4.2)

Мұнда РО – 1м2 горизонталь жер бетіне түскен қар төсемінің салмағы, 4.3. кестесі бойынша қабылданады;

С – жердегі қар төсемі салмағының төбежабындағы қар жүктемесіне өткендегі коэффициент, 3 қосымшадан 5.3-5.6 [4].

n – /РО (стационарлы құрал-жабдықтың салмағын қоса алғандағы, егер ол бар болса, төбежабынның нормативті меншікті салмағы ) нормативтік мәніне тәуелді 4.4. кестесінен алынатын қар жүктемесіне арналған жүктемелердің сенімділік коэффициенті.

«С» коэффициентін 4.2. формуласы бойынша анықтағанда бір аралықты ғимараттың төбежабынының схемасын курстық жобада фонарларсыз қабылдауға болады. Көлденең рамаға әсер ететін жүктемелер құрамындағы қар жүктемесі қысқа мерзімді деп қарастырылады.

ІІІ – ІV аудандар үшін (норма РО=1,0-1,5кН/м2) қар жүктемесі оның мағынасы 0,70кН/м2 дейін қысқартылған ұзақ әсер етуші болып есетелінеді. Осыны ескере отырып көрсетілген аудандарға қар жүктемесінің жүктелуінің 2 схемасын көрсету қажет, яғни Рсн (8-сурет) ([1]321б.13.13-сурет).

8-сурет. Қар жүктемесін анықтауға.

4.2.3. Жел жүктемесі

Желдің жылдамдығы ағыны құрылыс ауданына, жер түріне, ғимарат биіктігіне және оның пішініне байланысты.Көлденең рамаға әсер ететін статикалық құрылымды жел жүктемесінің есептік мәні мына формуламен анықталады:

(4.3)

Мұндағы, q0 – 10м биіктікке дейін тұрақты мағынасы бар және 4.3. кестесінен қабылданатын 1м2 желге жылдамдық арыны.

k – жер биіктігі мен түріне тәуелді q0-дің өзгерісін ескеретін коэффициент. 4.5. кестесінен қабылданады.

с – үймереттің пішінің (конфигурациясын) ескеретін аэродинамикалық коэффициент. Қарапайым ғимараттар үшін с=+0,8, жел жақтан активті қысым (ағын) үшін және с=-0,6 желсіз жақтан пассивті қысым (сору) үшін;

n – 1,2 тең жүктемелерге сенімділік коэффициент;

В – есепті блоктың ені (көлденең раманың адымы).

«К» коэффициентінің аралықтық мәні (10м мен 20м, 20м мен 40м және т.б. аралықта) 4.5. кестеден сызықтық интерполяция арқылы анықталады.

4.3. кесте

Қар төсемінің салмағы (р0) және желдің жылдамдық ағыны (q0)

Аудандар

1

2

3

4

5

6

7

р0

0,5

0,7

1,0

1,5

2,0

2,5

-

q0

0,27

0,35

0,45

0,55

0,70

0,85

1,0

4.4. кесте

Қар жүктемесіне арналған жүктемелердің сенімділік коэффициенті

qnH /р0

1,0

0,8

0,6

0,4

n

1,4

1,5

1,55

1,6

4.5. кесте

«к» коэффициентінің мәні

Жер түрі

Жер бетінен бастап биіктік, м

10

20

40

60

А

1,0

1,25

1,55

1,75

Б

0,65

0,9

1,2

1,45

Ескерту:

  1. А – ашық жерлер (степи, шөлдер, теңіз жағалауы, көлдер және т.с.с.).

  2. Б – кедергілері бар жерлер (шет жерлердегі қалалар, орман массивтері және басқа жерлер).

  3. егер тапсырмада жер түрі көрсетілмесе, онда студент өз қалауынша алады.

Көлденең раманың есебін оңайлату үшін биіктік бойынша біртекті үйлестірілмеген желдік жүктемені бірдей үйлестірілген (qЭКВ) және алдын ала дайындалғанға (Wc) ауыстырады.

Осыған орай ғимарат шатырының биіктік аралығындағы жүктемені (qш.нр және qш.вр -дан) W-ға ауыстырады және оны рамаға ферманың төменгі белдеуінің деңгейіне қояды. Н биіктігіндегі қалған жүктемені h=(H+hs) биіктік аралығында біртекті үйлестірілген qЭКЗ –ға ауыстырады.

Мәнін 9-суретте ([1]290б.12.8-сурет) көрсетілген формула бойынша анықтайды.

9-сурет. Рамаға желдік жүктеменің схемасы.

Эквивалентті жүктеме - Н биіктігіндегі желдік қысым тірегінен және һ биіктігіндегі эквивалентті жүктеме тірегінен колоннаның іргетас қыспағындағы нүктесіне (А нүктесі) қатысты иілуші моменттер теңдігі шартынан анықталады.

Осыған байланысты qЭКВ мәні мынаған тең:

(4.4.)

Мұнда, МАфакт – иілетін момент , (4.5) формуласы бойынша анықталды:

(4.5.)

Есепте желдік жүктемеден көлденең раманы енгізудің екі схемасы ескерілуі қажет (10-суретті қараңыз) ([12]187б.6.7-кесте (8)).

10-сурет. Желдік жүктеме (оңнан солға қарай).