Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
металл констр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.16 Mб
Скачать

3.3. Графикалық бөлімнің орындалуы

Берілген бөлімнің графикалық бөлімі мыналардан тұрады:

а) барлық конструкцияның схемалық бейнесімен және негізгі өлшемдер мен белгілердің көрсетілуімен өндірістік ғимараттың көлденең қимасы. Масштаб 1:200;

б) ферманың жоғарғы және төменгі белбеулері, фонарлар арқылы байланыс схемалары және де фермалар мен колонналар арқылы вертикальді байланыстар схемалары. Масштаб 1:200 – 1:600. Төбежабынның көтергіш конструкцияларының негізгі элементтерінің (бойлық элементтер) схемаларда астын сызып қойған дұрыс;

в) торцевой және бойлық фахверканың схемасы. Масштаб 1:400; 1:500.

4. Мк кезеңінің жұмысшы жобасы

Жобалаудың бұл бөлімінің негізгі мазмұны өндірістік ғимараттың қаңқасының көтергіш элементтерін және оның түйіндерін есептер негізінде сәйкес түйіндесуін конструктивті құрастырудан тұрады. Ол конструкцияларды есептеуден басталып, сызбаларды құрастырумен аяқталады. Алдын ала жасалған конструктивті құрастыру есепті схеманы түсіндіруге және есептеп шығаруға көмектеседі. Қабылданған конструктивті шешімдерді түпкілікті нақтылау.

Кез келген көтергіш конструкцияға немесе ғимараттың бүкіл қаңқасына статикалық және конструктивті есеп жүргізіледі. Статикалық есептің міндеті – теоретиклық және құрылыс механикасы әдісімен конструкция элементтеріндегі және қаңқадағы оған әсер ететін жүктемелер мен әсерлерден түсетін ішкі күштерді анықтау.

Статикалық есепті жүргізгендегі негізгі сұрақ жүктеме астындағы олардың нағыз жұмысын көрсететін үймереттер мен конструкциялардың есепті схемасын дұрыс таңдау болып табылады.

Конструктивті есептің міндеті элементтер қимасын, конструкциялауды таңдау және олардың көтергіш қасиеттерін тексеру. Мұндай есеп СНиП П-23-81, «Болат конструкциялар. Жобалау нормаларына» сәйкес орындалады. Есептеу кезінде келесідей кезекті ұстану ұсынылады:

  1. статикалық есеп – есепті схема, оның міндеті, жүктемелер жиынтығы, ішкі күштік әсерлерді анықтау (М, N, Q).

  2. конструкциялық есеп – қималарды таңдау, беріктік пен қаттылықты тексеру.

Курстық жобада кранасты арқалық (монорельсті жолдар, сырғауыл), көлденең рама (беларқа, рама, колонна).

4.1. Көлденең раманың статикалық есебі.

4.1.1. Есептік схеманы таңдау

Көлденең раманың есепті схемасы вертикальды және горизонтальды құрастыру нәтижесінен орнатылған ғимараттың кесе сызық көлденең енінің конструктивті схемасына мүмкіндігінше өте жақын сәйкес келу керек (3 бөлімді қараңыз).

Егер құрылыс фермасы (беларқа) колоннаға үстінен тірелсе, онда есепті схемада беларқаның колоннамен шарнирлі түйіндесуі қабылданады (4-сурет) ([1]283б.12.1-сурет), ал егер ферма колоннаға жанынан кіріп тұрса, онда қатты түйіндесу қабылданады, яғни конструктивті схема – ферма колонна қыспағында ([1] 282б. қараңыз).

Колоннаның іргетаста бекітілуі рама жазықтығында (вертикальді) қатты және рама жазықтығынан (горизонтальды жазықтықта) шарнирлі болып қабылданады, өйткені колонна базасы іргетаспен 4 және одан көп анкерлі болаттармен бекітіледі.

4-сурет. Қаңқа көлденең рамасының есебінің ерекшелігіне.

Есепті схемада түйіндесу түрінен басқа барлық элементтердің ұзындықтары және олардың бөлек участоутарының бөлектенетін қималарымен және инерция моментінің көлденең рама элементтерімен және оның бөлек участоктарының қатынасы орнатылуы керек. Бір аралықты көлденең рама үшін JB:JH:JP=1:(6ч8):(25ч40) қабылдаған дұрыс. Ішкі және сыртқы колонналардың бірдей аралықтағы жағдайындағы екі аралықты рама үшін (5-сурет) ([1]285б.12.3-сурет).

5-сурет. Көпаралықты раманың есептік схемасы.

J1/ J2= J4/ J3=J6/J5=10ч30; J4/J1=J4/J6=1,5ч3,0

Ішуі колонналар адымы кезінде, сыртқыларға қарағанда екі есе көп J1/ J4= J6/ J4=2,5ч7,0

Есепті схемада колоннаның геометриялық осі ретінде ауырлық центрі сызықтарының қимасын қабылдайды. Беларқаның геометриялық осін ферманың төменгі белдеуінің осімен қосады, ал тұтас ригельде (арқалықта) оның биіктігінің ортасымен.

Қадамды колонналарды жоғарғы және төменгі бөліктердің осьтері е=yH-0,5bb=0,5(bH-bb) өлшемдеріне қосылған (6-сурет) ([1]284б.12.2-сурет).

Осыны ескере отырып, көлденең раманы беларқаға орналасқан жүктемелермен жүктеу схемасы колонна қимасының моменті итарқалы форманың Аф тірек реакциясының шығармасына тең е өлшеміне өзгереді (7-суретті қараңыз) ([1]286б.12.5-сурет).

6-сурет. Бір аралықты раманың схемасы: а – конструктивтік; б – есептік.

7-сурет. Тұрақты жүктемеге есептегендегі рамалардың есептік схемалары.