Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
металл констр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.16 Mб
Скачать

1.1. Курстық жұмысының мазмұны

Металл конструкциялар пәнінен курстық жұмысы 2 бөлімнен тұрады – техникалық және жұмысшы жоба.

Бұл бөлімдер ғимараттар мен үймереттерді жобалаудың жалпыға белгілі екі кезеңіне сәйкес келеді.

Техникалық жобаға негізгі көтергіш конструкциялардың конструктивті формаларын таңдау, сонымен қатар қаңқаның конструктивті схемасының таңдалған нұсқауын құрастыру (компоновка) кіреді. Материал (металл) шығынының ең аз кетуі, конструкцияларды дайындау және оларды құрастырудағы еңбек сыйымдылығының ең аз кетуі деген міндеттемелерге сәйкес қаңқаның және оның бөлек конструкцияларының оптимальды схемасын таңдауға қол жеткізу керек.

Бұл бөлімнің графикалық безендіруіне А4 форматты бірінші парақтың жартысы кетеді.

Қабылданған нұсқаудың жұмысшы жобасы екі кезеңнен тұрады: МК (металл конструкциялар) және МКБ (металл конструкциялар, бөлшектеу).

МК кезеңіндегі жұмысша жоба ғимараттың жобаланатын қаңқасының және оның бөлек элементтері мен түйіндерінің, ғимараттың толық және оның бөлек элементтері мен түйіндерінің беріктігін, тұрақтылығын және қаттылығын қамтамасыз ететін қажетті көтергіш және конструктивті элементтерді қоса алғандағы толық техникалық жұмысын қамту керек. МК графикалық жобасы А4 форматты парақтың екінші жартысына жазылады.

МКБ кезеңіндегі жұмысшы жоба МК жобасының негізінде жасалады. Ол бір жөнелтетін элементтің (ферманың немесе колоннаның) бөлшектеу сызбасын қамтиды, оны дайындауға керекті мәліметтермен бірге. Жобаның бұл бөлімінің графикалық безендірілуі А4 форматты бір параққа жазылады.

Курстық жұмысының нәтижесі қолмен жазылған 40-50 беттік есепті-түсініктемеден тұрады, ол қажетті эскиздермен, схемалармен, кестелермен және әдебиетке сілтемелермен […] қамтылған кіріспеден және есепті бөлімнен тұрады. Түсініктеменің жазба бөлімі сиямен, ал эскиздер мен схемалар сәйкес масштабта қаламмен орындалады. Түсініктеменің басында мазмұны, ал соңында қолданылған әдебиеттер тізімі жазылады. Сызбалар А4 форматты екі парақта орындалады.

1.2. Курстық жұмысының жоспары

Студенттердің курстық жұмысты өз уақытында орындауы жобаға берілген уақытты дұрыс бөлуіне байланысты. Жобаның бөлім бойынша орындалу реттілігі және жалпы уақыттың % мөлшері келесідей:

1. Техникалық жоба (15 %)

а) тапсырмамен, әдістемелік нұсқаумен және оның арнайы әдебиеттерімен танысу – 5 %;

б)өндірістік ғимараттың қаңқасының конструктивтік схемасын таңдау және құрастыру (компоновкалау). Байланыс жүйелерін жасау – 5 %;

в) техникалық жобаның және есепті-түсініктеменің сәйкес бөлімінің графикалық безендірілуі – 5 %.

2. МК жұмысшы жобасы (65 %):

а)қаңқаның көтергіш элементтерінің конструктивті шешімдерін жасау – 10 %;

б) негізгі көтергіш элементтердің есебі:

кранасты арқалықтың (немесе жазық, өтпелі сырғауылдың) – 5 %

көлденең раманың – 15 %

колоннаның – 10 %

беларқаның (ригельдің), раманың (ферманың) – 10 %

в) МК сызбасын және есепті - түсініктеменің сәйкес бөлімін орындау – 15%.

3. МКБ жұмысшы жобасы (20 %)

а) дайындауға қажетті мәліметтермен бірге ферма (колонна) жөнелтетін элементінің бөлшектеу сызбасын орындау – 20 %.