Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
металл констр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.16 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті

050729 «Құрылыс» мамандығы студенттеріне арналған

«Құрылыс конструкциялары 111» пәні бойынша

«Өндірістік ғимараттың болат қаңқасын жобалау»

тақырыбындағы курстық жұмысың орындауға арналған

әдістемелік нұсқау

Қызылорда қаласы, 2009ж.

Құрастырғандар:

Длимбетов Т. К.

Нурмаганбет К. Г.

Сыдыков К. С.

Өндірістік ғимараттың болат қаңқасын жобалау.

5В072900 «Құрылыс» мамандығы студенттері үшін курстық жұмысың орындауға арналған әдістемелік нұсқау

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының отырысында бекітілген.

«___»______________2009ж. №____ Протокол

Политехникалық факультеттің оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітілген.

«___»______________2009ж. №____ Протокол

Алғы сөз.

Тапсырмада 5В072900 «Құрылыс» мамандығы үшін арналған «Құрылыс конструкциялар 111» курсының бағдарламасымен «Бірқабатты өндірістік ғимараттардың конструкциялары» бөлімі бойынша қарастырылған сұрақтар келтірілген. Тапсырма «Металлические конструкции» под редакцией Е.И. Беленя кітабымен және СНиП «Стальные конструкции» бағдарламасымен өзіндік жұмыс жасау арқылы орындалады.

  1. Жобалаудың мақсаты мен міндеттері.

«Өндірістік ғимараттың болат қаңқасын жобалау» курстық жұмысы 5В072900 «Құрылыс» мамандығындағы студенттермен «Құрылыс конструкциялары 111» курсын оқудың соңғы этапында орындалады.

Курстық жобалауды орындау кезінде студент өз бетінше инженерлік шешімдерді қабылдауды үйрену керек:

а) металл қаңқалы ғимараттың конструктивті және есепті схемасын таңдау;

б) есептеу әдістемесін және металл конструкциялар элементерін конструкциялауды меңгеру;

в) МК және МКБ кезеңдеріндегі МК сызбаларын жасау;

г) берілген пән бойынша нормативті, анықтамалық және арнайы әдебиеттермен танысу.

Жобалаудың негізгі міндеті - теориялық білімді бекіту және конструкторлық жұмыста практикалық тәжірибе алу мақсатында өнеркәсіптік ғимараттың металл конструкцияларын конструкциялау.

Жоба бойынша жұмыстың көлемі мен мазмұны студенттердің курстың белгілі бөлімдері бойынша: «Материалдар кедергісі», «Теориялық механика», «Құрылыс механикасы», «Өнеркәсіптік ғимараттың сәулеті» пәндерінен берік білімдерін қажет етеді.

Жобаны жасау жұмысына кірісер алдында, жобалаудың негізгі жағдайы жөнінде және бірқабатты өндірістік ғимараттың сәулетті-конструктивті шешімдері, олардың классификациясы және көлемді-жобалық параметрлері, колонналарды бөлгіш осьтерге байланыстырудың негізге ережелері жайлы анық түсініктеме болуы қажет; фермаларды, рамаларды есептей білу және құрама қималардың әр түрлі геометриялық мінездемелерін шығара білу қажет.

Одан бөлек, студенттер шектік жағдай бойынша металл конструкциялар есебі әдістемесінің сұрақтарымен толық танысу керек.

Жобалау үшін бастапқы мәліметтер болып табылады:

- ғимаратты белгілеу, негізгі өлшемдер;

- ғимарат ұзындығы, аралық, крандық рельстің басының белгісі;

- құрылғылар мінездемесі: крантар түрі, олардың саны, жүккөтергіштігі, жұмыс режимі;

- құрылыс ауданы (район);

- материалы: болат маркасы;

- қаңқаның көтергіш және қоршау конструкциялары.