Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1блок конст.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

1.Тұтас кранасты арқалықтардағы есептік күштерді анықтау

Кранасты арқалықтарының қима түрлері жүктемелерге, өткіндерге және кранның ерекше режиміне тәуелді. Жұмыс-тардың қарапайым режиміндегі өткіні 6 м және кранның жүк көтергіштігі 50т дейін болған кезінде тік күштерді табақтармен немесе бұрыштамалармен қабылдау үшін күшейтілген жұқартатын қоставрларды, не бол-маса симметриялы емес қимадағы дәнекерленген қоставрларды пайдаланады. Үлкен өткіндері үшін және кранның үлкен жүк көтергішті-гі үшін көлденең тежеуіш құрылымдарымен бірге дәнекерленген қоставрлы арқалықтары пайдаланылады. Кранның жүк көтергіштігі 50 т дейін болған кезде кең сөрелі таврынан жасалынған жұқа қабырғалы-қосым-шасымен бірге құрама қиманың арқалықтары тиімді. Мұндай шешім дайындаудағы еңбек сыйымдылықты 20-30 %-ға төмендетеді, ал жұқа қабырғаларды пайдалану кезінде болатты 3-4 %-ға дейін тиімді алуды рұқсат етеді.

Болаттың шығындарын төмендету үшін дәнекерлі арқалықтарды кей кезде-рі болаттың екі маркасынан, қабырғаны – аз көміртектіден, белдеулерді – аз легірленгендерден жобалайды.

Ерекше режиміндегі кран жұмысының жоғарғы қарқындылығы кранасты арқалықтары қабырғаларының жоғарғы аймағының бұзылуының жиі пайда болуына алып келеді. Мұндай арқалықтарда крандық жүктемелердің ортадан тыс қосымшаларынан пайда болатын қабырғалардағы жергілікті кернеулер-дің деңгейін төмендету үшін тік және көлбеу элементтерін немесе қос қабырғалы қималарын пайдалану жолдарымен жоғар-ғы белдеудегі айналу қаттылығын көбейтумен орынды. Кран астына жұмыс-тардың ерекше режіміндегі кең сөрелі таврынан жасалған арқалықтарды қолдану сонымен қатар олардың ұзақ уақыттылығын көтеруде рұқсат еткендіктен, кернеулердің консентраторлары және қалдықты дәнекер-ленген кернеулердің көздері болатын дәнекерленген тігістер қабырғалардың кернеуленген аймақтарына ауысады.

23. Ферма торларының түрлері

Ферманың сырт күшке төзімділігі оның торының көлденең әсер күшіне қарсы жұмыс істеу қасиеті арқылы толық арқалық қызметін атқарады. Құрылыстық фермаларда мынадай торлар жүйесі ұсынылады:

а) үшбұрышты, олар кезекпен екі жаққа бағытталған қиғаг тіректерден тұрады (1.6а-сурет);

б) қиғаш тіректі, олар тік баған мен қиғаш тіректен ферманың бір жартысында бір жаққа бағытталған (1.4б-сурет);

в) үшбұрышты қосымша бағандарымен (1.4в-сурет).

Қиғаш тіректің төменгі белдеуге ең тиімді көлбеулігі бірінші және үшінші жүйелерде 400-500. Қиғаш тіректерде – 350-450.

Тор жүйелерінің түріне байланысты ферманың массасы өзгереді және ферманы дайындауға әр түрлі дәрежеде еңбек сіңіруді қажет етеді. Мысалы, үшбұрышты, қосымша бағаны бар тор қиғаш тіректі тор фермаға қарағанда түйіндер саны мен зигзагтың жалпы ұзындығы аз болады. Сонымен бірге қосымша бағандар жоғарғы белдеудің панелінің ұзындығын қысқартады, сондықтан қосымша бағандарды пайдалану тиімді болып саналады.

Ферма торларының жүйесі

1. Итарқалық фермалар. Ферма сұлбасы

Итарқалы ферманы жобалаудың бірінші кезеңі жоғарғы және төменгі белдеулерді таңдау болып саналады. Ол ғимараттың түріне және онымен байланысты сәулеттік және өндірістік талаптарға байланысты: төбе жабын түрі, ілмелі кран бұйымдарының бар жоғы, фонар түрі мен өлшемі, ферманың колоннамен байланысу түрі (шарнирлі және қатаң).

Сыртқы көрінісіне байланысты итарқалы фермалар мынадай түрге бөлінеді:

а) үшбұрышты

б) трапецеидалды

в) параллель белдеулі

Қабылданған өндірістік ғимараттың түрі (бір қабатты, бір аралықты, фонарсыз, көпірлік кран жабдықтарымен) үшін трапецеидальды итарқалы фермаларды немесе параллель белдеулі фермаларды қолдану ұсынылады.

Ферма көрінісі.

2.Ферма элем/гі тұрақты ж/е қар жүк/ң күштерін анықтау Ферма стерженьдеріндегі күштер құрылыс механикасы әдісімен алынуы мүмкін. Оларды Максвелл-Кремон күштер диаграммасы көмегімен графикалық әдіс арқылы анықтау ыңғайырақ:

а) тұрақты жүктемеден;

б) қар жүктемесінен;

в) тіректік моменттерден.

«Құрылыс» мамандығындағы студенттер үшін тірек моментерінен диаграмма құрудың қажеті жоқ, өйткені шарнирлі рамада Мon = О

Тұрақты және қар жүктемесінен болатын күштерді анықтау

Тұрақты және қар жүктемесі курстық жобада бірдей жүктеледі – жалпы пролет бойынша біркелкі үйлестірілген, айырмашылығы тек интенсивтілігінде. Сондықтан тұрақты жүктемеден бір ғана диаграмма тұрғызу жеткілікті. Қар жүктемесінен болатын күшті әр күшті өтпелі коэффициентке көбейту арқылы анықтайды:

Мұнда qS – рама беларқасына погонды тұрақты жүктеме;

qn – рама беларқасына погонды қар жүктемесі.

Тұрақты және қар жүктемесінен беларқаның және түйіндік күштердің геометриялық схемаларының симметриялығына байланысты күш диаграммасын тек беларқаның жартысына ғана тұрғызуға болады.

Тұрақты және қар жүктемесінен болатын күштер диаграммасы

а) трапециялы ферма үшін

б) параллель белдеуді фермалар үшін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]