
- •2.Азаматтық-құқықтық мүдденің және субъективті азаматтық құқықтар арақатынасын көрсетіңіз.
- •3.Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі мәселелерін айқындаңыз.
- •4.Азаматтық құқықтыққатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •5.Субъективті азаматтық құқықтар туралы азаматтық құқық ғылымындағы ілімнің негізгі ережелерін баяндаңыз.
- •6.Құқық субъектілік анықтамасын беріңіз, құрамдас бөлігін анықтаңыз. Азаматтың құқық субъектілігі туралы ілімнің негізгі ережелерін саралаңыз.
- •7.Азаматтық құқықтық қатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •8.Азаматтың әрекет қабілеттігі: түсінігін анықтау мәселелерін сынаңыз, түрлерін анықтау мәселелерін айқындаңыз.
- •9.Экономиакалық айналым қатысушыларының мүддесін азаматтық-құқықтық қамтамсыз ету шараларының жүйесін көрсетіңіз.
- •10. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәнін анықтауына қатысты құқық ғылымындағы негізгі мәселелерін көрсетіңіз, сынаңыз.
- •11.Азаматтық құқықтағы мәміленің түсінігі және түрлері. Кәсіпкерлік қызмет кезінде жасалған мәмілелерді анықтаудың мәселелерін ашыңыз.
- •12. Жарамсыз мәмілені анықтаудың теориядағы ілімінің негізгі ережелерін баяндап сынаңыз.
- •13.Ерекше құқықтық мәртебеге ие мүліктік кешендердің құқықтық жағдайының ерекшілектірін көрсетіңіз.
- •14.Заттық құқықты нормативті қамтамасыз етудің теориялық және тәжрибелік мәселелерін сынаңыз.
- •15.Мәмілені тіркеудің түсінігін беріңіз, мағынасы айқындаңыз, құқықтық салдарын көрсетіңіз, теорялық және тәжрибелік мәселелерін көрсетіңіз.
- •16.Азаматтық-құқықтық міндеттемедегі тараптардың мүддесін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін көрсетіңіз, олардың қолдануына байланысы теория және тәжірибедегі мәселелерді баяндаңыз.
- •17.Азаматтық құқық пен азаматтық заңдардың, нормативтік актілер мен құқық нормаларының арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қр аумағында әрекет етуші азаматтық заң актілерінің қолдану негіздерін, принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарын қолдану мәселелерін көрсетіп сынаңыз
- •20.Азаматтық құқықтағы әдеттің анықтамасын беріңіз. Азаматтық құқық жүйесіндегі іскерлік айналым әдеттердің, халықаралық актілердің орнын айқындаңыз.
- •21.Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдардың даму мәселелерін сынаңыз.
- •22.Азаматтық сот өндірісінің мақсаты мен міндеттері айқындаңыз.
- •23.Азаматтық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды атаңыз.
- •24.Азаматтық іс жүргізудің түсінігін беріңіз және міндеттерін ашып көрсетіңіз.
- •25.Азаматтық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын атаңыз, түсінігін беріңіз, міндеттерін көрсетіңіз.
- •26.Азаматтық іс жүргізудегі қатысушылардың түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз. Заңда көрсетілген қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
- •27.Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері және белгілері көрсетіңіз.
- •28.Азаматтық процессуалдық құқыққабілеттілігі және азаматтық процессуальдық әрекетқабілеттілігін анықтаңыз.
- •29.Соттағы өкілдіктің түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз және өкілдікті рәсімдеу тәртібін көрсетіңіз.
- •30.Азаматтық іс бойынша сот шығындарын атап көрсетіңіз.
- •31.Азаматтық істердің соттылығын анықтау принциптерін қолдану, түсінігін және түрлерін анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •32.Талап арызға құқық пен талап арыз беруге деген құқықтың арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •33.Бірінші сатыдағы соттың актілерінің түсінігі беріңіз және түрлерін атаңыз.
- •34.Істі сот талқылауына тағайындау түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз және сатыларының мерзімін көрсетіңіз.
- •35.Талап-арыздың түсінігін беріңіз, оның элементтерін көрсетіңіз.
- •36.Соттық дәлелдемелер мен дәлелдеудің түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз. Дәлелдеудің пәнін көрсетіңіз.
- •37.Талап-арыздың реквизиттерін атаңыз.
- •38.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •39.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •40.Апелляциялық инстанцияның өкілеттіліктерін көрсетіңіз және і инстанция соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіздерін атаңыз
- •1. Қарыз шартына түсінік беріңіз.
- •2. Қарыз шарты қандай нысанда жасалуы керек? Аталған жағдай бойынша тиісінше нысан сақталған ба?
- •1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекетқабілеттілігінің көлемі қандай?
- •2. Сатып алған тауарды сатып алушы басқа ұқсас тауарға айырбастай ала ма?
- •59 Н.А. Аланова өзінің бұрыңғы жолдасы р.Н. Касеновке некеге тұрғанға дейін алынған пианиноны өзіне қайтаруы туралы талап арызын берді.
- •1. Көрсетілген тұлғалар сотқа өкілдер ретінде қатыса ала ма?
- •2. Олардың өкілеттілігі қай тұрғыда, қалай рәсемделеді?
8.Азаматтың әрекет қабілеттігі: түсінігін анықтау мәселелерін сынаңыз, түрлерін анықтау мәселелерін айқындаңыз.
Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады. Заң құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады. Егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi тең болады.Аз/тың өз әрекеттерімен азаматтыққұқ/ға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтықміндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде п.б. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушылардың немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объ/іне өз бетіншще билік етуге сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы.Ерекше жағдайларда ғана заң актілерінде тікелей көзделген құқық қаб-ке кейбір шектеулер қойылуы мүмкін.Эмансипация (кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау)- жасы 16-ға жеткен кәмелетке толмаған, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса толығымерн әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін. Эмансипация ата-анасының 2-нің де, асырап алушылардың немесе қамқоршысының келісімімен қорғаншы және қамқоршы орг/ның шешім бойынша не ондай келісім болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жүргізіледі. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілІне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды». Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады.