Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

5.Субъективті азаматтық құқықтар туралы азаматтық құқық ғылымындағы ілімнің негізгі ережелерін баяндаңыз.

Субъективті азаматтық құқықтар мен оған тиесілі міндеттер кез келген құқық қатынастарының, оның ішінде азаматтық құқықтың да түп қащығым болып табылады. Субъективті құқықтардың сипаты олардың саралауы арқылы көрінеді. 1-ден, абсолюттік және арақатысты құқық болып бөлінеді. Ал олардың айырмашылығы оларға тін ортақ қасиет аталған құқыққа сәйкес міндет кімнің мойнына жүктелетіндігіне байланысты мәселе деуге болады. Кейбір құқықтар азаматтық айналымға басқа қатысушылардың бәрін де бұл құқықтардың жүзеге асуына бөгет жасамайтын етіп міндеттейді. Бұл құқықтар жөнінде үшінші тараптағылардың бәрі де міндетті субъект болып табылады.Мұндай құқықтар абсолюттік құқық деп аталады. Абсолюттік құқықты қандай біреу болмасын бұзуға болмайды, сондықтан бұл құқық қандай біреуден болмасын қорғалып отыруға тиіс. Мұндай құқықтарға жататындар меншік құқығы, авторлық және т.б.Абсолюттік азаматтық құқық мазмұны жағынан қарама – қарсы тұрған арақатысты құқық: бұл құқық бойынша міндетті болатын бір ғана белгілі жақ немесе бірнеше белгілі жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті болған субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан бұл міндетті бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілелерге негізделген құқықтардың бәрі де арақатысты құқықтар болып табылады. Бұл құқықтарды орындаушы мәмілелер бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап етуге болады.Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау, т.с.с. міндеттер. Азаматтық құқықты заттық және міндеттемелік болып бөледі. Заттқ құқық деп заттар жөнінде туатын құқ/ты айтады. Бұл құқықтың иесі өзінің осы құқықын басқаның көмегіне мұқтаж болмай-ақ тікелей іске асыра алады.Заттық құқықтардың ішіндегі бастысы меншік құқығы.Сатып алушының затқа құқығы міндеттемелік деп бағаланады.Ол затты тек сатушының, яғни міндетті аддамның қатысуымен ғана ала алады.Заттық құқық абсолюттік құқық, ал міндеттемелік құқық-арақатысты құқық болып табылады.

Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылар болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарының субьектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік- аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Құқық қатынастарын қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның обьектісі деп аталады.

Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субьектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және обьектілер (құқықтар мен міндеттердің қатынасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер).

2. Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте “құқық” сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды. Оның біріншісін “Азаматтық құқық” “құқық нормалары” дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі “құқық” дегеніміз мемлекетке қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекетткүшіне сүйенеді. Осы мағынада қолданылатын “құқықтың обьективті мағынасындағықұқық” деп немесе “обьективті құқық” деп атайды.

Бұл күнделікті өмірде “менің меншік құқығым бар”, “сіз бұлай істеуге құқығыңыз жоқ”, “оның зейнетақы алуға құқығы бар” тәрізді сөздерді жиі айтамыз, ал бұл орайда кедесетін “құқық” сөзі заң дегенді емес, тұлғаның, нақті адамның белгілі бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл жағдайларда “құқық” туралы субьективтік мағынада немесе басқаша айтқанда, құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктер болып есептелінеді.