Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекетқабілеттілігінің көлемі қандай?

2. Сатып алған тауарды сатып алушы басқа ұқсас тауарға айырбастай ала ма?

Жауабы: 1) 1.Олегтің ата-аналарының талаптары заңды. Дүкендегі сатушы 12 жастағы баламен бұндай көлемдегі мәмілелерді жасай алмайды.

2.Аз. Код, бойынша Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы. Ал, Олег 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған бала болғандықтан, бұл жасында өзінің тапқан ақшасы болсын, ата-анасының ақшасы болсын өз бетінше билік етуге құқығы жоқ. Аз. Код-те Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) өздерiнiң жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы делінген. Ал 3000 т мөлшерінде мәміле жасау тұрмыстық ұсақ мәмілелерге жатпайды.

3. Толық әрекет қабілеттілік азамат 18 жасқа, яғни кәмелеттік жасқа толғанда п.б.

4. Азаматтық әрекет қабілеттілік дегеніміз – азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Әрекет қабілеттіліктің түрлері:

1. Ә. қаб. жоқ.. 6 жасқа дейінгі балалардың ә. қаб. жоқ деп танылады. Сон. бірге, жеке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігінің салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе істегенін білмейтін азаматты сот ә. қаб. жоқ деп тануы мүмкін.

2. Жартылай ә.қ.-6-14 жасқа дейінгі балаларга тән.

3. Толық емес ә.қ – 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелеике толмагандарга тән.

4. Толық әрекет қабілеттілік – азамат 18 жасқа, яғни кәмелетке толганда мойындалады.

5. Шектелген ә.қ – спирт ішімдіктеріне не есірткі заттарга салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жагынан ауыр жагдайға ушыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот шектеуі мумкін.

5. ҚР Азам код 22-1 бабы бойынша эмансипация, яғни кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау көзделген.

Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн болса немесе оның заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы мүмкiн.

Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) оның заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi бойынша не ондай келiсiм болмаған жағдайда соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.

2) Кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекет қабілеттілігінің көлемі. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын турмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ( жас балалар) ушін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан заңды өкілдері жасайды.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмагандар мәмілелерді олардың заңды өкілдерінің келісімімен жасайды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше биліак ету құқығын шектеуі мумкін.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері жасаған мәмілелер б\ша дербес жауапты болады ж\е өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян ушін жуауп береді.

3) Сатып алған тауарды сатып алушы басқа ұқсас тауарға және сол сома шегінде айырбастай алады.

54 Хаджаев әрекетқабілетсіз деп танылды және оған қорғаншылық тағайындалды. Қорғаншы Омаров кейіннен Хаджеевтың танысы ретінде тұрғын үйге есепке(прописка) отырды. Кейін Омаров 2-бөлмелі үйді жекешелендіру туралы шарт жасасты да, Хаджаевпен меншіктес болды. Прокурор шартты жарамсыз деп тану туралы талап қойды.

1. Қорғаншыға түсінік беріңіз және тағайындалу негіздерін атаңыз.

2. Аталған жағдай бойынша қорғаншы қорғалуындағы тұлғаның тұрғын жайына қандай құқықтары болады?

3. Шартты жарамсыз деп тануға негіз бар ма?

4. Тұрғын жайды жекешелендіру шартының субъектісі кім бола алады?

5. Істі шешіңіз.

Жауабы 1) Қорғаншылық әрекет қабілеттілігі шектеулі, кәмелетке толмаған, әрекетке қабілетсіз адамдарға белгіленеді. Қорғаншыларды арнайы мем-к қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары тағайындайды. Олар тек кәмелетке толған, әрекетке қабілетті адамдар болуға тиіс.

2) Аталған жағдай бойынша қорғаншы қорғалуындағы тұлғаның тұрғын жайына ешқандай құқықтары болмайды. Сонымен катар,

Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иелiктен алу жөнiндегi мәмiлелер жасауға, ал қамқоршының мәмiле жасауға келiсiм беруге, соның iшiнде қамқоршылыққа алынушының мүлкiн айырбастауға немесе сыйға тартуға немесе оның атынан кепiл болу шартын жасасуға, оны жалға (жалдауға), тегiн пайдалануға немесе кепiлге беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлiкпен тиесiлi құқықтарынан бас тартқызуға әкеп соғатын мәмiлелер жасауға, оның мүлкiн бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкiн азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмiлелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмiлелер нәтижесiнде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиiс екенiн қорғаншы және қамқоршы орган белгiлейдi.

Қамқоршылыққа алынушының мүлкiн басқару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

3. Мүлiктi қамқоршылығына алушыға сый ретiнде немесе тегiн түрде пайдалануға берудi қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмiлелер жасауға, сондай-ақ мәмiлелер жасау кезiнде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргiзiлген сот iсiнде қамқоршылыққа алынушының атынан өкiлдiк бiлдiруге құқығы жоқ.

3) Шартты жарамсыз деп тануға негіз бар. Себебі, ол Хаджаевтің тұрғын үйіне есепке отырып, 2 бөлмелі үйді жекешелендіру туралы шарт жасасып алды.

55 Суретшілер ассоциясының мүшесі суретші А. картина жазды(салды). Осы картинаны жазу кезінде ол, осы ассоцияның суретшісі Б-ның материалдары мен краскасын пайдаланған еді. Картина дайын болғаннан кейін Б. өзін картинаның меншік иесімін деп танып, А-дан картинаны қайтару жөнінде талап қойды. Ал, А. оған келісімін бермеді.

1.Бұл жерде кімнің іс-әрекеті дұрыс?

2.Картинаның меншік иесі кім?

3.Бұл іс бойынша меншік құқығының пайда болу әдісін көрсетініз

Суретші Б.-ның суретші А. Салған картинаға өзін меншік иесі деп танып, картинаны қайтару жөнінде талап қоюы дұрыс емес.

2. Картинаның меншік иесі суретші А. б.т. Себебі, оның картинаға авторлық құқығы бар. Бірақ, ол суретші Б-ға материалдары мен краскасының сомасын өтеуге тиіс.

3. Азамат өндіруді өзінің және қандай да бір негіздерде басқадан алған өндіру құралдарымен жүзеге асырса, онда иемдену нәтижесінде жалпы ережелер бойынша дара еңбек меншігі туындайды.

56 Аудандық сотта жол апатының нәтижесінде «Митсубиси» автокөлігіне 150000 теңге – залал келтірілгені туралы А.К. Иманбаевтың А.А. Саматовқа қойған талабы бойынша іс қаралды. Жауапкер А.А. Саматов болған авариядағы кінәсін мойындамады. Жол апаты кезінде жолды мұз басып жатқан және бұл апат жойқын күштің әсерінен болған деді. Талапкер А.К. Иманбаев азаматтық істі тоқтата тұру және қылмыстық іс материалдарын талап ету туралы шағым берді, бұл іс қозғалып, бірақ тоқтатылған екен. Судья Н.Р. Исанов істі кейінге қалдыру туралы анықтама шығарады, бірақ тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы қағидасына сәйкес әрбір тарап өзінің құқығын қорғауда дәлелді фактілерді ұсынуы негізінде қылмыстық іс материалдарын талап ету туралы шағымын қабылдаудан бас тартты. Сол себепті талапкер АІІБ – дегі тергеу бөліміндегі қылмыстық іс материалдарын өзі көрсетуі тиіс.

1.Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы қағидасының түсінігі беріңіз.

2.Бұл қағидалардың кепілдігін қамтамасыз ететін құқықтық нормаға мысал келтіріңіз.

3.Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы қағидасына сәйкес талапкер мен судьяның әрекетін бағалаңыз.

Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы

1. Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.

2. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.

3. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

4. Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды.

57 Сот отырысында баланы асырап алу туралы іс тыңдалды. Сот талқылауы барысында мәжіліс залына облыстық телерадиокешенінің корреспонденті сот мәжілісін бейнежазбаға түсірді. Сотта төрағалық етуші корреспонденттен қандай негізде бейнежазбаға түсіріп жүргендігі туралы сұрады. Корреспондент жаңа категориялы азаматтық істер бойынша репортажды телекөрермендерге көрсету үшін телестудия тапсырмасы бойынша келгендігін айтты. Сотта төрағалық етуші судья А.Р. Касанов корреспондентті сот мәжілісінен шығарып жіберді.

Судьяның әрекеті орынды ма?

Келтірілген құқықтық жағдай қай қағиданы басшылыққа алады?

Ия, орынды. Себебі сот отырысы жабық. ҚРның АІЖК (1999 жылғы 13 шілдедегі N 411 Заңы) 317-4-бабы бойынша Сот баланы асырап алу туралы істерді соттың жабық отырысында қарайды.

ҚРның АІЖК 19-бап. Сотта істі қараудың жариялылығында:

1. Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі.

2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

3. Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.

4. Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады.

5. Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.

6. Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді.

7. Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып жүргізіледі.

8. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.

58 Қарасай ауданының сотына ауылдың 37 тұрғыны өздері жұмыс істейтін агрокомбинат қорынан жер учаскесін беру туралы талап арызын берді.

Сот мәжілісінде талапкердің атынан сенімхат негізінде олардың өкілдерінің бірі шықты.

Талапкерлер өздерінің талап арызында жердің өзінің жеке шарушылығын жүргізуге берілуі керектігін көрсетті.

Судья талапкер санының көп болғандығын ескере отырып, бірнеше талап – арыз жазуын білдірді, яғни қаралып отырған істі бір өкілдің емес бөлек сенімхаттар негізінде бірнеше өкілдің болуын көрсетті.

1. Судьяның іс - әрекеті дұрыс па?

2. Іс жүргізуге қатысушының құқықтары мен міндеттері, қатысушылардың түрлерін және негіздерін көрсетіңіз.

3. Қатысудың қай түрі берліген жағдайда орын алған?

Жауабы: Судьяның іс әрекеті дұрыс деп есептеймін, Іс жүргізу кодексіне сай Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.

Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

1. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтініш жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.

2. Іске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген салдарларды туғызатын жағдайда, өздерінің іс жүргізу міндеттерін атқарады.