Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

1. Қарыз шартына түсінік беріңіз.

2. Қарыз шарты қандай нысанда жасалуы керек? Аталған жағдай бойынша тиісінше нысан сақталған ба?

3. Істі шешіңіз.

Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады

Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.

Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады.

Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделгенреттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн.

Мiндеттеменi бөлшектеп орындауЕгер мiндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.

Мiндеттеменi орындау мерзiмi1. Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс. 2. Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс. Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.

52 Николаеваның талап арызы қанағаттандырылуға жатады ма?Кәсіпорын аукционда сатылды. Сату кезінде осы мүліктік кешенді пайдаланумен байланысты міндеттемелері орындалған несие берушілердің тізімі көрсетілген құжаттар қоса ұсынылған.Екі айдан кейін материалдары мен шикі заттарының ақысын ала алмай қалған несие беруші А-ның бұл тізімге енгізілмегені анықталды. Несие беруші А. сатып алу-сату шарты жарамсыз деп тану жөнінде сотқа талап арызбен шағымданды.

1. Кәсіпорынға азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі анықтамасын беріңіз.

2. Шартты жарамсыз деп тану жағдайлары.

3. Шартты жарамсыз деп танудың құқықтық салдары.

4. Кәсіпорынды сатып алу-сату кезінде несие берушілердің құқықтарын қорғау шараларының негізін көрсетіңіз?

5. Кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жасаудың тәртібі қандай?

Дауды шешіңіз.

Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен құқық объектiсi түрiндегi кәсiпорын деп танылады. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi. Кәсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге, арендаға беру және заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге және тоқтатуға байланысты басқа да мәмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.

Кәсіпорынның құрамына мүліктік кешен ретінде кіретін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

Мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорын құрамындағы борыштарды берген кезде несие берушiлердiң құқықтарына осы Кодекстiң көзделген тәртiппен кепiлдiк берiледi. Кәсiпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алушының меншiгiне (осы Кодекстiң 119-бабы) беруге мiндеттенедi, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен мiндеттер қосылмайды. Кәсiпорынның қызметкерлерi жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен сатушыдан сатып алушыға ауысады. Фирмалық атауларды, тауар белгiлерiн, қызмет көрсету белгiлерiн және сатушыны дараландыратын басқа да құралдар мен оның өнiмдерiн, оның атқаратын жұмысын немесе көрсететiн қызметiн пайдалану құқықтары, сондай-ақ лицензия негiзiнде дараландыратын құралдарды пайдалану жөнiнде сатушыға тиесiлi құқықтар, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға ауысады. Тиiстi қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негiзiнде алынған құқықтар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауға тиіс. Шарт бойынша берілетін кәсіпорынның құрамына оның арнайы рұқсаты (лицензиясы) болмауынан сатып алушы орындай алмайтын мiндеттемелердiң енгiзiлуi сатып алушыны кредит берушiлер алдындағы тиісті міндеттемелерден босатпайды. Міндеттемелерді орындамағаны үшін сатушы мен сатып алушы кредит берушілер алдында бірдей жауап береді. Кәсіпорын бірыңғай мүліктік кешен болған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынды сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.

53 12 жастағы Олег автокөлік жуғаны үшін автокөлік иесінен 3000 теңге мөлшерде ақша алады. Ол ақшаға Олег дүкеннен қымбат тұратын энциклопедиялық кітап сатып алған. Олегтің ата-анасы ол өзінің тапқан ақшасына олардың рұқсатынсыз билік етуге құқығы жоқ деп санап, кітапты қайтадан дүкенге апарып, ақшасын талап еткен. Дүкен ақшаны қайтарудан бас тартты.

Сұрақ: 1. Ата-аналарының талаптары заңды ма? 2.Негізделген жауап беріңіз. 3. Қай уақыттан бастап толық әрекетқабілеттілік пайда болады? 4.Әрекетқабілеттіліктің қандай түрлерін білесіздер? 5. ҚР заңдары бойынша эмансипация көзделінген бе?