
- •2.Азаматтық-құқықтық мүдденің және субъективті азаматтық құқықтар арақатынасын көрсетіңіз.
- •3.Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі мәселелерін айқындаңыз.
- •4.Азаматтық құқықтыққатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •5.Субъективті азаматтық құқықтар туралы азаматтық құқық ғылымындағы ілімнің негізгі ережелерін баяндаңыз.
- •6.Құқық субъектілік анықтамасын беріңіз, құрамдас бөлігін анықтаңыз. Азаматтың құқық субъектілігі туралы ілімнің негізгі ережелерін саралаңыз.
- •7.Азаматтық құқықтық қатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •8.Азаматтың әрекет қабілеттігі: түсінігін анықтау мәселелерін сынаңыз, түрлерін анықтау мәселелерін айқындаңыз.
- •9.Экономиакалық айналым қатысушыларының мүддесін азаматтық-құқықтық қамтамсыз ету шараларының жүйесін көрсетіңіз.
- •10. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәнін анықтауына қатысты құқық ғылымындағы негізгі мәселелерін көрсетіңіз, сынаңыз.
- •11.Азаматтық құқықтағы мәміленің түсінігі және түрлері. Кәсіпкерлік қызмет кезінде жасалған мәмілелерді анықтаудың мәселелерін ашыңыз.
- •12. Жарамсыз мәмілені анықтаудың теориядағы ілімінің негізгі ережелерін баяндап сынаңыз.
- •13.Ерекше құқықтық мәртебеге ие мүліктік кешендердің құқықтық жағдайының ерекшілектірін көрсетіңіз.
- •14.Заттық құқықты нормативті қамтамасыз етудің теориялық және тәжрибелік мәселелерін сынаңыз.
- •15.Мәмілені тіркеудің түсінігін беріңіз, мағынасы айқындаңыз, құқықтық салдарын көрсетіңіз, теорялық және тәжрибелік мәселелерін көрсетіңіз.
- •16.Азаматтық-құқықтық міндеттемедегі тараптардың мүддесін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін көрсетіңіз, олардың қолдануына байланысы теория және тәжірибедегі мәселелерді баяндаңыз.
- •17.Азаматтық құқық пен азаматтық заңдардың, нормативтік актілер мен құқық нормаларының арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қр аумағында әрекет етуші азаматтық заң актілерінің қолдану негіздерін, принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарын қолдану мәселелерін көрсетіп сынаңыз
- •20.Азаматтық құқықтағы әдеттің анықтамасын беріңіз. Азаматтық құқық жүйесіндегі іскерлік айналым әдеттердің, халықаралық актілердің орнын айқындаңыз.
- •21.Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдардың даму мәселелерін сынаңыз.
- •22.Азаматтық сот өндірісінің мақсаты мен міндеттері айқындаңыз.
- •23.Азаматтық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды атаңыз.
- •24.Азаматтық іс жүргізудің түсінігін беріңіз және міндеттерін ашып көрсетіңіз.
- •25.Азаматтық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын атаңыз, түсінігін беріңіз, міндеттерін көрсетіңіз.
- •26.Азаматтық іс жүргізудегі қатысушылардың түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз. Заңда көрсетілген қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
- •27.Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері және белгілері көрсетіңіз.
- •28.Азаматтық процессуалдық құқыққабілеттілігі және азаматтық процессуальдық әрекетқабілеттілігін анықтаңыз.
- •29.Соттағы өкілдіктің түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз және өкілдікті рәсімдеу тәртібін көрсетіңіз.
- •30.Азаматтық іс бойынша сот шығындарын атап көрсетіңіз.
- •31.Азаматтық істердің соттылығын анықтау принциптерін қолдану, түсінігін және түрлерін анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •32.Талап арызға құқық пен талап арыз беруге деген құқықтың арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •33.Бірінші сатыдағы соттың актілерінің түсінігі беріңіз және түрлерін атаңыз.
- •34.Істі сот талқылауына тағайындау түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз және сатыларының мерзімін көрсетіңіз.
- •35.Талап-арыздың түсінігін беріңіз, оның элементтерін көрсетіңіз.
- •36.Соттық дәлелдемелер мен дәлелдеудің түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз. Дәлелдеудің пәнін көрсетіңіз.
- •37.Талап-арыздың реквизиттерін атаңыз.
- •38.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •39.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •40.Апелляциялық инстанцияның өкілеттіліктерін көрсетіңіз және і инстанция соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіздерін атаңыз
- •1. Қарыз шартына түсінік беріңіз.
- •2. Қарыз шарты қандай нысанда жасалуы керек? Аталған жағдай бойынша тиісінше нысан сақталған ба?
- •1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекетқабілеттілігінің көлемі қандай?
- •2. Сатып алған тауарды сатып алушы басқа ұқсас тауарға айырбастай ала ма?
- •59 Н.А. Аланова өзінің бұрыңғы жолдасы р.Н. Касеновке некеге тұрғанға дейін алынған пианиноны өзіне қайтаруы туралы талап арызын берді.
- •1. Көрсетілген тұлғалар сотқа өкілдер ретінде қатыса ала ма?
- •2. Олардың өкілеттілігі қай тұрғыда, қалай рәсемделеді?
40.Апелляциялық инстанцияның өкілеттіліктерін көрсетіңіз және і инстанция соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіздерін атаңыз
Шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмауға, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге, бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға, материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы анықталғанда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге, іс жүргізуді қысқарту, арызды қараусыз қалдыру негіздері бойынша шешімнің толық немесе бөлігіндегі күшін жоюға, іс жүргізуді қысқартуға, арызды қарамай тастауға өкілетті. Аппеляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге: іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінен дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы, бірінші сатыдағы сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі, бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұызылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күшін бір ғана үстірт пікірлер бойынша жоюға болмайды.
Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі). Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 338-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс. 2. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады. 3. Шағым, наразылық сот шығарған шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап он бес күн ішінде жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі (келтірілуі) мүмкін. 4. Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
Апелляциялық шағымда немесе наразылықта: 1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы; 2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы; 3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы; 4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету; 5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі; 6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету; 7) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі; 8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс. 2. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтініштің де болуы мүмкін. 3. Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.
41 12 жасар Иванов және 17 жасар Сидоров автокөліктерді жуып ақы тауып жүріп, В. деген азаматтың автокөлігіне 250 ш/ө шығын келтірді. Автокөлік иесі келтірілген зиянды өтеуге олардың ата-аналарына талап қойды. Сидоровтың ата-анасы шығынды өтеуден бас тартты. Олар бас тарту себебіне, балаларының стипендия алмайтындығын алға тартты.
1. Азаматтық әрекетқабілеттілік дегеніміз не? Әрекетқабілеттіліктің түрлерін атаңыз.
2. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекетқабілеттілігінің көлемі.
3. Осы міндеттеменің түрін анықтаңыз?
4. Келтірілген зиян қандай тәртіппен өндіріледі?
5. Сидоровтың ата-аналарының зиянды өтеуден бас тартуы заңды ма?
6. Иванов пен Сидоровтың ата-аналарына бірлескен жауапкершілікті жүктеу мүмкін бе?
Жауабы:
1. Азаматтық әрекет қабілеттілік дегеніміз – азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Әрекет қабілеттіліктің түрлері:
2. 14-ке дейінгілер/ң әрекет қабілеттілігі; 2. 14-18/ге дейінгілер/ң әр.қаб/гі (ішінәра); 3. Толық әрекет қабілеттілік – азамат 18 жасқа, яғни кәмелетке толганда мойындалады. Сонымен қатар, шектелген ә.қ болады, яғни спирт ішімдіктеріне не есірткі заттарга салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жагынан ауыр жагдайға ушыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот шектеуі мумкін.
3. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын турмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ( жас балалар) үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан заңды өкілдері жасайды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмагандар мәмілелерді олардың заңды өкілдерінің келісімімен жасайды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше биліак ету құқығын шектеуі мумкін. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері жасаған мәмілелер б\ша дербес жауапты болады ж\е өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян ушін жауауп береді.
42 Азамат Ержанов және азамат Имашев арт жасасу негізінде Ержанов Имашевқа 15000 теңге және құны 36000 теңге болатын телевизорды берді. 2002 жылғы желтоқсанда Имашев телевизорды жұмыс істемейтін күйінде кері қайтарды, ал ақша жалпы борыш көлемінің 30% қайтарды.
1.Азаматтық-құқықтық шарт дегеніміз не?
2.Шарт түрін анықтаңыз?
3.Осы шарт бойынша азамат Ержанов қандай құқықтарға ие болады?
4.Істі мәні бойынша шешіңіздер?
1) Аз құқықтық шарт – 2 не одан да көп адамның аз құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерті не тоқтату туралы келісімі.
2) Шарт ақылы шарт б\т.
3) Шарт б\а азамат Ержанов азамат Имашевқа міндетін орындатуға, шарттың бұзылуынан туындаған залалдардың орнын толтыруға, муліктегі нақты келтірілген зиянды өндіріп алуға, міндетін орындамағаны ушін айып төлетуге құқылы.
4) Бұл іс б\а азамат Имашев шарт б\а өз міндетін атқаруға міндетті, шартты бузғаны ушін оның бузылуынан туындаған залалдың орнын толтыруға, айып төлеуге міндетті. Яғни, азамат Ержановқа толық көлемде борышын қайтаруға және мүліктегі (телевизор) нақты келтірілген зиянды өндіріп беруі тиіс.
43 Заря» фирмалық дүкенінен құны 24 000 теңге тұратын әйелдер кастюмы сатып алынған. Кастюмды небәрі екі-ақ рет киген иесі оны химтазалауға өткізген. Тазалаудан кейін киім өзінің формасын жоғалтып кейінгі киюге жарамай қалды. Сапасы жағынан кастюм тауар белгісінде және ярлыкта көрсетілген жағдайларға сәйкес келмеді. 1. Шарттың түрін анықтаңыз. 2. Кастюм иесі қандай шаралар қолдануы керек? 3. ҚР заңдары бойынша көзделген тұтынушының негізгі құқықтарын атаңыз. 4. Сапасы мардымсыз заттарды сатудың қандай салдары бар және тұтынушыларға сату кезіндегі ерекшеліктері қандай?
Фирмалық дүкеннен алған сәтте ауызша түрде сатып алу сату шарты жасалған болар. Ал химтазалауға өткізген кезде басқа шарт көзделуі мүмкін.Тұтынушы бұл тұсссттта химтазалау орталығын сотқа береді деп ойлаймын Ал тұтынушылар құқықтары мынадай 1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;2) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге;3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға;10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға;11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;12) моральдық зиянды өтетуге;13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
44 Жолдан жүргіншілер өтуге болмайтын жерден өтіп бара жатқан жүргіншіні қағып кету мүмкіндігінен сақтанамын деп автобус жүргізушісі қарсы жолға автобуспен шығып кетуі нәтижесінде жол апаты болды. Ваз-2110 автокөлігінің жолаушысы Н. қайтыс болды, ал автобус жолаушылары әртүрлі деңгейде жарақат алды. Азамат Н-ның жұбайы автобус жүргізушісінен асыраушысының қайтыс болуына байланысты оның балаларын асырау үшін төлем өтеуін талап етіп сотқа талап қойды.
1.Міндеттеме түрін және зиянды өтеу тәртібі мен көлемін анықтаңыз?
2.Азаматша Н-ның талабы заңды ма?
3.Автобус жолаушылары, оларға келтірілген зиянды өтеуін талап етуге құқылы ма?
1) Бул міндеттеме біржақты б\т. Азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адам/ң, қайтыс болған адам/ң ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-ана/ң бiреуi, зайыбы не еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адам/ң асырауында болған бала/н, немере/н, жасы 14-ке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина орган/ң қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына бай/ты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындас/н (жас балаларды) күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесiнiң зиянды өтетiп алуға құқығы бар. Зиян: кәмелетке толмағандарға - 18 жасқа толғанға дейiн, он сегiздегi және одан да ересек жастағы оқушы/ға - күндiз оқыту нысанындағы оқу орын/ғы оқуы аяқталғанға дейiн, бiрақ әрi кеткенде 23 жасқа дейiн; 58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан ер адамдарға - өмiр бойы; мүгедек/ге - мүгедектiк мерзiмiне; ата-ана/ң бiреуiне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған бала/н, немере/н, аға-iнiлерi мен апа-сiңлi/н, қарындас/н күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесiне - олар 14 жасқа толғанға дейiн не денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн өтеледi. 2) Азаматша Н-ның талабы заңды.ҚР-ның аз кодексі б\ша, азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның зайыбының зиянды өтетіп алуға құқығы бар. 3) Автобус жолаушылары оларға келтірілген зиянды өтеуін талап етуге құқылы. Автобус паркінің басшылығы заңгерлері зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемені орындауға міндетті бірақ кодексте көрсетілгендей жол ережесін бұзған жаяу жүргіншіге ресресттік талап қою арқылы істі шеше аламыз.
45 Азаматша А.Бахтеева өзінің қызына джинси сатып алды. Оны бір күн кигеннен кейін, қыздың аяғы көгілдір түске боялып, бүкіл денесіне жара шығып кетті. Осының нәтижесінде оны ауруханаға, аллергология бөліміне жатқызып қойды. Азаматша А.Бахтеева сатушыға джинсыға төлеген ақшаны кері қайтаруын және келтірілген зиянды өтеуін талап етті.
1. Аталған дау бойынша қатысушылар арасында қандай құқықтыққатынас бар? Қандай негіздерден пайда болады?
2. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздерін атаңыз. Аталған жағдай бойынша жауапкершіліктің талаптары.
3. Міндеттеме түрін анықтаңыз?
4. Бахтеева осы міндеттеме бойынша қандай құқықтарға ие болады?
5. Осы міндеттеме бойынша келтірілген зиянды өтеу туралы талап кімге қойылады?
6. Зиянды өтеу мөлшерін анықтаңыз?
7. Азаматша Бахтеева моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы ма?
1) Аталған дау б\ша қатысушылар арасында азам/қ-құқ/қ қатынас туындаған ж\е сатып алу-сату шарты негізінде пайда болған ж\е бул тиісті сапасы жоқ тауар берудің зардап/на алып келді. 2) Жалпы азам/қ-құқ/қ жауапкершіліктің бірнеше турі бар: 1 - шарт б\ша ж\е шарттан тыс жауапкершілік. 2- улестік ж\е ынтымақтастық жауапкершілік. 3 – негізгі ж\е қосымша жауапкершілік. Аталған жағдай б\ша, шарттан тыс жауапкершілік туындаған. Шарттан тыс жауапкершілік – шартта белгіленбеген, бірақ бір тулғаның құқ/қа қарсы әрекеті/ң нәтижесінде, 2-ші бір тулғаға келтірілген зиян б\ша кушіне енетін жауапкершілік. Шарттан тыс жауапкершіліктің бірнеше ерекшеліктері бар: 1-келтірілген зиянға дейін, зиян келтіруші мен жәбірленушінің арасында азам/қ-құқ/қ міндеттеме болмауы мумкін. 2-шарттан тыс жауапкершіліктің не міндеттеменің туунына зиян келтірушінің құқ/қа қарсы, кінәлі, айыпты әрекеті негіз б/ды. 3-Міндеттемелік құқ/қ қатынас - бул жерде жәбірленушінің муліктік ж\е муліктік емес шексіз құқ/нан туындайды. Мысалы, жәбірленушінің денсаулығына, ар-намысына, атына, мулкіне зиян келтірілуі мумкін. 4- Шарттан тыс жауапкершілік іске асуы ушін келтірілген зиян нақты, шын мәнінде болуы к\к. 3) Міндеттеме біржақты б\т. 4) Бул міндеттеме б\а, Бахтееваның құқықтары : - Сатушының өз міндет/н орындауын талап ету; -Келтірілген зиянды өтеп алу. 5) Міндеттеме б\а, келтірілген зиянды өтеу туралы талап сатушыға қойылады. 6) Зиянды өтеу туралы талапты қанғаттандыра отырып, сот істің мән-жайына сәйкес зиян ушін жауапты адамды келтірілген зиянды толық өтеуге не оны заттай өтеуге (тегі мен сапасы нақ сондай зат беруге, булінген затты жөндеуге ж\е т.б) міндеттейді. Аз/қ кодекс б\ша азаматқа жарақат не денсаулығына өзгедей зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс, сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығындар ( емделуге, қосымша тамақтануға, дәрі –дермектер сатып алуға, протез салғызуға, бөгде адамның бағып-күтуіне, саноторий курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға , ж\е т.б) , егер жәбірленуші көмек пен кутәмнәі осындай турлеріне мұқтаж ж\е оларды тегін алмайды деп танылса, өтеуге жатады. 7) Азаматша Бахтеева моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқығы бар. Себебі, келтірілген жағдайлар денсаулықтың нашарлауына алып келді. Бул жағдайда моральдық зиян өтелуі қажет.
46 ЖШС “Крос” Алматыдан Тараз қаласына жүк жіберді. 20 күн өткенде хабарласқанда жүктің жеткізілмегені белгілі болды.
1. Міндеттеменің орындалмауы және тиісінше орындалмауы, орындалуының түсінігін беріңіз.
2. Міндеттеменің орындалу мерзімі дегеніміз қалай түсіндіріледі және ол қалай анықталады?
3. Жүктерді тасымалдау шартына анықтама беріңіз. Аталған шарттың құқықтық табиғатының ерекшелігі неде?
4. Қай жағдайларда жүкті жоғалды деп есептеуге болады?
5. Егерде жүк уақытында жеткізілмей және жоғалған жағдайда жүк жеткізушінің жауапкершілігі қандай?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI (1994 жылғы 27 желтоқсандағы, 1999 жылғы 1 шілдеде) 272-бап. Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс 278-бап. Мiндеттеменi бiрқалыпты орындау жөнiндегi талаптар: Ұзақ мерзiмде орындалатын болып есептелген мiндеттемелер, егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, не мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан туындамаса, бiрқалыпты, мiндеттеменiң осы түрi үшiн ақылға қонымды кезеңдерде (күн, онкүндiк, ай, тоқсан және т.б.) орындалуға тиiс./Егер талаптың бірі орындалмаса ол тиісінші дұрыс орындалмаған міндеттеме болады.
Мiндеттеменi орындау мерзiмi 1. Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс. 2. Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс. Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.(ҚР АК 277-бап.)
Жүк тасымалдау шартының құқықтық табиғаты жағынан ол реалды шарт болып табылады, тасымалдаушы өзiне сенiп тапсырылған жүктi белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi. Кейбiр жағдайларда тасымалдауға мүдделi жүк жөнелтушi мәлiмдеме (тапсырыс) жасайды. Темiр жолдар мен жүк жөнелтушiлер (жүк алушылар) жүктердi тасымалдауға қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi шарттар (келiсiм-шарттар) бекiте алады. Ұзақ мерзiмдi тасымалдау шарттарының заңдық табиғаты өте даулы болып табылады. Сөз, ҚР Азаматтық кодексi 692-бабымен және ҚР “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 38-бабымен реттелген, тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт жайында болып отыр. Тасымалдауды ұйымдастыру шарты консенсуалды болып табылады, өйткенi тасымалдаушы белгiленген мерзiмдерде жүктi қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктi келiсiлген көлемде тасымалдауға беруге мiндеттенедi. / Жүк тасымалдау шартының ерекшелiгi – оның қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерiнiң көпшiлiгi тiкелей нормативтiк актiлермен реттелгендiгiнде. Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария сипатқа ие.
Жүкті жоғалды деп есептеледі: Егер тiркелген теңдеме жүктi немесе жүктi тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса немесе осы теңдеме жүк не жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн 7 күн iшiнде тиiстi жерiне келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi. (ҚРдағы көлiк туралы заң 17 бап)
Егерде жүк уақытында жеткізілмей және жоғалған жағдайда жүк жеткізушінің жауапкершілігі қандай
Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы ҚРң 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы 17-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi Тасымалдаушының жолаушылармен және жүк иелерiмен жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң күшi болмайды, бұған жүк тасымалы кезiнде осындай келiсiмдер мүмкiндiгi заң актiлерiнде көзделген реттер жатпайды. Тасымалдаушы жүктердiң, теңдеме жүктiң және почта жөнелтiлiмдерiнiң тасымалдауға қабылданған сәтiнен бастап алушыға берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi. Егер тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi. Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген нұқсанды: 1 жүк немесе теңдеме жүк жоғалған немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде; 2 жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде; 3 құндылығы жарияланып, тасымалдауға тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе теңдеме жүктiң жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi./Жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелер (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе ҚР қосылған тиiстi халықаралық конвенциялардың принциптерi негiзiнде белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады. Алайда, егер жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы жүктi қабылдауға және теңдеме жүктi не жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы төлеген соманы қайтарып беруге құқылы. Заң құжаттарымен жауапкершiлiктiң өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
47 Азамат Юсупов тігін машинасын сатып алу мақсатында “Колос” магазинінен Герман “Зингер” тігін машинасын алдыртуға тапсырыс береді және алдын-ала жарты ақшасын төлеп қояды. Шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін магазин тиісті тігін машинасын әкеліп береді. Ал Юсупов ол тігін машинасын қабылдап алғаннан кейін оның қызметінде кінәрат бар екенін біліп, тігін машинасын басқа тігін машинасына ауыстырып беруді немесе орын алған кінәратты қалпына келтіруді талап етеді. Ал магазин әкімшілігі Германиядан жаңа машина алдырта алмайтынын және әкелінген тігін машинасына шарт бойынша кепіл мерзімі белгіленбегендіктен орын алған кінәратты қалпына келтіруге міндетті емес екендігін айтады. Осыған байланысты Юсупов сотқа шағымданады.
1. Шарттың нысаны дегеніміз не, оны сақтамаудың салдары қандай?
2. Кепілдік мерзімі дегеніміз не?
3. Бұл шарт сатып алу-сату шартының қай түріне жатады?
4. Шарт қалай рәсімделуі қажет?
5. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түрлерін атаңыз?
6. Сатып алушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері.
7. Істі мәні бойынша шешіңіз?
Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
Шарт жасасқан кезде сатушының қолында бар тауарды, сондай-ақ заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе немесе тауардың сипатынан өзге жағдай туындамаса, сатып алушының болашақта шығаратын немесе сатып алатын тауарын сатып алу-сатуға шарт жасалуы мүмкiн.
Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкiндiк берсе, тауар туралы талап (елеулi талаптар) келiсiлген деп есептеледi.
Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бiрге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды (тауардың жиынтықтылығын, қауіпсіздігін, сапасын, пайдалану тәртiбiн және т.б. куәландыратын құжаттарды) беруге мiндеттi.
48 Темір» ЖШС-гі өздерінің қызметтік офистерін күрделі жөндеуден өткізу мақсатында «Қазақ құрылыс» АҚ -нан шарт жасасады. Шарт бойынша жөндеу жұмыстары тапсырысшының материалдарынан жасалатын болып келіседі. Құрылыс аяқталып жұмыс нәтижесі қабылдап алынғаннан кейін “Темір” ЖШС-гі бөлмелерге тапсырылған түсқағаздардың түсе бастағанын байқап, мердігерге аталмыш кемшіліктерді қалпына келтіру туралы талап қояды.
Ал мердігер атқарылған жұмыс бойынша шартта кепілдік мерзімі белгіленбегендігі және түсқағаздың түсуі тапсырысшының берген желімінің сапасыздығынан болғандығын айтып оны қалпына келтіруден бас тартады. Осыған орай тапсырысшы сотқа жүгінеді.
1.Міндеттеменің орындалмауы және тиісінше орындалмауы, орындалуының түсінігін беріңіз.
2.Шарт мердігерлік шартының қай түріне жатады?
3.Тапсырысшы мен мердігердің құқықтары мен міндеттерін атаңыз?
4. Мерзімнің түсінігі, есептеу тәртібі, мерзім түрлері.Кепілдік мерзімінің түсінігі.
5.Мердігерлік шарты бойынша кепілдік мерзімі қандай?
6.Мердігердің жұмыс сапасы үшін жауапкершілігі қандай?
7.Істі мәні бойынша шешіңіз?
Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты
1. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттенедi.
2. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, iске қосу-жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелерi үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады.
Егер мұның өзi шартта көзделген болса, мердiгер объектiнi пайдалануға берудi тапсырысшы объектiнi қабылдағаннан кейiн шартта көрсетiлген мерзiм iшiнде қамтамасыз етуге мiндеттеме алады.
3. Құрылысты толық аяқтау туралы шарт жасасу кезiнде мердiгер өзiне құрылыс және оны қамтамасыз ету жөнiндегi барлық мiндеттеменi алады және шарт ережелерiне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектiнi тапсыруға тиiс.
4. Аяқталмаған құрылыстың иесi оны тапсырысшыға тапсырғанға дейiн және оған төлем жасалғанға дейiн мердігер болып табылады.
5. Құрылыс, мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқықтары туралы ережелер қолданылады.
Жүргiзiлетiн жұмыстардың қауiпсiздiгi үшiн мердiгер жауапты болады.
Құрылыс мердігерлігі шартындағы сапа кепiлдiктерi
1. Егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе, мердігер құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген көрсеткiштерге жеткiзiлуiне және шартқа сәйкес кепiлдi мерзiм iшiнде объектiнi пайдалану мүмкiндiгiне кепiлдiк бередi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгедей кепiлдiк мерзiмі көзделмесе, кепілдiк мерзiмi тапсырысшы объектiнi қабылдаған күннен бастап он жыл болады.
2. Кепілдiк мерзiмi шегiнде анықталған кемшiлiктер үшiн егер, объектiнiң немесе оның бөлiктерiнiң қалыпты тозуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзi немесе ол тартқан үшiншi тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауының, объектіні тапсырысшының өзі немесе ол тартқан үшінші тұлғалар жөндеуді тиісті дәрежеде жүргізбеуі салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мердігер жауапты болады.
3. Мердiгер жауап беретiн кемшіліктердің (ақаулардың немесе шала істелген жұмыстың) салдарынан объект пайдаланыла алмаған барлық уақытқа кепiлдiк мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады.
4. Кепілдік мерзімнің ішінде осы Кодекстің 630-бабының 4-тармағында көрсетiлген кемшiлiктер анықталған кезде тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзімде олар туралы мердігерге мәлімдеуге тиіс.
5. Құрылыс мердігерлігі шартында кепілдік мерзім анықталғанға дейiн сметада көрсетiлiп, шартта көзделген жұмыс бағасының бiр бөлiгiн тапсырысшының ұстап қалу құқығы көзделуі мүмкін.
Кемшіліктерді тапсырысшының есебінен жою
1. Құрылыс мердiгерлiгi шартында тапсырысшының талап етуi бойынша және тапсырысшының есебiнен мердiгер жауапты болмайтын кемшiлiктердi (ақаулар мен шала iстелген жұмыстарды) мердiгердiң жою мiндетi көзделуi мүмкiн.
2. Шарттың нысанасымен тiкелей байланысты болмаған немесе өзiне қатысы жоқ себептермен мердiгердiң орындауы мүмкiн болмаған жағдайда мердiгер осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстарды орындаудан бас тартуға құқылы.
49 Мен 06.05.1936 жылы Талдықорған облысында туылған, мынадай мекен жайда тұратын: Алматы қ. Абай көшесі 12, азамат Нургалиев Асылбек Берікұлы,– 12.02.1962 ж. жеке бас куәлігі N 0001223, мынадай мекен-жайда тұратын: Алматы қ. Абай көшесі 13, азамат Исаева Жаннаға Алматы қаласы, Әуезов ауданының N 12331 филиалынан, N123456 шоты бойынша Қазақстан Республикасының жинақтаушы банкінен екі мыңыншы жылдың қаңтар айынан бастап екі мың үшінші жылдың қаңтар айына дейінгі аралықтағы маған тиесілі зейнетақыны алып отыруына сенімімді білдіремін.
Зейнет ақыны алған кезде менің атымнан қол қояды және оған байланысты бүкіл қажетті қағаздарды толтырады.
Қолы-------------
Бұл сенімхат менімен Алматы қаласының ҚР Әділет министрлігімен 10 мамыр 1999ж. берілген N4446533 лицензиясы негізінде жұмыс істейтін нотариус Г.Т. Ашимовамен куәландырылды. Сенімхатқа менің қатысуыммен азамат Нургалиева қол қойды. Оның жеке басы анықталып, әрекетқабілеттілігі тексерілді.
N1-3 реестрде тіркелді.
Төленді:
Нотариус: Ашимова Г.Т.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Мәміленің жарамдылық жағдайларын көрсетіңіз
2. Сенімхаттың түсінігін беріңіз.
3. Сенімхаттың жарамдылық жағдайларын атаңыз.
4. Аталған сенімхат жарамды ма?
5. Тапсырма шартына түсінік беріңіз.
6. Тапсырма шартын ауызша келісім арқылы жасауға рұқсат етіле ме?
Нұрғалиев Исаевқа сыйақы төлеуге міндетті ме, егерде ақы төлеу туралы келісімде көрсетілмесе?
Жауабы : 1)Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық). Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.
2-3) Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады. Мүлiкке билiк жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, нотариат куәландыруға тиiс.
4) Аталған сенімхат жарамсыз берілген күні көрсетілмеген. Мүлiкке билiк жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, нотариат куәландыруға тиiс.Үшiншi жақтар сенiм бiлдiрiлген адамға сенiм бiлдiрушi факсимилелiк және өзге де байланыстар бойынша, ресми байланыс органдарының қатысуынсыз жолдаған өздерiне қатысты әрекеттер жасау үшiн берiлген сенiмхатты түпнұсқа деп санауға құқылы. Заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және сол ұйымның мөрiмен бекiтiледi. Ақша және басқа бағалы мүлiктi алуға немесе беруге мемлекеттiк органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берiлетiн сенiмхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол қоюға тиiс. Банкiде операциялар жасауға берiлетiн сенiмхатты және сауда саласында мәмiле жасауға берiлетiн сенiмхатты беру тәртiбi мен нысаны арнайы ережелермен белгiленуi мүмкiнСенiмхат үш жылдан аспайтын мерзiмге берiлуi мүмкiн. Егер сенiмхатта неғұрлым ұзақ мерзiм көрсетiлсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзiмi көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады. Берiлген күнi көрсетiлмеген сенiмхат жарамсыз болады.
5)Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенiм бiлдiрiлген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.
6)Жоқ тапсырма шарты тек жазбаша нысанда жасалады, ауызша жасалмайды.
7)Егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшiн әдетте қабылданған баға ескерiле отырып айқындалады. Сенiм бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс. Егер келісімде көрсетілмесе ол азаматтық заңдармен реттеуі мүмкін.
50 Некенің бұзылуына байланысты, ерлі зайыптылар арасында некедегі ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау туды. Күйеуі барлық мүліктердің /пәтер, автокөлік, саяжай, зергерлік бұйымдар, құнды заттар, скрипка және т.б/ теңдей бөлінуін талап етті. Ал, әйелі бұл аталған мүліктің барлығы бірдей бөлінуге жатпайтындығын және консерваторияда скрипка класында ұстаз болып жұмыс істейтіндіктен скрипка өзінде қалуын талап етті. Мүлікті бөлу жөніндегі іс сотқа берілді.
1. Ортақ меншікке анықтама беріңіз және түрлерін атаңыз.
2. Жұбайлардың бірлескен мүлкінің режимінің ерекшеліктері.
3. Аталған дауды шешу кезінде заттардың қандай топтастырылуын еске алу қажет?
4. Аталған мүлік қалай бөлінуі тиіс.
5. Аталған мүліктердің қайсысы ортақ, қайсысы әрқайсысының мүлкі болып табылады?
6. Мүлікті оның мақсатына зиян келтірмейтіндей етіп бөлу мүмкін болмаса қалай болады
Екі не бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға меншік құқығымен тиесіл болады. Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн. Мүлiкке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлiкке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды. Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн. Неке және отбасы заңына сәкес, Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі- зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік; 2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі; 3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі- зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады. Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізіледі. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін.
51 А. деген азамат Б деген азаматтан он мың теңге қарызға ақша алып, оны бір ай ішінде қайтаруға міндеттенді. Келісілген мерзім жеткенде, Б-ның орнына В-деген азамат қарыз ақшаның жеті мың теңгесін А-ға әкеп ұсынды. Азамат А. В-дан ақшаны алудан бас тартты.
Сұрақ: 1. А деген азаматтың іс-әрекеті дұрыс па? 2.Қандай жағдайда міндеттеменің тараптарын ауыстыруға болады.? 3.Қандай жағдайда міндеттемені бөліп-бөліп орындауға болады.? 4.В-ның бұл міндеттемеге қатысу деңгейі қандай?