Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

37.Талап-арыздың реквизиттерін атаңыз.

Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызда:1) арыз берілетін соттың атауы;2) талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және, егер талапкерге белгілі болса, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені, жұмыс орны туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не, егер талапкерге бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер белгілі болса, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банк реквизиттері;4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;7) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқылы.Талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

Арызға талапкердің өзі немесе өкілі қол қоюы тиіс. Егер талап-арызды өкіл беретін болса, онда өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат талап-арызға қосылып беріледі. Талап-арыз жауапкердің санына байланысты көшірмелерімен сотқа беріледі. Істің күрделілігі мен сипатына байланысты судья талапкерден құжаттардың да көшірмелерін сұрауы мүмкін. Талап дегеніміз – мүдделі тұлғаның бұзылған немесе даулы субъективтік құқығы немесе заңмен қорғалатын мүддесін, құқық туралы дауды шешу жолымен қорғауды талап етіп сотқа жолдануы. Нақтылы айтқанда, талап – құқық турпалы дауды шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгінуі. Талап құқық туралы дауды шешу үшін бұзылған н\е дауды субьективтік құқықты н\е заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгінеді.Талап-субьективтік құқ-ты ж\е заңмен қорғалатын сот арқылы қорғау тәсілі. Талап азаматтық істі қорғау тәсілі. Талап үш элементтен тұрады. Талаптың элементтері – бұл талап-ң құрамдас бөліктері.Оларға;1)мазмұны 2)пәні 3)негіздемесі.

38.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.

Судья талап арыз талаптарына және сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді. Егер талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырған күні берілген болып есептеледі. Олай болмаған жағдайда арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықтарды жойса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

Арыз қол қойылған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;Талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпте қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;Арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе . Iс бойынша iс жүргiзу арызды қараусыз қалдырған жағдайда соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот осы АІЖК-де аталған iстi қарауға кедергi келтiретiн мән-жайларды қалай жоюды көрсетуге мiндеттi. Соттың арызды қараусыз қалдыру жөнiндегi ұйғарымына жеке шағым берiлуi немесе наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Арызды қараусыз қалдыруға негiз болған мән-жайлар жойылғаннан кейiн мүдделi адам жалпы тәртiп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы. Соттың осындай өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқан ұйғарымына жеке шағым берiлуi мүмкiн. Арызды қараусыз қалдырудың негiздемелерi Сот, егер:

1) талап қоюшы осы санаттағы iстер үшiн заңда белгiленген дауды алдын ала сотқа дейiн шешудiң мiндеттi тәртiбiн сақтамаса және осы тәртiпте қолданудың мүмкiндiгi жоғалмаса;

2) арызды әрекетке қабiлетсiз адам берсе;

3) арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкiлеттiгi жоқ болса;

4) осы немесе басқа соттың iс жүргiзуiнде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негiздер бойынша бұрын қозғалған iс бар болса;

5) eгep заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың немесе халықаралық коммерциялық төрелiктiң шешiмiне беру туралы келiсiм жасалса және жауапкерден iстi мәнi бойынша қарау басталғанға дейiн дауды сотта шешуге қарсылық бiлдiрiлсе;

6) өздерiнiң қатысуынсыз iстi қарауды өтiнбеген тараптар екiншi шақыру бойынша сотқа келмесе;

7) өзiнiң қатысуынсыз iстi қарауды өтiнбеген талап қоюшы екiншi шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер iстi мәнi бойынша қарауды талап етпесе;

8) өзiнiң мүддесiне сай iс қозғалған адам мәлiмделген талапты қолдамаса;

9) талап-арызды қайтарып алу туралы өтiнiш берiлсе, ал жауапкер iстi мәнi бойынша қарауды талап етпесе;

10) көрсетушiге арналған күшi жойылған бағалы қағаздар және ордерлi бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтiру туралы iстер жөнiндегi өтiнiш жарияланымнан бастап үш ай мерзiм аяқталғанға дейiн берiлсе, арызды қараусыз қалдырады.