Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

36.Соттық дәлелдемелер мен дәлелдеудің түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз. Дәлелдеудің пәнін көрсетіңіз.

Соттық дәлелдемелер- заңды жолмен алынған, азаматтық іс бойынша тараптардың талаптар мен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен кґзделген тјртіпте сот тараптардыѕ талаптары мен ќарсылыќтарын негіздейтін мјн-жайлардың бар-жоғын, сондай-аќ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардыѕ негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, iс жүргiзу әрекеттерiнiң барысын және нәтижелерiн көрсететiн сот отырыстары хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады. Соттық дәлелдемелер – іс жүзіндегі деректер. Іс жүзіндегі деректер дегеніміз істі дұрыс шешу үшін маңызды заңды фактілер мен мән-жайлар туралы ақпараттар. Дәлелдемені зерттеу сотпен, тараптармен және іске қатысушы тұлғалармен азаматтық іс жүргізудің барлық қағидалары сақтала отырып, сот мәжілісінде жүзеге асырылады.Әрбір дәлелдеме- қатыстылығы, жол берілуі, растығы ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткілікті тұрғысынан бағалануға тиіс.Дәлелдемені зерттеу сот мәжілісінде жүргізіледі (тараптардың түсініктерін тыңдау, куәнің түсінігін алу, сарапшының қорытындысын жарилау, жазбаша және заттай дәлелдемені қарау; хаттаманы жарилау арқылы). Сот іске қатысушыларға және олар өзара сұрақтар қоя алады. Дәлелдемені зерттеу қарауды тұрған жерінде жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Дәлелдемелер күттірмейтін жағдайларда, сот мәжілісіне әкелу мүмкін болмаса, жазбаша және заттай дәлелдемені қарауды тұрған жерінде жүргізеді. Оның нәтижелері хаттамаға енгшізіледі, суретке түсіріледі, сосын іске тігіледі

Сот өндірісі кезінде қолданылатын дәлелдеу үдерісі таным ұғымына тығыз байланысты. Танымның қолдану саласына қарай өз ерекшеліктері болады. Мәселен, азаматтық іс жүргізу кезінде судьялардың негізгі күші істің мән-жайларын анықтау мен жиналған материалдарды бағалауға бағытталады. Мұндай соттық танымның ерекшелігін істі мәні бойынша шешу кезінде сот үдерісінің құқық нормаларын дұрыс қолдануын қамтамасыз ету үшін жүргізілуінен байқауға болады. Соттық дәлелдеу ең алдымен соттық таным ретінде қарастырылады, яғни өз ерекшеліктері мен заңдылықтары бар танымның түрі ретінде. Таным – нақты тұлға алдында тұрған мәселелерді шешу үшін оның өз білімін қолдану немесе пайдалану тәсілі. Сот қызметіне қатысты азаматтық істің жүргізілуіне араласатын және іс жүргізу бойынша тиісті құқықтар мен міндеттерге ие болатын субъектілердің танымы туралы айтуға болады. Соттық қызметте құқықтық қатынастарды туындататын, өзгертетін не тоқтататын белгілі бір деректердің болуы не болмауы дәлелденуі тиіс. Яғни, сот органдары және іске қатысушы тұлғалар заңи әрі дәлелдемелік мағынасы бар деректерді ғана зерттейді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының барлық субъектілері іс жүргізу заңымен белгіленген әртүрлі қызметті атқара отырып, сот өндірісіне қатысады. Зерттелген дәлелдемелер негізінде істің қарауына қатысатын адамдар өздерінің ұстанымдарының тұрақтылығы туралы қорытынды жасап, не іске қатысуын жалғастыра береді, не талап-арызынан бас тартады, оны мойындайды не бітімге келу жолдарын іздестіреді және т.б. Сот тараптардың деректері мен дәлелдерін талдаудан өткізеді, олардан іс бойынша қосымша дәлелдемелер сұратады, дәлелдемелер жинақталуына көмектеседі. Істі қарау нәтижесінде сот өз қорытындысын түйіндейді және оны шешімге енгізеді. Сот өндірісіне қатысушылар таным қызметімен айналысқанымен, тек сот танымының нәтижелері ғана сот төрелігін жүзеге асыру үшін маңыздылыққа ие болады. Демек, мұндай таным нақты әрі егжей-тегжейлі реттеледі.