Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

32.Талап арызға құқық пен талап арыз беруге деген құқықтың арақатынасын ашып көрсетіңіз.

Талап өндірісі – азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен реттелген, материалдық құқықтық қатынастардан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдделер туралы дауларды қарастыру және шешу жөніндегі соттың қызметі. Талап дегеніміз – мүдделі тұлғаның бұзылған немесе даулы субъективтік құқығы немесе заңмен қорғалатын мүддесін, құқық туралы дауды шешу жолымен қорғауды талап етіп сотқа жолдануы. Нақтылы айтқанда, талап – құқық туралы дауды шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгінуі. Талап қою құқығы – Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген сот арқылы қорғану құқығының бір нысаны. Сотқа жүгіну арқылы құқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын азаматтарға және ұйымдарға, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтыға жоқ адамдарға тиесілі. Талап қою құқығының материалдық және процесуалдық мағынадағы екі түсінігі бар: 1) Материалдық мағынадағы талап қою құқығы – борышқордың міндетін сот арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыртуға субъективтік құқық. 2) Процесуалдық мағынадағы талап қою құқығы – бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі талап арыз беру арқылы қозғау құқығы және материалдық-құқықтық дауды сотта қарастыру кезінде қолдау көрсету. Талап қою тараптардың құқықтық теңдігімен сипатталатын еңбек, отбасы, жер, азаматтық құқық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша бұзылған құқықтар мен мүдделерді қорғау үшін сотқа шағымданғанда пайда болады.

Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі.  Арызда: 1) арыз берілетін соттың атауы; 2) талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе, талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы; 3) жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе, жауапкер ұйым болса, егер ол талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері; 4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер; 6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы; 7) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуі тиіс. Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талап-кердің өтініші баяндалуы мүмкін. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінімде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік қүқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуы тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тіркелуі тиіс. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды (ҚР АІЖК, 150-бабы). Талап арызға: 1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі; 2) мемлекеттік баж төлеуді растайтын қүжат; 3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат; 4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері; 5) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;