Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

30.Азаматтық іс бойынша сот шығындарын атап көрсетіңіз.

Соттық қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Осы шығындардың бір бөлігі заңмен бекітілген тәртіпте процеске қатысушылармен төленеді. Сот шығындары – сотта азаматтық істі қарау және сот шешімін орындауға байланысты жұмсалатын мемлекеттің және іске қатысушы тұлғалардың шығындары. Сот шығындары мынадай түрлерге бөлінеді: 1) мемлекеттік баж; 2) іс жүргізуге байланысты шығындар; Мүдделі тұлғаларға сот шығындарын өтеудің мақсаты – сот төрелігін жүзеге асыру үшін шыққан мемлекет шығындарын өтеу болып табылады. Мемлекеттік баж дегеніміз – уәкілдік берілген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны не заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін алатын міндетті төлем, яғни сотпен азаматтық істерді қарап, шешкені үшін мемлекет кірісіне төленетін ақша төлемі. Мемлекеттік баж сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан, аппеляциялық шағымдардан, сондай-ақ соттық құжаттардың көшірмелерін бергені үшін алынады. Іс жүргізуге байланысты шығындар – іске мүдделі тұлғалармен сотта іс қарау және соттың шешімін орындағаны үшін төленетін шығындар. Іс бойынша пайда болған шығындарды істі қарау және шешу, сондай-ақ ол жөнінде шығарылған шешімді орындау кезінде мүдделі тұлғалардың нақты көтерген шығындары құрайды. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардың қатарына мыналар жатады: куәлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар; қарауды тұрған жерінде жүргізуге байланысты шығындар; заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар; тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар; соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын орындауға байланысты шығындар; сот қажет деп таныған өзге де шығындар.

Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады. Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленеді (ҚР АІЖК-нің 100-бабы) Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға:

1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;

2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;

3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар;

4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;

5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;

6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;

7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;

8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;

9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;

10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады (ҚР АІЖК-нің 107-бабы).

Сот шығындары – азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап-арыз берушіге, үшінші жаққа, даудың пәніне өз алдына талап қоюшыға, айрықша өндіріс ісі бойынша талап қоюшыға, сондай-ақ кассация шағым берушіге салынады. Қс қарауға байланысты алымдарға куәгерлер мен сараптамашылардың ақысына, дәлелдемені тұрған жерінде көруге, жауапкерді іздестіруге және сот шешімін орындауға, т.б. жұмсалған шығындар сомасы кіреді. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбекақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтету, қылмыстан келген материалдық зиянды өтету, т.б. істері бойынша талапкерлер жатады;