Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

28.Азаматтық процессуалдық құқыққабілеттілігі және азаматтық процессуальдық әрекетқабілеттілігін анықтаңыз.

Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі бұлазаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады.Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі бұл сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарға толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері: бір тараптан — сот, екінші тараптан процеске қатысушылар болып есептеледі. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.

Азаматтық іс жүргізудің құқық қабілеттілігі — бұл іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі.-- Ол азаматтар мен ұйымдардың бәрі үшін бір деңгейде танылады және азаматтардың туылған сәтінен басталып, қайтыс болған сәтінде бітеді. Ұйымдар да тіркелген сәтінен басталып, таралған сәтінде тоқтатылады.

Азаматтық іс жүргізудің әрекетқабілеттілігі — бұл өз әрекеттері арқылы өз құқықтарын жүзеге асыру және сотта міндеттерін орындау, істі жүргізуді өкіліне тапсыру, жауапкершілікті дербес алып жүру қабілеті.

Іс жүргізу әрекетқабілеттілігіне толық көлемде 18 жасқа толған азаматтар, сондай-ақ егер неке жасы белгіленген тәртіпте төмендетілсе, 18 жасқа толмай неке құрған адамдар ие болады. Сотта 14 және 18 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың, сондай-ақ әрекетқабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері олардың заңды өкілдері, яғни ата-аналары, асырап алушулары немесе қорғаушылары арқылы қорғалады.

29.Соттағы өкілдіктің түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз және өкілдікті рәсімдеу тәртібін көрсетіңіз.

Сотта өкілдік етуші- өкілдік берушінің мүддесі бойынша және соның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттілігі бар тұлға. Соттағы өкіл – өкілдік берушінің атынан және соның мүддесін қорғап, өзіне берілген өкілеттік шеңберінде процессуалдық іс-әрекетті жүзеге асырушы, әрекет қабілеттілігі бар тұлға. Сотта өкілідік етуші- өкілдік берушінің мүддесі бойынша және соның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекетқабілеттілігі бар тұлға. Соттағы өкілдіктің 2 түрі бар:Тапсырма бойынша немесе ерікті өкілдік; заңды өкілдік. Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.

Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.

Өкілеттік туындауының негізі – заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).

Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).

Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.