Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

26.Азаматтық іс жүргізудегі қатысушылардың түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз. Заңда көрсетілген қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.

Іске қатысушы тұлғалардың құрамына дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұйымдар,сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады.Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады. Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. Өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады.Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады. Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.Іске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген салдарларды туғызатын жағдайда, өздерінің іс жүргізу міндеттерін атқарады

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері: бір тараптан — сот, екінші тараптан процеске қатысушылар болып есептеледі. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек. Азаматтық іс жүргізудің құқық қабілеттілігі — бұл іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі.-- Ол азаматтар мен ұйымдардың бәрі үшін бір деңгейде танылады және азаматтардың туылған сәтінен басталып, қайтыс болған сәтінде бітеді. Ұйымдар да тіркелген сәтінен басталып, таралған сәтінде тоқтатылады. Азаматтық іс жүргізудің әрекетқабілеттілігі — бұл өз әрекеттері арқылы өз құқықтарын жүзеге асыру және сотта міндеттерін орындау, істі жүргізуді өкіліне тапсыру, жауапкершілікті дербес алып жүру қабілеті. Іс жүргізу әрекетқабілеттілігіне толық көлемде 18 жасқа толған азаматтар, сондай-ақ егер неке жасы белгіленген тәртіпте төмендетілсе, 18 жасқа толмай неке құрған адамдар ие болады.