
- •2.Азаматтық-құқықтық мүдденің және субъективті азаматтық құқықтар арақатынасын көрсетіңіз.
- •3.Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі мәселелерін айқындаңыз.
- •4.Азаматтық құқықтыққатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •5.Субъективті азаматтық құқықтар туралы азаматтық құқық ғылымындағы ілімнің негізгі ережелерін баяндаңыз.
- •6.Құқық субъектілік анықтамасын беріңіз, құрамдас бөлігін анықтаңыз. Азаматтың құқық субъектілігі туралы ілімнің негізгі ережелерін саралаңыз.
- •7.Азаматтық құқықтық қатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •8.Азаматтың әрекет қабілеттігі: түсінігін анықтау мәселелерін сынаңыз, түрлерін анықтау мәселелерін айқындаңыз.
- •9.Экономиакалық айналым қатысушыларының мүддесін азаматтық-құқықтық қамтамсыз ету шараларының жүйесін көрсетіңіз.
- •10. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәнін анықтауына қатысты құқық ғылымындағы негізгі мәселелерін көрсетіңіз, сынаңыз.
- •11.Азаматтық құқықтағы мәміленің түсінігі және түрлері. Кәсіпкерлік қызмет кезінде жасалған мәмілелерді анықтаудың мәселелерін ашыңыз.
- •12. Жарамсыз мәмілені анықтаудың теориядағы ілімінің негізгі ережелерін баяндап сынаңыз.
- •13.Ерекше құқықтық мәртебеге ие мүліктік кешендердің құқықтық жағдайының ерекшілектірін көрсетіңіз.
- •14.Заттық құқықты нормативті қамтамасыз етудің теориялық және тәжрибелік мәселелерін сынаңыз.
- •15.Мәмілені тіркеудің түсінігін беріңіз, мағынасы айқындаңыз, құқықтық салдарын көрсетіңіз, теорялық және тәжрибелік мәселелерін көрсетіңіз.
- •16.Азаматтық-құқықтық міндеттемедегі тараптардың мүддесін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін көрсетіңіз, олардың қолдануына байланысы теория және тәжірибедегі мәселелерді баяндаңыз.
- •17.Азаматтық құқық пен азаматтық заңдардың, нормативтік актілер мен құқық нормаларының арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қр аумағында әрекет етуші азаматтық заң актілерінің қолдану негіздерін, принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарын қолдану мәселелерін көрсетіп сынаңыз
- •20.Азаматтық құқықтағы әдеттің анықтамасын беріңіз. Азаматтық құқық жүйесіндегі іскерлік айналым әдеттердің, халықаралық актілердің орнын айқындаңыз.
- •21.Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдардың даму мәселелерін сынаңыз.
- •22.Азаматтық сот өндірісінің мақсаты мен міндеттері айқындаңыз.
- •23.Азаматтық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды атаңыз.
- •24.Азаматтық іс жүргізудің түсінігін беріңіз және міндеттерін ашып көрсетіңіз.
- •25.Азаматтық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын атаңыз, түсінігін беріңіз, міндеттерін көрсетіңіз.
- •26.Азаматтық іс жүргізудегі қатысушылардың түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз. Заңда көрсетілген қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
- •27.Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері және белгілері көрсетіңіз.
- •28.Азаматтық процессуалдық құқыққабілеттілігі және азаматтық процессуальдық әрекетқабілеттілігін анықтаңыз.
- •29.Соттағы өкілдіктің түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз және өкілдікті рәсімдеу тәртібін көрсетіңіз.
- •30.Азаматтық іс бойынша сот шығындарын атап көрсетіңіз.
- •31.Азаматтық істердің соттылығын анықтау принциптерін қолдану, түсінігін және түрлерін анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •32.Талап арызға құқық пен талап арыз беруге деген құқықтың арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •33.Бірінші сатыдағы соттың актілерінің түсінігі беріңіз және түрлерін атаңыз.
- •34.Істі сот талқылауына тағайындау түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз және сатыларының мерзімін көрсетіңіз.
- •35.Талап-арыздың түсінігін беріңіз, оның элементтерін көрсетіңіз.
- •36.Соттық дәлелдемелер мен дәлелдеудің түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз. Дәлелдеудің пәнін көрсетіңіз.
- •37.Талап-арыздың реквизиттерін атаңыз.
- •38.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •39.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •40.Апелляциялық инстанцияның өкілеттіліктерін көрсетіңіз және і инстанция соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіздерін атаңыз
- •1. Қарыз шартына түсінік беріңіз.
- •2. Қарыз шарты қандай нысанда жасалуы керек? Аталған жағдай бойынша тиісінше нысан сақталған ба?
- •1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекетқабілеттілігінің көлемі қандай?
- •2. Сатып алған тауарды сатып алушы басқа ұқсас тауарға айырбастай ала ма?
- •59 Н.А. Аланова өзінің бұрыңғы жолдасы р.Н. Касеновке некеге тұрғанға дейін алынған пианиноны өзіне қайтаруы туралы талап арызын берді.
- •1. Көрсетілген тұлғалар сотқа өкілдер ретінде қатыса ала ма?
- •2. Олардың өкілеттілігі қай тұрғыда, қалай рәсемделеді?
24.Азаматтық іс жүргізудің түсінігін беріңіз және міндеттерін ашып көрсетіңіз.
АІЖҚ дегеніміз сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың арасында азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында қалыптасатын азаматтық-процессуалдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі. АІЖҚ ғылымында қарастырылып отырған ұғымға қатысты сұрақ даулы б.т. Оған қатысты 3 түрлі көзқарас бар: 1) заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерді қорғауға байланысты сот пен процесске басқа да қатысушылардың қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы; 2) сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот пен өзге процесске қатысушылардың қызметін, сонымен бірге осындай қызметтерден туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі; 3) азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлі орындау тәртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Азаматтық іс жургізу құқығының пәнін азаматтық істерді қарастыру мен шешу барысында сот пен процесске қатысушылардың арасында, сонымен қатар процессуалдық заңдардың нормаларымен реттелген сотпен шығарылған актілерді орындау барысында туындайтын қоғамдық қатынастар құрайды. ҚР АІЖК-нің 1-бабына сәйкес: «ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары талап істері мен басқа да істерді қарастыру кезінде соттардың сот төрелігін жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді» - делінген. Маңызы АІЖ құқығы ҚРның ұлттық жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, құқықтың өзге салаларымен де тығыз байланыста болады ж өз алдына дербес құқық саласы болып табылады. АІЖ құқығы азаматтардың арыздары негізінде туындайды жіне негізге заңға сәйкес тараптардың құқықтары тең негізде қаралады. Әділ сот төрелігі жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері
а) сот істерін қарау мен шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі
1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;
2) талап қоюмен іс жүргізу істері;
3) ерекше талап қобмен іс жүргізу істері;
4) ерекше іс жүргізу істері.