Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

20.Азаматтық құқықтағы әдеттің анықтамасын беріңіз. Азаматтық құқық жүйесіндегі іскерлік айналым әдеттердің, халықаралық актілердің орнын айқындаңыз.

Азаматтық құқық жүйесіндегі әдет, іскерлік айналым әдеті, халықаралық қолданыстағы актілер. Ерте кезде, әсіресе әдет мемлекеттің пайда болған кезінде, қоғамдық қатынастарды әмбебап және тиімді реттейтін құрал болмағандықтан, әдетпен ғасырлар бойы сол қызметті атқарды. Яғни ол пайда болған көпшілік биліктің бірден-бір көріну нысаны болды. Сол сапада, ол әдет құқығына айналды, яғни оларды қайта-қайта дәстүрлік қолдану нәтижесінде қалыптасып мемлекеттік билікпен санкция берілді, осыған байланысты көпшілікке міндетті ұйғарымға айналды. Алғашқы мемлекеттіліктің даму кезінде құқықтық әдет, нормативтік реттеу жүйесінде үстемдік жағдайында болды. Тек солар ғана көне құқықтың ескерткіші болды – Хаммурапи заңдары (1750 ж. б.э.д.), ХІІ таблица заңдары (б.э.д. 450 ж.), саликалық Права (VІ ғ.), Ярослав Правдасы (шамамен 1054 ж.), т.б.

Сол үшін императивті және бәрін қамтушы ретінде құқықтық ұйғарымдар болу үшін әдет міндетті түрде мынадай талаптарға сай болуы қажет:

• Құқықтық тәжірибені көп уақытқа және біркелкі көрсетуі (ең кемінде бір ұрпақтың шегінде);

• Жеткілікті түрде ұзақ уақыт адамдарға тиімді және белгілі болу;

• Берілген ретінде барлығымен қабылдану (көне римдіктерде бұл заң деңгейінде тәртіп ретінде бекітілген: көне мінезбен бекітілген, халықтың үнсіз келісімі («молчаливое согласие народа, подтвержден-ное древними правами»);

• Терең моральдық және этикалық құйтырқылығы мен бір мезгілдегі шарапатты сапалылығы болу қажет;

• Құқықтық реттеу кезінде жағдайдың тоқтатылмайтын және саналы қажеттілігін іс жүзіне асыру;

• Нақтылы құқықтық ұйғарым жоқ болған кезде қолдану (ондай істерде біз жазылған заңмен пай-даланбай, мінез бен әдетте көрсетілгендерді сақ-тауымыз қажет), т.б.

Қазір қоғамдық қатынастарды жариялау процесінде, құ-қықтық әрекеттер көмекші рөл атқарады. Олар көбінесе ха-лықаралық құқықта, жекешеленген ұлттық құқықтық салала-рында, англосаксондық және дәстүрлік құқықтарда таралған.

Көптеген дәстүрлерге ресейлік құқық жөнді қарамайды, бірақ кейбіреуін өз нормаларына қосады. Мысалы, Президенттің және РФ Конституциялық соттарындағы ант беру дәстүрі; парламенттің жаңа шақырылуындағы бірінші отырысты ашуды жасы үлкен депутатқа беруі. Әдет азаматтық құқықтық қатынастарда әр түрлі істер бойынша көп таралған.

Кейбір әдетке құқық жағымсыз қарайды және оған тыйым салады.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының  54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 18 мамырдағы қаулысының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды ратификациялау туралы және халықаралық шарттарға қосылу туралы актілерінің заңдылық күші мен құқықтық салдарлары бір-біріне тең. Осыған байланысты Қазақстан үшін міндеттілігі Республика Парламенті қабылдаған халықаралық шарттарға қосылу туралы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген халықаралық шарттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен теңестіріледі.        Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  24-бабының мәніне орай, ресми жарияланған және күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары қолданылуға жатады.        Азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне қатысты ресми жарияланбаған халықаралық шарттар қолданылуға жатпайды.