
- •2.Азаматтық-құқықтық мүдденің және субъективті азаматтық құқықтар арақатынасын көрсетіңіз.
- •3.Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі мәселелерін айқындаңыз.
- •4.Азаматтық құқықтыққатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •5.Субъективті азаматтық құқықтар туралы азаматтық құқық ғылымындағы ілімнің негізгі ережелерін баяндаңыз.
- •6.Құқық субъектілік анықтамасын беріңіз, құрамдас бөлігін анықтаңыз. Азаматтың құқық субъектілігі туралы ілімнің негізгі ережелерін саралаңыз.
- •7.Азаматтық құқықтық қатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •8.Азаматтың әрекет қабілеттігі: түсінігін анықтау мәселелерін сынаңыз, түрлерін анықтау мәселелерін айқындаңыз.
- •9.Экономиакалық айналым қатысушыларының мүддесін азаматтық-құқықтық қамтамсыз ету шараларының жүйесін көрсетіңіз.
- •10. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәнін анықтауына қатысты құқық ғылымындағы негізгі мәселелерін көрсетіңіз, сынаңыз.
- •11.Азаматтық құқықтағы мәміленің түсінігі және түрлері. Кәсіпкерлік қызмет кезінде жасалған мәмілелерді анықтаудың мәселелерін ашыңыз.
- •12. Жарамсыз мәмілені анықтаудың теориядағы ілімінің негізгі ережелерін баяндап сынаңыз.
- •13.Ерекше құқықтық мәртебеге ие мүліктік кешендердің құқықтық жағдайының ерекшілектірін көрсетіңіз.
- •14.Заттық құқықты нормативті қамтамасыз етудің теориялық және тәжрибелік мәселелерін сынаңыз.
- •15.Мәмілені тіркеудің түсінігін беріңіз, мағынасы айқындаңыз, құқықтық салдарын көрсетіңіз, теорялық және тәжрибелік мәселелерін көрсетіңіз.
- •16.Азаматтық-құқықтық міндеттемедегі тараптардың мүддесін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін көрсетіңіз, олардың қолдануына байланысы теория және тәжірибедегі мәселелерді баяндаңыз.
- •17.Азаматтық құқық пен азаматтық заңдардың, нормативтік актілер мен құқық нормаларының арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қр аумағында әрекет етуші азаматтық заң актілерінің қолдану негіздерін, принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарын қолдану мәселелерін көрсетіп сынаңыз
- •20.Азаматтық құқықтағы әдеттің анықтамасын беріңіз. Азаматтық құқық жүйесіндегі іскерлік айналым әдеттердің, халықаралық актілердің орнын айқындаңыз.
- •21.Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдардың даму мәселелерін сынаңыз.
- •22.Азаматтық сот өндірісінің мақсаты мен міндеттері айқындаңыз.
- •23.Азаматтық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды атаңыз.
- •24.Азаматтық іс жүргізудің түсінігін беріңіз және міндеттерін ашып көрсетіңіз.
- •25.Азаматтық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын атаңыз, түсінігін беріңіз, міндеттерін көрсетіңіз.
- •26.Азаматтық іс жүргізудегі қатысушылардың түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз. Заңда көрсетілген қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
- •27.Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері және белгілері көрсетіңіз.
- •28.Азаматтық процессуалдық құқыққабілеттілігі және азаматтық процессуальдық әрекетқабілеттілігін анықтаңыз.
- •29.Соттағы өкілдіктің түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз және өкілдікті рәсімдеу тәртібін көрсетіңіз.
- •30.Азаматтық іс бойынша сот шығындарын атап көрсетіңіз.
- •31.Азаматтық істердің соттылығын анықтау принциптерін қолдану, түсінігін және түрлерін анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •32.Талап арызға құқық пен талап арыз беруге деген құқықтың арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •33.Бірінші сатыдағы соттың актілерінің түсінігі беріңіз және түрлерін атаңыз.
- •34.Істі сот талқылауына тағайындау түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз және сатыларының мерзімін көрсетіңіз.
- •35.Талап-арыздың түсінігін беріңіз, оның элементтерін көрсетіңіз.
- •36.Соттық дәлелдемелер мен дәлелдеудің түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз. Дәлелдеудің пәнін көрсетіңіз.
- •37.Талап-арыздың реквизиттерін атаңыз.
- •38.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •39.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •40.Апелляциялық инстанцияның өкілеттіліктерін көрсетіңіз және і инстанция соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіздерін атаңыз
- •1. Қарыз шартына түсінік беріңіз.
- •2. Қарыз шарты қандай нысанда жасалуы керек? Аталған жағдай бойынша тиісінше нысан сақталған ба?
- •1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекетқабілеттілігінің көлемі қандай?
- •2. Сатып алған тауарды сатып алушы басқа ұқсас тауарға айырбастай ала ма?
- •59 Н.А. Аланова өзінің бұрыңғы жолдасы р.Н. Касеновке некеге тұрғанға дейін алынған пианиноны өзіне қайтаруы туралы талап арызын берді.
- •1. Көрсетілген тұлғалар сотқа өкілдер ретінде қатыса ала ма?
- •2. Олардың өкілеттілігі қай тұрғыда, қалай рәсемделеді?
19.Халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарын қолдану мәселелерін көрсетіп сынаңыз
Конституцияға сәйкес келетiн Республиканың халықаралық шарттары және өзге мiндеттемелерi Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады.Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн соттың қорғауын қамтамасыз етуде халықаралық шарттардың маңызды рөлi бар, сондықтан қажет жағдайларда соттар Қазақстан Республикасы юрисдикциясы шеңберiнде халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алуға мiндеттi.Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Республика таныған халықаралық құқық нормаларымен бекiтiлген адамның және азаматтың құқығы мен бостандығы танылады және кепiлдендiрiледi.ҚР-ның азаматтық заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді және осы Азаматтық кодекспен ҚР-ның оған сәйкес қабылданған өзге де заңдарынан, ҚР-ның президентінің заң күші бар жарлықтарынан, парламенттің қаулыларынан, парламенттің сенаты мен мәжілісінің қаулыларынан, сондай-ақ ҚР-сы президентінің жарлықтарынан, ҚР-сы үкіметінің қаулыларынан тұрады.Егер ҚР-сы ратификациялаған халықаралық шартта ҚР-ның азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, аталған шарттың ережелері қолданылады.Халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға ҚР-сы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты деп Қазақстан Республикасы шетелдік мемлекетпен (немесе шетелдік мемлекеттермен) не халықаралық ұйыммен (немесе халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан халықаралық келісімді түсіну керек, мұндай келісім бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжатта жасалғанына, сондай-ақ нақты атауына (мысалы, конвенция, пакт, келісім және т.с.с.) қатыссыз халықаралық құқықпен реттеледі. Халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасы атынан - мемлекетаралық шарттар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан - үкіметаралық шарттар, орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар атынан - мекемеаралық шарттар болып табылады. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде, соттар Қазақстан Республикасының халықаралық шарты онда көрсетілген немесе халықаралық шарттарға қатысушылардың арасында келісілген тәртіпте және мерзімде күшіне енетінін негізге алуы тиіс. Өзара келісім болмаған кезде, келіссөзге қатысушы барлық мемлекеттер өздері үшін шарттың міндетті екеніне келісім білдірісімен халықаралық шарт күшіне енеді (Халықаралық шарттардың құқы туралы 1969 жылғы Вена конвенциясының 24-бабы). Егер Қазақстан Республикасы шартқа қол қою, құжаттар алмасу, шартты ратификациялау, оны қабылдау, бекіту, шартқа қосылу арқылы не келісуші тараптар уәделескен кез келген басқа тәсілмен халықаралық шарттың өзі үшін міндетті екеніне келісім білдірсе, халықаралық шарт қолдануға жатады. Егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тікелей қарастырылмаса, Халықаралық шарттардың құқы туралы 1969 жылғы Вена конвенциясының 28-бабына сәйкес, шарттардың кері күші болмайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 5) тармақшасының талаптары сақталуы керек.