Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

18.Қр аумағында әрекет етуші азаматтық заң актілерінің қолдану негіздерін, принциптерін көрсетіңіз.

Азаматтықзаң д/з Азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық акт.Бүкіл республика үшін бірыңғай деп танылады.ҚР Азаматтықзаңдары кодекстен, ҚР оған сәйкес қабылданған өзге де заңдарынан, ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан Азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін ҚР Президентінің Жарлықтарынан, Үкіметтің қаулыларынан тұрады.Құрамы: аталған нормативтік актілердің 1-ші тобы заң актілері деген ұғымға бірігеді. 2-ші тобы, заң актілерімен қатар, заңдар деген едәуір ұғымға кіреді. Құрылымы: АК-тің Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал 2-ші Ерекше бөлімі 1999ж 1 шілдеден қолданысқа енді.1124 баптан тұрады.Азаматтықзаңдардың нормалары императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.Кері күші болмайды.Азаматтықзаң құжаттары күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастар бойынша ол өзі күшіне енгізілгенге дейін пайда болған құқықтар мен міндеттерге қолданылады.Азаматтықзаңдардың уақытқа қарай қолданылуы тцралы ережелердің немесе практикалық маңызы мынадай бірнеше принциптік қағидаларға сүйенеді:а) егер азаматтыққұқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заң актілері жаңа заң бойынша оның құқықтық қатынастар пайда болғанға дейінгі түрінен өзгеше анықталған болса, онда мұндай құқықтық қатынастардың заңдылығы олар пайда болған кезде қолданылған заңдармен бағаланады; б)заңдардың өзгеруі өздігінен Азаматтық құқықтық қатынастарды өзгерте бермейді, олар заңды түрде пайда болғанн күйінде сақталады; в)егер заң бұған дейін тыйым салынбаған әлде бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын болса, онда мұндай әрекеттер тоқталуы тиіс.Бұл ережелер заңның кері күші болмайды деген принципін білдіреді.Ал қазақстандық азаматтықзаңдардың кеңістікте қолданылуына келетін болсақ, онда бұл жерде бір ғана бастапқы ережені қолдануға болады:-бұл заң халықаралық шарттарға немесе жалпыға бірдей қабылданған халықаралық әдеттерге байланысты мем/тің аумағына жататын жер көлемін немесе жер бетін қоса алғанда ҚР барлық аумағына қолданылады.Бұл жүйенің өзіндік айырым ерекшелігі ол өзара байлантысты заңдардың ең алдымен азаматтықкодекстің жиынтығы ғана емес, көбіне ұқсас істерді қарағанда немесе ұқсас жағдайларға баға беруде соттарда жазылатын, сақталатын және кейін пайдалыналатын беделді соттардың сот шешімдеріне негізделеді.

 Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.        2. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады, сондай-ақ егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бас тартады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын белгiлеуде ерiктi.