
- •2.Азаматтық-құқықтық мүдденің және субъективті азаматтық құқықтар арақатынасын көрсетіңіз.
- •3.Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі мәселелерін айқындаңыз.
- •4.Азаматтық құқықтыққатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •5.Субъективті азаматтық құқықтар туралы азаматтық құқық ғылымындағы ілімнің негізгі ережелерін баяндаңыз.
- •6.Құқық субъектілік анықтамасын беріңіз, құрамдас бөлігін анықтаңыз. Азаматтың құқық субъектілігі туралы ілімнің негізгі ережелерін саралаңыз.
- •7.Азаматтық құқықтық қатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •8.Азаматтың әрекет қабілеттігі: түсінігін анықтау мәселелерін сынаңыз, түрлерін анықтау мәселелерін айқындаңыз.
- •9.Экономиакалық айналым қатысушыларының мүддесін азаматтық-құқықтық қамтамсыз ету шараларының жүйесін көрсетіңіз.
- •10. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәнін анықтауына қатысты құқық ғылымындағы негізгі мәселелерін көрсетіңіз, сынаңыз.
- •11.Азаматтық құқықтағы мәміленің түсінігі және түрлері. Кәсіпкерлік қызмет кезінде жасалған мәмілелерді анықтаудың мәселелерін ашыңыз.
- •12. Жарамсыз мәмілені анықтаудың теориядағы ілімінің негізгі ережелерін баяндап сынаңыз.
- •13.Ерекше құқықтық мәртебеге ие мүліктік кешендердің құқықтық жағдайының ерекшілектірін көрсетіңіз.
- •14.Заттық құқықты нормативті қамтамасыз етудің теориялық және тәжрибелік мәселелерін сынаңыз.
- •15.Мәмілені тіркеудің түсінігін беріңіз, мағынасы айқындаңыз, құқықтық салдарын көрсетіңіз, теорялық және тәжрибелік мәселелерін көрсетіңіз.
- •16.Азаматтық-құқықтық міндеттемедегі тараптардың мүддесін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін көрсетіңіз, олардың қолдануына байланысы теория және тәжірибедегі мәселелерді баяндаңыз.
- •17.Азаматтық құқық пен азаматтық заңдардың, нормативтік актілер мен құқық нормаларының арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қр аумағында әрекет етуші азаматтық заң актілерінің қолдану негіздерін, принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарын қолдану мәселелерін көрсетіп сынаңыз
- •20.Азаматтық құқықтағы әдеттің анықтамасын беріңіз. Азаматтық құқық жүйесіндегі іскерлік айналым әдеттердің, халықаралық актілердің орнын айқындаңыз.
- •21.Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдардың даму мәселелерін сынаңыз.
- •22.Азаматтық сот өндірісінің мақсаты мен міндеттері айқындаңыз.
- •23.Азаматтық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды атаңыз.
- •24.Азаматтық іс жүргізудің түсінігін беріңіз және міндеттерін ашып көрсетіңіз.
- •25.Азаматтық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын атаңыз, түсінігін беріңіз, міндеттерін көрсетіңіз.
- •26.Азаматтық іс жүргізудегі қатысушылардың түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз. Заңда көрсетілген қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
- •27.Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері және белгілері көрсетіңіз.
- •28.Азаматтық процессуалдық құқыққабілеттілігі және азаматтық процессуальдық әрекетқабілеттілігін анықтаңыз.
- •29.Соттағы өкілдіктің түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз және өкілдікті рәсімдеу тәртібін көрсетіңіз.
- •30.Азаматтық іс бойынша сот шығындарын атап көрсетіңіз.
- •31.Азаматтық істердің соттылығын анықтау принциптерін қолдану, түсінігін және түрлерін анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •32.Талап арызға құқық пен талап арыз беруге деген құқықтың арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •33.Бірінші сатыдағы соттың актілерінің түсінігі беріңіз және түрлерін атаңыз.
- •34.Істі сот талқылауына тағайындау түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз және сатыларының мерзімін көрсетіңіз.
- •35.Талап-арыздың түсінігін беріңіз, оның элементтерін көрсетіңіз.
- •36.Соттық дәлелдемелер мен дәлелдеудің түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз. Дәлелдеудің пәнін көрсетіңіз.
- •37.Талап-арыздың реквизиттерін атаңыз.
- •38.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •39.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •40.Апелляциялық инстанцияның өкілеттіліктерін көрсетіңіз және і инстанция соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіздерін атаңыз
- •1. Қарыз шартына түсінік беріңіз.
- •2. Қарыз шарты қандай нысанда жасалуы керек? Аталған жағдай бойынша тиісінше нысан сақталған ба?
- •1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекетқабілеттілігінің көлемі қандай?
- •2. Сатып алған тауарды сатып алушы басқа ұқсас тауарға айырбастай ала ма?
- •59 Н.А. Аланова өзінің бұрыңғы жолдасы р.Н. Касеновке некеге тұрғанға дейін алынған пианиноны өзіне қайтаруы туралы талап арызын берді.
- •1. Көрсетілген тұлғалар сотқа өкілдер ретінде қатыса ала ма?
- •2. Олардың өкілеттілігі қай тұрғыда, қалай рәсемделеді?
15.Мәмілені тіркеудің түсінігін беріңіз, мағынасы айқындаңыз, құқықтық салдарын көрсетіңіз, теорялық және тәжрибелік мәселелерін көрсетіңіз.
Мәміле болып азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері табылады. Мәмілелер біржақты немесе екіжақты, көпжақты болуы мүмкін. Мәміленің маңызы тараптардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен тұрады. Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Мәміле ауызша және жазбаша нысанда жасалуы мүмкін. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Ал жазбаша түрде жасалған мәміледе бір тарап екінші тараптан мәмілені жасалғандығын растайтын құжат талап ете алады.Мәмілеге мынадай белгілер тән: тұлғаның ерік білдіруі, рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет, қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы, мәміленің әрқашанда құқықтық салдарды туғызуы. Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі.Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады.Егер тараптардың бірі мәміле бойынша құқықтарды мемлекеттік тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәміле бойынша құқықтарды тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы.Мұндай жағдайларда құқықтар сот шешіміне сәйкес тіркеледі.
Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдіретінд ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматтық кұқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ әрекет — қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден, мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматттық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі. Мәміленің түрпішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түрпішіндерде болады. Мәміленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жасаушылардың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, aтап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Ауызша мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жазбаша мәмілелер: 1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін зандарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік мәлімет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында; 2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс; 3) зандарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс.