Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.09 Кб
Скачать

14.Заттық құқықты нормативті қамтамасыз етудің теориялық және тәжрибелік мәселелерін сынаңыз.

Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік етуін айтады.Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, 1-ден, ол сол заттың меншік иесі, 2-ден оны иеленуші, 3-ден өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады.Егер ҚР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік құқығы мен басқа да қозғалмайтын және қозғалатын мүлікке заттық құқықтар осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады. Мүліктік қозғалмайтын немесе қозғалатын заттарға жататындығы, сондай-ақ мүліктің өзгеде заңдық саралануы осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға арыз берушінің таңдауы бойынша мүлік тұрған елдің құқығы немесе сот елінің құқығы қолданылады. Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға осы мүлік тұрған елдің құқығы қолданылады. ҚР мемлекеттік тізіліміне енгізілген мүлікке қатысты ҚР-ның құқығы қолданылады. Заттық құқықтар мүліктік құқықтардың бір түрі болып табылады. Зат мүліктің бір түрі ретінде заттық құқық объектісі. Заттық құқық дегеніміз – заңда баянды етілген абсолюттік мүліктік құқық: 1. объектісі - дара анықталған зат. 2. ерекше заттық құқықтық талаптардың көмегімен баршадан қорғайтын арнайы құралдары бар; 3. құқық иесінде барлығын немесе жеке, толық көлемде не ішінара иелену, пайдалану не билік жүргізу өкілеттігі бар; 4. құқық иесіне затқа тікелей ықпал ету (билік жүргізу) мүмкіндігін береді, тоның ішінде меншік иесінің не басқа заттық құқық субъектісінің өкілеттігін жүзеге асыруын шектеу жолымен мүмкіндік береді; 5. ілесе жүру және артықшылық өкілеттігі бар; Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары: -жерді пайдалану құқығы; - шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану, оған билік ету құқықтарын заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мем-к кәсіпорынның заттық құығы болып табылады. - оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің меншік иесінен мүлік алушы және заң құжаттарында белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану, оған битлік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады.

Заттық құқық — нысаны зат болып табылатын субъективтік азаматтық құқық. Заттық құқықты иеленуші тұлға оны қандай да бір іс-әрекетке, басқа міндетті тұлғалардың жәрдеміне жүгінбей-ақ, өз бетінше дербес жүзеге асырады. “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі” бойынша, заттық құқықтарға мыналар жатады: меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, мүлікті басқару құқығы[1].

Мүлікке заттық құқық осы мүліктің меншіктенушісі болып табылмайтын тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Затқа меншік құқығының басқа тұлғаға көшуі осы мүлікке өзгедей заттық құқықтың тоқтатылуы үшін негіз болмайды. Заттық құқықтарға, заңдарда өзгеше көзделмесе немесе Заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Заттық құқық –абсолют құқық. Заттық құқық нақты міндетті адамдарға қарсы заңмен қорғалатын міндеттемелік құқықтан өзгеше түрде барлық және әрбір адамнан, яғни осы құқықты кез келген бұзушылардан қорғалады. Мұның мәнісі – нақты адамның заттық құқығына нұқсан келтіруден барша адам тежелуге міндетті, ал меншік иесінің өз кезегінде өзінің заттық құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді тоқтатуды, бұзылған құқықты табиғи түрде қалпына келтіруді, яғни өзінің иелігінен шығып кеткен затын қайтарып беруді барлық және әрбір адамнан талап етуге құқығы бар. Мұндай талаптар “заттық құқықтық талаптар” деп аталады.[2]

аттық құқықтарды меншік құқығына және меншік нелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқығына бөлу олардың негізгі жіктелуі болып табылады (АК-ның 195-бабы).