
- •2.Азаматтық-құқықтық мүдденің және субъективті азаматтық құқықтар арақатынасын көрсетіңіз.
- •3.Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі мәселелерін айқындаңыз.
- •4.Азаматтық құқықтыққатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •5.Субъективті азаматтық құқықтар туралы азаматтық құқық ғылымындағы ілімнің негізгі ережелерін баяндаңыз.
- •6.Құқық субъектілік анықтамасын беріңіз, құрамдас бөлігін анықтаңыз. Азаматтың құқық субъектілігі туралы ілімнің негізгі ережелерін саралаңыз.
- •7.Азаматтық құқықтық қатынастың объектісі мен субъект құрамын анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •8.Азаматтың әрекет қабілеттігі: түсінігін анықтау мәселелерін сынаңыз, түрлерін анықтау мәселелерін айқындаңыз.
- •9.Экономиакалық айналым қатысушыларының мүддесін азаматтық-құқықтық қамтамсыз ету шараларының жүйесін көрсетіңіз.
- •10. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәнін анықтауына қатысты құқық ғылымындағы негізгі мәселелерін көрсетіңіз, сынаңыз.
- •11.Азаматтық құқықтағы мәміленің түсінігі және түрлері. Кәсіпкерлік қызмет кезінде жасалған мәмілелерді анықтаудың мәселелерін ашыңыз.
- •12. Жарамсыз мәмілені анықтаудың теориядағы ілімінің негізгі ережелерін баяндап сынаңыз.
- •13.Ерекше құқықтық мәртебеге ие мүліктік кешендердің құқықтық жағдайының ерекшілектірін көрсетіңіз.
- •14.Заттық құқықты нормативті қамтамасыз етудің теориялық және тәжрибелік мәселелерін сынаңыз.
- •15.Мәмілені тіркеудің түсінігін беріңіз, мағынасы айқындаңыз, құқықтық салдарын көрсетіңіз, теорялық және тәжрибелік мәселелерін көрсетіңіз.
- •16.Азаматтық-құқықтық міндеттемедегі тараптардың мүддесін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін көрсетіңіз, олардың қолдануына байланысы теория және тәжірибедегі мәселелерді баяндаңыз.
- •17.Азаматтық құқық пен азаматтық заңдардың, нормативтік актілер мен құқық нормаларының арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қр аумағында әрекет етуші азаматтық заң актілерінің қолдану негіздерін, принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарын қолдану мәселелерін көрсетіп сынаңыз
- •20.Азаматтық құқықтағы әдеттің анықтамасын беріңіз. Азаматтық құқық жүйесіндегі іскерлік айналым әдеттердің, халықаралық актілердің орнын айқындаңыз.
- •21.Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдардың даму мәселелерін сынаңыз.
- •22.Азаматтық сот өндірісінің мақсаты мен міндеттері айқындаңыз.
- •23.Азаматтық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды атаңыз.
- •24.Азаматтық іс жүргізудің түсінігін беріңіз және міндеттерін ашып көрсетіңіз.
- •25.Азаматтық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын атаңыз, түсінігін беріңіз, міндеттерін көрсетіңіз.
- •26.Азаматтық іс жүргізудегі қатысушылардың түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз. Заңда көрсетілген қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
- •27.Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері және белгілері көрсетіңіз.
- •28.Азаматтық процессуалдық құқыққабілеттілігі және азаматтық процессуальдық әрекетқабілеттілігін анықтаңыз.
- •29.Соттағы өкілдіктің түсінігін беріңіз, түрлерін атаңыз және өкілдікті рәсімдеу тәртібін көрсетіңіз.
- •30.Азаматтық іс бойынша сот шығындарын атап көрсетіңіз.
- •31.Азаматтық істердің соттылығын анықтау принциптерін қолдану, түсінігін және түрлерін анықтау мәселелерін саралаңыз.
- •32.Талап арызға құқық пен талап арыз беруге деген құқықтың арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •33.Бірінші сатыдағы соттың актілерінің түсінігі беріңіз және түрлерін атаңыз.
- •34.Істі сот талқылауына тағайындау түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз және сатыларының мерзімін көрсетіңіз.
- •35.Талап-арыздың түсінігін беріңіз, оның элементтерін көрсетіңіз.
- •36.Соттық дәлелдемелер мен дәлелдеудің түсінігін беріңіз, мақсатын анықтаңыз. Дәлелдеудің пәнін көрсетіңіз.
- •37.Талап-арыздың реквизиттерін атаңыз.
- •38.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •39.Арызды қараусыз қалдыру тәртібін, негіздерін көрсетіңіз.
- •40.Апелляциялық инстанцияның өкілеттіліктерін көрсетіңіз және і инстанция соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіздерін атаңыз
- •1. Қарыз шартына түсінік беріңіз.
- •2. Қарыз шарты қандай нысанда жасалуы керек? Аталған жағдай бойынша тиісінше нысан сақталған ба?
- •1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекетқабілеттілігінің көлемі қандай?
- •2. Сатып алған тауарды сатып алушы басқа ұқсас тауарға айырбастай ала ма?
- •59 Н.А. Аланова өзінің бұрыңғы жолдасы р.Н. Касеновке некеге тұрғанға дейін алынған пианиноны өзіне қайтаруы туралы талап арызын берді.
- •1. Көрсетілген тұлғалар сотқа өкілдер ретінде қатыса ала ма?
- •2. Олардың өкілеттілігі қай тұрғыда, қалай рәсемделеді?
12. Жарамсыз мәмілені анықтаудың теориядағы ілімінің негізгі ережелерін баяндап сынаңыз.
Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда, мүдделi тұлғалардың, тиiстi мемлекеттік органның не прокурордың талап-арызы бойынша мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн.Мәмiле жарамсыздығының негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдардың тiзбесi осы Кодексте не өзге де заң құжаттарында белгiленедi. Мәмiле жарамсыз болған кезде тараптардың әрқайсысы екiншi тарапқа мәмiле бойынша алынғанның барлығын қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда қайтарылуға тиiс мүлiктiң құнын, мүлiктi пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлген қызметтердiң құнын, егер мәмiле жарамсыздығының өзге салдары осы Кодексте көзделмеген болса, ақшалай қайтаруға мiндеттi. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екi тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға тиiстi болғандарының бәрi соттың шешiмi немесе үкімі бойынша тәркiленуге тиiс. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған ретте, екiншi тараптан алғандарының бәрi және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi тәркiленуге тиiс. Қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі жымысқы ниет тараптардың бiрiнде ғана болған жағдайда оның мәмiле бойынша алғандарының бәрi екiншi тарапқа қайтарылуы тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге тиiс. Мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, сот нақты мән-жайларды ескеру арқылы оның одан әрi орындалуына тыйым салумен шектелуге құқылы. Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады.
АК-ның 157-бабы мәмленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың еркін білдіру бостандығына қойылатын талаптарбұзылатын жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокуратураның талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін деп көрсетеді. Аталған талаптардың біреуінің бұзылатын болса, мәмле жасалған заңдық факт ретінде таныла алмайды және заң күшіне ие болмайды. Заң шығарушылар мәмлені жарамсыз деп танудың нақты негіздерін белгілеуде нақ осы мән-жайларды басшылыққа алады. Құқық бұзушылық жеке адамдардың мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, онда мәмлені жарамсыз деп тануды тек мүдделі жеке тұлғаның талап етумен сот шеше алады. АК-ның 2 бабына сәйкес мемлекеттік органдардың мұндай дауға араласу құқығы жоқ. Керісінше, жария мүдделер бұзылғанда мәмлені жарамсыз деп тану туралы сотқа қойылатын талапты, мәмленің екі қатыушысы оның шартарымен келіскен боса да, оны қоюға жария орган құқылы болады. Сонымен, егер мәмле мынандай талаптарды бұзатын болса, мәмле жарамсыз деп танылуы мүмкін: а) оның шарттарының заңдылығы туралы, яғни оның мазмұнының заңдылығы туралы; б) мәмлеге қатысушылардың мәмле жасау қабілеттілігі туралы; в) олардың ерік білдіруінің бостандығы және барабарлығы туралы; Мәмле мазмұнының заңдылық туралы талаптарының бұзылуы АК-ның 158-бабы бұл жөнінде мәмленің аса маңызды талабы- оның заңға толық сәйкестігі деп айқындалады. Мұнда заңның кез келген бұзылуы жөнінде сөз болып отырған жоқ. Құқықбұзушылықтың көп болуы АК-ның 159 бабына және өзге заң ережелеріне сәйкесмәмлелердің жарамсыздығына негіз болады. Ал 158-бап мәмле мазмұнының заң талаптарына сәйкес келмеуіне қарсы, яғни ашық заңға қайшылыққа қарсы бағытталған. Бұл мәмленің қылмыстың жаксалуын, заңның бұйрық ережелерін орындаудан жалтаруды, айналымнан алынған заттарды жеке адамдарға сатуды және т.с.с. көздейтін жағдайлар болуы мүмкін.