
- •6.Проблемаға негізделген оқытудың кемшіліктері.
- •7.Проблемаға негізделген оқытудың нәтижелеріне жету жолдары.
- •8. Проблемаға негізделген оқытудың нәтижелеріне жету жолдарының этаптары
- •9. Егде жастағы науқаспен қарым-қатынас жасау
- •10.Науқастың туысқандарымен қарым-қаиынас жасау
- •11.Қарым-қатынас негіздері(өзін ұстауы)
- •12.Науқас балалармен қарым қатынас жасау.
- •13.Қарт науқастармен қарым қатынас жасау.
- •14.Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізу
- •15.Анамнез жинаудағы барысындағы науқастармен қарым-қатынас жасау.
- •16.Жүкті әйелдермен қарым-қатынас
- •17. Психологиялық ауытқулары бар науқастармен қарым-қатынас жасау
- •18.Жәндіктер шағу кезіндегі алғашқы көмек
- •19.Жылан шағу кезіндегі алғашқы көмек
- •20. Жарақат түрлері кезіндегі алғашқы көмек
- •21.Сынық түрлері кезіндегі алғашқы көмек
- •23.Күйіктер анықтасы,түрлері
- •24.Күйіктер кезіндегі алғашқы көмек көрсету.
- •25.Үсу анықтамасы,дәрежесі
- •28.Қан кету анықтамасы , түрлері.
- •29. Қан кету кезіндегі алғашқы көмек.
- •31. Қарым-қатынас туралы түсінік.
- •32.Қарым қатынастардың міндеті.
- •33. Қарым – қатынастың мақсаты.
- •34.Деонтология.
- •36.Жәндіктер шағу кезіндегі жергілікті иммунитеттің өзгңрңстер
- •37. Жылан шаққан кезінде жергілікті иммунитеттің өзгерістері.
- •44. Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас.
15.Анамнез жинаудағы барысындағы науқастармен қарым-қатынас жасау.
Анамнез жинау барысы жаппай проблема болып табылады.Көбінесе науқастар ауруын сиппаттау барысында,олардың пайда болу уақыты мен өту ерекшелігімен ерекшелігінен қателеседі,кейде өзі туралы мәліметті қате береді.сонымен қатар проблеманың күрделілігі ол дәрігерлер мен науқастардың бір жағдайды сиппаттау кезінде,2 түрлі тілді қолданылуында.Дәрігерлер керек емес жерде де,қарапайым тілмен түсіндіруге болатын жағдайды,медициналық терминді пайдаланады,осы тұста науқастардың оны түсінбеуіне байланысты қате анамнез жиналуы мүмкін.
16.Жүкті әйелдермен қарым-қатынас
Әйел үшін бала туу - өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Нәрестенің жайлы күйі, ана мен бала қосылуынан қуаныш пайда болуы әйелдің босануға жақсы дайындығына, көңіл күйіне, эмоциялық толқуына байланысты. Босану барысында қауіп-қатер болмаған жағдайда деңі сау әйелдің табиғи мінезіне тән физиологиялық босануға жағдай жасалынады.Босануға жан-жақты және психологиялық жағынан дайындалу керек. Бұндайда әйелдер «жеңіл босану» деп айтылатын сезім бастан кешіреді, және бұл өмір кезеңі ауырсыну, қорланушылық, қорғанысыздық естеліктерімен күнгірттенбейді. Сондықтан босануға дайындалған уақыт текке кетпейді. Босануға дайындау курстары барлық отбасыларына қажет. Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес. Екінші және келесі бала туу алдында да ата-аналар аз уайымдамайды. Кейбір туысқандар әйелдің хал-жайын әдеттегідей, көп назар аударуды қажетсіз деп қабылдайды, кейде жүктілікке, әсіресе үшінші, төртінші бала болса қарсы болады. Барлық айтылған жайттарға қарамай, жүкті әйел өзін рухани және тәні жағынан өмірінің маңызды оқиғасына дайындау қажеттілігін түсіну керек. Ол үшін дәрігерлер босану процесіне қатысты бұлшық еттерінің икемділігін дамыту мен жаттықтыруға бағытталған арнайы гимнастикалық жаттығулар кешенін орындауды ұсынады. Жүкті әйелдермен сабақ өткізу алдында тұлғаның психоэмоционалдық қалпын анықтау үшін тестілеу өткізіледі. Жүкті әйелге дұрыс тамақтану, сусын ішу, көп серуендеу, салауатты өмір салтын ұстау өте пайдалы. Бақытты ана болу үшін әйелге тәнінің дайындығынан басқа, психологиялық көңіл керек. Бұл кезде жүкті әйелге үй ішінің қарым-қатынасы өте маңызды, бәрінен бұрын жұбайы мен үлкен балаларының дұрыс көңілі.
17. Психологиялық ауытқулары бар науқастармен қарым-қатынас жасау
Үрейленген науқастар-Олар именшек, жасқаншақ барлығына көнгіштік мінез көрсетеді. Өз-өзіне сенімсіз болады.Бұндай адамдарда диагноз анықтау кезінде және емдеу процедураларында қан тамырларының түрлі вегетативтік реакциялары болуы мүмкін.
Күдіктенген науқастар-Дәрігердің шараларына үнемі күдік, күмәндік білдіріп, сенбейді.Кейбір жағдайда мұндай адам қоғамдағы өмірінде, жанұясында да осындай көзқарас білдіреді.
Жабырқаулы науқастар-Үнемі оңашалануға бейім болып,көңілсіз,ешкіммен араласпауға, ішкі ойын ашпауға тырысады.Олар пессимист болып,емдеуге және сауығуға, дәрігерге деген сенімін жоғалтқан адамдар.Көбінесе бұл- күрделі және емдеуге келмейтін дертке шалдыққан науқастар.
Демонстративтік, сыр көрсететіш науқастар-Қоршаған адамдарға әсер етуге, өзін-өзі көрсетуге тырысады.Олар өте қатты қасіретте екенін, қатты қиналғанын басқаларға көрсетуге, олардың назарын аударуға барлық күшін салады.Бұндай адамдармен қарым-қатынас жасауда дәрігерлер олардың аталған қасиетін жоққа шығарғысы келсе де,мүдделерін қорғап,ерекше төзімділікке шақыру нәтижесінде жеңіске жетеді.
Ипохондриялық аурулар-Өз денсаулығына, дертіне, зерттеулер нәтижесінде ерекше көп мән беріп, назар аударады.Жанындағы адамдарға өз ауруы жайында жиі айтып, шағымданады.Дәрі-дәрмектердің кері әсерін асырып айтады.