Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПНО шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.19 Кб
Скачать

1.Проблемаға негізделген оқыту туралы түсінік.

Проблемаға негізделген оқыту-бұл оқу жоспарына сәйкес тьютор-тәрбиеші қадағалайтын, студентке бағытталған тәсіл, ол шәкірттерді теория мен практиканы біріктіре алатын зерттеу жүргізуге бейімдейтін және өмірдегі белгілі бір проболеманы шеше алатын білім беру мен соған орай дағды қалыптастыруды жүзеге асыруға тырысады.

2.Проблемаға негізделген оқытудың мақсаты.

Нашар құрылымдалған проблеманы және оны үйрететін тьютор тәрбиешіні таңдап алып, оны жүзеге асырылу тәжірибесіне толық талдау ісін жүргізу.

3.Проблемаға негізделген оқытудың міндеті.

Мәселені шешу барысында студенттер көптеген пәндерден алған білімдерін қарастыра пайдалануы тиіс. Өйткені өмірдегі бір мәселені шешу үшін біз алған біліміміз бен тәжірибемізді толық пайдалануға тырысамыз. Проблемаға бағытталған білім беру ісі оқу жоспарының дидактикалық бір бөлігі емес, оның педагогикалық негізі болуы тиіс

4.Проблемаға негізделген оқытудың оқу үрдісінде енгізілу маңызы.

Жоғары және одан кейінгі білім беру мекемелеріндегі негізгі қағида жоғары деңгейдегі мамандар даярлау мен оқу процесін инновациялық түрде дамыту ісін жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі кезде әлемде бідім беру процесін инновациялық дамытуға арналған бірнеше оқыту технологиялары бірі проблемаға бағытталған оқыту технологиясы.

5.Проблемаға негізделген оқытудың жетістіктері.

Студенттерді қойылған мәселелердің шешімін таба алатын, проблеманың негізін бақылап талдауға ұмтылатын және соның барысында өздерін өздері алға жетелейтін деңгейге жақындайтынын көрсете білді. Мұнда студенттер жеңіл мәселені шеше отырып, тек бір ғана шешімі болмайтын күрлелі проблемаларды талдауды үйренуге тырысады. Олар топтарда жұмыс істей жүріп, проблеманы шешу үшін нені оқып үйренуі тиіс екенін байқап, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға бет бұрады.

6.Проблемаға негізделген оқытудың кемшіліктері.

Проблемаға негіздеп оқыту технологиясында үйретуші ұстаз оқу процесін сүйемелдеп, шәкірттерден олардың ойлану қабілетінің даму бағытын түсіндіруін күтеді, бірақ ол студенттерге қойылған проблеманы шеше алатын ақпартты толық бермейді-ондай мәліметті ізденушілер өздері табуға тырысуы керек. Бірақ білім берудің негізгі формасы болып проблемаға бағытталған оқыту топтарында сабақ өткізу болып саналады.

7.Проблемаға негізделген оқытудың нәтижелеріне жету жолдары.

Студенттер алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс, мәселені шешу студентке жүктелсе, оның өзіне қояр талабы күшейе түседі. Проблемаға бағытталған оқу процесінде қолданылатын мәселені модельдеу ісінің құрылымы қолайсыз болуы керек,мәселені шешу барысында студенттер көптеген пәндерден алған білімдерін қатарластыра пайдалануы тиіс.

8. Проблемаға негізделген оқытудың нәтижелеріне жету жолдарының этаптары

Нәтижеге жету үшін ПБЛ технологиясында пайдаланылатын тәсілдерді сипаттап жастардың сыни түрде ойлау қабілетін анықтай отырып, күрделі практикалық проблемаларды талдап шешу барысынды белгілі бір дағдыларды қалыптастырып дамытатын әдіс тәсіл этаптарын айтамыз.Олар керекті білім беру беру ресурстарын табуды, бағалауды және пайдалануды көрсетіп, кооперациялық түрде жұмыс істеп, тиімді қатынас құру істерін бейнелеп, алған білімдерін мазмұнды түрде пайдаланып, ары қарай өзін өзі жетілдіре алатын дәрежеге жеткізу этаптырн баяндай

9. Егде жастағы науқаспен қарым-қатынас жасау

1.Дәрігер жасы егде адамдармен құрмет силы қарым-қатынас жасауы қажет.Оларға ерекше назар аударып,жағдайына қамқорлық көрсетеді:жатқан төсегі жайлы және ыңғайлы,тамақ тануы дұрыс болуы,т.б. дәрігер қарамағындағы науқасының әдетіне,ауруханадағы жағдайына назар аударып,оны жеңілдетуге тырысуы керек.

2.Дәрігер аурулардың әлеуметтік,жанұялық жағдайын да ескере психологиялық проблемаларын шешуге жәрдем беруі қажет.

3.Дәрігер аурудың жағдайын,ауру белгілерін мәліметтеген кезде ешқашан оның егде жасымен байланыстырмауы керек.Емдеу жүр.ізген кезде де,ауру адамға оның қарт болуына байланысты ,ем нәтижесіз болатындығын айтпаған жөн мысалы,атеросклероз,стенокардия және т.б

4.Егде адамдардың ұмытшақ болатындығын ескере отырып,дәрігер оларға ем шараларын,әсіресе дәрі қабылдау ережелерін асықпай толық түсіндіреді.Кейбір жағдайда олардың туған туысқандарын шақыртып,олар арқылы түсініктеме береді немесе оны жазбаша түрде ұсынады.

10.Науқастың туысқандарымен қарым-қаиынас жасау

Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;

Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;

Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;

Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.

11.Қарым-қатынас негіздері(өзін ұстауы)

Егер дәрігер қарым-қатынас жасау ережелерін жақсы игеріп білмесе,ол науқас адаммен тиісті дәрежеде және нәтижелі қатынас жасай алмайды.Осының салдарынан екеуәнәі арасында түсініспеушілік басталады, ем нәтижесіз болады, дәрігердің беделі түсіп, ауру адам басқа дәрігерлерге баруға мәжбүр болады.

Науқас адаммен қарым қатынасы нәтижелі болу үшін дәрігер ерекше жағдай жасауы қажет: бетпе бет, жеке бөлмеде,тыныштықта кездесуі,толық назар аударып,басқа жұмыспен айналыспауы,жайлы қарама қарсы тиісті қашықтықта отыруы 1-3метр,телефонмен сөйлеспеуі,сағатқа қарамауы. Сонымен қатар дәрігердің позасы, жесттері,мимикасы да маңызды болады. Ауру бөлмесінде қатты сөйлеуі,орынсыз күлуі, ауру науқасты көргенде жеңіл көңіл күйін білдіруі,жиіркенуі-олармен қарым қатынас жасауға көмектеседі.