Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Testy_dlya_TD.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437.76 Кб
Скачать

Буын және дәнекер тіннің аурулары (40)

! Эмболалық абсцесстер, лейкоцитоз, қайталамалы қалтыраулы гектикалық қызба мынаған БАРЫНША тән:

* +сепсиске

* малярияға

* ТІШҚҰ-синдромына

* жедел лейкозға

* іш сүзегіне

! 16 жастағы оқушы дене қызуының 38,5оС дейін көтерілуі, оң жақ буын аймағының ісінуі және ауыру сезімі, координациясының бұзылғанына шағымданады. Анамнезінен: апта бұрын ангинамен ауырған.

Диагнозды нақтылауға берілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті:

* Scl 70 антиденелері

* Ваалер- Розе реакциясы

* Хеддельсон және Райт реакциялары

*+ стрептококқа қарсы антиденелердің титрі

* цитруллинирленген пептидке антиденелер

! Рецидивтердің алдын алуға бағытталған жедел ревматикалық қызбамен ауырғандардың екіншілік профилактикасы мынаны жүйелі енгізумен жүргізіледі:

* ампициллинді

* цефтриаксонды

* рокситромицинді

* +экстенциллинді

* бензилпенициллинді

! 19 жастағы темір дәнекерлеуші әйел, 39оС дейінгі қызба, тамағындағы ауыру сезімі, жөтел, бетінің қызаруына шағымданады, бұны өзі дәнекерлеу кезіндегі күйікпен байланыстырады. Өздігінен ампициллин, парацетамол қабылдаған. Объективті: бетінің ісінуі мен гиперемиясы. Кеудесінде, арқасында эритематозды папулезді бөртпе. Лимфоаденопатия. Афтозды стоматит. Шаштарының түсуі. Жүрегі ұлғайған, үндері тұйықталған. АҚҚ - 150\90 мм. с.б.б., ЖЖЖ мин – 110 рет. Гепатомегалия. Қанда: эритроциттер - 3,2 млн, гемоглобин - 100г/л, лейкоциттер - 3 мың, ЭТЖ – 40 мм/сағ. ЖЗА: белок - 0,9 г/л, эритроциттер 1-8 көру алаңында.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* иерсиниоздың

* агранулоцитоздың

* дәрілік аурудың

* аллергиялық дерматиттің

*+ жүйелі қызыл жегінің

! 16 жастағы қыз, дене қызуының 40оС көтерілуі, ентігу, жөтел, майда буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 1 ай бұрын өздігінен түсік болған. Объективті: арық, лимфоаденопатия, бетінде және мұрнының үстінде эритема, аяқ- қолдарында - «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит. Қанда: эритроциттер - 2,4 млн, гемоглобин - 70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың, ЭТЖ – 70 мм/сағ. ЖЗА: белок - 5,2 г/л, эритроциттер - 20-30 к/а, қос спиральды ДНК- ға антиденелер оң.

Көрсетілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША тиімді:

* қанды бактериологиялық себу

* ревмафакторды анықтау

* +кардиолипинге антиденелерді анықтау

* стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау

* урогенитальды инфекцияға иммуноферментті анализ

! Жүйелі қызыл жегіде цитостатиктерді тағайындау төмендегілерің қасйсысында БАРЫНША тиімді:

* цитопенияда

* полисерозитте

* люпус-кардитте

* люпус-артритте

*+ люпус-нефритте

! Жүйелі қызыл жегімен ауыратын ер адамға метилпреднизолонмен пульс терапия жүргізу қажет.

Препараттың қандай мөлшері БАРЫНША тиімді:

* 60 мг

* 120 мг

* 250 мг

*+ 1000 мг

* 5000 мг

! Циклофосфан қабылдайтын жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелде лейкоциттер деңгейі 2,9 мыңға дейін төмендеді.

Емдеу тәсілін қалай өзгерткен БАРЫНША тиімді:

* циклофосфанды тоқтату

* циклофосфанды азатиопринмен алмастыру

* циклофосфан мөлшерін төмендетіп, плазмрферез курсын бастау

*+ циклофосфанды тоқтатып, 1,5-2 мг/кг мөлшерде преднизолонды тағайындау

* циклофосфан мөлшерін өзгертпей, оған қосып, преднизолон тағайындау

! Рецидивті артериальды және венозды тромбоз, жүктілікті көтере алмау және тромбоцитопениямен сипатталатын симптомдық кешен, мынаған БАРЫНША тән:

* дерматомиозитке

* жүйелі васкулитке

*+ антифосфолипидтік синдромға

* рецидивтеуші полихондритке

* идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураға

! Антифосфолипидті синдромның диагностикасын нақтылауда анықтаған,

БАРЫНША мәліметті:

* Кумбс реакциясын

* Хагеман факторын

* қан ұю уақытын

* протромбин уақытын

* +жегілік антикоагулянтты

! Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелде сол жақ балтырының бұлшық етінің ауыруы мен ісінуі пайда болды. Троксевазин тағайындағаннан кейін келесі күні ентігу, жөтел, қан қақыру пайда болды. Зерттегенде кардиолипинге антидене титрінің жоғарылауы анықталынды.

Қандай препаратты тағайындау БАРЫНША тиімді:

* гепаринді

* +варфаринді

* преднизолонды

* дексаметазонды

* циклоспоринді

! Жүйелі склеродермияға БАРЫНША тән:

* антинуклеарлық антиденелер

* қос спиральды ДНК-ға антиденелер

*+ тропоизомеразаға ( SCL–70) антиденелер

* ревматоидты фактор жоғары титрде

* циклдік цитрулиннирленген пептидке антиденелер

! 30 жастағы әйелде тұмаудан кейін бұлшық еттеріндегі ауыру сезімі, бұлшық еттерінің әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық күштемеден кейін ентігу, дауыстың маңқалығы, дисфагия пайда болған. Объективті: ебедейсіз жүріс, периорбитальды ісік (көзілдірік симптомы), бетінде, мойнында декольте аймағында эритематозды бөртпелер. Сипағанда иық, сан белдеулеріндегі бұлшық еттердегі ауыру сезімі және қимыл белсенділігінің шектелуі байқалады. Жүрек шекаралары ұлғайған, үндері тұйықталған. ЖЖЖ -100 рет мин. АҚҚ 140/90мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер - 4,5 млн, гемоглобин – 110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ - 66 мм/сағ.

Қандай көрсеткішті анықтау БАРЫНША мәліметті:

* ЭТЖ

* +креатинфосфокиназаны

* ревматоидты факторды

* С -реактивті протеинді

* қос спиральды ДНК- ға антиденелерді

! Сілекей, жас бездерінің зақымдануы мына синдромға БАРЫНША тән:

* Фелти

* Стилл

* Рейтер

* Каплан

* +Шегрен

! 26 жастағы әйелді вирусты инфекциядан кейін ірі буындарындағы ауыру сезімі, субфебрилитет, бас ауыруы, бас айналуы, көз көру өткірлігінің төмендеуі, жүдеу мазалайды. Объективті: жүрек шекараларының солға ұлғаюы, жүрек негізінде мойынның тамырларына берілетін систолалық шуыл. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульсацияның күрт әлсіреуі байқалады. Бұл жерде АҚ анықталмайды.

Көрсетілген препаратардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді:

* азатиопринді

*+ преднизолонды

* индометацинді

* циклофосфанды

* экстенциллинді

! Вегенер гранулематозының классификациялық критерийлеріне мынаның жатуы

БАРЫНША мүмкін:

* эозинофилия

* полинейропатия

* сипағанда байқалатын пурпура

* ауыспалы ақсау

* +мұрынынан қанды - іріңді бөлінділер

! 65-жастағы ер адам кенеттен басының ауыруы, көзінің, әсіресе оң жағының көру өткірлігінің төмендеуі мен иық-белдеуі бұлшықеттеріндегі ауырсыну, жүдеуге шағымданады. 3 жыл бойы ауырады. Кейін оң жақ бетіндегі ауыру сезімі мен парестезиялар қосылды. Жағдайы ауыр, оң жақ бетін қолымен ұстап, тұрақтандырады. Сипағанда оң самайындағы артерия тығыз, пульсациясы төмендеген. АҚ - 140/30 мм.с.б.б. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Окулист: көру нервінің бөлікті атрофиясы.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* +Хортон ауруының

* бас миы ісігінің

* түйінді полиартерииттің

* артериялды гипертензияның

* бейспецификалық аортоартерииттің

!. Метотрексатпен базисті ем қабылдап жүрген ревматоидты артритпен ауыратын ер адамда АЛТ - 2,01 ммоль/мл, АСТ - 1,86 ммль/мл.

Қандай дерттің болуы БАРЫНША мүмкін:

* бауыр циррозының

* Фелти синдромының

* майлы гепатоздың

* вирусты гепатиттің

*+ токсикалық гепатиттің

! Остеоартрозда тағайындау Барынша тиімді:

* кальцеминді

* ампициллинді

* индометацинді

* триамцинолонды

* +хондроитин сульфатты

! Остеоартроздың классификациялық диагностикалық критерийлеріне жатуы БАРЫНША мүмкін:

* ЭТЖ-ның айқын жоғарылауы

* буын маңы остеопорозы

* +механикалық сипаттағы ауыру сезімі

* РФ анықтау

* бір сағаттан артық таңертеңгілік құрысу

! 45 жастағы ер адам оң жақ аяғының үлкен башпайының қатты ауыру сезімі, ісінуі, табанның сыртқы бетінің қызаруы, дене қызуының 38оС дейін көтерілуіне шағымданады. Бындардың ауыруытар аяқкиіммен жүргеннен кейін пайда болған. Қарап тексергенде: оң аяқтың табан-фалангаралық буын аймағының ісінуі мен гиперемиясы, қозғалысы күрт шектелген, құлақ қалқандарында сары түсті, d 2-4 мм болатын ауыру сезімінсіз тері астылық түйіндер. Қанда: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ – 30 мм/сағ, СРБ, мочевина -15,0 ммоль/л. ЖЗА: меншікті салмағы - 1014, эритроциттер – 5-7 к/а, ураттар.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* остеоартроздың

* реактивті артриттің

* ревматоидты артриттің

* +подагралық артриттің

* псориаздық артриттің

! 60 жастағы ер адам шынтақ буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: гиперемиялы, шынтақ буынының аймағы ісінген, қозғалысы шектелген, бұршақ тәрізді тығыз түйіндер. Жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ - 100 рет мин. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн, гемоглобин - 150 г/л, лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ -2 мм/сағ. ЖЗА: меншікті салмағы - 1020, лейкоциттер - 4-5 к/а, эритроциттер - 6-8 к/а. Ураттар (+++).

Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу БАРЫНША мәліметті:

* Ваалер-Розе реакциясы

* креатинин деңгейін анықтау

* +қандағы зәр қышқылының деңгейін анықтау

* қабынудың жедел фазалық көрсеткіштерін анықтау

* синовиалды сұйықтықты бактериологиялық зерттеу

! 45 жастағы ер адам сол жақ тізе буынының және оң өкшенің ісінуі мен ауыру сезіміне шағымданады. 1 ай бұрын жедел дизентериядан емделген. Объективті: сол жақ тізе буыны және оң өкше аймғы деформацияланған, терісі гиперемиялаған. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн., лейкоциттер - 11 мың, ЭТЖ- 26 мм/сағ.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

*+ реактивті артриттің

*сепсистік артриттің

*ревматоидты артриттің

*подагралық артриттің

*ревматикалық қызбаның

! 1 апта бұрын, 20 жастағы ер адамда сол жақ жамбас сан, тізе буындарында ауыру сезімі пайда болды. Объективті: шап лимфа түйіндері ұлғайған, сипағанда сезімтал. Сол жақ тізе буыны деформацияланған, сипағанда ауырады және ыстық. Қанда: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Зәр тұнбасының микроскопиясында лейкоцитурия.

Берілген зерттеулердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді:

* Ваалер- Розе реакциясын

* СРБ анықтау

* қандағы зәр қышқылының деңгейін анықтау

*+ C. Trachomatis-ке антиденелерді анықтау

* стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау

! Серонегативті спондилоартропатия тобына төменде көрсетілген тірек-қимыл аппаратының барлық аурулары жатады, мынадан БАСҚА:

* Рейтер ауруы

*+ подагралық артрит

* псориаздық артрит

* ювенильді анкилоздаушы спондилоартрит

* идиопатиялық анкилоздаушы спондилоартрит

! 46 жастағы ер адам, қалтыраусыз, тұрақты супфебрильді қызбаға, айқын әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, аздаған сарғыштыққа шағымданады. Қанда: эр – 1,9 млн., Нв – 95 г/л, лейк – 2,2 мың, СОЭ – 23 мм/сағ, СРБ оң. Билирубин 34 мкмоль/л.

Қандай синдром онкологиялық аурудың болуның БАРЫНША мүмкін екендігін көрсетеді?

* сарғаю синдромы

* қызба синдромы

* жедел фазалы көрсеткіштер

* дене салмағын жоғалту синдромы

*+ панцитопениялық синдром

! 25 жастағы әйел,жүйелі қызыл жегімен 70 мг/тәу преднизолон алады. Әйелде жалқық перикардит, асцит, плевра қуысында жалқық пайда болды. Метилпреднизолонмен және циклофосфанмен пульс-терапия, плазмаферез жүргізуге қарамастан пациент плеврасында жалқық сақталады, плевралық сұйықтың анализі – лейкоциттер 10 000/мл, лимфоциттер – 65%.

Бұл жағдайда төменде көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

* кең спектрлі антибиотиктерді қосу

* метилпреднизолонмен пульс-терапия

*+ туберкулезге қарсы терапия

* преднизолонды тоқтатып,азатиоприн және метотрексат тағайындау

* преднизолонды тоқтатып, дексаметазонды азатиопринмен қосып тағайындау

! 19 жасар ер балада 4 жыл бұрын оң табанның үстіңгі беткейіні пигменті жоғалып, әрі қарай жамбасы мен балтырына жайылған. Кейін жүрек тұсында ауыру сезімі пайда болды. Об-ті: табаны, балтыры және жамбасының терісі жабындысында гипопигментация, атрофия, тығыздану анықталады. Сол аяғында гиперпигментация ошақтары бар. Өкпесінде тынысы күшейген, сол өкпенің базальді бөлігінің артқы беткейінде алған шыңында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Қанда: лейк- 4,2 мың, эр – 3,5 млн., Нв – 129 г/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* эозинофильді фасциттің

* +жүйелі склеродермияның

* шектелген скеродермияның

* нейродермитпнен бронхиальді демікпенің

* атопиялық дерматиттпен бронхиальді демікпенің

! Көрсетілген жүйелі васкулиттердің қайсысында антинейтрофильді цитоплазмалық антиденелерге сынама оң болуы БАРЫНША мүмкін?

* Кавасаки ауруында

* Такаясу артеритінде

* +Вегенер гранулематозында

* Шенлейн-Генох ауруында

* облитирлеуші тромбоангиитте

! 21 жасар әйелде суық тиюден кейін тұрақты әлсіздік қызба, миалгия, артралгия пайда болды. АҚ – 160/100 мм с.б.б. жоғарылады, абдоминальді ауыру сезімі, көшпелі мононевриттер мазалайды. Зертеу кезінде лейк – 16 мың, таяқша ядерлі – 7 %, ЭТЖ – 53 мм /сағ, креатинин – 1,6 мг/дл HbsAg оң, ПЦР – НВV ДНК оң, протеинурия 0,24 г/л. Абдоминальді ангиограмма жүргізген кезде көптеген микроаневризмалар, майда және орташа тамырлардың окклюзиясы және стеноздары анықталды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы, БАРЫНША мүмкін?

* Вегенер гранулематозының

*+ түйінді полиартериттің

* геморрагиялық васкулиттің

* Чардж-Строусс синдромының

* криоглобулинемиялық васкулиттің

! 25 жастағы ер адам оң қолындағы ауырсыну сезімі, әлсіздігі, қолын тұрақты жоғары ұстап тұра алмайтынына шағымданады, ЭТЖ – 40 мм/сағ, СРБ оң. Такаясу артериитіне күмән болңан. 1 жыл бұрын ми артериясының ортаңғы бассеинінің жедел ишемиялық инсульті дамыды. УЗДГ кезінде оң жақтағы иық, шынтақ, кәрі жілік артерияларының окклюзиясы, ішкі мойындық тамырының тромбысы анықталды. ЭхоКГ – оң жақ жүрекшедегі тромб оң жақ қарынша қуысына флоттирлеленеді.

Осы науқаста қандай асқыну дамуы БАРЫНША мүмкін?

* тромбофлебит

* ТШҚҰ синдромы

* криоглобулинемиялық васкулит

* біріншілік антифосфолипидті синдром

*+ екіншілік антифосфолипидті синдром

! Такаясу аортоартеритімен ауыратын 18 - жасатағы ер адам ангиографиясында оң бүйрек артериясының стенозы анықталды. Стенттеу және преднизолонмен ем жүргізілді, 6 айдан кейін бүйрек артериясының стенозы анықталып, ангиопластика жүргізу қажет болды. Кардиолипинге антидененің екі есе жоғарлауы анықталған. Преднизолон мен метотрексат тағайындалған.

Төмендегі препараттардың қайсысын қосқан БАРЫНША тиімді?

* гепаринді

* +варфаринді

* атенололды

* гипотиазидті

* АПФ тежегіштерін

! Қандай препарат фиброзға қарсы әсер етуі БАРЫНША мүмкін:

* делагилдің

* кризанолдың

* преднизолонның

*+D-пеницилламиннің

* диметилсульфоксидтің

! Креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы мынаған БАРЫНША тән:

*+дерматомиозитке

* ревматоидты артритке

* жүйелі склеродермияға

* түйінді периартериитке

* жүйелі қызыл жегіге

! 18 жастағы студент, 20 күн бұрын ангинамен ауырған, сонан кейін оң жақ, сосын сол жақ тізе буындары ауырған. Екі күннен кейін тізе буындарының ауырғаны басылып, бірақ білезік, тізе-табан буындарында ауыру сезімі қайта басталды. Дене қызуының 38,5 С дейін көтерілгені байқалды. Об-ті: тізе буындары ісінген, гиперемияланған, ауыру сезімді, қозғалысы шектелген. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ – 110 рет/мин. Қанда: лейкоциттер – 11 мың, ЭТЖ – 37 мм/сағ.

Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы, БАРЫНША мүмкін?

* рейтер ауруы

* реактивті артрит

* ревматоидты артрит

* жедел подагралық артрит

*+жедел ревматикалық қызба

! Созылмалы жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелді объективті зерттегенде: терісі жұқа, ұстағанда жылы, боз, құрғақ және суреті қою-мрамор сипаттас; ішінде, иықтарында қызыл-көк түсті созылған сызықтары байқалады; айқын теріасты шел қабаты бет, кеуде және омыртқаның мойын аймағында жақсы жайылған, тобығы ісіңкі.

Науқаста төменде көрсетілген асқынулардың қайсысының дамуы БАРЫНША мүмкін?

* семіру

* нефропатия

* терілік васкулит

*+Иценко-Кушинг синдромы

* гипоталамикалық синдром

! 10 жастағы бала желшешекпен ауырып, екі аптадан соң қайталап дене температурасы көтеріліп; әлсіздік, ірі буындардағы симметриялы миграцияланатын ауыру сезімі, жазудың өзгеруі пайда болған. Қарап тексергенде: тізе буындары ісіңкі, сипағанда ыстық; жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Қан анализінде: ЭТЖ-55 мм/сағ, СРБ+++, динамикада антистрептолизин-О титрінің жоғарылауы.

Төмендегі препараттардың қайсысы БАРЫНША тиімді?

* кларитромицин

*+преднизолон

* метотрексат

* ибупрофен

* аспирин

! Нейтропения, гепатоспленомегалия, буындардың ауыр зақымдалуы, васкулит, өкпе фиброзы, инфекциялық асқынулардың жоғары қауіпі бар симптомокомплекс БАРЫНША тән:

*+Фелти синдромы

* Вегенер Гранулематозы

* ересектердегі Стилл синдромы

* жедел ревматикалық қызба

* дәнекер тіннің аралас ауруы

! Полиартритпен, полисерозитпен, нефритпен, қанда антинуклеарлы антиденелердің титрі жоғары 40 жастағы әйелді бір апта бойы қарқынды бас ауыруы, көз өткірлігінің төмендеуі, аяқ-қолдың тырысулары, сонымен қатар эмоциональді лабильділік мазалайды. Туысқандарының айтуы бойынша бір реттік эпилептикалық талмалар болған.

Неврологиялық симптомдарды азайту үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* колхицинді

* метотрексатты

* аллопуринолды

* циклоспоринді

*+циклофосфамидті

! Жүйелі қызыл жегімен 23 жастағы әйелді ұзақ уақыт субфебрильді қызба, артралгиялар, айқын әлсіздік мазалайды. Ұзақ уақыт преднизолон қабылдаған. Қарағанда: тері жабындылары және шырышты қабаттары жер-сұр түсті бозғылт, аяқтарында нүктелі геморрагиялық бөртпелер анықталды. Қанда: гемоглобин - 90 г/л, лейкоциттер-20 мың, таяқша ядерлі нейтрофилдер – 12%, ЭТЖ-58 мм/с, СРБ +++. Эхокардиографиялық зерттеуде аортальді қақпақшаның вегетациясы анықталды.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* диклофенак

* преднизолон

*+цефтриаксон

* метронидазол

* норфлоксацин