- •Күрделі диагноз элективі бойынша емтихан тапсыруға арналған тесттік тапсырмалары Тыныс алу жүйесінің аурулары (40)
- •Қан айналым жүйесі (80)
- •Буын және дәнекер тіннің аурулары (40)
- •Ас қорыту мүшелерінің патологиясы (10)
- •Эндокринді жүйенің мүшелерінің патологиясы (10)
- •Қан түзуші жүйенің патологиясы (5)
- •Зәр шығару жүйенің патологиясы (15)
Қан айналым жүйесі (80)
! 43 - жастағы ер адам, сол қолға, жауырын астына берілетін төс артындағы ауыру сезімімен ауруханаға түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, аздап тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ- V2-V4 шықпаларында STсегментінің элевациясы.
Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген барынша тиімді:
* ӨАЭС (ЧПЭС)
*+ коронарографияны
* вентрикулографияны
* миокардтың сцинтиграфиясын
*позитронды-эмиссионды томографияны
! Реанимация бөлімшесіне 55 - жастағы ер адам, екі рет естен тану ұстамасы және жүрек ырғағының сирек соғуымен түсті. ЖЖЖ - 35 рет мин. АҚ - 100/70 мм с.б.б. ЭКГ- тәуелсіз жүрекше ырғағы 100 рет мин., қарыншаның жиырылу жиілігі 30-35 рет мин., QRS комплекстері-0,16", деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркты диагнозы қойылған.
Науқаста қандай асқыну дамуы, барынша мүмкін?
* кардиогенді шок
* идиовентрикулярлы ырғақ
* синоаурикулярлы бөгеме
* +толық атриовентрикулярлы бөгеме, МЭС ұстамаларымен
* ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы бөгеме, Венкебах кезеңімен
! 27 - жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне жүрек соғу ұстамасы, кеуде тұсындағы қысып ауыру сезімі және естен тануға шағымданып түсті. Объективті: дене бітімі астениялық типті. Жүрек үндері әлсіз тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 88 рет мин. АҚ – 90/60 мм с.б.б. Тропонин Т өзгермеген.
Қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізген БАРЫНШАмәліметті:
* эхокардиографияны
* вентрикулографияны
* коронароангиографияны
* электроэнцефалографияны
* +ЭКГ тәуліктік мониторлауды
! Нитраттарды көк тамырға енгізу көрсеткішіне төмендегілердің барлығы жатады,мынадан басқасы:
*+ тұрақты стенокардия
* тұрақсыз стенокардия
*жедел миокард инфаркты
*вазоспастикалық стенокардия
* жедел солжақ қарыншаның жеткіліксіздігі
! 42 - жастағы ер адам, таңалдында мазалайтын төс артының айқын қысып ауыруына шағымданады. Жүргізуші болып жұмыс жасайды, күндіз ауыру сезімі мазаламайды. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгеріс анықталмаған, эргометринмен сынама оң.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
* +ЖИА. Вазоспастикалық стенокардияның
* ЖИА. Үдемелі стенокардияның.
* ЖИА. Күштемелі стенокардия II ФК.
* ЖИА. Күштемелі стенокардия III ФК.
* ЖИА. Күштемелі стенокардия IV ФК.
! 65 - жастағы ер адам, сол қолға берілетін, төс артындағы ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. ЖСЖ – 92 рет мин. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: v2-v4 әкетулеріндегі ST сегментінің элевациясы
Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНШАтиімді?
* ӨАЭС (ЧПЭС)
* вентрикулография
* +коронарография
* миокард сцинтиграфиясы
* позитронды-эмиссионды томография
! Жедел коронарлық синдромға күдікті науқасты емдеуді, төмендегілердің барлығын қолданудан бастау қажет, мынадан басқасын:
* конкорды
* нитраттарды
* гепаринді
* аспиринді
* +нифедипинді
! 46 - жастағы ер адам, көшеде келе жатып, кенеттен эпигастрий аймағында ауыру, лоқсу сезініп, екі рет құсқан. Таңертең кеше кешке дайындалған тағамды қабылдаған. Науқасты инфекциялық ауруханаға жеткізген. Объективті: жағдайы орташа, тері жабындысы бозғылт. Жүрек үндері тұйық, сирек экстрасистолалар. ЖЖЖ - 98 рет мин. АҚ - 90/60 мм. с.б.б. Ішті сипағанда эпигастрийде аздаған ауыру сезімі байқалады. Асқазанды жуғаннан кейін ауыру төс артына ауысып, жағдайы кенеттен ауырлаған. ЭКГ: II, III, aVF әкетулерінде QS. Осы әкетулерде ST монофазды қисық түрінде.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
* сальмонеллездің
* жедел гастриттің
*+ миокард инфарктысының
* жедел панкреатиттің
* тағамдық токсикалық инфекцияның
! 54 - жастағы ер адам, наркотикалық аналгетиктерге жойылмайтын төс артындағы басып ауыру, іштегі айқын қатты ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет мин. АҚ - 90/60 мм с.б.б. Сипағанда іштің жоғарғы бөлігінде аздап ауыру байқалады. Эпигастрий аймағында құрсақ аортасының үстінен функциональдық систолалық шуыл естіледі. Нәжіс болған, жел шығады. ЭКГ: алдыңғы-перделік аймақтың тыртықтық өзгерісі. Қанда: лейк – 22 мың,т/я – 16, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Холестерин – 8,6 мкмоль/л, фибриноген – 6,2 г/л.. Бірнеше сағаттан кейін құрсақтың тітіркену синдромымен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
* панкреонекроздың
* бауырасты абсцесс
* ішектің жедел түйілуі
* құрсақ аортасы аневризмінің жыртылуы
*+ мезентериальды артерияның жедел тромбозы
! 40 - жастағы ер адамды ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. 0б-ті: өкпесінде дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекаралары кеңейген, үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл; жыбыр аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ: солжақ қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі - 8,2, айдау фракциясы - 21%.
Емдеу жоспарына көрсетілгендердің қайысын қосқан БАРЫНША тиімді?
* метаболиктерді
* антиоксиданттарды
* кортикостероидтарды
* анаболикалық гормондарды
*+шеткілік вазодилататорларды
! 18 - жасар қыз бала, физикалық жүктеме кезінде ентігу мен тез шаршауға шағымданады. Анамнезінде: жиі бронх-өкпелек инфекциялар. Қарап тексергенде: тері жабындысының бозаруы, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, эпицентрі сол жақтағы төс шетінде төртінші қабырға аралығында орналасқан дөрекі пансистолалық шуыл, өкпе артериясы үстінде екінші үннің акценті. ЭхоКГ–сол жақ қарыншадан оң жақ қарыншаға шунт анықталады.
Ақаудың негізгі асқынуларына барлығы жатады, мынадан басқасы:
* +аортаның стенозы
* инфекциялық эндокардит
* өкпе артериясының тромбоэмболиясы
* солжақ қарыншаның жетімсіздігі
* үлкен қанайналымдағы эмболиялар
! Жүрекшеаралық перденің ақауына тән негізгі диагностикалық белгі:
* сол қарыншаның гипертрофиясы
* төстің сол жағындағы ІІ қабырға/аралықтағы (қ/1) диастолалық шуыл
* төстің сол жағындағы ІІ қ/а діріл және үзіліссіз шуыл
* төстің оң жағындағы ІІ қ/а қарқынды систолалық шуыл
* +төстің сол жағындағы ІІІ қ/а үрлеген систолалық шуыл
! 19 - жастағы ер бала ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдындағы “шіркей” тәрізді көрініске, аяғының ұюына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: білектегі пульс кернеулі және жылдам, сан артерияларында әлсіз, кернеуі төмен. АҚ қолында 170/90 мм с.б.б., аяғында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесіндегі, жүрек ұшындағы әлсіз систолалық шуыл омыртқа айналасындағы аймаққа беріледі. Рентгенологияда: қабырғаның өрнектелуі.
Осы адамда қандай ақау болуы БАРЫНША мүмкін?
* Фалло үштігі
*+ аорта коарктациясы
* аорта сағасының тарылуы
* митралді қақпақшаның пролапсы
* солжақ атриовентрикулалық саңылаудың тарылуы
! 34 - жастағы ер адам, басының ауыруы, айналуы, қысқа уақытқа созылатын есінен тану ұстамасына шағымданады. Об-ті: жүрек негізінде, төстің оң жақ шетінде, систола ортасында айқын дыбысты, қатаң систолалық шуыл естіледі. Шуыл мойын тамырларына беріледі. Вальсальва сынамасы кезінде шуыл азайып, дем алған кезде өзгеріссіз қалады. ЭКГ-сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді.
Төмендегі емдеу шараларының қайсысын тағайындаған барынша тиімді?
* медикаменттік емді
* митральды комиссуротомияны
* үш жармалы қақпақшаның пластикасын
* +аорталық қақпақшаны протездеуді
* митральды қақпақшаны протездеуді
! Массивті протеинурия мен шумақтық фильтрацияның төмендеуі фонында болатын артериалды гипертензия, қандай жағдайға Барынша тән:
* циститке
* пиелонефритке
* +гломерулонефритке
* зәр-тас ауруына
* бүйректің қанмен қамтамасыздығының бұзылысына
! 45 - жастан жоғары адамдарда тершеңдік және құюлу сезімімен қосарласатын артериалды қысымның ұстамалы жоғарылауы қандай гипертензияға БАРЫНША тән?
* бүйректікке
* +эндокриндіге
* нейрогендіге
* реноваскулярлыға
* гемодинамикалыққа
! 53 - жастағы әйел, жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданады. Ауыру эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицерин қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Объективті: беті қызарған, ашушаң, эмоциональды лабильді, ТЖ - 20 рет мин., ЖЖЖ –100 рет мин., АҚ - 155/75 мм с.б.б. ЭКГ: тахикардия, V1-V4әкетулеріндеТ-тісшесі теріс. Гормондарды тексергенде эстрогендер деңгейінің төмендегені анықталған.
Төмендегі диагноздардың қайсысы барынша мүмкін:
* артериальды гипертензиясы
* Q тісшесіз миокард инфарктісі
* нейроциркуляторлық дистониясы
* бірінші рет пайда болған стенокардия
*+ эндокринді генезді кардиомиопатия
! Қандай метаболикалық кардиопатияға негізгі зат алмасудың төмендеуі, терінің құрғауы, брадикардия, ТТГ жоғарлауы Барынша тән?
* алкогольдік
* анемиялық
* +гипотиреоидтық
* гипертиреоидтық
* климактериялық
! 26 - жастағы ер адам, тұмаумен ауырғаннан кейін екі аптадан соң ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі мен дене қызуының жоғарлағанын байқаған. Қарап тексергенде: ортопноэ, балтырлары ісінген. Өкпесінде іркілмелі, ылғалды сырылдар, ТЖ - 32 рет мин. Кардиомегалия. Жүрек үндері бәсең, жүрек ұшында III тон, систолалық шуыл естіледі, жыпылықтаушы аритмия. ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ - 100/60 мм.с.б.б. Бауыры 3 см ұлғайған. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, кардиоспецификалық ферменттер ұлғайған. ЭКГ- АВ-блокадасының І дәрежесі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ- сол жақ қарынша қуысының ұлғаюы, айдау фракциясы - 40%.
Сіздің диагнозыңыз?
* жалқық (выпотной) перикардит
* инфекциалық эндокардит
* жүйелі қызыл жегі
* +ревматизмдік емес миокардит
* ревматизмдік жүрек ақауы
! Жүрек өткізгіштігі мен ырғағының бұзылуы, кенеттен пайда болған тромбоэмболия, іркілмелі жүрек жетіспеушілікті кардиомегалия, мынаған БАРЫНША тән:
* ревматизмдік емес кардиомиопатияға
*+ дилатациялық кардиомиопатияға
* гипертиреоидтық кардиомиопатияға
* климактериялық кардиомиопатияға
* гипертрофиялық кардиомиопатияға
! Айдау фракциясы мен миокардтың жиырылу қабілетінің айқын жоғарылауы қайсыған барынша тән:
* алкогольдік кардиомиопатияға
* ревматикалық емес миокардитке
* созылмалы өкпетекті жүрекке
* дилатациялық кардиомиопатияға
* +гипертрофиялық кардиомиопатияға
! 45 - жастағы ер адам қалтырау, фебрильді қызба, жөтел, қан түкіру, буындары мен бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде шиқан жиі мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындыларының түсі «сүт қосқан кофе» тәрізді, аяғында – таңбалы бөртпелер, саусақтары «дабыл таяқшасы» және «сағат әйнегі» тәрізді. Тексерген кезде: эритроциттер - 2,9 х 1012/л, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпесінде «сына тәрізді» көлеңке.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін тағайындау барынша тиімді?
* бронхоскопияны
* сцинтиграфияны
* +эхокардиографияны
* буындардың рентгенографиясын
* өкпенің компьютерлік томографиясын
! Рентгенологиялық зерттеуде анықталатын: жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, жүрек пішінінің тегістелуі, жүрек «белінің» жоғалуы, әлсіреген пулсация қандай ауруда болуы барынша мүмкін?
* плевритте
* пневмонияда
*+ перикардитте
* аорта аневризмасының сылынуында
*өкпе артериясының тромбоэмболиясында
! Берілген бес белгінің ішінде төртеуі қандай ауруға жатуы барынша мүмкін екенін көрсетіңіз:1. Ауыру сезімі. 2. Үйкеліс шуы. 3. Парадоксальді пульс. 4. Қарынша аралық перденің гипертрофиясы. 5. Стандартты шықпаларда ST- сегментінің элевациясы:
* плевритке
* +перикардитке
* миокард инфарктысына
* өкпе артериясының тромбоэмболиясына
* гипертрофиялық кардиомиопатиясына
! Жыпылықтаушы аритмиямен асқынған дилатациялық кардиомиопатиямен ауыратын науқастарды варфаринмен емдегенде бақылау жүргізілуі міндетті:
* белсендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт
* +халықаралық қалыптастырылған қатынасты
* қанның ұю уақытын
* қанағу ұзақтығын
* III антитромбинді
! Суправентрикулярлы тахикардия мен ауыр синкопальді ұстамасы бар науқаста Холтерлі мониторлағанда «тахикардия-брадикардия» синдромы, ұзақ синусты паузалы өтпелі синоатриальды блокада, қарынша үстілік ұстма анықталды. Аллапинмен емдеу әсер бермеді.
Көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы, БАРЫНША тиімді?
* электрлік кардиоверсия
* аритмогенді аймақ абляциясы
* +кардиостимулятор имплантациясы
* аритмогенді аймақтың криодеструкциясы
* уақтша эндокардиальды электростимуляция
! 32 жастағы ер адамда АҚ - 230/120 мм с.б.б. және айқын тахикардия анықталды. Бірнеше жыл бойы тершеңдік, лоқсу, құсу және бас ауыруы, полиуриямен аяқталатын қорқыныш сезімкезеңді ұстамасы мазалайды.
АҚ-ның жоғарылауы немен байланысты болуы, Барынша мүмкін:
* гипертиреозбен
* +феохромоцитомамен
* Иценко-Кушинг синдромымен
* вазоренальді гипертензиямен
*созылмалы гломерулонефритпен
! Туа біткен жүрек ақауларын анықтауға төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
* өңештік электростимуляция
* селективті коронарография
* электрокардиография
* фонокардиография
*+ эхокардиография
! Перикардит кезіндегі ауыру синдромына төмендегі барлық белгілер тән, мынадан БАСҚАСЫ:
*горизонтальді қалыпта құрсақта күшеюі
* терең тыныс алғанда, жөтелгенде, жұтынғанда күшеюі
* +нитроглицерин қабылдағанда басылуы
* вертикальді қалыпта әлсіреуі
* ұзақ мерзім, бір қалыпты сипатта
! 14 айлық қыздың анасы қызының синкопе эпизодтарының бар болуына шағымданады. Анасының айтуы бойынша қызы қатты жылағанда көгеріп, «жылауға кетеді»,апное пайда болып, кейде тырысулары болатын қысқа уақытқа естен тануы пайда болады. Ұстамалардан кейін қыздың жағдайы жақсарады. Апное және синкопе кезінде Холтермен тексергенде брадикардия анықталды. Ашнер-Данини окуло-кардиальды рефлексін жүргізгенде балада үш секундқа созылатын паузаға алып келеді.
Суреттелген синкопальды жағдайдың барынша пайда болу генезі қандай?
*Катехолэргиялық
* Ортостатикалық
* Метаболикалық
*+Вазовагальды
* Психогенді
! 12 жасар қыз жылына 2-ден 4 ретке дейін болатын естен тануға шағымданады. Естен танудан бұрын қыз әлсіздік, көздің қарауытуын сезеді. Естен тану көбіне тар бөлмеде болғанда, қан көргеннен кейін, ұзақ уақыт ортостаз болғанда пайда болады. Нашатырлы спирт иіскегеннен кейін немесе өздігінен өзіне өзі келеді. Кейде отырып қалса естен тануын алдын алуы мүмкін. Стандартты ЭКГ және холтерлік мониторлеу кезінде синусты брадикардия анықталды.
Науқаста естен танудың генезі қандай?
*+Аралас
* Аритмогенді
* Вазодепрессорлы
* Кардиоингибиторлы
* Цереброваскулярлы
! Туа пайда болған толық атриовентрикулярлы бөгемесі бар 9 жасар қыз далада ойнап жатқанда есін жоғалтып алды. Бұрынырақта шағымдары болмаған.
Балаға қандай емдік шараларды жүргізу тиімдірек?
* Седативті препараттарды тағайындап, динамикада бақылау
* Инвазивті электрофизиологиялық зерттеу
* +Электрокардиостимулятор имплантациясы
* Үйде қарау, ЭКГ бақылау
* Бета-блокаторларды тағайындау
! 46 жастағы әйел адамда дене қызуы 38°С көтерілді, жүрек аймағындағы сыздап ауру сезімі, көз астындағы ісінулер, жағымсыз иіспен жабыспақ тер пайда болған. 2 апта бұрын стрептококкты инфекцияны өткерген. Объективті: «барабан таяқшалары» тәрізді саусақтар мен «сағат әйнектері» тәрізді тырнақтар. Конъюнктиваның ауыспалы аймағында Лукин дақтары. ЖСЖ-100 рет 1 мин, Аускультативті: II қабырға аралықта оң жағында және Боткин нүктесінде диастолалық шу естіледі. ЭхоКГ: аортальды клапанның жармаларында 1,5 мм қозғалмалы вегетациялар, сол қарынша гипертрофиясы.
Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған барынша тиімдірек?
*Нитраттар
*Метаболиктер
*+Антибиотиктер
* Антиоксиданттар
* Антикоагулянттар
! СЖРА(ревматизм) мен ауыратын, 42 жастағы әйел адам, ауыр жағдайда келіп түсті. Об-ті: ортопное, акроцианоз. Өкпеде көптеген дыбыссыз ылғалды сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, қолтық асты аймағына дейін берілетін, жүрек ұшында дөрекі пансистолалық шуыл. ЖСЖ-110/мин, ырғағы дұрыс емес, АҚҚ-140/90 мм сб. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, пальпацияда сезімтал, аяқтарында айқын ісінулер. Қандай дәріні Бірінші кезекте тағайындау барынша тиімді?
* Дилтиаземді
* Кордаронды
*+Лазиксті
* Эгилокты
* Изокетті
! 79 жастағы ер адам ентігуге, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, ісінулерге шағымданып түсті. Келтірілген дәрілер тобының қайсысы бұл патологияны емдеудегі негізгі (базистік) дәрілердің қатарына жатпайды?
*+Торвакардты
*Фуросемидті
*Дигоксинді
*Диротонды
*Конкорды
! 79 жастағы әйел, төс артындағы басып ауыру, баспалдақтың 1 жартысына көтерілгендегі ентігу мен жүрек тұсындағы аритмияға шағымданады. Миокард инфарктысы болған. Объективті: өкпесінде іркілмелі сырылдар, ЖЖЖ-106 рет мин. АҚ - 170/100 мм с.б. Тропонин Т – теріс, холестерин - 6,2 ммоль/л. ЭКГ: сол жақ қарыншаның алдыңғы, перде аралық, ұшы және бүйір қабырғасының тыртықты өзгерісі. ЭхоКГ: шығару фракциясы - 49,6%. Сол жақ қарыншаның алдыңғы, пердеаралық, ұшы және бүйір қабырғасында гипокинезия зонасы анықталған.
Созылмалы қан айналым жетіспеушілігін дәлелдейтін белгілерге жатуы барынша мүмкін:
*Жүрек тұсындағы ырғақ бұзылысы
*+Іркілмелі ылғалды сырылдар
*Төс артындағы басып ауыру
*ЭКГ –де тыртықтық өзгеріс
*ЭхоКГ-да гипокинезия аймағы
! Созылмалы жүрек жетпіспеушілігіне мынау БАРЫНША тән:
*+Ентігу
* Әлсіздік
* Құрғақ жөтел
* Жүрек тұсындағы ауыру сезімі
* Жүрек ырғағының бұзылыстары
! Созылмалы гломерулонефритпен науқас, 49 жастағы ер адам ауыр жағдайда жеткізілді. Кенет пайда болған ентігу мен көпіршікті күлгін қақырыққа, қорқыныш сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: ортопноэ, тыныс шулы, сыңғырлаған, өкпенің барлық үстінде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ - 28 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия -120 рет мин. АҚ - 240/140 мм сн.бғ.
Шұғыл көмек көрсету үшін келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған маңыздырақ:
*Энамды
* Изоптинді
*+Фуросемидті
* Пропранололды
* Магний сульфатын
! Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы мен жыпылтаушы аритмиямен ауыратын, 57 жастағы әйел адам, тыныштықтағы ентігуге, жүрек қағуы мен жиі жүрек соғуына, оң жақ қабырға астындағы ауырлау сезіміне, балтырдағы ісінулерге шағымданады. Үнемі дигоксин, гипотиазид қабылдайды. Соңғы 2 аптада жағдайы нашарлаған. Қанда: калий – 2,3 ммоль/л. ЭКГда: жүрешелер жыпылықтау ЖСЖ 120 рет мин. ST сегментінің корыта тәрізді ығысуы.
Науқастың жағдайының нашарлауына келтірілген жағдайлардың қайсысы барынша себеп болған?
* Гипокалиемия
* Миокард ишемиясы
* Жыпылқтаушы аритмия
* Диуретиктерді артық қолдану
*+Дигиталисті интоксикация
! Коронароангиографияны тағайындау мынада БАРЫНША тиімді:
*СЖШ декомпенсациясы
*+ЖИА үдемелілігі
* Жүрек ырғағының бұзылысы
* тұрақты стенокардияның I - II ФК
*тұрақты стенокардияның III—IV ФК
! Холтерлі мониторинг жүргізуге барлық көрсетілгендер жатады, біреуінен басқаСЫ:
*+тұрақты стенокардияның диагностикасы
* антиаритмиялық дәрілік заттардың тиімділігін бақылау
* тәуліктік жүрек ырғағы бұзылысының жиілігі мен жалпы ұзақтығын анықтау
* кардиостимулятордың жұмысын бақылау және оның жарамдылығын анықтау
* кенеттен жүректік өлім қаупі жоғары науқастарда жүрек ырғағын бағалау
! 50 - жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Науқас төс артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 90/60 мм с.б.б. ЭКГ: коронарлы қан айналымның жедел бұзылысы. Ұстамалы қарынша үстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасы ырғақты қалпына келтіру үшін изоптин, кордарон енгізген, ырғақ қалпына келмеген.
Жүрек ырғағын шұғыл қалпына келтіру мақсатында жасау БАРЫНШАтиімді:
* аблацияны
* реваскуляризацияны
* электрокардиостимуляцияны
*+электрлік кардиоверсияны
* жүрекшелердің өңеш арқылы электростимуляциясын
! 68 - жастағы ер адам, аздаған физикалық күштемеден кейін және тыныштықта мазалайтын төс артындағы басып ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Анамнезінде миокард инфарктысы. ЖЖЖ мин.- 62 рет. АҚ - 110/60 мм. с.б.б.Тропонин I-0 нг/мл. ЭКГ - созылмалы тәждік жетіспеушіліктің белгілері.
Емдеу жоспарына мынаны қосу БАРЫНША тиімді:
* кетоналды
*+кардикетті
* дигоксинді
* коринфарды
* эуфиллинді
! 67 - жастағы ер адам, төс артындағы басып, күйдіріп ауыру сезіміне шағымданады. ЖИА мен ауырғанына 10 жыл болған. Миокард инфарктысы болған.
Төмендегі тәсілдердің қайсысы БАРЫНША тиімді?
* үйдегі аурухана
* күндізгі аурухана
* жоспармен ауруханаға жатқызу
*+шұғыл ауруханаға жатқызу
* емханалық жағдайда тексеру
! 64 - жастағы ер адам, тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артындағы қысып ауыруға шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді.
Қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізген барыншатиімді?
*+ЭКГ, тропонин Т-ны
* Tl201сцинтиграфияны
* эхокг добутаминмен
* ЭКГ физикалық күштемемен
* тәуліктік ЭКГ мониторлауды
! Қабыну реакциясы, «механикалық шаршау», «асқынған атеросклероздық табақшалар» аймағындағы түйілу және ішіне қан құйылу, қандай стенокардияға тән?
* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК I
* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II
* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК III
* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК IV
*+ЖИА. Үдемелі стенокардияға
! 62 - жастағы ер адам, реанимациялық бөлімге сол қолға берілетін төс артының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсең, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 98 рет мин. АҚ – 110/70 мм с.б.б. Бауыр қабырға доғасында. Ісіну жоқ. ЭКГ: V2-V4 шықпаларында ST сегментініңэлевациясы.
Емдеу жоспарына төмендегілердің барлығын қосқан тиімді, мынадан басқасын:
* нитраттарды
* дезагреганттарды
* тромболитиктерді
* антикоагулянттарды
*+жүрек гликозидтерін
! 47 - жастағы ер адам ірі ошақты артқы диафрагмалық миокард инфарктысымен түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ- да гипокинезия аймағы анықталған.
Тромболитиктерді қандай мерзімде тағайындаған барынша тиімді:
*+алғашқы 6 сағатта
* алғашқы 24 сағатта
* екінші тәулікте
* тыртықтану кезеңінде
* жедел кезеңде
! 48 - жастағы ер адам, көпіршікті қызғылт қақырықты жөтелмен, шуылды тыныспен ауыр жағдайда жеткізілді. Өкпе үстінен қатаң тыныс фонында жайылған әртүрлі калибрлі ылғалды сырыл естіледі. ТЖ – 32 рет мин. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс, тахикардия -120 рет мин. АҚ - 240/120 мм. с.б.б.
Бұл шұғыл жағдайда төмендегі дәрілердің барлығын енгізу барынша тиімді мынадан басқасы:
* 40 мг фуросемидті көк тамырға баяу енгізу
* +120 мг преднизолон көк тамырға ағызып енгізу
* 5%-1,0 пентаминді 20 мл NaCl-мен көк тамырға енгізу
* 30 мг натрий нитропруссидін 400 мл NaCl-мен көк тамырға тамшылатып енгізу
* 10% 2–3 мл антифомсиланның спирттегі ерітіндісін ингаляциямен енгізу
! 48 - жастағы ер адам, ірі ошақты миокард инфарктысымен емделді. 2-ші тәулікте кеуде торшасындағы күшті ауыру сезімі, ентігу сезіміне аздаған қанды қақырық бөлінетін жөтел қосылуы салдарынан жағдайы шұғыл нашарлаған. ЭКГ- алдыңғы қабырғаның миокард инфарктысының жедел кезеңі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі үшбұрыш тәрізді қарайған.
Қандай асқыну дамуы барынша мүмкін?
* өкпе ісінуі
* жедел аневризма
* жүрек тампонадасы
* Дресслер синдромы
* +өкпе артериясы бұтағының тромбоэмболиясы
! 52 - жастағы ер адам, трансмуралды алдыңғы-перделік миокард инфарктысымен емделді. Аурудың 3-ші күні жағдайы нашарлап, төстің сол жиегінде ІІІ-ші қабырға аралығында систолалық шуыл және оң қарыншаның үдемелі жетіспеушілік белгілері пайда болды.
Дамыған асқыну диагностикасын нақтылауда қандай тексеру әдісін жүргізу БАРЫНША тиімді?
* ЭКГ
* ӨАЭС (ЧПЭС)
*+ЭхоКГ
* селективті коронароангиография
* кеуде қуысы торшасы ағзаларының рентгенография
! Жүрекше аралық перденің толық бітіспеуі, өкпе артериясының тарылуы, жалпы аорта және оң қарыншаның гипертрофиясы қандай патологоанатомиялық субстратты құрайды?
*+Фалло тетрадасын
* Эбштейн аномалиясын
* Лютембаш синдромын
* Эйзенменгер синдромын
* артериальдық өзекшенің бітіспеуін
! 78 - жастағы ер адам артериалды гипертензиямен ауырады. Урологта қуық асты безінің аденомасымен есепте тұрады.
Емдеу жоспарына АҚ төмендетіп, зәр шығару жолдарының тарылуын азайтуға төмендегілердің қайсысын қосқан БАРЫНША тиімді?
* урегитті
* эсмололды
*+кардураны
* нолипрелді
* верапамилді
! Фебрильді қызба, «Ослер» түйіндері, «Рот» дақтары, екі және одан да көп сынамада тұрақты бактеремия, жылжымалы вегетациялар қайсыған БАРЫНША тән:
* Абсцеске
* Пневмонияға
* Перикардитке
*+Инфекциялық эндокардитке
* Ревматикалық емес миокардитке
! Жұқпалы эндокардит емінің негізгі емдеу ұстанымдарына барлығы жатады, мынадан басқасы:
* емнің ұзақтығы 4-6 аптадан кем емес
*+дене қызуы толық қалпына келгенде емді тоқтату
* консервативті ем тиімсіз болған жағдайда хирургиялық ем көрсетіледі
* гломерулонефрит, васкулит кезінде глюкокортикоидтарды тағайындау
* қанда бактерицидты антибиотиктердің жоғарғы концентрациясын жасау
! 73 жастағы ер адам, реанимация бөліміне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауыру сезімі ауруханаға дейінгі кезеңде жойылды. Объективті: тері жамылғылары сұрғылт, суық жабысқақ термен жабылған. Өкпеде- іркілісті сырылдар. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: V2-V6 шықпаларында ST сегментінің депрессиясы.
Жедел жүрек жетіспеушілігінің белгілерін жою үшін мынаны БІРІНШІ кезекте енгізу барынша тиімді:
* лазиксті
* изокетті
*+допаминді
* промедолды
* тромбофлюксті
! 46 - жастағыер адам жедел коронарлық синдром диагнозымен аруханаға түскен. Төс артындағы күйдірген, тағамнан қабылдаған және физикалық күш түскеннен кейін, денесін төмен еңкейткенде пайда болатын ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГ-да: V1-V3 шықпаларында Т тісшесі теріс. Тәуліктік өңешішілік рН – метрияда өңеш рН-ы 3,5.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* эзофагиттің
* q тісшесіз инфаркттың
* тұрақсыз стенокардияның
* өңештің диффузды тарылуының
*+гастроэзофагальды рефлюксті аурудың
! 67 - жастағы әйел соңғы аптада күшейген төс артындағы ауыру сезіміне шағымданады, нитроглицерин әсері төмендеген. ЭКГ-да: ST сегменті 1,5 мм жоғарылаған.
Бірінші кезекте қандай зерттеу әдістерін қолданған барынша тиімді?
* жалпы қан анализін
* гемостазды зерттеуді
*+тропонин деңгейін анықтауды
* трансаминаза деңгейін анықтауды
* қанның жеделфазалы көрсеткіштерге анализін
! Кардиологиялық бөлімшеге төс артындағы күшті күйдіріп ауыру сезімімен 78 жастағы науқас жеткізілді. Обективті: тері жамылғысы – сұрғылт, суық тер басқан. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ - 110 рет минутына, АҚ - 30/20 мм с.б.б. ЭКГ: II, III, aVF, V2-V6 шықпаларында ST сегментінің элевациясы.
Төмендегі асқынулардың қайсысы дамуы БАРЫНША мүмкін?
* өкпе ісінуі
*+кардиогенді шок
* өкпе артериясының тромбоэмболиясы
* эпистенокардиялық перикардит
* сол қарыншаның жедел аневризмасы
! 34 жастағы әйел жүрек аймағындағы сыздаған ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Об-ті: еріндеріндері көгерген, мойын тамырларының пульсациясы. Жүрек шекарасы солға 3,5 см ұлғайған. Жүрек ұшында I үн әлсіреген, өкпе артериясында II үннің акценті. I нүктеде қатаң, үрлмелі систолалық шуыл. ЖСЖ -112 рет мин. АҚ-140/80 мм с.б.б.
Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* солжақ атриовентрикулалық саңлаудың стенозының
* үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігінің
* қарынша аралық перденің ақауының
*+митральді қақпақшаның жеткіліксіздігінің
* қолқа сағасының стенозының
! 26 - жастағы ер адам дене қызуына, қалтырауға, тершеңдікке, құрсақтың сол жақ бөлігіндегі ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: конъюктиваның өтпелі қабықшасында петехия, тырнақ астында сызықты геморрагия.
Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
* коагулограмма
* қанның жалпы анализі
*+қанды гемокультураға егу
* қанның биохимиялық анализі
* зәрдің жалпы анализі
! Постинфаркты кардиосклерозбен 74 жастағы әйелді бір сағаттан көп изокет-спреймен әлсіз басылатын кеуде артындағы ауыру сезімі; жүрек тұсындағы ырғақты бұзылыстар, жүрек қағу, ентігу мазалайды. ЭКГда: жүрекше фибрилляциясы ҚЖЖ шамамен 140/мин. STV2-V4 депрессиясы.
Аритмия пароксизмін басу үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* обзидан
* дигоксин
* лидокаин
*+кордарон
* верапамил
! Созылмалы алкоголизммен ауыратын 54 жастағы ер адамды жүрек тұсында ұзақ сыздаған ауыру сезімі, жүктемеде ентігу, жүрек ырғағының бұзылыстары, аяқтарындағы ісінулер мазалайды. Объективті: ТАЖ – 32/мин, өкпесінде майда көпіршікті сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған, аритмиялық, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ 50/мин. АД - 90/60 мм сб.б. ЭКГда: АВ – бөгеме I дәрежесі, политопты қарыншалық экстрасистолалар.
Көрсетілген медикаментозды емес тағайындаулардың қайсысы емдеу соңына БАРЫНША нәтижелі әсер етеді?
* тәулігіне 1,0-2,0 дейін сұйықтықты шектеу
* калий және магний ем дәмін тағайындау
* физикалық жүктемені шектеу
* тұзды шектеу
*+алкоголдан бас тарту
! 38 жастағы ер кісіні 1,5 жыл ентігу, оң қабырға астында ауырсыну, аяқтарында ісіну мазалайды. Об-ті: өкпеде ылғалды дыбыссыз сырылдар; жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ – 100/мин, бауыр қабырға астынан 3 см төмен пальпацияланады; балтыры пастозды. ЭхоКГ: жүрек қуыстарының кеңеюі, митральді клапанның салыстырмалы жетіспеушілігі. Лақтыру фракциясы = 44%.
Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы науқастың физикалық жұмыс қабілетін бағалауға және жүрек жетіспеушілігінің функциональді класын анықтауға БАРЫНША мүмкіндік береді:
* спирография
* тредмил-тест
* велоэргометрия
*+алтыминутты жүріс тесті
* жүректің өңеш арқылы стимуляциясы
! 42 жастағы ер адам алдыңғы жайылған Q-миокард инфарктын өткерді. Ауыру сезімін басқаннан кейін төсек режимін және дәрігер нұсқауларын сақтамады. Қарап тексергенде: анық прекардиальді пульсация IV сол жақ қабырға аралықтан анық естіледі, «суып қалған ЭКГ», сол қарыншаның ішкі контурының тұрақты систолалық және диастолалық деформациясы анықталды.
Осы клиникалық көрініс қандай жағдайға БАРЫНША тән?
* миокард дискинезиясы
* миокард гипокинезиясы
* сол қарынша дилатациясы
*+сол қарыншаның нағыз аневризмасы
* сол қарыншаның динамиялық аневризмасы
! Артериальды гипертензиямен ауыратын 65 жастағы ер адамды күш түскенде ангинозды ауру сезімінің пайда болуы мазалайды. ауру ұстамасы кезінде ЭКГда ишемия анықталды. Науқасты емдеу жоспарына келесіні қоқан барынша тиімдірек:
* Престариум, Верошпирон
* Физиотенз, Празозин
*+Конкор, Амлодипин
* Кардикет, Коринфар
* Тев етен, Фуросемид
! 52 жастағы ер адам 150-200 м жүргенде және баспалдақпен бір қабатқа көтерілгенде сол қолға берілетін, изокет-спреймен басылатын, төс артындағы күйдіріп ауыратын сезімге шағымданады. Об-ті: жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, бірен-сараң қарыншалық экстрасистолалар. ЭКГ-да – сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Стандартты терапия тағайындалынған, бір айдан кейін стенокардия толық басылған.
Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы физикалық күштемеге толеранттылықтың жоғарлауын анықтау үшін БАРЫНША информативті?
* Сцинтиграфия
* Рентгенография
*+Велоэргометрия
* Коронарография
* Электрокардиография
! Инфаркт миокардын өткерген 78 жастағы әйел баспалдақпен бір қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы басып ауыратын сезімді, ентігуді, жүрек соғысы мен аритмияны, бас айналуды байқаған. Объективті: өкпеде іркілісті ылғалды сырылдар, аяқтарында ісінулер. Жыпылықтаушы аритмия қарыншалардың жиырылу жиілігі 106 рет/мин. АҚ - 170/100 мм с.б.
Көрсетілген препараттардың қайсысы «ұрлау» синдромына мен коронарлы ағыстың нашарлауына БАРЫНША алып келуі мүмкін?
* Капотен
* Небилет
*+Эуфиллин
* Фуросемид
* Кардиомагнил
! Инфаркт миокардын өткерген 68 жастағы ер адам аздаған физикалық күштемеде және тыныштық жағдайда пайда болатын төс артындағы басып ауыратын сезімге, ентігуге шағымданады. Об-ті: ЖСЖ – 62 рет мин. АҚ – 110/60 мм с.б. ЭКГ-да – созылмалы коронарлы жетіспеушілік белгілері. Тропонин I - 0 нг/мл.
Көрсетілген препараттардың қайсысын антиангинальді мақсатпен тағайындау БАРЫНША оптимальді:
* Изоптинді
* Кетоналды
* Аспиринді
* Аналгинді
*+Кардикетті
! Бұрынырақта инфаркт миокардын басынан өткерген 58 жастағы ер адам ентігу және түнде болатын тұншығу ұстамалары шағымдарымен ауруханаға жатқызылды. Қараған кезде: жүрек тондары тұйықталған , ЖСЖ 64 мин. ЭКГ тәуліктік мониторлау барысында миокардтың ауру сезімсіз ишемиясы эпизодтары, «R на T» типтегі ерте жиі қарыншалық экстрасистолалар анықталған. Холестерин 4,2 ммоль/л, қандағы қант 5,1 ммоль/л, ПТИ 96%; ЭХОКГ: сол қарынша қуысы кеңейген, қарыншааралық пердеде гипокинезия зоналары ,лақтырыс фракциясы 42%.
Миокард ишемиясының ауру сезімсіз формасы келесі аталғандардың қасысының дамуына алып келеді:
* Лақтырыс фракциясының жоғарылауына
* Дислипопротеидемияға
*+Кенет өлімге
* Гиперкоагуляцияға
* Гипергликемияға
! Атеросклероз бойынша қауіп тобына кіретін 42 жастағы ер адамда ең алғаш рет аналгетиктермен басылатын төс артында қысқан тәрізді қарқынды ауру сезімі пайда болды. ЭКГ: Миокардтың алдыңғы қабырғасының ишемия белгілері, сол қарыншаның гипертрофиясы. Коронароангиографияда сол коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық бұтағының 85% стенозы анықталды.
Емдік тактиканың ең қолайлысын таңдап алыңыз:
*+Стенттеу
* Трансплантация
* Баллонды ангиопластика
* Аорто-коронарлы шунттау
* Маммарлы-коронарлы шунттау
! 76 жастағы ер адам сол қолға берілетін төс артындағы ауру сезіміне, жүрек тұсының қағып кетуіне, ентігуге шағымданады. Қараған кезде: өкпеде іркілісті сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған,ритмі ырғақсыз,бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. АҚ – 100/70 мм с.б.б. ЭКГ: жүрекше фибрилляциясы ҚСЖ 140 мин. Созылмалы коронарлы жеткіліксіздіктің белгілері.
Негізгі терапияға аталған препараттардың қайсысын қосуға болады?
* Тромболитиктер
* Антиоксиданттар
* Кардиопротекторлар
* Кальций антагонистері
*+Жүрек гликозидтері
! 56 жастағы әйел күндіз дайындалған тамақты қолдануымен байланыстыратын кенетен эпигастрийдегі ауырсыну мен жүрек айнуына шағымданады. Өздігімен асқазанын жуып, одан кейін жағдайының тіпті нашарлауын байқаған. Об-ті: жағдайы ауыр, терісі бозғылт, суық терімен қапталған. Жүрек тондары тұйықталған, бірлі-жарым экстрасистолиялар. ЖСЖ – 118 рет мин. АҚҚ-80/60мм с.б.б. Ішінің пальпациясында эпигастрий аймағы керілген. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF монофазды қисық.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты. Экстрасистолия I топ. Лаун бойынша.
* Q тісшелі алдыңғы-қалқалық миокард инфаркты. Рефлекторлы гипотензия.
* Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты. Гиповолемиялық шок.
*+Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты . Кардиогенді шок.
* Q тісшелі артқы-бүйірлі миокард инфаркты. Кардиогенді шок.
! 73 жастағы ер кісіде коронарлы ағымның үштамырлы зақымдалуы бар 73 жастағы ер кісіде актилизені ендірген соң ангинозды ауырсыну сақталған, қарыншалық тахикардия қайталануда, стенокардия ұстамалары қайталануда. Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?
* Қайталамалы тромболизис
* Тері арқылы әрекет(вмешательство)
*+Аорто-коронарлы шунттау
* Консервативті терапияны жалғастыру
* Антиаритмиялық препараттарды қосымша тағайындау
! Көрсетілген белгілердің қайсысы миокард инфарктісінің резорбционды-некротикалық синдромына БАРЫНША жатуы мүмкін:
* Ентігу
*+Қызба
* Гипотония
* Жүрек тондарының әлсіреуі
* Галопты протодиастолалық ырғақ
! ААФ ингибиторлар тобының препараттарының нефропротективті эффектісіне не жатады :
* Бүйрек каналшалары клеткаларының эпителиальды пролиферациясы
* Мезангиальды матрикс синтезінің жоғарылауы
*+Бүйрек тостағаншалары афферентті артериолалардың вазодилатациясы
* Бүйрек тостағаншалары афферентті артериолалардың вазоконстрикциясы
* Тостағанша капиллярларында гидравликалық қысымның жоғарылауы
! 33 жастағы науқас Ж., кардиологиялық бөлімшеге есінен танумен жүретін жүрек қағысына шағымданып жеткізілді.Об-ті: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ – 88 мин. АҚҚ – 90/60 мм. с.б.б. ЭКГ: STV2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ болып табылады?
* Ұйқы артериясының ультрадыбыстық допплерлік зерттеуі
* Бас миының магнитті-резонансты томографиясы
* +ЭКГ Холтерлік мониторлеу
* Коронароангиография
* Эхокардиография
! 73 жастағы ер кісі, 2 жыл бұрын жайылмалы миокард инфарктын алған, кезеңдік бас айналуына, есінен тануына, кенеттен пайда болған жүрек соғысының жиіленуіне шағымданады. Тәуліктік ЭКГ мониторлеуінде синусты брадикардия фонында қарыншаүстілік тахикардияның және өтпелі синоатриальді блокаданың дамуы анықталды.
Науқаста көрсетілген патологияның қайсысы БАРЫНША дамуы мүмкін?
* Синусты брадикардия
* Синоатриальді блокада
* +Синус түйінінің әлсіз синдромы
* Тахикардии - брадикардии синдромы
* Суправентрикулярлы тахикардия пароксизмі
! Ревматикалық миокардит пен ревматикалық емес миокардитті ажырату диагностикасын жүргізу үшін барынша тән:
* Лейкоциттер мен ЭТЖ ның деңгейінің ұзақ және тұрақты жоғарлауы
*+Антистрептококкты антиденелердің жоғарғы титрі
* Трансаминаз белсенділігінің жоғарлауы
* Жеделфазалы белоктардың жоғарлауы
* Тропониндердің деңгейінің жоғарлауы
! 30 жастағы ер адам инъекциялы наркоман, қызбаға, қалтырауға, қатты тершеңдікке, денедегі бөртпелерге шағымданады. Объективті: терісі сарғыш-бозғылт, дене температурасы 390С, жабысқақ тер. Кеуде клеткасының алдыңғы бетінде геморрагиялы петехиальды бөртпелер, тырнақ астында сызықты геморрагиялар, білек және табанның ұсақ буындарының ассиметриялық ісінуі және гиперемиясы. Қаннан ішек таяқшасы себілді.
Аталған антибактериальды препараттардың қайсысы таңдамалы препарат болып табылады?
*+Имипинем
* Флуконазол
* Ванкомицин
* Цефтриаксон
* Бензилпенициллин
