Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Testy_dlya_TD.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437.76 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА БОЙЫНША №1 ТЕРАПИЯ КАФЕДРАСЫ

ДӘРІГЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ КҮРДЕЛІ ДИАГНОЗ ЭЛЕКТИВІНЕН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

Күрделі диагноз элективі бойынша емтихан тапсыруға арналған тесттік тапсырмалары Тыныс алу жүйесінің аурулары (40)

! Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің БАРЫНША мүмкін қоздырғышы:

* +кандидалар

* эхинококтар

* аспергиллалар

* микоплазмалар

* ішек таяқшалары

! Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат сілікпесі (желесі) тәрізді, иісі күйген ет тәрізід, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «араның ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш болуы БАРЫНША мүмкін:

* хламидия

*+ клебсиелла

* микоплазма

* гриптің вирусы

* ішек таяқшалары

! 38 жастағы ер адамда, 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке.

Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

1) өкпе рагінің

2) жедел бронхиттің

3) +ошақты пневмонияның

4 ) крупозды пневмонияның

5) өкпенің ошақты туберкулезінің

! 16 жасар техникум оқушысында, суықтанудан дене қызуы көтеріліп, кеуде торшасындағы күйдіру сезімі, жасыл-сарғыш түсті, қиын бөлінетін қақырық, ұстама тәрізді қалжырататын жөтел, әлсіздік, бас және бұлшық еттердегі ауыру сезімі, суықты көтере алмау (суықта кенет аяқ башпайылары және қолдың саусақтарының ұштарында ауыру сезімі) пайда болды. Топта бірнеше адамның ауырғаны анықталды. Физикалық тексергенде оң жақтың төменгі бөлігінде қатаң тыныс, бірен-саран сырылдар естіледі. Қанның иммуноферментті анализінде аурудың жасушаішілік қоздырғышы анықталды.

Төмендегі қоздырғыштардың қайсысы ауруды шақыруы БАРЫНША мүмкін:

* +хламидия

* клебсиелла

* пневмококк

* стафилококк

* көк ірің таяқшасы

! 67 жастағы созылмалы алкоголизммен ауыратын және темекіні көп шегетін ер адам, суықтағаннан кейін ауыр жағдайда кеуде торшасының сол жағындағы ауыру сезіміне, шырышты - іріңді қақырықпен жөтел, айқын ентігуге шағымданып түсті. Қараптексергенде: науқас мазасыз, тері жабындылары жер түстес. ТЖ - 36 рет мин. Сол жақ өкпенің жауырын астында ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ - 104 рет мин. АҚҚ – 110/70мм.с.б.б. Рентгенде – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде массивті инфильтрация анықталады.

Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

* миокардиттің

* өкпе артериясы эмболиясының

*+ тыныс жеткіліксіздігінің

* инфекциялы - токсикалық шоктың

* ересектердің респираторлы дистресс - синдромына

! 72 жастағы ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын ер адам, өте жоғары дене қызуы критикалық түскенде кенеттен әлсіреп, басы айналып, құлағы шуылдап, жүрегі айнып, лоқсу пайда болды. Объективті: ер адам бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер,ЖСЖ – 120 рет мин, жіп тәрізді пульс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ – 80/50мм.с.б.б..

Науқас жағдайының кенет нашарлауының себебі болуы БАРЫНША мүмкін:

* сепсистің

* кардиогенді шоктың

* +өкпе артериясының тромбоэмболиясының

* инфекциялық -токсикалық шоктың

* жедел респираторлы дистресс-синдромның

! 28 жастағы әйелде плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* +құрғақ плевриттің

* плевра эмпиемасының

* жедел пневмонияның

* экссудативті плевриттің

* бронхоэктаз ауруының

! 48 жастағы әйелді, 50 мл көлеміндегі шырышты- іріңді қақырықты жөтел, дене қызуының 38оС дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың өршуі жиілеген. Өкпеде тынысы әлсіз, барлық өкпе беткейінен құрғақ және ылғалды әртүрлі көлемдегі сырылдар естіледі.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* пневмония

* өкпе туберкулезі

* бронхоэктазды ауру

*+ созылмалы іріңді бронхит

* созылмалы катаральды бронхит

! 25 жастағы әйел жанұялық дәрігерге шырышты - іріңді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, дене қызуының 37оС көтерілуіне шағымданып қаралды. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Жауырын аралық аймақтың сол жағынан құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Науқастың 8-10 апталық мерзімді жүктілігін ескерсек, қандай емді тағайындаған БАРЫНША тиімді:

* гентамицинді

*+ ампицилин

* азитромицин

* доксициклин

* ципрофлоксацинді

! 55 жастағы ер адам кезеңді тұншығу ұстамасы, айқын ентігу, қиын бөлінетін шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарап тексергенде: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» белгілері оң, кеуде торшасы «бөшке тәрізді». Перкуссияда: қорап реңді өкпелік дыбыс, аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс.

Қандай дерттің дамуы Барынша мүмкін?

* пневмонияның

* пневмоторакстың

* жедел бронхиттің

* +өкпе эмфиземасының

* созылмалы бронхиттің

! Бронх демікпесінің ұстамасы мен демікпелік статустың бастапқы кезеңін салыстырмалы диагноз жүргізгендегі барынша сенімді белгі:

* айқын цианоз

* мәжбүрлік қалып

* +бета 2 агонисттерге рефрактерлік

* экспираторлық тұншығудың ауырлығы

* эуфиллинді көк тамырға енгізудің тиімсіздігі

! ӨСОА–ның маңызды ажырату диагностикалық белгісі болуы БАРЫНША мүмкін:

* экспираторлық диспноэ

* қақырық бөлінетін жөтел

* қорапты сипатты өкпелік дыбыс

* +жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция

* құрғақ сырылды және тыныс шығарудың ұзаруымен сипатталатын везикулалық тыныстың әлсіреуі

! 65 жастағы ер адам, қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. 15 - жыл бойы бронхоөкпелік дертпен ауырады. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен тыныс шығарудың ұзарғаны естіледі.

Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* пневмонияның

* бронх демікпесінің

* бронхоэктазды ауруының

* созылмалы іріңді бронхитттің

* +созылмалы обструктивті бронхиттің

! 67 жастағы ер адам, қиын бөлінетін шырышты - іріңді қақырықты жөтел, физикалық жүктемеден кейін күшейетін ентігу, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Тәулігіне 20 данаға дейін темекі шегеді. Аускультацияда: тыныс шығарудың ұзаруы мен әлсіз тыныс фонынды жайылған құрғақ сырылдар, оң жақтағы жауырын асты аймағында ылғалды - майда көпіршікті сырылдар естіледі. Осы жерде перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталады. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде өлшемі 1-2 см болатын көптеген инфильтративті көлеңкелер анықталады. Лейкоциттер - 14 мың. ЭТЖ – 22 мм/сағ.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* созылмалы іріңді бронхиттің, өршу сатысы

* ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесінің, өршу сатысы

* бронх демікпесінің, орташа ауырлықта, өршу сатысы

* бронх демікпесі, орташа ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігі пневмониясының

*+ ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесі, өршу сатысы. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясының

! 62 жастағы ӨСОА, тыныс жеткіліксіздігі, екіншілік эритроцитоз, декомпенсациялы өкпетекті жүрекпен ауыратын ер адамда, төс артындағы ауыру ұстамасы дамыды. Қарап тексергенде: ТЖ - 18 рет мин., ЖЖЖ - 100 рет мин., АҚҚ - 120/80 мм.с.б.б.

Қандай препаратты тағайындау тыныс жеткіліксіздігінің күшеюіне әкелуі БАРЫНША мүмкін?

* изокетті

* аналгинді

* +морфинді

* баралгинді

* нитроглицеринді

! ӨСОА-мен ауыратын науқастың негізгі базисті емі болуы БАРЫНША мүмкін:

* оксигенотерапия

* антибактериальды ем

* тыныс жеткіліксіздігін реттеу

* муколитикалық, мукорегуляторлық ем

* +бронхолитиктерді жүйелі қолдану

! Бронхоэктаздық аурумен ауыратын ер адамда, күшті жөтелден кейін кенеттен оң жақ кеуде торшасында ауыру сезімі мен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: тыныс алғанда кеуде торшасының сол жақ бөлігінің қалыңқылығы мен қабырғааралық ісінуі, перкуторлы – тимпанит анықталды.

Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

* ателектаз

* +пневмоторакс

* өкпе инфарктысы

* өкпе эмфиземасы

* экссудативті плеврит

! 46 жастағы ер адам, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде торшасының оң жақ бөлігіндегі сыздап ауыру сезімі мен көп мөлшердегі жағымсыз иісті, іріңді қақырықты жөтелге шағымданады. ТЖ мин.-26 рет. Оңжақ өкпенің жоғарғы бөлігі үстінде амфоралық тыныс. Рентгенде: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде қуыс анықталды.

Келтірілген жағдайда төмендегі тәсілдердің қайсысы БАРЫНША тиімді:

* плазмаферез курсы

* өкпе бөлігінің резекциясы

* ампициллин инъекциясы

* левофлоксацин инфузясы

* +моксифлоксацинді қуыс ішіне енгізу

! 38 жастағы әйел, ентігу, құрғақ жөтел, тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. 3-ай бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарап тексергенде: мойын, қолтық, шап лимфа түйіндері 1,5 см дейін ұлғайған және ауырмайды. Кеуде торшасы терісінде түйінді эритема. Қанда: ЭТЖ – 35мм/сағ; АЛТ - 128 Б/л, АСТ - 78 Б/л, жоғарылаған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* +саркоидоздың

* өкпе амилоидозаның

* ауруханадан тыс пневмонияның

* фиброздаушы альвеолиттің

* оң өкпенің ошақты туберкулезінің

! 65 жастағы ер адамда 3 жыл бұрын жедел инфарктымен ауырған. Ентігуі біртіндеп үдеген. Кеуде торшасында ауру сезімсіз плевральді жалқық, қызба және қан анализдерінде өзгерістер анықталды.

Жалқықтың пайда болу себебі болуы БАРЫНША мүмкін:

* +іркілісті жүрек жеткіліксіздігі

* жүйелі қызыл жегі

* инфаркттан кейінгі синдром

* өкпе туберкулезі

* өкпе инфарктысы

! Кенеттен пайда болған кеуде торшасындағы ауыру сезімі, үдемелі ентігу, цианоз, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, кенет тыныстың әлсіреуі мынаған БАРЫНША тән:

* плевритке

* пневмонияға

* +пневмотораксқа

* миокард инфарктысына

* қабырғааралық невралгияға

! Аяқтың терең веналарының тромбофлебитімен ауыратын науқаста кенеттен ентігу, қан жолақтары аралас жөтел, жүрек қағуы, айқын әлсіздік дамыды.

Дамыған жағдайдың себебі болуы БАРЫНША мүмкін:

* спонтанды пневмоторакс

* бронх демікпесінің ұстамасы

* тыныс жолдарындағы бөгде зат

* өкпе артериясының ауалы эмболиясы

* +өкпе артериясы бұтақтарының тромбоэмболиясы

! 60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын ер адамда, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер.

ЭКГ-да мына белгінің анықталуы БАРЫНША мүмкін:

* қарыншаішілік бөгемелер

* солжақ қарынша гипертрофиясы

* солжақ жүрекше гипертрофиясы

* +оңжақ қарынша гипертрофиясы

* Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі

! Тромбофлебитпен ауыратын әйелде, тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауыру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үнінің акценті.

Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын БІРІНШІ кезекте қосқан жөн:

* антибиотиктерді

* бета-блокаторларды

* +антикоагулянттарды

* кортикостероидтарды

* АПФ ингибиторларын

! Емханаға 16-жаста ұл бала қызбаға, демалғанда кеудедегі күйдіру сезіміне, қиын бөлінетін жасыл-сары түсті қақырықпен күшті ұстамалы жөтелге, бұлшықеттердегі ауырсынуға, бас ауыруна, әлсіздікке шағымданып келді. Суықтағаннан кейін кенеттен ауырды. Өкпесінде қатқыл тыныс, оң жақта жауырын астында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.

Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* жедел бронхит

* жедел ларингит

* +ауруханадан тыс пневмония

* бронхоэктаз ауруы

* жедел респираторлық вирустық инфекция

! Көп жылдардан бері бронхиальды демікпемен ауыратын 58 жастағы ер адамды соңғы кезде жүректің шалыс соғуы, ентігуі мазалайды. Қарағанда, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің IIБ, 3 ФК белгілері анықталды. ЭКГ-де -жыпылықтаушы аритмиясы.

Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын қосу БАРЫНША тиімді?

* атенолол 25 мг күніне

* фуросемид 40 мг күніне

* верошпирон 25 мг күніне

*+ дигоксин 0, 025 мг күніне

* изоптин 20 мг 3 рет күніне

! 50 жастағы ер адамда бронхиальды демікпенің өршуіне байланысты, преднизолон күніне 60 мг тағайындалды. Бір аптадан кейін тұншығу ұстамасы жойылды, бірақ, эпигастриий аймағында ауырсыну, қыжылдау, ауызға қышқыл дәм келу пайда болды.

Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* жылдам преднизолонды алып тастау

* преднизолонды парентеральді тағайындау

* препараттың сол дозасын қалдыру, бірақ аралығын бірнеше күнге созу

* преднизолонның тәуліктік дозасын 15 мг-ға дейін азайтып, маалокс қосу

*+омепразол мен ингаляциялық кортикостероидтар тағайындап, преднизолонды біртіндеп тоқтату

! 28 жастағы ер адамда, дене қызуының 38˚С-қа жоғарылап; кілегейлі қақырықпен жөтел, әлсіздік пайда болған. Суықтағаннан кейін кенеттен ауырды. Объективті: өкпеде бронхиальдытыныс, сырыл жоқ. Зерттеу жүргізгенде: лейкоциттер - 9,5 мың, ЭТЖ- 20 мм/с.

Қандай диагноз болуыБАРЫНША мүмкін?

* +жедел бронхит

* жедел ринофарингит

* созылмалы бронхит, өршу

* ауруханада тыс түбір маңы пневмониясы

* өкпенің созылмалы обструктивті ауруының I дәрежесі, өршу кезеңі

! Өкпенің«бұлыңғыр айна» және «ұялы өкпе» рентгенологиялық симптомдары төменде көрсетілген аурулардың қайсысына БАРЫНША тән?

* өкпе рагіне

* өкпе ателектазына

* 2 жақты пневмонияға

* спонтанды пневмотораксқа

* +идиопатиялық фиброздаушы альвеолитке

! 43 - жастағы әйел дене қызуының 38,5˚С-қа жоғарылауына, тізе және шынтақ буындарындағы ауырсынуға; үдемелі ентігуге шағымданады. Қараған кезде түйінді эритема анықталды. Рентгенограммада өкпенің әдеттегі мөлдірлігі фонында екі жағындада түбір маңының лимфа түйіндері элипс түрінде үлкейген. Жүргізілген антибактериальды терапия нәтиже бермеді.

Төменде келтірілген диагноздың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* +саркоидоз

* туберкулез

* актиномикоз

* альвеококкоз

* пневмокониоз

! 29-жастағы ер адам, құрғақ жөтелге, ентігуге, сол жақ кеудесінің ауырсынуына, дене қызуының субфебрильді деңгейге дейін жоғарылауына, түнгі мезгілдегі тершеңдікке шағымданада. Ауырғанына 1,5 айдайболған. Объективті: ТЖ - 24 минутына. Қарағанда кеуденің сол жағы тыныс алғанда қалыңқы, сол жақ жауырын астында перкуторлы дыбыс тұйықталып, дауыс дірілі әлсіреген. Аускультацияда плевраның үйкеліс шуылы естіледі, ЖСЖ минутына – 98 рет. Қан анализінде: лейкоциттер 9,8 мың, эозинофилдер - 5, базофилдер – 1, таяқшаядролылар – 5, сегментядролылар - 37, лимфоциттер - 52%.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* плевра эмпиемасы

* хилезды плеврит

* плевраның мезотелиомасы * уремиялық плеврит

* +туберкулезді плеврит

! Анамнезінде, пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лейкоцитоз лимфоцитопения, пневмонияның қандай түріне БАРЫНША тән:

* хламидиялық

*+легионеллездік

* микоплазмалық

* пневмококктық

* стафилококктық

! 47 жастағы қантты диабетпен ауыратын және пневмониямен емделіп жүрген әйел қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. ТЖ -32 рет мин. ЖЖЖ -108 рет мин. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14, сегмент ядролы -52, лимфоциттер - 34, ЭТЖ – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. ЭхоКГ зерттеуде қақпақшалар өзгермеген.

Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

*+сепсистің

* инфекциялық эндокардиттің

* инфекциялық-токсикалық шоктың

* жедел тыныс жеткіліксіздігінің

* жедел респираторлық дистресс-синдромының

! 65 жастағы ер адам, 3 жыл бұрын миокард инфарктысымен ауырды. Үдемелі ентігуге шағымданады. Тексергенде: ЭТЖ-65 мм/сағ. Рентгенологияда плеврада жалқық анықталды. Пункция жасағанда 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра қуысында қайтадан сұйықтық жиналғаны анықталды.

Диагнозды нақтылауға берілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті:

* компьютерлік томография

* трансбронхиальды пункция

* онкомаркерлерге тексеру

* магнитті резонансты томогрфия

*+экссудатты цитологиялық зерттеу

! 35 жастағы ер адам, 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы беротекпен басылады, гормонға тәуелді. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде: тыныштықтағы ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар.

Төменде келтірілген тәсілдердің қайсысы барынша тиімді?

* эуфиллин к/т

* теофиллин per os

*+преднизолон к/т

* вентолин небулайзер арқылы

* беротекпен ингаляцияны жалғастыру

! Таңертеңгі уақытта иісі жағымсыз шырышты - іріңді қақырықтың көп бөлінуі (ауыз толтыра) БАРЫНША қайсысына тән:

* тотальды пневмонияға

* кавернозды туберкулезге

*+бронхоэктаздық ауруға

* өкпе рагының қуысты түріне

* созылмалы іріңді бронхитке

! Кәсіптік канцерогендерге жатуы БАРЫНША мүмкін:

*+асбест

* бензин

* қорғасын

* кремний

* марганец

! Өкпе ісінуіне тән жөтелдің барынша тән сипатын таңдаңыз:

*+сырылды, көп мөлшерде алқызыл, көбікті қақырықпен

* үзілмелі, «үрмелі», ауыз толтыра шығатын қақырық

* ұстама тәрізді, құрғақ, ауыр сезімді, өте күрделі түрі

* құрғақ, күрт қиналатын

* сырылды, үнсіз

! 44 жастағы ер адам, түнде тұншығу ұстамасына, құрғақ жөтелге, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінде: бала кезінде жиі бронхит; мезгілдік поллиноз; цитрустарға, шоколадқа, жануарлардың жүніне аллергиясы бар. Қараған кезде кеуде қуысы эмфизематозды; саусақтары «барабан таяқшасы» тәрізді, тырнақтары «сағат айнасы» тәрізді. Диагнозды анықтау үшін төмендегі зерттеу тәсілдерінің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді?

* бронхоскопия

* бронхография

*+пикфлуометрия

* кеуде ағзаларының рентгенографясы

* кеуде ағзаларының компьютерлік томографиясы

! 22 жастағы студентте, ЖРВИ мен ауырғаннан кейін іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38,5˚С-қа жоғарылауы, әлсіздік пайда болды. Объективті: өкпедегі тыныс қатаң, уілдеуші бірлі жарым сырылдар естіледі. Зерттеу жүргізгенде: лейкоциттер - 9,7 мың, эритроциттер - 4,5 млн, Нb – 160 г/л, ЭТЖ - 22 мм/с.

Төменде көрсетілген дәрілер қосындыларының қайсысын емдеу жоспарына қосу БАРЫНША тиімді?

*+ампициллин, лазолван

* эуфиллин, карбоцистеин

* химотрипсин, фенотерол

* бромгексин, преднизолон

* ампициллин, гидрокортизон