
- •1.«Қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат», «техногенді қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер.
- •2. «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері» пәнінің міндеттерін құрастырыңыз.
- •3. «Төтенше жағдайлар» түсінігін ашыңыз. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптерін атаңыз.
- •4. Ақ түсінігіне анықтама беріңіз. Ақ және тж құрылымы мен міндеттері қандай.
- •5.Табиғи қауіптерге сипаттама беріңіз: боран, дауыл, найзағай. Қауіп төнген кездегі қауіпсіздік шаралары.
- •6. Сел, су басу, сырғыма, қар көшкініне, олардың пайда болу себептеріне сипаттама беріңіз.
- •7. Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға түсінік беріңіз (хламидиоз, трихомоноз, гонорея, сифилис, гепатит в,с, герпес, уреоплазмоз, кандилома, және т.Б.) және олардың қауіпсіздік шаралары қандай.
- •8. Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары қандай.
- •9. Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы жайлы айтыңыз (не істеу керек және не істемеу керек?)
- •10. «Жер сілкінісі» анықтамасына түсінік беріңіз, оның пайда болу себептері.
- •11. Жер сілкінісінің сипаттамаларына анықтама беріңіз: жер сілкінісінің ошағы, гипоцентрі, эпицентрі, толқындар.
- •12. Жер сілкінісінің магнитудасы және қарқындылығы, оның өлшем бірліктеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Жер сілкінісі кезінде көшеде, үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпті жерлерді атаңыз.
- •14. Әлеуметтік апаттарды атаңыз және оларға түсініктеме беріңіз.
- •15. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсініктерге сипаттама беріңіз.
- •16. Апат кездегі халықты эвакуациялауды ұйымдастыру және оларды жүргізу шараларын атап беріңіз.
- •17. Халықтың жеке қорғаныс құралдарын атап көрсетіңіз және оларға сипаттама беріңіз.
- •18. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын атаңыз және оларға сипаттама беріңіз (панаханалар, радиациядан қорғайтын орындар)
- •19. Дезактивация, дегазация, дезинфекция, дезинсекция, түсініктеріне анықтама беріңіз. Тж-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу қалай жүзеге асырылады.
- •20. Тж аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру шараларын атап көрсетіңіз.
- •21. «Шу» мен «дірілдің» анықтамасы, адам ағзасына тигізетін әсеріне сипаттама беріңіз олардың қауіпті әсерінен қалай қорғануға болады.
- •22. Лазерлі, инфрақызыл сәулеленулеріне түсінік беріңіз және олардан қорғану шаралары қандай?
- •23. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері, қорғану жолдары жайлы түсінік беріңіз.
- •24. Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау, тж кезінде халықты көшіру (эвакуация) және қоныстандыру қалай іске асатынын түсіндіріңіз.
- •25. Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану жолдарын түсіндіріңіз.
- •26. Компьютердi, ұялы телефонды қолданғандағы зиянды факторларды және олардан қорғану шараларын атаңыз.
- •27. Сәулелі ауруға сипаттама беріңіз (пайда болу себептері, сипаттамалары).
- •28. Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •29. Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс- әрекетін сипаттаңыз.
- •30. Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •31. Халықтың су, сел тасқыны кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •32. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •33. Халықтың химиялық қауіпті заттардың қоршаған ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •35. Радиациялық зақымдану аймағында йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •36. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •37. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі карантин мен обсерватория қалайша өткізіледі.
- •38. Бұлшық етке ине салу техникасын түсіндіріңіз.
- •39. «Жарақат» түсінігіне анықтама беріңіз. Жарақат түрлеріна сипаттама беріңіз. Жарақатты өңдеу қалай жүзеге асырылады.
- •40. «Десмургия» түсінігіне анықтама беріңіз, таңу түрлері және оның ережелерін атаңыз. Таңғыш материалы, Жеке таңу пакеті жөнінде түсінік.
- •41. Артериалық қысымды өлшеу техникасын түсіндіріңіз және ол не үшін өлшенеді.
- •42. Уақытша қан тоқтату әдістерін атаңыз ((саусақпен басу, таңу, жгут салу, бұрама салу, аяқ-қолды бүгу, т.Б.)
- •43. Саусақпен басу арқылы уақытша қан тоқтату нүктелерін атаңыз
- •44. Қан кету түрлері және қан кеткенде тоқтату әдістерін сипаттаңыздар
- •45. Артериялық қан кеткен кездегі уақытша қан тоқтату әдісін сипаттаңыз.
- •46. Сүйек сынған кездегі алғашқы көмекті түсіндіріңіз.
- •47. Реанимация әдістерін (жүрек массажы, өкпені жасанды үрлеу). Түсіндіріңіз.
- •48. Клиникалық өлім мен биологиялық өлім белгілерінің айырмашылығын атаңыз.
- •49. Жүрек массажы техникасын сипаттаңыздар.
- •50. Өкпені жасанды үрлеу техникасын сипаттаңыздар.
- •51. Суға батқан адамға алғашқы көмек қалай жасалатынын түсіндіріңіз
- •52. Күю мен үсу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін атаңыз
4. Ақ түсінігіне анықтама беріңіз. Ақ және тж құрылымы мен міндеттері қандай.
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі жалпы мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу-мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі.Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Азаматтық қорғаныс туралы 1997ж 7 мамырдағы ҚР заңымен белгіленген. Азаматтық қорғаныс-бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты,ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс республикалық және жергілікті деңгейде шешіледі. Азаматтық қорғаныста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ерекше орын алады. Ал біздің сұрағымыз сол техногенді төтенше жағдайға байланысты болып табылады. Себебі өнеркәсіп обьектілеріндегі төтенше жағдайлар дәл осы техногенді сипатқа тән.1996жылы 5 шілдедегі «Техногендік сипаттағы (өнеркәсіп орындарындағы) төтенше жағдайлар туралы»ҚР заңы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі республика аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.Ал АҚның құрылымына келер болсақ, АҚның аумақтық және обьектілік құрылымы болады. АҚның аумақтық құрылымы облыс,қала,аудан әкімдерінің шешімдерімен,ал обьектілік құрылымдар ұйымдарының АҚбасшыларының бұйрықтарымен құрылады.АҚ обьектілік құрылымына: барлаушы буын, құтқару командасы,инженерлік команда, санитарлық дружина, қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ, өрт сөндіру командасы, байланыс командасы, қоғамдық тәртіпті қорғау командасы, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б.кіреді. АҚ штабы→АҚбастығы→ АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары: байланыс↔қоғамдық тәртіпті сақтау; авариялық - техникалық ↔ қорғаныс ғимараттарына қызметкөрсету;тамақтандыру мен сауда↔РҚ және ХҚҚ;т.б. Азаматтық қорғаныс негізгі қызметтері:басқару, хабарлау және дамыту, қолдау;тж кезінде АҚ күштерін құру; халықты оқыту ; радиациялық, химиялық, бактериологиялық ахуалды қадағалау; ақ құрамаларын даярлау; кешенді шаралар ұйымдастыру;АҚ мүлігін жинау; азықты, суды, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, биологиялық зақымданудан
5.Табиғи қауіптерге сипаттама беріңіз: боран, дауыл, найзағай. Қауіп төнген кездегі қауіпсіздік шаралары.
Табиғи қауіп - бүл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болатын жағдай. Та биғи қауіп түрлері: 1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған өрт). 2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі). 3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу). 4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығысуы).
Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді.
Дауыл – бұл үлкен көлемді, жылдамдығы сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны.
- жақындап келе жатқан табиғи зілзала туралы хабарлау дабылдарымен, адамдарды қорғау тәсілдері және ғимараттардың (имараттар) қатты жел мен дауылдың суды айдауы әсеріне төзімділігін жоғарылату туралы; - дауыл, боран және құмды бұрқасын, құйын болған кездегі адамдардың әрекеті туралы ережелермен; - дауылдар, құйындар, дауылдың суды айдауы, қарлы, құмды құйындардың салдарын жою тәсілдерімен, құралдарымен, сонымен қатар қираған ғимараттар мен имараттардың астында қалған, зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерімен; - жақындағы жертөлелер, ықтар мен неғұрлым мықты төзімді ғимараттарда сіздің отбасыңыз, туыстарыңыз бен көршілеріңіз паналайтын орындармен; - қауіптілігі жоғары аймақтардан ұйымдастырылған көшіру кезіндегі шығу жолдары мен орналастыру аудандарымен; -Өзіңіздің елді мекеніңіздегі АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі әкімшілік пен комиссиясының мекенжайлары мен телефондарымен. Дауыл туралы дабылды естігеннен кейін келесі әрекеттерге көшіңіз: шатырды, пеш және желдету құбырларын бекіту; -шатыр жайларының терезелерін бекіту (тақтайдан жасалған қалқандармен, шарбақтармен немесе қаңылтырмен), балкондар мен аула аумағын өрт қауіпті заттардан босату; - қауіпсіз аудандарға көшіру жағдайына 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен су және өзі жанатын жарық көздерін (фонарьлар, керосин шамдары) дайындау; - жеңіл құрылыстарынан неғұрлым мықты құрылыстарға немесе азаматтық қорғаныстың қорғау имараттарына көшіңіз.
Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд.[1] Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз.Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз.