
- •1.«Қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат», «техногенді қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер.
- •2. «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері» пәнінің міндеттерін құрастырыңыз.
- •3. «Төтенше жағдайлар» түсінігін ашыңыз. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптерін атаңыз.
- •4. Ақ түсінігіне анықтама беріңіз. Ақ және тж құрылымы мен міндеттері қандай.
- •5.Табиғи қауіптерге сипаттама беріңіз: боран, дауыл, найзағай. Қауіп төнген кездегі қауіпсіздік шаралары.
- •6. Сел, су басу, сырғыма, қар көшкініне, олардың пайда болу себептеріне сипаттама беріңіз.
- •7. Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға түсінік беріңіз (хламидиоз, трихомоноз, гонорея, сифилис, гепатит в,с, герпес, уреоплазмоз, кандилома, және т.Б.) және олардың қауіпсіздік шаралары қандай.
- •8. Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары қандай.
- •9. Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы жайлы айтыңыз (не істеу керек және не істемеу керек?)
- •10. «Жер сілкінісі» анықтамасына түсінік беріңіз, оның пайда болу себептері.
- •11. Жер сілкінісінің сипаттамаларына анықтама беріңіз: жер сілкінісінің ошағы, гипоцентрі, эпицентрі, толқындар.
- •12. Жер сілкінісінің магнитудасы және қарқындылығы, оның өлшем бірліктеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Жер сілкінісі кезінде көшеде, үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпті жерлерді атаңыз.
- •14. Әлеуметтік апаттарды атаңыз және оларға түсініктеме беріңіз.
- •15. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсініктерге сипаттама беріңіз.
- •16. Апат кездегі халықты эвакуациялауды ұйымдастыру және оларды жүргізу шараларын атап беріңіз.
- •17. Халықтың жеке қорғаныс құралдарын атап көрсетіңіз және оларға сипаттама беріңіз.
- •18. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын атаңыз және оларға сипаттама беріңіз (панаханалар, радиациядан қорғайтын орындар)
- •19. Дезактивация, дегазация, дезинфекция, дезинсекция, түсініктеріне анықтама беріңіз. Тж-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу қалай жүзеге асырылады.
- •20. Тж аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру шараларын атап көрсетіңіз.
- •21. «Шу» мен «дірілдің» анықтамасы, адам ағзасына тигізетін әсеріне сипаттама беріңіз олардың қауіпті әсерінен қалай қорғануға болады.
- •22. Лазерлі, инфрақызыл сәулеленулеріне түсінік беріңіз және олардан қорғану шаралары қандай?
- •23. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері, қорғану жолдары жайлы түсінік беріңіз.
- •24. Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау, тж кезінде халықты көшіру (эвакуация) және қоныстандыру қалай іске асатынын түсіндіріңіз.
- •25. Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану жолдарын түсіндіріңіз.
- •26. Компьютердi, ұялы телефонды қолданғандағы зиянды факторларды және олардан қорғану шараларын атаңыз.
- •27. Сәулелі ауруға сипаттама беріңіз (пайда болу себептері, сипаттамалары).
- •28. Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •29. Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс- әрекетін сипаттаңыз.
- •30. Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •31. Халықтың су, сел тасқыны кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •32. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •33. Халықтың химиялық қауіпті заттардың қоршаған ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •35. Радиациялық зақымдану аймағында йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •36. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •37. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі карантин мен обсерватория қалайша өткізіледі.
- •38. Бұлшық етке ине салу техникасын түсіндіріңіз.
- •39. «Жарақат» түсінігіне анықтама беріңіз. Жарақат түрлеріна сипаттама беріңіз. Жарақатты өңдеу қалай жүзеге асырылады.
- •40. «Десмургия» түсінігіне анықтама беріңіз, таңу түрлері және оның ережелерін атаңыз. Таңғыш материалы, Жеке таңу пакеті жөнінде түсінік.
- •41. Артериалық қысымды өлшеу техникасын түсіндіріңіз және ол не үшін өлшенеді.
- •42. Уақытша қан тоқтату әдістерін атаңыз ((саусақпен басу, таңу, жгут салу, бұрама салу, аяқ-қолды бүгу, т.Б.)
- •43. Саусақпен басу арқылы уақытша қан тоқтату нүктелерін атаңыз
- •44. Қан кету түрлері және қан кеткенде тоқтату әдістерін сипаттаңыздар
- •45. Артериялық қан кеткен кездегі уақытша қан тоқтату әдісін сипаттаңыз.
- •46. Сүйек сынған кездегі алғашқы көмекті түсіндіріңіз.
- •47. Реанимация әдістерін (жүрек массажы, өкпені жасанды үрлеу). Түсіндіріңіз.
- •48. Клиникалық өлім мен биологиялық өлім белгілерінің айырмашылығын атаңыз.
- •49. Жүрек массажы техникасын сипаттаңыздар.
- •50. Өкпені жасанды үрлеу техникасын сипаттаңыздар.
- •51. Суға батқан адамға алғашқы көмек қалай жасалатынын түсіндіріңіз
- •52. Күю мен үсу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін атаңыз
27. Сәулелі ауруға сипаттама беріңіз (пайда болу себептері, сипаттамалары).
Бұл иондаушы сәуле әсерінен организмнің зақымдануынан болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруы төрт дәрежеге бөлінеді: бірінші дәреже 200 «Р» дозасын алғанда пайда болады, екінші дәрежелі сәуле ауруы ағза 300—400 «Р» сәуле дозасын алса, үшінші дәрежелі ауру — 500—600 «Р» дозасында және төртінші, ең ауыр дәрежесі 600 «Р» дозасынан асқанда сәуле ауруына душар етеді. Сәуле ауруы дамуының төрт кезеңібар. Біріншіі кезең — алғашқы реакция кезеңі — алынған сәуле дозасынабайланысты орталық нерв жүрек-қан тамыр жүйелерінің қызметтері өзгеруімен қатар, қан қүрамында уақытша ақ түйіршіктер көбейіп, СОЭ арта түседі. Өте көп иондаушы сәуленің дозасы шок туғызып, соның салдарынанадам есін жимай өліп кетуі мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі 1—2 сағаттансоң байқалып 48 сағатқа дейін созылады. Содан соң екінші сәуле ауруы кезеңі басталады. Екінші кезең — аурудың білінбейтін кезеңі — екі аптаға дейін созылады. Клиникалық көрініс азды-көпті жөнделіп қан құрамы қалпына келеді. Үшінші кезең тұсында —- адамның жалпы жағдайы әлсірейді, қанталауы айқындалып, сүйек майының қан түзетін қызметі төмендейді. Ауру асқынғанда ішек-қарын жолы ағзаларының қызметі де ерекше зақымдалады: лоқсу, құсужиіленеді. Ауыз қуыс кілегей қабығында желіну, жара және ісік пайда болады. Ішкі бездер қызметі тәмендеп, ағзаның реакция туғызу қабілеті нашарлайды. Жалпы әлсіздік басталып, инфекция ошақтарының белсенділігі артады. Төртінші кезеңде — алынған сәуле дозасы онша көп болмаса, ағза айыға бастайды. Болмаса сырқаттың созылмалы түріне ауысады
28. Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс-әрекетін сипаттаңыз.
Өндіріс орындарындағы өрт кезінде әр қызметкердің бірінші міндеті болып материалды бағалы заттар мен адамдарды құтқару болып табылады. Өрт шыққан кезде әр қызметкер міндетті:
1. бірден 01 телефонына звондап, жақын маңдағы өрт сөндіруші мекемеге өрт туралы хабарлау және жоғарғы мекемеге, басқармаға жағдайды айту. 2. мекемеден адамдарды шығаруда қолынан келетін іс-әрекеттерін аямау. Адамдарды шығаруды еңт алдымен өрт басталған ғимараттан, содан кейін өрттің таралу қаупі бар ғимараттардан шығару керек. 3. эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру.
4. эвакуциямен қатар шама келгенше өз күшімен және ғимаратта бар өрт сөндіргіш заттармен өртті сөндіруге ат салысу.
5. шақырылған өрт сөндірушілердің бастығына болған жайды дұрыс түсіндіріп бере алатын адамды дайындау.
өрт шыққан жерге жақындау жолдарын;
өрт гидранттарының орналасуын;
жанып, түтінденіп жатқан ғимараттан адамдардың бәрі эвакуация жасалды ма және қай ғимараттарда тағы адамдар бар екендігін.
Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы – сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Қажетті заттарыңызды жинаймын немесе қоңырау шаламын деп ғимаратта бөгеліп қалмаңыз. Егер сіздің айналаңызда заттар, бөлшектер құлап жатса жедел парта немесе столдың астына заттардың құлауы тоқтағанша тығылып қалыңыз, содан кейін тез арада ғимараттан шығуға тырысыңыз. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпіті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберкпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз. Ғимараттан сонымен қатар терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз. Бұл үшін киіммен немесе затпен бұлғаңыз