
- •1.«Қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат», «техногенді қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер.
- •2. «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері» пәнінің міндеттерін құрастырыңыз.
- •3. «Төтенше жағдайлар» түсінігін ашыңыз. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптерін атаңыз.
- •4. Ақ түсінігіне анықтама беріңіз. Ақ және тж құрылымы мен міндеттері қандай.
- •5.Табиғи қауіптерге сипаттама беріңіз: боран, дауыл, найзағай. Қауіп төнген кездегі қауіпсіздік шаралары.
- •6. Сел, су басу, сырғыма, қар көшкініне, олардың пайда болу себептеріне сипаттама беріңіз.
- •7. Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға түсінік беріңіз (хламидиоз, трихомоноз, гонорея, сифилис, гепатит в,с, герпес, уреоплазмоз, кандилома, және т.Б.) және олардың қауіпсіздік шаралары қандай.
- •8. Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары қандай.
- •9. Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы жайлы айтыңыз (не істеу керек және не істемеу керек?)
- •10. «Жер сілкінісі» анықтамасына түсінік беріңіз, оның пайда болу себептері.
- •11. Жер сілкінісінің сипаттамаларына анықтама беріңіз: жер сілкінісінің ошағы, гипоцентрі, эпицентрі, толқындар.
- •12. Жер сілкінісінің магнитудасы және қарқындылығы, оның өлшем бірліктеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Жер сілкінісі кезінде көшеде, үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпті жерлерді атаңыз.
- •14. Әлеуметтік апаттарды атаңыз және оларға түсініктеме беріңіз.
- •15. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсініктерге сипаттама беріңіз.
- •16. Апат кездегі халықты эвакуациялауды ұйымдастыру және оларды жүргізу шараларын атап беріңіз.
- •17. Халықтың жеке қорғаныс құралдарын атап көрсетіңіз және оларға сипаттама беріңіз.
- •18. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын атаңыз және оларға сипаттама беріңіз (панаханалар, радиациядан қорғайтын орындар)
- •19. Дезактивация, дегазация, дезинфекция, дезинсекция, түсініктеріне анықтама беріңіз. Тж-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу қалай жүзеге асырылады.
- •20. Тж аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру шараларын атап көрсетіңіз.
- •21. «Шу» мен «дірілдің» анықтамасы, адам ағзасына тигізетін әсеріне сипаттама беріңіз олардың қауіпті әсерінен қалай қорғануға болады.
- •22. Лазерлі, инфрақызыл сәулеленулеріне түсінік беріңіз және олардан қорғану шаралары қандай?
- •23. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері, қорғану жолдары жайлы түсінік беріңіз.
- •24. Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау, тж кезінде халықты көшіру (эвакуация) және қоныстандыру қалай іске асатынын түсіндіріңіз.
- •25. Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану жолдарын түсіндіріңіз.
- •26. Компьютердi, ұялы телефонды қолданғандағы зиянды факторларды және олардан қорғану шараларын атаңыз.
- •27. Сәулелі ауруға сипаттама беріңіз (пайда болу себептері, сипаттамалары).
- •28. Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •29. Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс- әрекетін сипаттаңыз.
- •30. Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •31. Халықтың су, сел тасқыны кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •32. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •33. Халықтың химиялық қауіпті заттардың қоршаған ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •35. Радиациялық зақымдану аймағында йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •36. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •37. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі карантин мен обсерватория қалайша өткізіледі.
- •38. Бұлшық етке ине салу техникасын түсіндіріңіз.
- •39. «Жарақат» түсінігіне анықтама беріңіз. Жарақат түрлеріна сипаттама беріңіз. Жарақатты өңдеу қалай жүзеге асырылады.
- •40. «Десмургия» түсінігіне анықтама беріңіз, таңу түрлері және оның ережелерін атаңыз. Таңғыш материалы, Жеке таңу пакеті жөнінде түсінік.
- •41. Артериалық қысымды өлшеу техникасын түсіндіріңіз және ол не үшін өлшенеді.
- •42. Уақытша қан тоқтату әдістерін атаңыз ((саусақпен басу, таңу, жгут салу, бұрама салу, аяқ-қолды бүгу, т.Б.)
- •43. Саусақпен басу арқылы уақытша қан тоқтату нүктелерін атаңыз
- •44. Қан кету түрлері және қан кеткенде тоқтату әдістерін сипаттаңыздар
- •45. Артериялық қан кеткен кездегі уақытша қан тоқтату әдісін сипаттаңыз.
- •46. Сүйек сынған кездегі алғашқы көмекті түсіндіріңіз.
- •47. Реанимация әдістерін (жүрек массажы, өкпені жасанды үрлеу). Түсіндіріңіз.
- •48. Клиникалық өлім мен биологиялық өлім белгілерінің айырмашылығын атаңыз.
- •49. Жүрек массажы техникасын сипаттаңыздар.
- •50. Өкпені жасанды үрлеу техникасын сипаттаңыздар.
- •51. Суға батқан адамға алғашқы көмек қалай жасалатынын түсіндіріңіз
- •52. Күю мен үсу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін атаңыз
16. Апат кездегі халықты эвакуациялауды ұйымдастыру және оларды жүргізу шараларын атап беріңіз.
Эвакуация – адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық кұндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде қауіпсіз жерге көшіру.Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналастырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілерімен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді. Эвакуацияланатын халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады.
Көшіру кезінде бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл адамдар өздерімен бірге ең алдымен құжаттар алу керек, одан кейін киім және тамақ алу керек. Жалпы көшіру кезінде өзімен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар: куәлік(паспорт), әскери билет,еңбек кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом,неке және балалардың тууы туралы куәлік пен ақша. Заттар мен азық-түлік мөлшері оны алып жүретін адамға шақ болуы тиіс. Көлік құралдарымен көшіру кезінде бірге алып жүретін мүлік пен азықтың жалпы салмағы әрбір адам үшін 50-кгнан аспауы тиіс.Ал жаяу жүрген кезде ол әрбір адамның төзімділігіне орай айтарлықтай аз болуы тиіс. Барлық заттар мен азық-түлік тағамдары арқа қапшыққа, қапқа, сөмкелерге, шабадандарға буып салынуға тиіс.Жаяу жүрген кезде оларды алып жүруге ыңғайлы болуы үшін арқа қапшық пен зат салатын қапшыққа салған дұрыс. Жүк пен азық салынған әрбір қапшыққа адамның аты-жөні, тегі, тұрақты мекен-жайы және соңғы барар нүкте жазылған белгі тігіледі. Көшірудің бір түрі уақытша көшіру – бұл ТЖ туындаған немесе қауіп төнген жағдайда халықты қауіпті аймақтарынан қауіпсіз орындарға көшіру. Қоғамыздың өмір сүру деңгейі өзгерді, осыған орай, халықты қауіпті аймағынан көшіру жұмысын ұйымдастыру және уақытша тұрғын орындарымен қамтамассыз ету мақсатымен қонақ үйлердің басшыларына ТЖ туындаған жағдайда көшірілген халыққа уақытша баспана ұсыну, сонымен қатар қауіпсіз аймақтарында орналасқан арнайы – орта және жалпы білім беру оқу орындарының басшыларына көшірілген халықты қабылдау және орналастыру. Табиғи дүлей зілзаладан зардап шеккен шаршаған және де алаңдап ашуланған адамдарды уақытша орналастыру орындар базасында құрылған мекеме басшыларының қамқорлығы және жарқын қарсы алуы – уақытша тұру баспаналарға жайғастырудың қиындықтарын жеңу шарттарының бірі.