Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.3 Кб
Скачать

18Ғ. Қазакстан. Қазақтардыц е. Пугачев көтерілісіне катысуы.

18г. 50-жж.патша үкіметі Солтүстік-Шығыс Қазақстанды бекіністер мен шептермен қоршады. Қамалдар қыспағында қалған қазақтардың көшіп-қонатын жерлері тарыла бастады. Жайықтың, Есілдің, Торғайдың, Ертістің бойындағы көшпелі халыққа отарлық езгінің қаупі төнді. Ресей басшыларының көздеген мақсаты: шүрайлы жерлерден қазақтарды ығыстыру, жерсіз казак-орыстарды осы аймақтарға отырғызу. Петербург басшыларының арнайы нүсқаулары бойынша - 1756ж. Жайық жагасына жақын жерлерге мал жаюга алғаш рет тиым салынды. 1757ж. желтоқсанда Кіші жүз ханы Нұралыга қазақтарға Жайықтан мал айдап өтуге тиым салынгандығы жөнінде шешім тапсырылды. Бүл қазақтардың наразылығын тудырды. Еділ мен жайық бойыңдағы Е. Пугачев бастаған 1773-75жж. Шаруалар соғысына орыс, башқұрт, татар, Орта жэне Кіші жүз қазақтары қатысты. Көтерілістің алгышарттары: Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы шүрайлы жерлерді орыс помещикгеріне бөліп беру, жазалаушы отрядтардың ойрандауы, Жайық бойына патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы. Қазақ шаруаларының жэне жекелеген феодалдарының көтеріліске қатысуына түрткі болған - жер>мәселесі. 18ғ. бОжж. қазақтарға бекіністерге жақындауға тиым салуы наразылықты өршітті. Кіші жүздің ірі аксүйектері - Ералы, Досалы, айшуақ сүлтаңдар, Нүралы хан көтерілісті қолдады. Қазак жігіттері пугачев эскерімен бірге Жайық бекінісін қоршауға, Кулагин бекінісін алуга, Орынборды қоршауға қатысты. 1775ж. Пугачев көтерілісі элсіреп, кіші жүзде патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы қозғалыстың ірі ошағы қалыптасты. 1773-75жж. көтерілістің маңызы: орыс және қазақ шаруаларын біріктірді, С. Датүлы бастаган көтерілістің шыгуын тездетті. Көтерілістің нэтижесі: қысқы уақытга Жайық, Еділ өзендері, Каспий теңізі, Ертістің оң жағалауындағы жайылымдарды пайдалануга рүқсат берілді.

С. Датүлы бастаған көтеріліс:себебі, сипаты, нэтижесі(1783-97жж.).

Көтерілістің алғышарттары: Кіші жүзде хандық биліктің элсіреуі, ақсүйектердің бір бөлігінің патша саясатын қолдамауы, Кіші жүзді басқаруға әкімшілік өзгерістердің енгізілуі, орыс помещиктері мен жайық казактарының зорлық-зомбылығы. Көтерілістің басты қозғаушы күштері: қарапайым көшпелілер жэне апатша қысымына қарсы би, батырлар. Көтерілістің басты мақсаты: ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына

келтіру, Орал казактарының қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлыгына шек қою. Көтерілістің басшысы-байбақты руынан шыққщ, Сщтыр, шешен С. Датұлы(1742-1802жж.). Ол Пугачев әскерінде қазақ жасағын басқарган. 1783ж. Желтоқсанда Сырымның Орал казактарымен ашық күресі басталады.1785ж. Көтерілісті басуға генерал-майор Смирновтың тобы жіберіледі. 1785ж. Күзде Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылданады, билер мэжілісінде патша үкіметіне Нұралының ұрпақтарын билікке жолатпау жөнінде талап қояды. Осымен қозгалыстың бірінші кезеңі аяқталады. 1790ж. Нү-ралы Уфаға жер аударылып, соңда қайтыс болады. Сырымның мақсаты хандық билікті жойып, билердің билігін орнату болды. Көтерілістің нэтижесі: 1801ж. қазақтарға Жайықтың оң жағына мал жаюға рұқсат берілді, Кші жүзде хан кеңесі құрылды, оны Айшуақ сұлтан басқарды, сырым кеңес кұрамына кірді. Тарихи маңызы: ірі халықгық қозғалыс, ең ұзақ көтеріліс, руаралық қайшылықтардың қазақтар үшін тиімсіздігін көрсетгі, патша үкіметінің басты отаршыл саясатының бетін ашты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]