
- •Қазақстан тарихы пәні,максаты, міндеттері, деректері мен тарихнамасы.
- •17Ғ. Қазақ хандыгы. Тәуке хан(1680-1715жж.).
- •18Ғ. Қазакстан. Қазақтардыц е. Пугачев көтерілісіне катысуы.
- •18Г. Халықаралық қатынастар. Абылай хан(1771-81экж,).
- •1822-1824Жж. Жарғылар.
- •1869-70Жж. Ұлт-азаттық көтерілістер.
- •19Ғ. II жартысында - 20ғ. Басында Қазақстанда капиталистік қатынастардың қалыптасуы.
- •1971-85Жж.Қазақстан.
- •19Ғ. II жартысы мен 20ғ. Демографиялық жагдай.
Қазақстан тарихы пәні,максаты, міндеттері, деректері мен тарихнамасы.
Жер шарында тарихсыз халық жоқ. Адам өмір сүрген жерде тарих бар. Өткенді білсең осы заманды игеру оңай, ал болашақты бағдарлау жеңіл. Тарихтың негізі пэні адамның, елдің рухь? бблу керек. Тарихты оқытудың мақсаты тек тарихи оқиғалармен, фактілермен таныстыру гана емес, сондай-ақ адамның рухын тэрбиелеу болып табылады. Міндеті қазақстандық патриотизм мен үлттық намыс қалыптастыру. Біздің бүгінгі әлемде әрбір халықтың тарихи өткен шағы саяси тартыстағы таразы іспеттес, халықтардың, мэдениеттер мен мемлекеттердің мүдделері қақтығысып қалган жағдайда соған жүгінеді. Өз тарихын білмеген ел қоршаған біркелкіліктің арасында жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан тарихынан кең көлемді дерек көздері бар. Оларды- археологиялық, ауызша, жазбаша, этнографиялық деп бөлуге болады.Археологиялық деректер: қару-жарактар, еңбек қүралдары, ыдыстар, архитектуралық ескерткіштер; этнографиялық: салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, наным-сенімдер; ауызша: жырлар, хисса-дастандар, аңыздар; жазбаша: көне түрік жазбалары(Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары), көне грек жазбалары(Герадот, Страбон еңбектері), парсы деректері("Авеста"), көп кездесетіні қытай(Сыма Цян) және орыс(П. И. Рычков, А.И. Левшин, В.В. Бартольд, В.В. Радлов) деректері. Орыс деректері негізінен күнделік, жол жазбалары, статистикалық есеп ретГнде болып келеді. Қазақстанның объективті тарихын жасауда ауызша тарихнаманың (шежіре) маңызы өте жоғары. Өйткені ХХғ. 1-жартысына дейін жазбаша эдебиет көшпелілер қоғамында елеулі рөл атқарған жоқ. Кеңестік тарихнама тарихты материалистік түргыдан түсінуді үстады. Ол тарихшылардан партиялық принципті қатаң сақтауды талап етті.
Бүгінгі күнде тарихи білім орасан зор қоғамдық сипат ала бастады. ХХг. 90-жж. бастап Қазакстан тарихы бойынша орасан көп жаңа оқулықтар мен оку күралдарының пайда болуымен сипатталады.
Тас дэуіріндегі Қазақстан.
Тас дэуірі- адамның және адам болмысының басты қасиеттерінің қалыптасу кезеңі. Тас ғасыры бірнеше кезеңнен түрады: палеолит (ерте тас ғасыры)205-2млн. жыл бүрын басталып-б.з.д. 12 м.ж. аякталады. Ол өз кезегінде ерте, орта, кейінгі палелит деп бөлінеді; Мезолит (орта тас ғасыры) б.з.д. 12-6м.ж. қамтиды; Неолит (жаңа тас гасыры) б.з.д. 6-4 м.ж.. Тас дәуірінен қола дәуіріне өтпелі кезеңэнеолит (мыс-тас ғасыры) б.з.д. 3 м.ж. қамтиды. Алғашқы мемлекеттер мен жазудың пайда болуына дейінгі тарих кезеңі алғашқы қауымдық құрылыс немесе "тарихқа дейінгі" кезең деп аталады. Тас дэуірінде, шамамен миллион жыл бұрын, адамдар Қазақстан территориясын мекендей бастады.Ол кездегі табиғат қазіргіден ете езгеше болды. Қазақстан фаунасының негізгі түрлері мамонт, мүйізтұмсық, үңгір аюы т.б. Болды. Бүкіл тас ғасыры бойы климат жагдайы күрт өзгеріп тұрды. Қазақсганда палеолит мэдениетінің екі таралу аймағын көрсетуге болады: Сарыарқа мен Қаратау жотасы. Еңбек құралдары негізінен түрлі формадағы дерекі және үлкен шапқыштар. Біртіндеп анагұрлым кішірек жэне едэуір жақсы еңделген құралдарға-микролиттерге кешу байқалады. Палеолитте адамдар отты пайдалануды үйренді. Аңшылық бұл кезеңнің басты шаруашылыгы болды. Палеолит дэуірінің археологиялық ескерткіштері: Оңтүстік Қазақстанда - Бөріқазған, Тэңірқазган, Қарасу, Ш. Уэлиханов ат. тұрақ, Ащысай тұрақтары; Орталық Қазақстанда - Құдайкел, Обалысай, Мұзбел, Батпақ, Қарабас; Шығыс Қазақстанда - Қозыбай, Қызылсу, Шульбинка, Қанай; Батыс Қазақстанда - Сарытас, Аққыр. Кейінгі палолитте қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдар ұйымының алғашқы түрі - аналық рулық қауым қалыптаса бастады. Мезолит дэуірінің археологиялық ескерткіштері: Солтүстік Қазақстанда - Мичурин, Дүзбай, Селетин, Ерейментау; Орталық Қазақстанда -Әкімбек, Қарағанда-15 тұрақтары. Ерекшеліктері: климат жылынып мұз еруі басталады, ірі жануарлар азаяды, садақ, бумеранг, балық аулау құралдары, қайық жасалды. Жануарлар қолға үйретілді. Неолит дэуірінің ескерткіштері: Оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір, Шығыс Қазақстанда - Нарым, Қызылсу, Солтүстік Қазақстанда - Қаратомар, Ботай, Батыс Қазақстанда - Шатпақкел, Қулсары, Орталық Қазақстан - Қосқұдық, Ырғыз, Солтүстік-батыс Қазакстан - Мақанжар, Түдцыкөл, Аманкелді. Кезеңдер ерекшелігі: экономикалық жэне қогамдық ерлеу басталды, яғни жабайы жануарларды қолға үйретіп, жер өңцеу мен мал шаруашылыгымен айналысу қалыптасты, ол "неолит революциясы" деп аталады, қыш ыдыстар жасау, тігін тігу, кен ендіру. Бұл кезең тас еңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді,жонуды, жылтыратып тегістеуді үйренді. Мыс, алтын, қорғасын ендірді. Жерлеу дәстүрінде өзгерістер болып мэйітті өртеу (кремация) қалыптасты. Тайпалар мен тайпалық одақтар қүрылды.
Қола дэуірі.
Б.з.д. 2 м.ж. басында Қазақстан территориясында мал шаруашылығын, егіншілікті жэне жоғары дамыған металлургияыы біріктірген өзіндік комплексті шаруашылық қалыптасты. Бүл дэуірде Қазақстан даласын,Онтүстік Сібірді жэне Орал аймагын шығу тегі жағынан ұқсас, езіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мэдениетгің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Андронов селосына байланысты бүл кезеңді андронов мэдениеті деп атау қабылданды (1914ж.). Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы - Орталық Қазақстан. Бүл өңірден 30-дан астам елді мекен, 150-дей қорымдар табылған.Осы кезеңде тайпалар қола бұйымдарды өндіру ісін игерді. Қола - мыс пен қалайының қоспасы(90+10пайыз). Қола қүралдар таза мысқа караганда қатты,әрі еткір болды. Металлургия мен мал шаруашылығының басым дамуы өндірістің ерлеуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, қоғамдық өмірдегі езгерістерге экелді. Қола дэуіріндегі негізгі шаруашылық, біртіндеп кешпелілікке айнала бастаған бақташылық болды. Қола дэуірінің алғашқы кезеңінде табында ірі қара мал басым болса, қозғалыстың ұлғаюына байланысты ұзақ жолга тезімді қой мен жылқының үлесі көбейді. Мал шаруашылығы экстенсивті болды. Сонымен катар кетпенді егіншілік дамыды. Өзен, көл жағалауларында тары, арпа, бидай есірді. Аңшылық, балықшылык қосалқы роль атқарды. Өндірістің басты саласының бірі металл өңдіру, металл бұйымдар, қару-жарақ күю
болды.
Қола дәуіріндегі шаруашылықтың дамуы қоғамның азық-түлікпен, түлыну бүйымдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуіне, артық өнімнің пайда болуына, айырбастың кеңеюіне, башпяктың көбеюіне эсер етгі. Бүл элеуметтік қүрылымның өзгеруіне экеліп соқты. Қоғамда ерлердің ролі жоғарылады. Мүліктік теңсіздік қалыптасып, тайпа ақсүйектерінің ішінен көсемдер бөлініп шыкты. Жеке меншік қалыптасып,еңбекті қанау пайда болды. Мәдениеті: Тамғалытас, Теректі эулие тастарынан табылған орасан зор сурет галереялары бар. Оларда согыс арбалары, садақшылар, гүрыптық билер бейнеленген. Андроиовшылар отқа табынған, оны осы кезеңдегі өлікті өртеу гұрпынан білуге болады. Діни сенімдердің үстем үлгісі ата-баба аруағына сыйыну болды. Антропологиялық сипаты жағынан - еуропалық нэсіл. Тілі - үнді- ирандық. қрла дәуірінде алғашқы қауым ыдырап патриархалды-рулық қатынастар қалыптасты. Археологиялық ескерткіштері: Орталық Қазақстан - Ақсу
- Аюлы, Алгабас, Шығыс Қазақстан - Трудникова, Малокрасноерка, Оңтүстік Қазақстан - Тегіскен, Таутары, Солтүстік Қазақстан - Ақмола, Затобольское, Батыс Қазақстан - Тастыбұтақ, Бесбай.
Сактар.
Б.з.д. 1-м.ж. Жетісудан Қаратеңізге дейінгі, Алтайдан Хорезмге дейінгі территорияны "сақ" атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеді. "Тарих атасы" Герадот (б.з.д. 5-ғ.ортасы) оларды "скифтер" деп жазады. Ирандыктар сақтар деп атады. Сақтардың этномэдени кеңістігіне көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын білу мүмкін емес. Грек деректерінде - даилар, массагетгер, исседондар, т.б., парсы деректерінде -хаомоварга, тиграхауда, парадария сақтары деп аталады. Антропологиялық типі - еуропеоидтық. Сонымен қатар монголоидтық белгілердің күшеюі байқалады. Қоғамдық құрылысы: Сақ тайпаларының негізгі үш тобы белгілі
- парадария (Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі маңы, Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысы), тиграхауда (Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу), хаомоварга (Мүрғаб анғары - Түркіменстан). Б.з.д. ҮП-ІУгғ. Сақ тайпалар одағы қүрылады. Сақ қоғамының сипаты - эскери-демократиялық. Негізгі үш топқа бөлінген, олардың өз түстері болған: І.жауынгергерлер-қызыл түс, 2.абыздар-ақ түс, 3-қауым мүшелері-сары және көк түстер. Көсемдер жауынгерлерден сайланды. Сақ тайпалар одағының басшысы - патша. Сақ пашасы кектемде жерге бірінші соканы салды, малшыларды үйретуші үстаз, қүдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дэнекер. Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқьшанды. Сақ эйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу қүқығына ие болды. Малға жеке меншік болып,мүлік теңсіздігі болды. Соғыс түтқындары қүлға айналдырылды. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болгандыктан сақтар мемлекет қүрудың қарсаңында түрды. Соғыстар: б.з.б. УІғ. Массагетгердің патшасы Томирис парсы патшасы Кирмен соғысты, б.з.б. 519-518жж. парсы патшасы I Дариймен соғысты, б.з.б. ІУғ. А. Македонскиймен соғысты. Шаруашылығы: көшпелі мал шаруашылығы тайпа өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болды. Мал шаруашылыгының 3 түрі болды: Көшпелі мал шаруашылығы - Батыс жэне Орталық Қазақстанда; Жартылай көшпелі мал шаруашылыгы - Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс пен Орталық Қазақстанның бір бөлігі, Тянь - Шань, Алтай тауларының етегінде; Отырықшы мал шаруашылығы - Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойында. Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылыгы басым болады. Жылқы өсіру маңызды орын алады. Суармалы егіншілікпен айналыскан аймактар - Шірік-Рабат, Бәбіш-молда қоныстары. Метелл өндіріп оны өндеді. Қолөнер жоғары дэрежеде дамыды. Мэдениеті: б.з.б. УІІғ. бастап Сібір, Қазақстан, Еділ бойы, Еуропаның оңтүстігінде "андық стиль" деп атапған өнер пайда болды. Басты тақырыбы - андар мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суретгеу. 1969ж. Есік қорғанынан сақ патшасы "Алтын Адам" табылды. Есік қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар - күннің қозғалысын білдіреді. Ата-баба аруағына сыйынды. Отырықшы сақтар жерді киелі деп санаған. Ал көшпелі сақтар күнге, отқа, соғыс қүдайына табынған. Зергерлік өнер жоғары дэрежеде болды. Тілі - шығыс- ирандық.Б.з.б. ІҮ-Шғг.сақ тайпалық одагы ыдырап, осы аймақка келген басқа күшті тайпалардың күрамына кірген.
Ғүндар.
Б.з.б. 1 мыңжылдықга Орталық Азияның байтақ жерін этникалық қүрамы эртүрлі тайпалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайпалық бірлестіктер күрыла бастайды. Б.з.б. Шг. Соңында қытай деректерінде "хунну" немесе "ғүн" атауы кездеседі.Б.з.б. 206ж. ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Қытай билеушісі де Мөдеге бас иіп, оған жыл сайын салық телеп тұрған.^Ғұндардың территориясы - Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысындағы жерлер. Б.з.д. 55ж. ғұн одағы екіге бөлінеді. Оңтүстігі Қытайға бағынса, Солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысында өз ордаларын қүрады. Оңтүстік пен солтустіктің өзара қырқыстарынан кейін,Чжи-чжи бастаган солтүстік ғұндар батысқа қарай қоныс аударады. Ғұндар Қазақстанға дәуілер тоғысында Орталық Азиядан келді. Бұл "халықтардың үлы қоныс аударуы" оқиғаларымен тұспа-тұс келеді. Б.з^я 93-ж. ғұндардың Қазақстанға қекінші рет қоныс аударуы басталады. Олар Сырдария, Арал маңы, Орталық жэне Батыс Қазақстанға жетгі. Б.з. 4ғ. Онтүстік Орал, Дунай даласына жетіп "ғұндар деген атпен Венгрияға қоныстанады. Ғұндардың тарихы жауынгергік жорықтарға толы. Еділ (Атила) басшылығымен ғұндар еуррпалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген. Б.з. 5-ғ. ортасында Еділ эскері Шығыс Рим империясын жеңеді. Еділ басқарған кезде Ғұн империясы дамуының жоғарғы сатысына жетті. Ол Еуропаны Рим үстемдігінен азат етп, күл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті, эскери-демократиялық құрлыс нығайды. 453ж. Еділ қайтыс болғаннан ксйін ғұн тайпалық одағы ыдырай бастайды. Шаруашьшығы: көшпелі мал шаруашылығы ерекше маңызды болды. Егіншілік пен аңшылық дамыды. М. Қашкари*(11г.) ғұндардың отырықшыланып жэне туркілене
бастағанын жазады. Қоғамдық құрлысы: патриархалдық-рулық қатынастар үстемдік етті. 24 руға бөлінді, эр руды ақсақалдар басқарды. Жылына 3 рет халық жиналысы өткізіліп, мемлекеттік істер талқыланып, Көк құдайына арнап құрбандық шалған. Малға, жерге жеке меншік болган. Мемлекетбасшысы - шаньюй немесе түрікше "тәңірқұт" деп аталган. Билік мұрагерлік жолмен берілген. Тұракты салық жүйесі болған. Жазу ісі дамыған. Ғұндарда таптық когам, мемлекеттік басқарудың басты белгілері болды: жеке меншік болды, алғашқы әкімшілік аппарат құрылды, салық енгізілді, құқық артықшылығының ережесі қалыптасты.
Үйсіндер мен қаңлылар.
Б.з.б. I г. соңында Қазақстан даласында сактарды ығыстырған жаңа тайпалық одэктар пайда болды. Олар үйсіндер, қаңлылар және т.б.(сармат, алан).Б.з.б. 2-г. үйсіндер Орталық Азиядан Жетісуга қоныс аударған. Олар тиграхауда сақтарының жерін, яғни Іле алқабын мекендеген. Мемлекет 3-ке бөлінген: шыгыс, батыс, орталық. Астансы Ыстықкөл жағасындағы Чигучен (Қызыл Аңғар) қаласы. Билеушісінің титулы - гуньмо (күнби). Әскер басшылары мен жагары лауазым иелері алтыннан, мыстан жасалған мөр ұстаса, қарапайым халық тас пен саздан жасалған мөр ұстаған. Бұл жеке меншік болғанының үлгісі. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық жэне туыстық қатынаста болды. Олар ұйғыр, Енисей қыргыздары, Еділ бойы халықтарымен сауда байланысын жасаган. Қаңлы, ғұндармен жайылым жерб сауда жолдары үшін согысқан. Шаруашылыгы: мал шаруашылыгымен, соның ішінде жылқы өсірумен көп айналыскан. Суармалы егіншілік дамыды. Көбінесе тары мен арпа еккен. Мыс, қалайы, қорғасын, алтын кен орындарын пайдаланған. Зергерлік өнер жогары дамыган. Оган дэлел Ақгас зиратынан табылған алқа, Қарғалыдан табылған диадема. Қарғалы диадемасындагы бейнелер Алтын адамның бас киіміне ұқсайды. Бұл бейнелер үңді-иран халықтарының элем туралы түсінігін байқатады. Тастан салынган үйлер, киіз үйлер болған. Жерлеу дэстүрі: басы батысқа қаратылып, қолы жанына қойылып жерленген. Жаратушы күшке табынып, арнайы құрбандықтар шалған.
Қаңлылар. Қаңлы туралы мэліметтер б.з.б. Пғ. Қытай деректеріңде кездеседі. Б.з.б^ III ғ. Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылады. Территориясы: Қаратау жстасы, Сьфдарияның орта ағысы. Астанасы - Битьян қаласы (Түркістан қаласы маңы). Билеушінің титулы - хан, кейде би немесе бек деп аталган. Деректер бойынша қаңлы елі бес бөлікке бөлінген.Әр бөліктің басшылары жоғарғы ханға бағынған. Билік мұраға қалдырылған. Б.з. қарсаңында Қаңлылар ірі мемлекеттік бірлестікке айналады. Ғұндар мен үйсіндермен соғыстар жүргізіп отырған. Өз жерімен өтетін ¥лы Жібек жолына бақылау орнатқан. Шаруашылыгы: көшпелі мал шаруашылығы. Көбінесе жылқы мен қой өсірген. Отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Қосалқы шаруашылық - аңшылық пен балық аулау. Металлургия дамыды. Қолөнердің жүн өндеу кэсібі жақсы дамыды. Сауда байланысының дамығанын осы аймактардан табылган мыңдаған теңгелер дэлелдейді. Иран, Сирия, Үндістан, Қытай елдерімен сауда жасаған. Діні: ата-баба аруағына, табигат күштеріне табынып, оларға арнап құрбандық шалған. Сонымен қатар күнге, айға жұлдыздарға табынған. Жұлдыздар арқылы жайылымға көшу, егін егу уақытгарын белгілеп отырған. Үйсіндер мен қаңлылардың соғысуынан екі мемлекет ыдырап, Түрік қағанатының құрамына кіреді.
Түрік дәуірі.
У-УІғғ. Қазақстан территориясында ерте ортагасырлық мемлекеттер қалыптаса бастады. Олардың алгышарттары: қогамдық қатынастардың өзгеруі, тагпық қатынастардың пайда болуы болды. Уғ. түркі тілдес теле тайпасы Солтүстік монғолиядан Щыгыс Еуропаға дейінгі далад өмір сүрді. 535ж. Алтайдағы түрік тайпаларын ашина тайпасынан шыққан қолбасшы Бумын біріктіре бастады. 546ж. теле тайпалары түріктерге қосылып үлкен күшке ие болған Бумын авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандайды. 552ж. Түрік қағанаты құрылып(552-603жж.), Бумын өзін қаған деп жариялады. "Түрік" атауы алғаш рет қытай деректерінде 542ж. аталады. Алғашкыда "түрік" этнонимі эскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды. Бумын қаганның мұрагерлері Қара Еске мен Мұкан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті.ҮІғ. Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды.Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінді, эр ұлысты шад басқарады. Үлыстық үстемдік белгісі ретінде 10 алтын жебе берілді. Естеми'каған кезінде қағанат әлсіреді, оның себептері: ішкі тартыстар, әлеуметгік қайшьшықтар, көрші елдермен согыс. 603ж. қаганат 2-ге бөдінді: Батыс жэне шығыс Түрік қағанаттары. Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына кіреді.
Батыс Түрік қағанаты (603-704жж.) - орталығы Жетісу, астанасы - Суяб қаласы. Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралығын мекендеген 10 тайпадан тұрды. Тайпа екіге бөлінді: дулу (Шу өзенінен шығыска орналасқан 5 тайпа), нушиби (Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген 5 тайпа). Қоғамдық құрылымы: қаганатгы ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер басқарды. Қаған - ең жогарғы билеуші, эскер басы, жердің иесі.—►Шад.жабғу, елтебер(ашина руынан шыққан жогары шенділер),—►Бек(ру, тайпа басшысы), тархан, бұйрықтар(сот қызметін атқарушылар),-£Тұдын (салық жинаушы),-^қарабұдын(қарапайым халықН?Гаттар(құлдар). Жегүй жэне Тоқжабғу қағандар тұсында қағанат күшейе түсті. Олар жаңа жорықтар жасап, қаганат шекарасын солтүстік батыс Үндістанға дейін созды. Батыс Түрік қағандары жаулап алган аймақтардың саяси жүйесіне езгерістер енгізбей, тек салық жинаумен шектелді. 16-жылға созылған(640-657жж) ішкі согыстардың қағанатгы әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды. Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындагы түркештердің күшеюіне әкелді. 704ж. Жетісудағы билікті түркештер жеңіп алады.
Түркеш қаганаты(704-756жж.)
Түркештер Шу мен Іле езені аралығын қоныстанған. Алгашқы қағаны - Үшелік. Территориясы :Шаш - Тұрпан -Бесбалақ аралығы. Астанасы - Суяб, жазгы ордасы - Күнгіт қалалары. Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа бөлінді. Әр түтікте 7 мың эскер болған. Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді: сары түркештёрТСуяб), қара түркештер(Тараз). 705ж. Орта Азия мен Қазақстанга арабтардың жорыгы басталды. 706ж. Түркештер согдылармен одақтасып, Бұхар маңында арабтарды жеңеді. Үшеліктің ұлы Сақал қаған бүкіл Орта Азияны бағындырды. 708ж. сарылар мен қаралар арасындағы шиеленіс күшейеді. Нәтижесінде қағанат күйрейді, тек 7 жыл өткен соң Сұлық каган оны қалпына келтіреді. Билік қара түркештерге көшіп, орда Таразда болды. Сұлық қаған арабтармен күресте ерекше көзге түсіп "Сүзеген" деген атқа ие болады. Ішкі қақтығыстардан қағанат элсіреп, 756ж. құлады.
Қарлұқ кағанаты(756-940жж.).
Территориясы - Алтайдан Балхаш көлінің шығыс жағалауына дейін.7 ғ. ортасында бұлақ, шігіл тайпалары бірігіп қарлұқ бірлестігін қүрды. Басшысы елтебер деп аталды.8 ғ. ортасында қарлұктар Жетісуга көшті. 756ж. Қарлұқ қаганаты құрылды. Астанасы- Суяб. Қағанаттың б^илеушісі жабғу, 840ж. бастап қаған деп аталды. Қарлұқтар 791ж. ұйғырлардан, одан кейін арабтардан жеңіліп ұйгырларға тэуелді болады. 840ж. ұйғыр қағанаты қүлаганнан кейін Білге Құл-Қадырхан өзін қаған деп жариялап, қарлұқтар бостандыгын мэлімдеді. Қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болған. Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де кірген. Тілі - түрік. Қарлұқ қалалары: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах т.б. Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200 жылдай билік құрды. Қағанаттың элсіреуінің себептері: ішкі тартыстар, жайылым үшін күрестер. 940ж. Қарлұк қағанаты өмір сүруін тоқтатты.
Оғыз мемлекеті(9-11ғғ. басы).
8ғ. ортасында оғыз тайлалары Жетісудан Шу өзеніне қарай коныс аударады. 9ғ. басында Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірін қоныстанса, ғасырдың соңында Еділ мен Жайық аралығын мекендеді. 9-10ғғ. Оғыз мемлекеті қалыптасты. Оғыз мемлекеті туралы алгашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбаларында берілген. Астанасы - Янгикент(Жаңа Гузия). Билеушісі - жабғу. Оның орынбасары - күл-еркін. Әскербасы - сюбашы. Тұракты салық жүйесі болды. М. Қашқаридың дерегі бойынша оғыздарда 24 тайпа болған. Шаруашылығы - мал шаруашылығы. Жент, Сауран, Фараб, Сығанақ қалаларының халқы егіншілік пен қолөнермен айналысқан. Діні: пұтқа табыну, шаманизм, кейнірек ислам діні. Саяси өмірі: 965ж. Киев Русімен одактасып, хазарияны талқандады. 985ж. Еділ бұлгариясын жеңеді. Юғ. екінші жартысында Әли жабғу тұсында салық ауыртпалыгына қарсы көтерілістер болды. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік өз билігін күшейтіп, көтерілістерді басып,1041ж. Хорезмді жаулады. Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Осыдан кейін оғыз мемлекеті құлады. Оның элсіреу себептері: селжұқтармен ұзаққа созылған соғыстар, ішкі тартыстар, қыгаиақтардың шабуылдары. 11ғ. басында оғыз одагы ыдырап, қыпшақ мемлекетінің құрамына кірді. Оғыздар бірнеше белікке бөлініп кетгі: Шығыс еуропа мен Кіші Азияға кетті, Қарахан, селжұқ мемлекеттерінің құрамына кірді, Дешті-Қыпшак тайпаларына сіңісті.
Қимақ мемлекеті(9-1 Ігғ. басы).
Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер қытай деректеріңде кездеседі. Қытайлар оларды "яньмо" деп атайды.7ғ. Монғолияның солтүстік-батысын мекендесе,8-9гғ. Ертіс бойына, Жетісу, Онтүстік Қазақстанға қарай қоныс аударады. Астанасы - Қимақия (Ертіс бойы). Басшысы - жабғу, Юғ. бастап - қаған.840ж. ұйгыр қағанаты құлаганнан кейін оның құрамындағы тайпалар қимақ бірлестігіне қосылады- Қимақ қағанатының құрамын 12(қыгшіақ, қимақ татар т.б.) тайпа құрады. Қимақ мемлекеті 12 ұлысқа бөлініп, оларды эскери көсемдер басқарды. Салық жүйесі болды. 16 қимақ қаласы болғаны деректерде айтылғанымен аттары белгісіз. Шаруашьшығы: көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер, балық аулау. Бұлғариямен, Орта Азия, огыз, қарлұқтармен сауда жасаган.Юг. қарай қаганаттың элсіреуінің себебі - ұлыс басшыларының жеке билікке ұмтылуы. 11ғ. қарай қыгшіақ тайпаларының үстемдігі ныгайып билік қыпшақтарға ауыса бастады. Қимақ қаганатының құлау себептері: қыпшақтардың билікке ұмтылуы, ішкі тартыстың күшеюі.
Қыпшақтар мемлекеті(11г. Басы-1219ж.). Қыпшактар туралы мэліметтер 2-ғ.бастап белгілі: қыпшақтарды орыстар-половецтер,венгрлер - кундар, батыс еуропа саяхатшылары - кумандар деп атаған. 11ғ. басында қимақ қағанаты құлаган соң эскри-саяси басымдық қыпшақ тайпасының қолына көшті. Қыпшақтар оғыздарды Сырдарияның төменгі жэне орта бойынан, Арал, Каспий маңынан ығыстырды. Сондықтан бұрын "Оғыз даласы" деп аталған жерлер "Дешті-Қыгшіак"(қыпшақ даласы) деп атала бастады(11ғ. 2-ші ширегі).Дешті-Қыпшақтың тарихи-географиялық аумағы - Ертістен Днестрге дейінгі жер. Мемлекеттік құрылымы: басшысы -хан. Мемлекет екі қанатқа бөлінді: оң канат-орталығы Сарайшық; сол қанат - орталығы Сығанақ. Жеке меншікке қол сұгу қатаң жазаланған. Саяси тарихы: оғыз, селжұқ, хорезм, қарахан елдерімен соғыстар жүргізген. 12г. I жартысында Сырдарияның төменгі бойындагы қалалар үшін Орта Азия мемлекетгерімен соғысады.Хорезм билеушілері қыгшіақтарды мұсылмандыққа енгізуді көздеді., алайда Жент пен Фарабтың арасын мекендеген қыпшақтар 12ғ. дейін пұтқа табынушылар болып қалды. Хорезмдіктермен өзара соғыстан элсіреген қыпшақтар 1219ж. Монғол шапқыншылығынан құлайды. Қыгтшақ мемлекеті этникалық, саяси жағынан біртұтас болмады. Қыпшақ тілі қазіргі қазақ тілінің негізін құрайды.
Қарахан мемлекеті(942-1210жж.)
Қарахан мемлекетінің қалыптасуында Жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты роль атқарды. Қарахан эулетінің негізін салушы - Сатұқ Боғыра хан. Мұса хан 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп
жариялайды.11-12гг. территориясы - Мэуреннахр - Қашқар аралығы. 11ғ. 30-жж. мемлекет екіге бөлінеді:батыс
- астанасы Бүхар; шығыс - астанасы Баласағұн. Мемлекеттік құрылымы: мемлекетгі шығыл жэне яғма тайпалары басқарды. Басшысы - хан. Хандар өз туысқандары мен эскерй*'қ«л^сшыларға белгілі бір аудан немесе қала халқынан салық жинау қүқығын берді. Бул иқта, ал оны иемденушілер иқтадар деп аталды. Бүрынгы мемлекеттерден тағы бір ерекшелігі - отырықшы -егіншілік коныстарда шаруаларды қанаудың бірнеше түрі болды: үлескерлік - жерді шаруаға жалға беріп, өінмнің жартысын салық түрінде алу; қамқорлыққа алу - түгас қауым өздерін және мал-мүлкін байлардың қамқорлығына өткізеді, сол үшін алым жиналады. Мэдениеті: 10-12ғғ. сэулет өнері дамыды: Бабаджа хатун, Айша Бибі, Қарахан, Сырлытам кесенелері. Ежелгі түрік жазуының орнына араб графикасы келді. Түрік тіліндегі мұсылман эдебиеті шыға бастады: Ж. Баласағұн - "Қуггы білік"; М. Қашқари - "Диуани лұғат-ат түрік". Діні - ислам. Қарахандықтар кезеңі - саяси эконоимикалық, әлеуметтік, мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған кезең.
6-ІЗгғ. шаруашылық.
Мал шаруашылығы: негізіне көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, жылқы мен қой өсірген. Жайылым жерлер ақсүйектер қолында болды. Қыпшақ қоғамында байлық жылқы санымен есептелген.
Егіншілік: түрік тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Көшпелілердің отырықшылыққа көшуінің себептері: мал санының азаюы, малдың жэне жайылымдардың, су көздерінің ақсүйектер қолына топтасуы. Егіншілікпен негізінен Сырдария, Шу, Талас, Іле өзендері алқаптарында айналысты. Суару жүйелері сақталған.10-12ғғ. Отырар өңірі суармалы егіншіліктің ірі орталығы болды. Жетісу өңірінде-бидай, тары, жүзім есірілген. Қолөнер: түрік тайпаларында қолөнер жақсы дамыды, қыш өндірісі, усталық, зергерлік, тоқымашылық, шыны жасау, сүйек, ағаш өңдеу кәсіпшіліктері болды. Металлургияның дамуы эскерді қару-жарақпен жабдықтауға мүмкіндік берді. Сауда: Ортағасырлық түрік мемлекеттері Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Қытай, Сібірмен сауда байланысын орнатқан. Халықаралық саудада Тараз, Отырар, Сыганак, Испиджаб калаларының маңызы өте зор болды. Сауда қалалардың қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарды. Ортағасырдағы сауда түрлері: мемлекетаралық сауда, қала мен оның төңірегіндегілер арасындағы сауда, қала мен дала арасындағы сауда. Түрік дэуірінде ақша айналымы жақсы жолға қойылды. 6-8ғғ. тайпа басшылары өз таңбалары басылган теңгелерді шығарған. Испиджаб, Отырар, Таразда монета сарайлары болған. 9-10ғғ. Қазақстанда саманилер эулетінің күміс дирхемдері, алтын динарлары, мыс тенгелері айналымда болды. Алтын динарлар халыкаралық валюта ретінде колданылды. 12-13ғғ. күміс дағдарысына байланысты (күміс кендері сарқылды) дирхемдер мыстан құйылып, сыртына күміс жалатылды.
6-13ғғ. мэдениет.
Қала мэдениеті: Ортағасырларда қалалар ірі су көздері бойында, сауда-керуен жолдары бойында, ордалар мен бекіністер жанында пайда болды.Қазақстанның ежелден отырықшылық, ал ортағасырлардан қалалық мәдениет дамыған аймагы - Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Оңтүстіктегі қалалар:Испиджап, Отырар, Шауғар, т.б. Жетісудағылар: Тараз, Қулан, Атлах, Мерке. Әр қала тэуелсіз өмір сүрген және өз билеушілері болған. Қалалар негізінен экімшілік-басқару орталықтары, қолөнер, сауда орталықтары болған. Қала халқы негізінен егіншілік, қолөнер, саудамен айналысты. Тараз қаласы "көпестер қаласы" атанды. Қала бірнеше бөліктен түрды: цитадель
- қала басшысы түратын әкімшілік аудан, шахристан - бай-шонжарлар, діни қызметкерлер, әскер басшылары түратын орталық аудан, рабад - қолөнершілер, саудагерлер, егіншілер түратын шеткері аудан. 9-12гғ. сауданың дамуынан рабадтар үлғаяды. Қалалардың дамуына табиғи-климатгық жағдай және ¥лы Жібек жолының өтуі әсер етті. Испиджап - Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі сауда және діни орталық.
¥лы Жібек жолы(б.з.б.2ғ. Ортасы -15ғ.)
¥лы Жібек жолы туралы мэліметтер будда діндары Сюань Цзяннің қолжазбаларынан белгілі(620-630жж.).Б.з.б. ІІІ-Нғғ. Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. ¥лы Жібек жолы ежелгі жэне ортағасырларда Шыгыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ол Орта Азия мен қазақстан арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдарына бөлінді: лазурит, нефрит, дала. Қазақстан жеріндегі жолдың негізгі бағыттары Жетісу мен Онтүстік Қазақстан арқылы етіп, 4 тармаққа бөлінді: батыстан шығысқа бағытталған жол; Іле бағыты; Еуропа багыты; Орталық жэне Шығыс Қазақстан багыты. Шаш^Отырар, Тараз, Испиджап, Қүлан, Екіогыз қалалары арқылы өткен. Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген. Алғашқыда ¥лы Жібек жолымен қытай жібегі Батыс Еуропаға тасымалданса, кейіннен ол арқылы Үндістан, Иран, Византия,Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасымалданды. ¥лы Жібек жолымен ән мен би өнері, эдебиет туындылары тараган. Сонымен қатар буддшм, манихей, зороастризм, ислам діндері таратылды. Қазақстанның Жібек жолы бойындағы қалаларында Батыс пен шығыстың бір-біріне үқсамайтын әртүрлі мэдениеттері бір-бірімен араласып, Бір-бірін байытуына жағдай жасалды.10-12ғғ.Қытайдан шығып Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа өтетін жол ерекше жанданады. Оған себеп сауда жолдарына түрік қагандары бақылу орнатты және Ферғана арқылы жүретін жол 7ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болған еді, сонымен қатар аса бай түрік қағандары Жібек жолымен келетін тауарларды аса көп түтынатын еді.
Түрік мәдениеті.
Б.з. I мыцжылдышнын ортасында Қазақстан тайпаларіі түрік тілінде сөйледі. Түріктердін жазуы туралы
алгашкы деректерді Менандр Протектор 6ғ. II жартысында жазып қалдырған. Көне түрік жазуының ескерткіштері Солтүстік Монғолиядан, Орхон өзендерінің бойынан табьщда*.. Одар тасқа жазылған Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары. Оны 18ғ. 20-жж. Солт. Монғолиядан алғаш тапқан. 1889ж. Н.Ядринцев Орхон өзені бойынан осындай тастарды тапқан. Тастағы жазулар скандинавиялық руна жазуына ұқсас болғандықтан руна("құпия") жазуы деп аталған. 1893ж. Дат ғалымы В. Томсен алғаш рет "түрік" жэне "тэңірі" деген сөздерді оқыған. Толық тексті окуға үлес қосқан В. Радлов. Руна жазулары сипаты жағынан маңызы зор тарихи күжаттар, эдеби көркем шығармалар, саяси проза. Қазақстанда руналық ескерткіштер Талас аңгарынан табылды. 6-10ғғ. руна жазуымен қатар соғды, үйгыр жазулары қолданылған.Әдебиет пен ғылым: ауызша шығармашылық кең тарады. 8-10ғғ. Сырдария бойында оғыз-қыпшақтар арасында "Қорқыт ата" эпосы кеңтарады. Қорқыт- атакты жырау, күйші, ойшыл, мэңгілік өмір үшін күресуші. Осы кезеңде "Оғыз нама" эпосы кең таралып, ІЗг. қағазға түсірілген. 7ғ. жазба әдебиет дами бастады. 9-12ғг. ислам дінінің таралуына байланысты эдеби жэне ғылыми шыгармалар араб тіліңде жазылды(Ж. Баласағүн, М. Қашқари)
Монғол шапкыншылыгы.
12ғ. соңы - ІЗғ. басында әскери-феодалдық монғол мемлекеті қүрылды. Астанасы - Қарақорым. Негізін салушы бөржігін тайпасының басшысы Есугей бахадүрдің баласы Темучин.1206ж. Хан болып сайланып, Шыңғысхан атанды. Шыңғысхан өз бигігін күшейту үшін, ішкі тартысты болдырмау үшін, ақсүйектердің талабын орындау үшін, халықты жаңа жайылымдармен қаматамасыз ету үшін жаулап алу жорықтарын бастайды. Шыңғысханның соғысу эдістері: жорыққа шықпас бүрын сауда керуенін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер жинаган, дінге қысым көрсетпеген, бағынған елдердің соғыс техникасын, халкын басқа соғыстарына пайдаланған.ІЗғ. басында Шыңгысхан Сібір халықтарын, Енисей кырғыздарын,Қытайды жаулап алады. Осыдан кейін Орта Азия, Иран, Таяу Шыгыс, Шығыс Еуропа елдерін багындырмақшы болды. Шыңғысханды жетісудың гүлденген қалалары мен қүнарлы жайылымдары қызықтырды. Ол Жетісуды қарсылықсыз басып алды. Ол бүл өлкедегі тонаушьшық пен өзара қырқысты тоқтатқан болтын. Жегісуды алғаннан кейін монғолдарга Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияга жол ашылды. ІЗг. басында Қазақстанның оңтүстігінде Хорезм шахы Мүхаметгің билігі үстем болды. Шыңғысхан мен Хорезмшах мүхамат сауда келісімін жасап, 1218ж. Отырарға 450 адамдық сауда керуені келеді. Отырардың басшысы Қайырхан көпестердің астыртын барлаушылар екенін байқап, бэрін өлтіртеді. Бүл Шыңғысхан жорығының басталуына сылтау болды. 1219ж. қыркүйекте Отырарды қоршау басталады. Алты айда сатқындардың көмегімен қаланы монғолдар алады. Жошы әскері Оңтүстік Қазақстан қалаларына
діктер пайда болды. Олар: Саиф Сараидың "Гүлстан", Хорезмидің "Махаббат-наме", Қүтыбтың "Хүсрау-Шырын" шығармалары. 13-15ғг. Асан Қайғы, Қазтуган, Доспамбет, Шалкиіз жыраулар шығармашылығы ерекшеленеді. Сыпыра жырау Тоқтамыс ханның кезінде өмір сүріп, Алтын Ордада болған қиындықтарды шешуге септігін тигізген. "Едіге", "Қобыланды батыр", ''Ер Тарғын", "Қамбар батыр" жырлары дүниеге келген.
Ақ Орда.
Шығыс Дешті-Қыгшіақ жерінде 13-15ғғ, басы аралыгында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда ол Алтын Орданың құрамында болды. Мемлекеттің негізін салған -Орда Ежен(Жошының үлкен баласы).14ғ. II жартысында Алтын Орда билігі элсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамуының ең жоғарғы деңгейіне жетті. Территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шыгысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Астанасы-Сығанақ. Ерзен хан кезінде(1315-1320жж.) қалалар өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ислам діні ныгайып, мешіт, медреселер көбейді. Орыс ханның кезінде(1364-1375жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тэуелсіз хандық болып жарияланды.14г. 70-жж. Астарханды, одан кейін Сарай Беркені алады. 14ғ. 60-70жж. билік еткен Орыс ханның кезінде мемлекет нығаяды. Ішкі қырқыстар тоқтатылып, Орыс хан саясаты елді біріктіруге бағытталады.Ақ Ордаға Мэуреннахр билеушісі Темір мен Тоқтамыстың соғыстары кезінде Орыс хан қаза болып, Ақ Орда тағына Тоқтамыс отырады. Ақ Орданың элсіреу себептері: Әмір Темірдің жорыктары, ішкі тартыстар.
Моголстан.
Бүл мемлекет 14ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай үлысы күлағаннан кейін пайда болды. Негізін салған - Тоғылық Темір. Астанасы - Алмалық(Іле алқабы). Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Негізгі халқы-дулатгар, қаңлы, керей, арғын т.б. Тоғылық темір ез билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Моголстанда мемлекетгің саяси басшысы жэне жер-судың жоғарғы иесі *ан болды. Ілияс қожа кезінде Мауреннахрға, Сырдария бойына жорыктар жасалып, Ташкент түбінде Темір эскерін жеңедң(1365ж.). Осы хан кезінде өзара ішкі соғыстар басталып, мемлекет екіге бөлінеді. Оны пайдаланган Әмір Темір Мотолстанга бірнеше шабуылдар жасайды.15г. I жартысында Моғолстанға ойраттардың шапқыншылығы жиіледі. 15г. 30-жж. ортасында билікке Есен-Бүға келеді. 15ғ. 50-жж. соңында Батыс Моғолстанға Жэнібек пен Керей бастаған қазақтар көшіп келеді. Есен-Бүға оларға жер бөліп береді. Оның себебі: қазақтарды ойраттарга қарсы эскери күш ретінде пайдалану, қарсыласы Әбілхайырға қарсы қою. Моғолстанның ыдырау себептері: өзара ішкі қырқыстар, ақсүйектердің жерді үлестік бөлшектеуі, халық наразылыгының жиілеуі жэне олардың Қазақ хандығына барып қосылуы. 16ғ. басында Моғолстан жеке мемлекет ретіңде өмір сүруін тоқтатты. Жетісудағы рулар Қазақ хандыгының қүрамына еніп, қазақтың үлы жүзін күрады. Моғолстан Қазақ хандығының күрылуына және қазақтың жеке халық болып қалыптасуына негіз болды.
Ноғай Ордасы.
Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған ірі мемлекетгік бірлестіктердің бірі - Ноғай Ордасы. Ол 14-15ғғ. Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Ең ірі тайпасының атымен "маңгыт жүрты." деп те аталған. Астанасы - Сарайшық(Жайық бойында). Халқы: манғыт, қыгшіақ, алшын, тама және т.б. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар 15ғ. соңында қалыптасқан ноғай халқының негізін қүрады. Ноғай - Алтын Орда эскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі. Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болған. Кейін оның қүрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанады. Ноғай елінің негізін салушы - әмір Едіге. Ноғай Ордасы Едігенің баласы Нүраддиннің тү.сыңда(1426-40жж.) Алтын Ордадан бөлініп дербес мемлекетке айналды. Онда үлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі - хан, үлыс басшысы - мырза. Орданы Едіге үрпақтары басқарып, экімшілік, эскери билік мұраға қалдырылып отырды. Ш. Уалиханов ноғайлар мен қазақтарды "екі туысқан Орда" деп атаған. Ал Хақназар хан "қазақтар мен ноғайлар ханы атанған. 16ғ. Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалы, саяси байланысы дамыган.ібг. II жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге бөлінді: Үлкен жэне Кіші Ноғайлы. Үлкен Ноғайлы Б. Годунов тұсында Ресей тэуелділігін мойындайды. Кіші Ноғайлы Қазақ хандығына бағынып, Кіші жүз кұрамына кіреді.
Әбілхайыр хандыгы (Көшпелі өзбек мемлекеті).
15ғ. 20-жж. Қазақстанның орталық, батыс жэне солтүстік-батыс аймақтарында тэуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428ж. Шейбан үрпағы Әбілхайыр(1428Г-68 жж.) осы аймақтардағы билікті қолына алдыСырдария бойындағы қалалармен Хорезм үтшн Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Әбілхайыр Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы иеліктерінің басын қосып "көшпелі өзбек мемлекетін" кұрды. Астанасы алғашқыда Орда-Базар(Батыс Сібір), 1446ж. Бастап Сығанақ. Халқы өзбектер дбйіаталды, құрамында - қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұктар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер т.б. болды. Елді 40 жыл басқарса да Әбілхайыр мемлекетгің ішкі жағдайын тұрақты ете алмады: мемлекет бір орталықтан баскарылмады, бірнеше ұлыстарға бөлінді, билік үшін өзара қырқыстар болды, толассыз соғыстар көп болды. 1430ж. Хорезмді, 1446ж. Сырдария бойындағы қалаларды бағындырса, 50-жж. Самарқанд пен Бұхараны шабуылдады. 1457ж. Ойраттардан Сығанақ тұбінде жеңіліп, өзіне сай емес шарт жасасты. Бұл Әбілхайырдың беделін төмендетіп, нэтижесінде 15ғ. 50-жж. соңы - 60-жж.басында Өзбек хандығынан Жэнібек пен Керей бастаған рулар Моғолстанға көшіп кетеді. 1468ж. Әбілхайыр Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болады. Оның ұрпақтары қазақ хандарымен ұзақ соғыстар жүргізді. Немересі Мұхамед Шейбан 1510ж. Қасым ханның эскерінен Сығанақ түбінде жеңіліп, қазақ даласындағы ықпалы жойылды. 16ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шейбанилердің бастауымен Мэуреннахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалған тайпалар қазақ хандығының иелігіне қосылып, Орта жүз құрамына кірді.
Қазак хандығының құрылуы жэне оның Қасым хан кезінде нығаюы.
Алғышарттары: Қазақ хандығы Әбілхайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі саяси қақтығыстарының нэтижесінде құрылды. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тэуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есенбұғының билігіне моцынсұнбады. Сондықтан XV ғасырдың 40 - 50-жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына: Қаратау, Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады. Ал 1457 жылы Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі қазақ ру, тайпаларын Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасуын тездетті. Әбілхайыр ханның билігіне наразылық жаппай көшу тасқынын туғызды. XV ғасырдың 50 -жылдарынан бастап 10 жыл бойы осы тасқын толастамады. Халық Жетісудың басына, Моғолстанга қарай көшті. Қазақстанның бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды. Жэнібек пен Керей сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының кұрылуына негіз қалады. Саяси тарихы:Көшіп келген қазақ руларына Моғолстан ханы Есен - Бұғы Шу мен Талас бойынан жер берді. Есен - Бұғанын мақсатьг.Әбілхайыр мен Темір әулетіне қарсы қазактардың күшін пайдалану, ойраттар (қалмақтар) шабуылынан Моғолстан шекараларын қорғау. 1465 - 1466 жылдар - Қазақ хандығы құрылды (М. Хайдар Дулати).Хандықтың алгашкы территориясы:Батыс Жетісу, Шу, Талас өңірі. Хандықтың алғашқы хандары - Керей мен Жэнібек ("Әз Жэнібёк"). Қазақ хандығы шығысында Моғолстанмен, _оңтүстік жэне батысында Темір ұрпғының мемлекеті жэне Әбілхайыр хандығымен шектесіп жатты. Жас мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жэнібек хан Моғолстан ханымен достық қатынаста болуға ұмтылды. Әбілхайыр ханның қазақ хандығының құрылуына бөгет жасауға ұмтылуынан еш нэтиже шықпады. 1468 ж. Моғолстанға қарсы жорыққа аттанған Әбілхайыр жолда кенеттен қайтыс болды. Бұдан кейін Жэнібек пен Керей шекараны кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалар мен Шыгыс Дешті - Қыгшіақты қосуға ұмтылды. Бұл аймақтардың экономикалық және стратегиялық маңызы күшті болдьг.сауда байланыстарының орталығы, мықты бекіністі қалалар, құнарлы жерлері - бағалы қыстау. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы шайбанилер эулетінің билігін қайта орнатуға ұмтылған Мұхаммед Шайбанидің көздегені де осы жерлер болғандықтан, екі арада жаулаушылық соғыстар басталды. Құлдьфау жағдайындағы Моғолстаннын билеушілері Жүніс пен оның ұлы Сұлтан Махмұд Оңтүстік Қазақстандағы қалалар үшін жанталасты. Бұл күрес 30 жылға созылып, Бұрындық пен Қасым хандар тұсында жеңіспен аяқталды. Қасым ханның саясаты:Қасым ханның хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы түрік тайпалары, дулат, үйсін, қандь: жэне Моғолстанның батысыңдағы тайпалар енді.Қасым хан тұсындағы территория: Жайық өзені Сырдария ¥лытау Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі. Оның басты мақсаты: Сыр бойындагы қалаларды қайтадан ө: иелігіне қосып алу. Сырдарияда берік орнығу үшін Қасым хан Орта Азиядағы саяси жағдайды тиімд пайдаланды. 1513 жылы ол Сайрамды алды, осы жылы Қасым хан Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға соғыс ашты. Ташкент түбінде Қасым хан жараланып, Сайрамға шегінді.1513 жылы - Моғолстан ханы Сұлтан Саидпе* одактас болып, Ташкентке бірігіп жорық жасауға келісті. Алайда қыстың таяп қалғандығына байланысты бұг жорық кейінге қалдьфылды. 1514 жылы Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханыныі Жетісудағы билігі нығайды. Ноғай Ордасындағы саяси дағдарысқа байланысты көптеген ру мен тайпа Қасыл хандыгыеа көшіп келді.Қасым хан эдеп - ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет зандар жинағы "Қасыл ханның қасқа жолын" шығарды. 5 бөлімнен тұрады.мал- мүлік жэне жерге байланысты қатынастар; қылмыс пеі және олар/а қолданьшатын жазалар; эскер қызметіне, эскери міндетті атқару ережелері жэне эскер тэртібіі бұзушыларға берілетін жазалар; елшілік қатынастарды реттеу; халықтың дэстүрлерді өткізу тэртібі (ас беру, тоі - думандарды өткізу т.б.).Қасым билігінің сонғы кезеңдері ( XV ғ. ) тыныштық заман болды.Ол халыққа хаі билігін мойындата отырып, ел бірлігін сақтай білді.Сауда дамып, Сауран қаласы сауда орталығы болды.152 жылы Қасым хан Сарайшық қаласында қайтыс болды.
16г. II жартысындагы Қазақ хандыгы. Хақназар жэне Тәуекел хандар.
16г. 20-жж. Қасым ханнан кейінгі Жошы ұрпағының өзара тартысы Қазақ хандығын элсіретті. Қазақ хандығын қарсы моғол жэне өзбек хандығының соғыс одағы қалыптасты. Қазақтар Сырдария бойындағы қалаларда айырылды. Түркістан Шейбани Убайдоллахтың қолына өтті. Қасымның мұрагері Мамаш(1521-23жж.) өзар тартыс барысында қаза тауып, билікке Тақыр(1523-33жж.) келеді. Көрші мемлекеттердің Қазақ хандығын шабуылы жиіледі. Бұйдаш хан(1533-38жж. Тақырдың інісі) тұсында да Қазақ хандығындағы өзара қырқыста тоқтаган жоқ. Моғол ханынан жеңіліп, хан қашып күяылады. Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреп қалған хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан(Қасымның баласы,1538-80жж.) эрекет жасады. Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру. Территориясы: Сьфдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жагалауы. Сыртқы саясаты. Ноғай Ордасынан бастап, Жайықтың сол жағалауындағы ноғайлар Қазақ ханының билігіне өтті. Моғолстанға қарсы қазақ-қырғыз одагын қүрылды, бірақ ол сэтсіздікке үллырады. Хақназарды "қазақтар мен қырғыздардың ханы" деп атайды. Саяси жагдайдың ауырлығы мауреннахрдағы Абдаллахпен одақтас болуға итермеледі. Бүл бейбіт қатынастың нэтижесі: соғыстар уақытша тоқтатылды, Орта Азиямен сауда қатынасы жақсарды, хан билігі нығайды. Сыр бойындағы қалаларға орныгып алуды көздеген Хақназар Абдаллахқа қарсы Баба сүлтанды пайдаланады. Нэтижесінде: Түркістан өңіріндегі қалаларды қайтарып алады. Қазақ ханының Абдаллах жагында екенін білген Баба сүлтан келіссөз жүргізуге келген Жалым сүлтанды, оның екі баласын жэне Хақназардың екі баласын өлтіреді. 1580ж. Баба сүлтанның тыңшысы Хақназар ханды да өлтіреді. Хақназар ханның саясатының маңызы: хандықтың аумағы кеңейді, жеке дербес мемлекет ретінде танымал болды, хан билігі күшейді, ішкі саяси және шаруашылық өмір түрақтанды. Хақназар хан түсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды.
Хақназардың қазасынан кейін таққа 80 жастағы Шығай дтырады(1580-82жж.). Оның басты саясаты өзбек ханы Абдаллахпен байланыста болу болды. Оның баласы Тәуекел 1582ж. Ясы маңында Баба сүлтанды өлтіреді. Сол үшін АбДаллах оған Самарқанд аймағын сыйга тартады. Шыгай қайтыс болғаннан кейін такқа Тәуекел хан отырады(1582-98жж.). Бүл кезде Сьф бойындағы Сауран, Түркістан Отырыр Абдаллахтың иелігінде болды. 1583ж. Тәуекел хан өзбек ханымен жасалған шартты бүзды. 1586ж. Ол Түркістанды басып алып, Ташкентке қауіп төндіреді. Бүхара тубіндегі шайқаста қаза болады. Тэуекел ханның кезінде 1594ж. Мэскеуге Қүл-Мүхаммед бастаған елшілік жіберіледі. Оның мақсаты: өзбек ханына қарсы әскери одақ қүру, Сібір ханы көшіммен соғыста қолға түскен Ораз-Мүхаммедті орыс түтқынынан босату. 1595ж. Мэскеуден В. Степанов бастаған елшілік келеді. Мақсаты: қазақ-орыс дипломатиялық қатынасын дамыту, керуен саудасын дамыту, Ораз-Мүхаммедтің орнына аманатқа хан үлын алу. 16г. соңында ойраттар қазақ әскерінен жеңіліп, Тэуекел ханга тэуелді болады. Тэуекел өзін қазақ пен қалмактың ханы деп санаған. Қазақ хандарының үзақ жылдар жүргізген согыстарының нэнижесі: Сыр бойындагы қамал-қалалар мен Ташкент қазақ хандыгының қүрамына қосылды.
Қазак халкының этногензі. "Қазак" термині.
Орталық Азияның 15-16ғғ. қүрылған басқа да түркі тектес халықтары сияқты қазақ халқының да этникалық негізін өткен замандарда эр тілде сөйлеген, толып жатқан тайпалар қүраған болатын. Олар сонау сак пен үйсін, қаңпы мен гүн, одан беріде түрік, түркеш, қарлүқ, оғыз, қимақ, қыгаыақ жэне т.б. тайпалар болатын. Қазақ халқының қалыптасуына себеп болған этногенетикалық процестердің бастау көзі алғашқы дэуірден басталады. Этникалық процестің шешуші кезеңі б.з. I м.ж. ортасында түріктердің жаппай батысқа жылжуымен байланысты болды. Түрік қағанатының қүрылуы Қазақстанның жергілікті халқын түріктенуге, антропологиялық түрдің монголдануына, түрік тайпаларының бір жерйе түрақтануына себегшіі болды. Алайда халықтың этникалық бірлесу жолымен дамуын монғол шапқыншьшығы тежеді. 15ғ. ортасында Керей мен Жэнібек мемлекетінің қүрылуымен қазақ халқының қалыптасу процессі аяқталды.
"Қазақ" термині алгашқыда таза элеуметтік магынада болып, әскери іспен айналыскан көшпелілерді немесе орталық билікті мойындамай мемлекеттен бөлініп кеткендерді білдірген. Сондықтан Жәнібек пен Керей бастаган Мстолстанға көшіп кеткен алғаш көшпелілер тобы "қазақ" атауын алды. "Қазақ" этнонимі еркін адам, ерікті қогам мағынасын білдіреді. Олар қүрған хандық Қазақ хандығы деп аталады. Осы кезден басатап "қазақ" сөзінің мағынасы өзгере бастады. Ол элеуметгік терминнен саяси терминге айналды, ол енді Қазақ хандығына караған елді білдірді. "Қазақ" терминінің толық орнығуы 18ғ. жүзеге асты.
Қазақ жүздері.
Жүз - тарихи шаруашылық жэне географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз - бөлік, тарап мағынасын білдіреді. Үш жүз географиялық орны мен климатымен ерешеленеді. Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді. Үлы жүз: территориясы -Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Рулары: үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр т.б. Орта жүз: территориясы - Орталық жэне Солтүстік Қазақстан. Рулары: арғын, қыгшіық, найман, керей, қоңырат, уақ т.б. Кіші жүз: территориясы- Батыс Қазақстан. Рулары: негізгі үш ру бірлестігі- жетіру, элімүлы, байүлы. Тарихи деректерде үш жүз жүйесі Хақназар хан түсында бекітілді деп айтуға толық негіз бар. Халық арасындағы аңыздарда \дн жүздің пайда болуын Алаша ханның атымен байланыстырады. Сондықтан "Алаш" деген атау -ертедегі түрік тайпапарының ең алгаш қауым болып біріккенін білдіреді.