- •Пәннің мақсаты мен міндеті. Жобалау сатылары.
- •Өндірістік ғимараттар туралы жалпы мәліметтер, жіктелуі, оларға қойылатын талаптар
- •Өндірістік ғимараттарды жобалаудың негізгі принциптері
- •Өндірістік ғимараттарды және олардың элементтерін типтеу және үйлестіру.
- •Ғимараттардың конструктивтік элементтерін бөлу біліктерін байлау ережелері.
- •Технологиялық жобалаудың негізгі принциптері мен мақсаттары
- •Өндірістің технологиялық схемасын өңдеу
- •1 Сурет. Функциональді технологиялық схеманың үлгісі
- •Өндіріс операцияларын есептеу
- •2 Кесте. Операциялық қарапайым мысал
- •Технологиялық процессті есептеу
- •Технологиялық бойлар параметрлерінің есебі
- •Өндірістің техника - экономикалық нәтижелілігі
- •Кәсіпорындарды қайта құры және қайта жабдықтау
Өндіріс операцияларын есептеу
Операциялар орындау құрамы мен техникалық шарттарын анықтау. Операцияларды орындау үшін бастапқы мәліметтер: процесс технологиялық схемасы; бұйымдарды орындауға арналған техникалық шарттар, материалдар мен жартылай фабрикаттарды орындауға қабылданған әдістер, операциялардың, процесстердің және жабдықтардың технологиялық режимдері болып табылады.
2 Кесте. Операциялық қарапайым мысал
Операция атауы |
Арматуралық біліктерді өрімге дәнекерлеу |
|||||
|
|
|||||
1 – жапсарлап дәнекерлеу станогы 2 - рольганг |
|
|||||
|
||||||
Жұмысшылар жарық әйнекті көзілдірік киіп жұмыс істеулері керек. |
||||||
|
Орындаушылар |
Еңбек сиымдылығы, адам-мин |
Жабдық және құрал-сайман
|
Бақылау |
||
Саны |
Мамандығы |
Разряд (дәреже) |
||||
|
2
2
2 |
Арматурашы |
III – IV |
1
2
1 |
МСР-100-3 дәнекерлеу машинасы
Шыбықшыларды беруге арналған роликті стол
Өрімді жылжы-туға арналған роликті стол |
ТББ әр партияның ортасынан үш-үш-тен үлгілер алып, оларды үзілгенге дейін үзіп сынайды. Сынақ нәтижесі ак-тіленіп, арнайы жур-налға жазылады |
Операцияларды жобалау кезде олардың мазмұнын, технологиялық режимдер және олардың мүмкін шектері көрсетілген, операциялардың бөлек элементтерін орындау нақты техникалық шарттарын анықтайды.
Операциялар мазмұны мен оларды дайындау тиімді шарттары: жабдықтар, материалдар және жұмысшылар орналасуын ұйымдастыру схемасы; технологиялық режимдер және олардың ауытқу мүмкін шектері туралы мәліметтер бар, опера-цияларды орындауға техникалық шарттар; операцияларды дайындау кезде қауіпсіз жұмыс шарттары; операцияларды дайындау кезектілігі және элементтер мазмұны, олардың еңбек сиымдылығы, операцияларды дайындауға арналған қажетті жұмыс-шылар құрамы, жабдықтар, аспаптар және құрал-саймандар; әрбір операцияны бақылау мақсаты, техникалық құралдары және периодтылығы әдетте 2 кестеде келтірілген, операциялық нормальда белгіленеді.
Операциялық нормальдар, жобалау процессінде қажетті қорларды анықтау және жұмыс істейтін бойлардың жұмысын басқаруға арналған технологиялық есептеулерге нормативтік база болып табылады.
Процесстің әрбір операциялық еңбек сиымдылығын есептеу. Базалық бұйымды немесе бұйымдар тобын (көпорынды қалыптарды қолдануда, бұйымдарды ұзын стендттерде және біруақытта бірнеше бұйымдар өңделетін басқа жағдайларда дайындауда) келесі кезектілікпен есептеледі: бұйымның конструктивті-технологиялық мінездемесі және қабылданған жабдықтар мінездемесі бойынша жұмыс көлемін табады; операцияның әрбір элементі бойынша еңбек сиымдылығын операциялық нормальдар немесе типтік нормативтер бойынша анықтайды; әрбір операциялар бойынша және бүтін бұйымға (бұйымдар тобына) жұмсалатын жалпы еңбек шығы-нын есептейді; әртүрлі разрядтар (дәрежелер) және жұмысшылар мамандығы үшін бұйым дайындауға жұмсалатын жұмыстар еңбек сиымдылығын анықтайды.
