Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adeb_kir (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.54 Кб
Скачать

42.Үзінді қай шығармадан алынған

М.Шаханов Отырар Келдi ме әлде жауынан сыр тартқысы, Шыңғыс басын изедi оған үн-түнсiз. Бiраздан соң Қаба сақал қарт кici Екеуiне қарсы қарап тұрды үнсiз. Қайыр айтты: – Жылан туса жыланнан, Құлан туса құланнан, Таңданатын түк те жоқ, Бiрақ жылан қалай туды қыраннан?

43.Проза тілі мен поэзия тілінің ерекшелігі

. Көркем әдебиетте тілдік ерекшелікте, сөйлем құраудағы өзіндік критерийлер айқын байқалады. Проза мен поэзия тілдері жалпы тілден бөлек тұрған жеке категория емес, оларда тілдің жалпы заңдылықтарына бағынады. Дегенмен, проза мен поэзия тілдеріндегі негізгі ерекшелік - ойды жеткізу үшін құрылған сөйлемдердің құрылымында, сөйлемдердің сыртқы формасында. «Өлеңді сөйлем - ерекше сөйлем,» - дейді Р. Сыздықова. Поэзия тілін ерекшелендіретін негізгі факторы ұйқас, өлшем, ырғақ. Мысалы: Мен де оны бір кезде Етігінен танығам Қадай басып өкшесін Далама кеп қаңғыған. Осы 4 тармақты, 7 буынды шумақта екі сөйлем бар еді, яки екі ой айтылған. Ал қара сөзбен жазылған сөйлемдердің буын санын анықтау тіпті мүмкін емес. Сонымен, өлеңді сөздердің қара сөзден айырылатын белгілері - өлеңнің жеке - жеке, қысқа - қысқа жолдарға, яки тармақтарға бөлінуі және сол жолдардың өз ара белгілі бір ырғақта, ұйқаста, өлшемде келуі. Енді поэзия мен прозаның синтаксистік ерекшелігіне келейік. Поэзияның синтаксистік құрылысында проза синтаксисінен айырмашылықтары да, ортақ белгілері де бар. Сөздерді бір - бірімен синтаксистік қарым - қатынасқа келтірудің прозада қолданылатын амал – тәсілдері поэзияда да қолданылған. Проза да бар сөйлем мүшелері, сөз тіркесі поэзияда да кездеседі. Поэзияда да сөйлем мүшелері бірін - бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады, предикаттық қатынас түзейді. Прозадағы сияқты поэзиядағы сөз тіркестері де өздерінің байланысу формалары мен тәсілдері арқылы байланысады.

44.Сатиралық лирика Сатира[өңдеу]

Сатира (лат. Satira)- өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар.Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе,

көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралықшығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. Ежелгі Грекияда жанр ретінде туындағанымен әдебиеттің дербес тегі ретінде Ежелгі Римде кең қанат жайды. Петронийдің "Сатирикон", Апулейдің "Алтын баспақ" романдары осы тұста дүниеге келеді.

Абай шығармашылығы қазақ сатирасын сапалық жаңа биікке көтерген. Ұлы ақын шығармашылығында эпиграммалар "Абралыға", "Көкбайға", "Күлембайға", "Дүтбайға", т.б арналған өлеңдерінде жиі кездеседі. Көкбайға арналған эпиграммаларда юморлық сарын басым болса, Көкбай мен Күлембайға арналған эпиграммаларда айыптау, мысқылдау жағы үстем түсіп отырады. Абай шығармаларында пародияның элементтері де бар. ("Өлең сөздің патшасы, сөз capасы", "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"), Абай сатирасында мысал жанры ерекше орын алады. Мысал жанры 20 ғасырдың басындағы көрнекі қазақ ақындары А.Байтұрсынұлы, М.Сұлтанқожаұлы, Т.Ізтілеуов шығармаларында жиі кездеседі. сатиралық өлеңдер С.Торайғыров шығармашылығынан берік орын алды (мысалы, "Мағынасыз мешіт", "Сымбатты сұлуға", т.б.). Ол "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты сатиралық әңгіме де жазды. Сәбит Дөнентаев мысал, фельетон жазумен қатар, қазақ сатирасын сюжетті сықақ өлеңдермен байытты. С.Сейфуллин "Күзетші иттер", "Ұлтшылдың сандырағы", "Отарба мен ақ төбет", "Қара aрбада", т.б. сатиралық өлеңдер жазды. Бейімбет Майлин шығармаларын, сатираға мол орын берілді. [1]