
- •38.Драма жанры
- •40.Ішкі монолог
- •42.Үзінді қай шығармадан алынған
- •43.Проза тілі мен поэзия тілінің ерекшелігі
- •44.Сатиралық лирика Сатира[өңдеу]
- •45.М.Мақатаевтың “Райымбек,Райымбек” поэмасының негізгі идеясы
- •46.Қазақ өлеңінің құрылысы Қазақ өлеңдерінің құрылысы
- •47Көркем шығармадағы пролог пен эпилог
37.Әдеби бағыт
Әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер. Әдеби ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы - әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен мектептерге тән ортақ рухани мазмүндағы көркем ұстанымдардың негізгі шарттарынқамтиды. Көбіне аталған терминдер синоним ретінде де қолдануы мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады. Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм постмодернизм. Әдебиеттің ұлттық арнасы шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. «Бағыт» деген түсінік алғаш рет Белинский, Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әдеби бағытпен қатар әдеби ағым түсінігі синоним ретінде қолданылып келеді. 20 ғасыр басындағы әдебиеттануда стиль ұғымы кең қолданыла басталды. Ең кең тараған көзқарас бойынша, бағыт - бір шығармашылық әдіс біріктіріп түрған кең көлемдегі әдеби-шығармашылық құрылым.
Әдеби ағым - әр бағыттың ішінде орын алатын әдеби құбылыс. Басты ерекшеліктері эстетикалық, идеологиялық негіздерде болуы ықтимал. Батыс әдебиеттануы бағыт пен ағымдардын бар екенін ескермейді. Әдебиет теоретиктері бұл тұсініктердің нақты емес, бір жерден шықпайтынын алға тартады. Бірақ бірдей әдеби бағдарламалардың бар екенін ескере отырып, бұның орнына олар ұлттық әдебиеттердегі кезенді - дәуір тусінігін қолдануды нұсқайды. Абай жыраулардың тарихи шындықты батыл баяндау дәстұрін жазба әдебиетке әкелді. Ж. Аймауытовты өзінө ұстаз санаған Әуезовтің де стильдік дәстүрін дамытқан шәкірттері бар. 20 ғасыр басындағы А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Әуезов ұлттық әдебиетте реализм бағытын орнықтырды. С. Сейфуллин, С. Мұқанов, X. Есенжанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсірепов, 3. Шашкиндер т.б. соцреалистік ағымның әдісін өз шығармаларында іске асырды. Ал Әуезов осы екі ағымды ұштастырып, жаңа стиль таба білді. Сөйтіп ол өз туындыларын осы бағытта жазды.[1]
Әдеби ағым
Өмірдегі күллі құбылыстың “бәрі барлығымен, әр-қайсысы әрбірімен” (Ленин) өз ара байланыста болатыны, демек, бәрі барлығымен тоғысып, әрқайсысы әрбіріне ауысып жататыны белгілі. Сол ретте, әр жазушының әрбір жеке шығармасында болатын мазмұн мен пішіннің бірлігі бір емес, барлық шығармасына тұтас ауысқан тұста оның стилі танылды. Әдеби ағымды дәл осы түрғыдан тану керек.
Бір жазушының бірнеше шығармасы ғана емес, бір топ жазушының бір алуан шығармасында өз ара ұқсас сипаттар, сыбайлас сырлар жатады. Мұндай сыр мен сипатты әр жазушы өз шыгармасына әшейін қолдан жа-сап, жапсыра салмайды. Мұндай өз ара ұқсас сыр мен сипатты бір топ жазушының бір алуан шығармасына мезгілдің, олар өмір сүрген дәуірдің, өзі дарытады.
Дәлелдейік. Ерубаев — Мүстафин — Шашкин; “Менің құрдастарым” — “Қарағанды” — “Теміртау”; Рахмет — Мейрам — Қайыр… Үш жазушы, үш роман, үш қаһарман. Сөз жоқ, үш түрлі жазушы, үш түрлі роман, үш түрлі қаһарман!.. Бірақ бұлардың әрқайсысына тән өзгешелікті көре түра, бәріне тән бірлікті де байқауға болады. Алдымен үш жазушыда әдіс бірлігі бар, содан соң, үш романда тақырып бірлігі бар; ақыр аяғында, үш қаһарманда идеялық бірлік бар. Басқасын айтпағанда, тек осы бірліктердің өзі-ақ үш әдебиетшіге тән өз ара ұқсас сыр мен сипатты аңғарта алады.
Осындай көп-көп сыбайлас сырлар, ұксас сипаттар бір емес, бір топ жазушының бүкіл суреткерлік өнеріндегі белгілі бір уақыт пен ке-ңістікке сай идеялық-көркемдік бірлікке әкеледі. Дәл осы бірлік — ә д е -б и а ғ»ым.Стиль — бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым — бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль — әр жазушының дара қасиеті болса, ағым — әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль — жалқыға тән ұғым болса, ағым — жалпыға тән ұғым; стиль — әр жазушының әдеби беті болса, ағым — әр жазушының әдеби бағыты.Әдеби ағым әр елдің әдебиетінде әрқашан болған, қазірде де бар және бүгінгі біздегідей біреу емес, бірне-шеу.Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы таптық жағдай туғызады. Әрбір әдеби ағым — әрдәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі.Әдеби ағым—тарихи категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.
38.Драма жанры
Драма– (гр. dramo — әрекет) —
1) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі). Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты.
Драматургия мәселесін қозғағандардың барлығы, бәрінен бұрын, оның қиындығын айтады. Өзге жанрлардай емес, драматургияда шарттылық көп.
Алдымен, драматургиялық шығармаға көлем жағынан шек қойылады. Қандай пьеса болмасын, бәрібір, жетпіс-сексен беттен аспауы шарт.
Екіншіден, драматургиялық шығарма тек қана қатысушылардың сөздерінен құралады. Шындық пен образ тек қана диалог пен монологқа негізделген. Сахнада сөйлейтін тек персонаж ғана; автор сахна сыртында, залда қалады. Автор үнсіз, тілсіз; қай сөзді қалай айту керек екенін режиссер мен актерге әшейін жақшада көрсеткені болмаса, дәл спектакль үстінде автор дәрменсіз
Демек, драмадағы ең, басты, ең, шешуші, ең негізгі нәрсе — т і л. Пьесаның, күші де, әлсіздігі де тілде; пьесадағы әр сөз мірдің оғындай өткір, көздеген жерге дір етіп тиердей дәл, көкейге саулап құйылардай таза, мөлдір, санаға мықтап дарығандай мағыналы, мәнді болып келуге тиіс. Драма тілі тұжырымды, қысқа, түйінді болады. Өйткені романда бір бетке суреттелетін шындык пен суретті пьесада бір ауыз сөзбен беру қажет. Ал әр сөз, әр сөйлем шындықты ғана емес, сол сөзді айтқан кейіпкердің мінезін аңғартуы керек; әр адамның сөзі өзін танытуы шарт.
Драматургия (гр. dramaturgіa) — қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы.
39.Жетім
Жаз ортасының қоңыр кеші. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті - қалың таудың іші. Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп жатты. Тау бектеріндегі қоңыр жел ақырындап бұралып соғып, салбыраған шерлі күйді қозғағандай болады. Табиғат салқын түсте болса да, сұлу тілді сүйгендей, іздегендей еді. Мәңгі мұңлы шермен үзіліп-үзіліп соққан желмен бірге жүректі ақырын-ақырын шымшығандай еді. Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара жатқан даланы әнші жігіттің зар-мұңлы даусы ұзақ толқынды ырғағымен тербеткендей болды. Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті қызықты еске түсірмей, ұлы бір сабырды еске түсіргендей. Жігіттер табиғатпен жалғасатын тіл тапқандай боп, кейде баяулап қоңырлатқан, кейде шырқыраған сұлу өнмен түн құшағына кіріп келе жатты...Ән кейде батқан күн мен бейуаққа қоштастырған үн сияқты.Бұл жігіттер иесіз таудың ішімен түнде жүріп өтпек болып, тау сыртындағы елді бетіне алып, жалғыз аяқ жолмен түн қатып келе жатыр еді. Осы кезде осы таудың сыртында жігіттер келе жатқан жақты бетіне алып, жалғыз жаяу бала келе жатты.Жол үстінде ымырт жабылып, қас қарайған шақта жалғыз келе жатқан баланың ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар.
Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Жан-жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай. Белгісізтұңғиық жүрегін жаныштады. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйді есіне түсіргендей болады.Жүрегін қыныш басып, жалғыздық жеп келе жатқан баланы не бастап келеді? Жеті түнде айдап шыққан айдау-кім? Айдаушы сол баланың тағдыры еді. Он жасар Қасымның бұдан бір жыл бұрын кәрі анасы өліп еді.