
- •18. Калориметрден қоршаған ортаға кететін жылу шығыны қалай ескеріледі?
- •19. Жанама үйкеліс кернеуі дегеніміз не ? Сұйық тұтқырлығын сипаттайтын Ньютон заңын жазыңыз.
- •20.Пуазейль өрнегінің мағынасын түсіндіріңіз.Сұйық тұтқырлығының си жүйесіндегі өлшем бірлігін жазыңыз.
- •21.Молекуланың еркін жүру жолын қалай анықталады?
- •22.Вискозиметрде каппиляр не үшін қажет?
- •23.Активция энергиясы деген не? Молекуланың отырықшы өмір уақытты деген не?
- •24.Сұйық пен газ тұтқырлығының температураға тәуелділігі қандай?
- •25.Беттік керілу коэффициенті дегеніміз не? Молекулалық әсер сферасы?
22.Вискозиметрде каппиляр не үшін қажет?
Қондырғы құрамына ішіне зерттелетін сұйық құйылып, термостат суына батырылған вискозиметрлер енеді. Термостат суының көлемі мөлшермен 16 литр. Термостат ішіне электр қыздырғыш ж\е термостатты суыту үшін пайдаланылатын суытқыш элемент орнатылған. Суытқыш элементтің түтігі қалалық суық су құбырына жалғанған. Термостаттың бүкіл көлемінде бірдей температура болу үшін керек уақытта электромеханикалық бұлғауышты әлсін-әлсін іске қосып термосата ваннасындағы суды араластырып отырады. Ваннадағы термостаттаушы судың температурасы термостат қақпағына бекітілген контактылы ж\е тексеруші термометрлермен өлшенеді. Жұмыс кезінде термостат температурасын қыздырғыш арқылы бөлме температурасынан бастап 40 С ге дейін жайлап өзгертуге мүмкіндік бар. Сұйық тұтқырлығын өлшеу үшін Освальд-Пинткевичтің стандартты ВПЖ типтес вискозиметрлері қолданылады. ВПЖ вискозиметр U-тәрізді түтікке ұқсайды. Сол жақ иініне каппиляр дәнекерленіп , ол жоғары қарай түтіктің кеңейтілген бөліктеріне ұласады. Оң жақ иінде каппилярдың төменгі ұшына деңгейлес биіктікке кеңітілген бөлігі бар. Сұйық тұтқырлығын өлшеу барысында сұйық каппилярдан ағып өтіп осы бөлікке құйылады. Цилиндрлік каппилярдағы сұйықтың ламинарлық қозғалысы кезіндегі кірер ауыздан алыс жатқан каппиляр қимасындағы жылдамдық үлесуі Пуазейль өрнегіне сәйкес былай жазылады: