- •1. Химияландыру проблемаларын сипаттаңыз (ғылыми, өндірістік, қаражаттық)
- •2. Ауылшаруашылығын химияландырудың мәнін түсіндіріңіз
- •3. Энергетика проблемалары және энергия өндіру құрылымын сипаттаңыз
- •4. Жанармайдың дәстүрлі түрлерін өндіруде, өңдеуде, тасымалдауда және сақтауда химияның ролін анықтаңыз.
- •5. Жанармай түрлерін сипаттаңыз
- •6.Отынды сақтаудың химиялық аспекттерін сипаттаңыз
- •7.Отынды қолданудың экологиялық проблемаларын сипаттаңыз
- •8.Энергия көздерін (альтернативті және дәстүрлі) сипаттаңыз
- •9.Ядролық энергетиканың химиялық аспекттерін сипаттаңыз
- •10.Ядролық энергетиканың проблемаларын сипаттаңыз
- •12. Су электр станциясының артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз
- •13. Жел қондырғысынан электр энергиясын өндіру технологиясын талдаңыз
- •14. Күн батареяларынан электр энергияларын өндіру технологиясын талдаңыз
- •15. Су электр станциясынан электр өндіру технологиясын сипаттаңыз
- •Тыңайтқыштардың жіктелуін сипаттаңыз.
- •2. Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштардың түрлерін атаңыз және айырмашылығын талдаңыз.
- •3. Азық – түлік проблемаларын шешудің химиялық аспектілерін сипаттаңыз.
- •4.Пестицидтердің химиялық құрамы бойынша жіктелуін сипаттаңыз.
- •5.Тұрмыстық жәндіктермен күресуде пестицидтер мен инсектицидтердің ролін сипаттаңыз
- •6.Тамақ өнеркәсібін химияландыруды мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •7.Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын тұрақтандырғыштардың адам ағзасына тигізетін әсері мен зиянын сипаттаңыз
- •8.Тамақ технологиясында қолданылатын химиялық үдерістерді сипаттаңыз
- •9. Нан пісірудегі химиялық үдерістер:
- •10. Азық-түлік өнімдерін тазалау және түссіздендіруде қолданылатын химиялық әдістерді сипаттаңыз
- •11.Тұрмыста қолданылатын химиялық заттарды қолданудың қауіпсіз шараларын сипаттаңыз
- •Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- •12.Беттік активті заттардың құрылымын, жіктелуін сипаттаңыз
- •13.Тазалағыш және залалсыздандырғыш заттарды сипаттаңыз
- •Результаты тестов
- •Состав Белизны.
- •Белизна как чистящее средство.
- •Белизна как средство для стирки тканей.
- •Белизна как отбеливающее средство.
- •15. Емдік сауықтыру пасталарын сипаттаңыз
- •Лечебно-профилактические зубные пасты
- •Өндірістен шығатын қалдықтарды қалдықсыз технология арқылы қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндіріңіз
- •Қалдықсыз өнімдер шығарудың тиімді әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз
- •Судың кермектілігін жою жолдарының механизмін талдаңыз
- •Табиғи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын анықтаңыз
- •5. Заманауи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын түсіндіріңіз
- •6. Полимерлі материалдарды алыну тәсілі бойынша жіктеуді сипаттаңыз
- •7. Жартылай өткізгіштік, магнитті материалдардың құрамы, қасиеті бойынша сипаттаңыз
- •8. Шыны өндіру технологиясын сипаттаңыз
- •9.Дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалардың адам ағзасындағы ролін түсіндіріңіз
- •10.Таза металдар және оларды алу тәсілдерін сипаттаңыз
- •12.Кешенді қосылыстар және олардың алынуы мен қолданылуын сипаттаңыз
- •13.Силикаттар негізінде бейорганикалық заттар алу негізін түсіндіріңіз
- •Шыны өндірісі
- •14. Химиялық элементтердің биогенді рөлі мен маңызын сипаттаңыз
- •15. Өндіріс қалдықтарының тірі ағзаға тигізетін зиянын талдаңыз
12. Су электр станциясының артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз
Су энергетикасы –су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын энергетиканың саласы. Алғашқы су энергиясы диірмендердің, станоктардың, балғалардың, ауа үрлегіштердің, т.б. жұмыс машиналарының жетектерінде пайдаланылды. Гидравликалық турбина, электр машинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр стансаларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының бір бағыты ретінде дамыды. СЭС – жылу электр стансаларына қарағанда жылдам реттелетін, икемді энергетикалық қондырғы. Су электр станциялары көбінесе өзен бойында тоған және су қоймаларын құра отырып салынады. Сондай-ақ, су ағымының кинетикалық энергиясын еркін ағымдық СЭС-терде қолдануға болады.
Артықшылықтары:
СЭС электр энергиясының өзіндік құны басқа электр станция түрлеріне қарағанда әлдеқайда төмен.
СЭС генераторларын қажеттілікке сай жылдам өшіріп-қосуға болады.
Жаңартылатын энергия көзі болып табылады
Қоршаған ауаға әсері басқа электр станцияларға қарағанда анағұрлым азырақ
СЭС құрылысы капиталды көбірек қажетсінеді
Тиімді СЭС-тер тұтынушылардан жиі алыс орналасады
Су қоймалары едәуір аумақтарды алып жатады
13. Жел қондырғысынан электр энергиясын өндіру технологиясын талдаңыз
Жел энергиясының пайдаланылуы — электр энергиясын өндіру үшін және әр түрлі механизмдерді (су сорғысы, ұн тартатын диірмен және т.б.) әрекетке келтіру үшін желдің механикалық энергиясын жел электр станциясы арқылы пайдалану. Энергияның қалпына келетін көзіне жатады. Қуаты 50—100 киловатт (мұнарасының биіктігі 15—25 м) электр станциялары едәуір сенімді және тиімді болып саналады. АҚШ, Дания, Голландия, Германия және т.б. елдерде едәуір арзан электр энергиясын өндіретін көп жел қондырғылары жұмыс істейді. Қытайда жел энергиясын пайдаланатын 120 мыңнан астам шағын жел генераторы және 1600 сорғы жұмыс істейді. Осыған ұқсас жұмыстар біздің елімізде де басталды. Қазақстанда негізінен жел көздері жеткілікті. Олар: Жетісу (Жоңғар) қақпасы, Сөгеті жазығы (Алматы облысы), Қордай (Жамбыл облысы), Бейнеу, Жетібай(Маңғыстау облысы), Атырау, Индер, Мұғалжар өңірлері, Ерейментау , Сілеті (Ақмолаоблысы), Балқаш, Топар (Қарағанды),Жоталы (Қызылорда облысы), Жалпақтау (Батыс Қазақстан облысы) және т.б. Форт-Шевченкода 45 күн жылдамдығы 15 м/с-тан асатын күшті жел соғады. Бүл өте мол энергия көзі. Сондықтан жел күшін тиімді пайдалану өте маңызды. Алайда энергияның экологиялық таза көзінің де кейбір проблемалары болады (теледидарға бөгет болатын ультра-дыбыстық сәуле шығарады; жануарлар әлеміне, әсіресе құстарға және т.б. теріс өсер етеді). Мысалы, Голландияда теңіз жағасында 3 километр ұзындыққа жел қондырғыларының батареясы орналастырылған. Бұл жерде биіктігі 36 метр, ұшқалақты роторының диаметрі 25 метр болатын конус тәрізді темірбетон мұнара салынған. Голландияда жыл сайын электр берілісі желісінен шамамен 40 мың ірі құс, ал көктемгі және күзгі ауу кезінде, егер электр берілісі сызығы құс қайту жолын қиып өтетін болса жылына 70 мыңға дейін (электр берілісі сызығының 1 километріне шаққаңда) құс өлетіні есептелді. Осыған ұқсас жағдай Калифорнияда да болған. Мұнда АҚШ-та жел агрегаттарымен өндірілетін барлық энергияның шамамен 90%-ын 16 мың жел қондырғылары өндіреді. Алайда, жалпы жел энергиясы бірқатар шетелде өндірілетін электр энергиясының 5-10%-ын ғана береді. Жел энергиясын одан әрі дамыту қазба отын пайдаланылатын дәстүрлі электр станциялары шығаратын ластағыш заттектер шығындыларын болдырмауға мүмкіндік береді.
