- •1. Химияландыру проблемаларын сипаттаңыз (ғылыми, өндірістік, қаражаттық)
- •2. Ауылшаруашылығын химияландырудың мәнін түсіндіріңіз
- •3. Энергетика проблемалары және энергия өндіру құрылымын сипаттаңыз
- •4. Жанармайдың дәстүрлі түрлерін өндіруде, өңдеуде, тасымалдауда және сақтауда химияның ролін анықтаңыз.
- •5. Жанармай түрлерін сипаттаңыз
- •6.Отынды сақтаудың химиялық аспекттерін сипаттаңыз
- •7.Отынды қолданудың экологиялық проблемаларын сипаттаңыз
- •8.Энергия көздерін (альтернативті және дәстүрлі) сипаттаңыз
- •9.Ядролық энергетиканың химиялық аспекттерін сипаттаңыз
- •10.Ядролық энергетиканың проблемаларын сипаттаңыз
- •12. Су электр станциясының артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз
- •13. Жел қондырғысынан электр энергиясын өндіру технологиясын талдаңыз
- •14. Күн батареяларынан электр энергияларын өндіру технологиясын талдаңыз
- •15. Су электр станциясынан электр өндіру технологиясын сипаттаңыз
- •Тыңайтқыштардың жіктелуін сипаттаңыз.
- •2. Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштардың түрлерін атаңыз және айырмашылығын талдаңыз.
- •3. Азық – түлік проблемаларын шешудің химиялық аспектілерін сипаттаңыз.
- •4.Пестицидтердің химиялық құрамы бойынша жіктелуін сипаттаңыз.
- •5.Тұрмыстық жәндіктермен күресуде пестицидтер мен инсектицидтердің ролін сипаттаңыз
- •6.Тамақ өнеркәсібін химияландыруды мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •7.Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын тұрақтандырғыштардың адам ағзасына тигізетін әсері мен зиянын сипаттаңыз
- •8.Тамақ технологиясында қолданылатын химиялық үдерістерді сипаттаңыз
- •9. Нан пісірудегі химиялық үдерістер:
- •10. Азық-түлік өнімдерін тазалау және түссіздендіруде қолданылатын химиялық әдістерді сипаттаңыз
- •11.Тұрмыста қолданылатын химиялық заттарды қолданудың қауіпсіз шараларын сипаттаңыз
- •Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- •12.Беттік активті заттардың құрылымын, жіктелуін сипаттаңыз
- •13.Тазалағыш және залалсыздандырғыш заттарды сипаттаңыз
- •Результаты тестов
- •Состав Белизны.
- •Белизна как чистящее средство.
- •Белизна как средство для стирки тканей.
- •Белизна как отбеливающее средство.
- •15. Емдік сауықтыру пасталарын сипаттаңыз
- •Лечебно-профилактические зубные пасты
- •Өндірістен шығатын қалдықтарды қалдықсыз технология арқылы қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндіріңіз
- •Қалдықсыз өнімдер шығарудың тиімді әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз
- •Судың кермектілігін жою жолдарының механизмін талдаңыз
- •Табиғи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын анықтаңыз
- •5. Заманауи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын түсіндіріңіз
- •6. Полимерлі материалдарды алыну тәсілі бойынша жіктеуді сипаттаңыз
- •7. Жартылай өткізгіштік, магнитті материалдардың құрамы, қасиеті бойынша сипаттаңыз
- •8. Шыны өндіру технологиясын сипаттаңыз
- •9.Дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалардың адам ағзасындағы ролін түсіндіріңіз
- •10.Таза металдар және оларды алу тәсілдерін сипаттаңыз
- •12.Кешенді қосылыстар және олардың алынуы мен қолданылуын сипаттаңыз
- •13.Силикаттар негізінде бейорганикалық заттар алу негізін түсіндіріңіз
- •Шыны өндірісі
- •14. Химиялық элементтердің биогенді рөлі мен маңызын сипаттаңыз
- •15. Өндіріс қалдықтарының тірі ағзаға тигізетін зиянын талдаңыз
5. Жанармай түрлерін сипаттаңыз
Мұнай – молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға (дистиляттарға) бөледі, мұнайдың құрамында С5 – Сn көмірсутектері бар және 40-200°С аралығында қайнайтын бензин, құрамында С8-С14 көмірсутектері болатын 150-200°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С12-С18 көмірсутектері болатын және 180-300°С аралығында қайнайтын керосин алады, бұлардан кейін газойль алынады. Бұның бәрі – ашық түсті мұнай өнімдері. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағармай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады.
Бензин – 30 – 205°С аралығында қайнайтын, құрамы әр түрлі жеңіл көмірсутектердің қоспасы; түссіз не арнайы боялған сұйық. Судан жеңіл, тығыздығы 0,70 – 0,78 г/см3, өзіне тән иісі бар, 60°С-та қатады. Бензин тез буланғыш, оңай тұтанғыш зат, буының ауамен қоспасы қопарылғыш келеді. Бензин алудың негізгі кең тараған әдістері: мұнайды тікелей айдау, мұнайдың ауыр фракцияларын крекингілеу, көмірсутек газдарынан бөліп алу, тас көмірді гидрогендеу және көмірсутек газдарын (изобутан, бутан, пропан) алкилдеу, т.б. Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т.б. қолданылады. Отын ретінде қолданылуына қарай авиация Бензині және автомобиль Бензині болып бөлінеді. Бензиннің негізгі қасиеті – детонацияға тұрақтылығы, яғни қозғалтқыштарда бірқалыпты жану қабілеті. Оның детонацияға тұрақтылық қасиеті октан санымен сипатталады. Октан саны неғұрлым көп болса, детонацияға тұрақтылық қасиеті соғұрлым жақсы болады. Бензиннің маркалары (А-80, А-93, А-95, т.б.) осы қасиетке негізделген. Автомобиль санының күрт өсуіне байланысты бензин үлкен қалалар ауасын ластаушы негізгі факторға айналып отыр. Ауадағы бензин буының қойыртпалығы 100 – 300 мг/м3-ден көп болса, адам организміне қауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде және оны пайдаланғанда барлық сақтық шаралары қадағалануы тиіс. Қазақстанда Бензин Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларындағы мұнай өңдеу зaттарында өндіріледі. Лигроин трактор үшін жанармай болады.
Керосин – трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы. Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі.
Лигроин-мұнайды тікелей өңдеу өнімі. 120-240 °С аралығында қайнай бастайды. Тығыздығы 0,760- 0,795 г/см3. Лигроин бензин мен керосиннің (жермай) аралығына сәйкес келеді. Бұл фракцияны дербестеп алу ұдайы жүзеге асырыла бермейді. Лигроин трактор жанармайы ретінде, лактау-сырлау өндірісінде еріткіш ретінде (уайт-спирт деп аталатын, 165-200 °С температура аралығында алынатын фракция) және кейбір аспаптарда гиравликалық сұйық ретінде қолданылады.
Дизель отыны – сұйық мұнай отыны. Оған, негізінен, мұнайды бірден айдау арқылы алынатын керосин-газойль фракциялары (шапшаң жүрісті дизельдер үшін) және одан гөрі ауыр фракциялар немесе мұнай өнімдерінің қалдықтары (баяу жүрісті дизельдер үшін) жатады. Дизель отыны – қайнау температурасы 180 – 3600С, тығыздығы 0,790 – 0,860 г/см3, тұтқырлығы 1,5 – 8,0 мм2/с, қоспа мөлшері (көмірсутектің күкіртті, азотты және оттекті туындылары) 4%-ға дейін болатын сұйықтық. Әр түрлі климаттық аймаққа арналып және жұмыс істеу жағдайына қарай дизель отынының арктикалық, қыстық және жаздық үш түрі шығарылады. Олар бір-бірінен қату температурасымен, фракциялық құрылымымен, т.б. көрсеткіштерімен ажыратылады. Моторлық дизель отыны: отынды қолдануға дайындау жүйесімен (қыздыру, тұндыру, айыру) жабдықталған дизельдерге және мұндай жүйемен жабдықталмаған дизельдерге арналып жасалған екі сортпен шығарылады.
