Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Қолданбалы химия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
473.59 Кб
Скачать

2. Ауылшаруашылығын химияландырудың мәнін түсіндіріңіз

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Ауыл шаруашылығында механикалық және автоматтандырылмаған комплексті ауылшаруашылық жұмыстарын іске асыру, топырақты арнайы агротехникалық өңдеуден өткізу және ауылшаруашылық жануарларын ұстау және қараудың ғылыми әдістері, рационалды және жан-жақты химиялауға көп мөлшерде көңіл бөлу керек. Ауылшаруашылығын химияландыру-негізі тұрғындардың азық түліктерін және өндірістік- ауылшаруашылық өнімдерін қанағаттандыру, мал және ауылшаруашылық өнімдерін жақсарту үшін қолданылатын әдістің бірі болып табылады. Мысалға, химиялық заттар арам шөптерден және өнімдерді әр түрлі аурудан және зиянкестерден қорғап, ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне ықпал жасайды. Қазіргі уақытта орташа өнімді жоғалту 15-20% құрайды.Осыған қоса мал шаруашылық азық түліктердің өнімділігін және биологиялық құндылығын жоғарылату мақсатында жүргізіледі. Жоғарыдағы айтылғандар түсінікті болу үшін мысал келтірейік-экзопаразиттер және жануарлардың түрлі аурулуры ауыл шаруашылығына үлкен экономикалық зиян тигізеді.

Сондықтан өсімдіктер мен жануарларды зиянкестерден және аурудан қорғайтын химиялық заттардың ашылуы бүкіл әлемдегі атақты жағдайы болып табылады. Осы химиялық заттардың көлемі арқылы(улы химикаттар немесе пестицидтер) өсімдіктер мен жануарларға әсер ететін және паразитарлы тиф, малярия және басқада ауру туғызатын көптеген жәндіктермен күресуге мүмкіндік туды.

Пестицидтер немесе агрохимикаттар - ауылшаруашылығында зиянкестерімен және ауылшаруашылық дақылдарын әртүрлі ауруларымен, арам шөптермен, жануарлардың экзопаразиттерімен күресу үшін және де дәнді-дақылдардың,тұқымдардың дамуы мен өсуін ылталандыру мақсатында қолданылатын әртүрлі улы деңгейдегі химиялық және синтетикалық заттар.

3. Энергетика проблемалары және энергия өндіру құрылымын сипаттаңыз

Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді. Электр энергиясы айнымалы токтың индукдиялық генераторларынан әр түрлі электр станцияларында өндіріледі. Электр станциялары көмір мен мұнай қорларының жанында (жылу электр станциялары) немесе өзен-сулардың бойында (су электр станциялары) тұрғызылады. Жылу электр стандияларында отынның (мысалы, көмірдің) жылу энергиясы электр энергиясына түрленеді. Жоғары қысымда қызған бу ағыны бу турбинасының роторын айналдырады, сонда онымен бір оське орнатылған генератордың роторы да айналады. Су электр станцияларында судың механикалық энергиясы электр энергиясына түрленеді. Өзенді бөгеп, платинамен суды биікке көтереді. Биіктен гидравликалық турбинаның қалақшаларына құлаған су ағыны оныт генератордың роторымен қоса айналдырады. Қазіргі кезде дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының біраз бөлігі атом электр станцияларында өндіріледі. Мұнда ауыр ядролардың тізбекті реакциясы кезінде бөлінген атомның ішкі энергиясы электр энергиясына түрленеді. Тізбекті реакция ядролық реактор деп аталатын қондырғыларда жүреді.

Энергетика ресурстарына: қара, қоңыр көмір, мұнай және табиғи газдар, жанармай материалдары жатады. Көмір қорларының шоғырлануы Екібатұз, Қарағанды, Майкүбен, Кендірлік, Алакөл аймақтарында. Републикалық дәрежеде Қарағанды және Екібастұз бассейндері жатады. Көмірсутек концентрациясының негізгі ауданына Батыс Қазақтан, соның ішінде Маңғыстау мен Эмба мұнайлы газ бассейндері жатады. Соңғы жылдары жаңа мұнай көздері ашылды: Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған және т.б. Энергетикалық қорлардың жаңгырмайтын қатарына — көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне - фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады. Энергияның сан алуан түрлілігіне қарамастан, адамзат баласы, оның санаулы бөлігін ғана пайдаланады. Ғылым мен техника дамығанға дейін, негізгі энергия көзі ретінде, адамзат бүлшық етінің қимылы мен жануарлар қозғалысының энергиялары, жел энергиясы, ағашотынның энергиясы пайдаланылып келді. Мұнай-газ, көмір, гидроэнергияның пайдалана бастағаиына да біршама уақыт болып қалды. Соңғы жылдары, атом энергиясын жүйелі түрде пайдалану жолға қойыльш отыр. Сондай-ақ, жер қойнауындагы ыстық су көздерін пайдалану да маңызды болып отыр. Күн көзінің энергиясын тиімді пайдалану, оны сақтау — адамзат баласының алдында шешімін табар мөселелерге жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]