
- •1. Химияландыру проблемаларын сипаттаңыз (ғылыми, өндірістік, қаражаттық)
- •2. Ауылшаруашылығын химияландырудың мәнін түсіндіріңіз
- •3. Энергетика проблемалары және энергия өндіру құрылымын сипаттаңыз
- •4. Жанармайдың дәстүрлі түрлерін өндіруде, өңдеуде, тасымалдауда және сақтауда химияның ролін анықтаңыз.
- •5. Жанармай түрлерін сипаттаңыз
- •6.Отынды сақтаудың химиялық аспекттерін сипаттаңыз
- •7.Отынды қолданудың экологиялық проблемаларын сипаттаңыз
- •8.Энергия көздерін (альтернативті және дәстүрлі) сипаттаңыз
- •9.Ядролық энергетиканың химиялық аспекттерін сипаттаңыз
- •10.Ядролық энергетиканың проблемаларын сипаттаңыз
- •12. Су электр станциясының артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз
- •13. Жел қондырғысынан электр энергиясын өндіру технологиясын талдаңыз
- •14. Күн батареяларынан электр энергияларын өндіру технологиясын талдаңыз
- •15. Су электр станциясынан электр өндіру технологиясын сипаттаңыз
- •Тыңайтқыштардың жіктелуін сипаттаңыз.
- •2. Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштардың түрлерін атаңыз және айырмашылығын талдаңыз.
- •3. Азық – түлік проблемаларын шешудің химиялық аспектілерін сипаттаңыз.
- •4.Пестицидтердің химиялық құрамы бойынша жіктелуін сипаттаңыз.
- •5.Тұрмыстық жәндіктермен күресуде пестицидтер мен инсектицидтердің ролін сипаттаңыз
- •6.Тамақ өнеркәсібін химияландыруды мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •7.Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын тұрақтандырғыштардың адам ағзасына тигізетін әсері мен зиянын сипаттаңыз
- •8.Тамақ технологиясында қолданылатын химиялық үдерістерді сипаттаңыз
- •9. Нан пісірудегі химиялық үдерістер:
- •10. Азық-түлік өнімдерін тазалау және түссіздендіруде қолданылатын химиялық әдістерді сипаттаңыз
- •11.Тұрмыста қолданылатын химиялық заттарды қолданудың қауіпсіз шараларын сипаттаңыз
- •Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- •12.Беттік активті заттардың құрылымын, жіктелуін сипаттаңыз
- •13.Тазалағыш және залалсыздандырғыш заттарды сипаттаңыз
- •Результаты тестов
- •Состав Белизны.
- •Белизна как чистящее средство.
- •Белизна как средство для стирки тканей.
- •Белизна как отбеливающее средство.
- •15. Емдік сауықтыру пасталарын сипаттаңыз
- •Лечебно-профилактические зубные пасты
- •Өндірістен шығатын қалдықтарды қалдықсыз технология арқылы қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндіріңіз
- •Қалдықсыз өнімдер шығарудың тиімді әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз
- •Судың кермектілігін жою жолдарының механизмін талдаңыз
- •Табиғи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын анықтаңыз
- •5. Заманауи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын түсіндіріңіз
- •6. Полимерлі материалдарды алыну тәсілі бойынша жіктеуді сипаттаңыз
- •7. Жартылай өткізгіштік, магнитті материалдардың құрамы, қасиеті бойынша сипаттаңыз
- •8. Шыны өндіру технологиясын сипаттаңыз
- •9.Дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалардың адам ағзасындағы ролін түсіндіріңіз
- •10.Таза металдар және оларды алу тәсілдерін сипаттаңыз
- •12.Кешенді қосылыстар және олардың алынуы мен қолданылуын сипаттаңыз
- •13.Силикаттар негізінде бейорганикалық заттар алу негізін түсіндіріңіз
- •Шыны өндірісі
- •14. Химиялық элементтердің биогенді рөлі мен маңызын сипаттаңыз
- •15. Өндіріс қалдықтарының тірі ағзаға тигізетін зиянын талдаңыз
Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын, олар тиісті түрде оралған, таңбаланған, қауіпсіз сақтау, тасымалдау және өткізу жөніндегі ақпаратпен жабдықталған жағдайда ғана өткізуге рұқсат етіледі.
Тұтынушылық таңбалау мынадай сақтық шаралары мен ескерту жазуларын қамтуы тиіс: 1) "Тіке күн сәулесінен және….. о С-тан жоғары қызудан сақтау керек" (шарттар нақты құралға арналған нормативтік немесе техникалық құжатта көрсетілуі тиіс); 2) "Бұзбау және балаларға бермеу керек"; 3) аэрозоль шашырандысы бойынша жалын таралуы 0,05 метр (м) ұзындығына және "кері жалынға" ие аэрозольдік өнім үшін "От қауіпті! Ашық от және ыстық заттар жанында шашпау керек" деген ескерту жазуы болуы тиіс; 4) "Шашырату кезінде басын төмен аудармау керек!" (пропеллент ретінде құрамында көмірқышқыл газы немесе қысылған ауасы бар құралдар үшін); 5)"Құрамында белсенді хлор бар". Қажет жағдайда тұтынушылық таңбалау өнімді қолдануды шектеу туралы ескертпеден (аллергендерге, тозаң, тітіркендіргіш заттарға және т.б. асқан сезімталдыққа ие тұлғалар үшін), сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын (қорғау көзілдіріктері, резеңке қолғаптар) қолдану қажеттілігі туралы нұсқаулық болуы тиіс.
Орамға қойылатын талаптар
Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлардың орамы дірілдің, соғылудың немесе температураның, қысым немесе ылғалдылықтың өзгеруі салдарынан ішіндегілердің түрін өзгертпеуді, кемуді немесе төгілуді болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.
Орам дайындалған материал мен жабу құрылғысы оның ішіндегі өнімнің әсеріне төзгіш болмауы, сондай-ақ сыртқы факторлардың немесе жаңа қауіпті қасиеттердің өз бетінше қалыптасуының әсерінен өзгермеуі тиіс.
12.Беттік активті заттардың құрылымын, жіктелуін сипаттаңыз
Беттік активті заттар -OH, -COOH, -O функционалды топтары мен гидрофильді және гидрофобты компоненттері бар органикалық заттар. Беттік активті заттар—фаза (орта) бөлімінің бетінде оның бос энергиясын (беттік керілуді) төмендетіп, жинақталуға қабілетті заттар. Беттік активті заттар өнеркәсіпте (мысалы, флотация кезінде) қолданылады, жуғыш заттардың, лактар мен бояқтардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің құрамына кіреді.
Беттік активті заттар орта қасиетін күшті өзгертеді, тіршілік процестеріне теріс әсер етеді.
Сонымен қатар беттік активті заттар дегеніміз еру кезінде еріткіштің беттік керілуін төмендететін заттар. БАЗ молекулаларының дифильділігі, яғни оларда полярлы (гидрофильді) және полярлы емес (липофильді, гидрофобты) бөлшектердің болуы – бұл молекулаларға ерекше қасиет беретін молекула құрылысының өзіндік ерекшелігі. Осы дифильділіктің қарапайым шегінде түрлердің, топтардың саны мен өлшемдерінің мыңдаған функционалды комбинациялары болуы мүмкін, ол БАЗ – ды топтау қажеттілігін туғызады. Маңызды болып гидрофильді топтардың ионогенді қасиеттері бойынша топтау табылады, ол БАЗ-дың 5 түрін көрсетеді:
1)Анионды (анион-активті)-полярлы еріткіште беттік активті анионды түзе отырып, диссоциацияланатын БАЗ;
2)Катионды (катион-активті) беттік активті катиондарды түзе отырып, диссоциацияланатын БАЗ;
3)Амфотерлі БАЗ (амфолитті) олардың молекулалары бірнеше полярлы топтарды құрайды және диссоциация кезінде сыртқы жағдайға байланысты (ең алдымен сулы ерітіндідегі рН мәніне) беттік активті аниондар мен катиондар беруге қабілетті;
4)Цвиттер ионды БАЗ- олардың полярлы топтары цвиттер иондар болып табылады;
5)Ионды емес БАЗ (ионогенді емес).
Алғашқы 3 түрі көбінде ионды (ионогенді) БАЗ деген ортақ атпен біріктіріледі. Цвиттер ионды БАЗ ионды және ионды емес БАЗ-дың арасындағы аралық орынды алады: бірақ, жалпы олардағы полярлы топ электробейтарап, оның қарама-қарсы зарядтары кеңістікте молекуланың басқа құрылымдық элементтерімен алшақтатылған.
Эффективті БАЗ тек дифильді қосылыс болып қана қоймай , сонымен қатар оптимальды гидрофильді – липофильді балансты қосылыстар да болуы керек (ГЛБ), сондай-ақ белгілі бір баланс жасаумен қатар, гидрофильді және липофильді күштер шамасы да маңызды. БАЗ молекулаларының құрылысының мұндай ерекшеліктері БАЗ-дың ерітінділерінде мицелло түзу қабілетімен анықталады.
1. Сабын – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас…
Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:
Сабының сақар болды дені келін,
Көрмедің шыбын құрлы мені келін
Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердіңсабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны жәнеВизантияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта АзияныңАсбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын — кристалл C-та балқиды; ыстық суда,қатты заттар, 220 — 270 органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге R—COOH+ +NaOH. Мұндағы R радикал, егер ол кіші мән H, CH3, C2H5, C3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Олардыұшырайды. Мысалы, RCOONa+HOH глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады
Сабын молекуласы
Сабын молекуласы–кішкене бақаға ұқсайтын құрылымдар.Әрбір молекуланың екі ұшы бар, бір ұшы құйрық сияқты ұзын полюссіз және гидрофобиялық көмірсутек шынжыры, ал екінші ұшы басы сияқты қысқа полюсті және гидрофильді карбоксильді ион болады. Молекулардың гидрофобиялық қасиеті молеклалардың суда ерімейтін, алайда майда ери алатын ерекшіліктеріне байланысты айтылса, гидрофильдік қасиеттері заттың суда еритін, алайда майда ерімейтін ерекшіліктеріне қатысты айтылады. ==Майлы қышқылдар== Сабындарда стеарин, пальмитин және олеин қышқылдары секілді қаныққан және қанықпаған майлы қышқылдардың натрий және калий сияқты минералды тұздарынан тұрады.Мұндай қышқылдарда 10-20 көміртегі атомынан тұратын ұзын көмірсутекті тізбек және карбоксильді топ бар. Стеарин және пальмитин қышқылдары жалғыз байланыстардан тұратын қаныққа майлы қышқылдарға жатады. Олеин және линол қышқылдары бір немесе бірнеше қос байланыстан тұратын қанықпаған майлы қышқылдарға жатады.
Сабынмен тазалау
Сабын тазалау процесі барысында механизм бойынша жұмыс істейді. Сабынды сумен араластырып шайқағанда, сабын ерітіндісі концентраты түзіліп, көбік пайда болады.Көбік сабын молекулаларынан су бетінде жалғыз молекулалық қабықшаның пайда болуына ықпал етіп, олардың матаға кіруіне септігін тигізеді.Сабын молекуласының гидрофобиялық ұшы матаға сіңген кірді немесе майды қоршап алады.Ал, екінші жағынан, гидрофильді ұшы суды кірден алшақтатады. Кірді немесе майды қоршап тұрып, кір бөдшектерінен жұмсаратын сабын молекулаларының шоғыры мицелла деп аталады. Сабындарды кермек сула қолданбаған жөн.
Сабындану
Сабындану дегеніміз— химиялық реакция басында майларды гидролиздеу жолымен сабын жасау процесі. Сабындану процесі кезінде триглицеридтер натрий немесе калий гидроксидімен реакцияға түсіп, глицерин мен сабын деп аталатын майлы қышқыл түзеді. Сабындану реакциясы барысында күшті қышқылдар немесе негіздер катализатор ретінде қолданылады.
Ұнтақтардың қасиеті
Синтетикалық ұнтақтар сабындарға қарағанда суда жақсы ериді.
Олар сабындарға қарағанда тазалау әрекеті бойынша күштірек.
Олар биологиялық ыдырауға түспейтін болғандықтан судың ластануына әкеледі.
Олар қатты суда ерімейтін тұнба жасамайды.
Қызықты мәліметтер
Жібек және жүн маталарды сабынмен күнделікті жууға болмайды. Ондаға сілтілер мата талшықтарынан бүлдіруі мүмкін.
1. Сабын алу. Сабындану реакциясын майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қыздыру арқылы жүргізеді. Реакция нәтижесінде глицерин мен жоғары карбон қышқылының натрий тұзы (сабын) түзіледі:
май + NaOH → глицерин + сабын
Түзілген сабынды бөліп алу үшін реакция өнімдеріне натрий хлоридін қосады, сонда сабын қоспаның бетіне қалқып шығып, глицерин астында қалады. Сабынды жинап алады және пішін береді. Сабын жасағанда жоғары май қышқылы тұзынан (RCOOMe) басқа оған — хош иісті заттар, бояулар, антисептиктер және т.б. заттар қосады.
2. Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады:
2С36Н74 + 5O2 → 4С17Н35СООН + 2Н2O
Түзілген қышқылдарды бейтараптау арқылы сабын алынады:
С17Н35СООН + NaOH → C17H35COONa + Н2O (натрий стеараты (қатты сабын))
С17Н35СООН + Na2CO3 → C17H35COONa + Н2O + СO2 (натрий стеараты)
Карбон қышқылы тұздарының (сабынның) гидролизі кезінде сілті түзіледі:
С17Н35СОО- + Na+ + НОН → С17Н35СООН + Na++ ОН-
Сілті майлы заттарды ыдыратады, ал карбон қышқылы — беттік белсенді зат (ББЗ) (43-сурет). Ол екі сұйықтың немесе сұйық пен газ шекарасында беттік керілуді төмендететін зат. ББЗ болу үшін оның құрамындағы топтар әр түрлі затпен әрекеттесуі керек. Карбон қышқылы молекуласының беттік белсенді заты су мен органикалық сұйықтық шекарасында. Карбон қышқылында гидрофобты (гр. hydro — су және phobos — қорқады) көміртек қалдығы және гидрофильді (гр. hydro — су және рһіlіо — сүйеді, ұнатады) карбоксил тобы бар. 44-суретте сабынның жуғыш қасиеті көрсетілген. Сабын молекуласы екі бөліктен тұрады, көмірсутек тізбегі майдың құрамында, ал —COONa+ тобы суда болады.
Сабындардың жуғыш қасиеті — жуылатын беткейлердегі жабысқан кір бөлшектерін эмульсия, суспензия түріне ауыстыра алатын мүмкіндігіне байланысты. Кермек суда сабын "іріп кетеді" де, кір ашылмайды. Себебі кермек суда карбон қышқылының кальций, магний тұздары тұнбаға түседі:
2C17H35COONa + СаСl2 → (С17Н35СОО)2Са↓ + 2NaCl
Сабынның суда еруі кезінде жоғары қышқылдармен сілті түзе гидролиздену процесі бірге жүреді. Бұл жағдай матаға зиянды әсерін тигізеді:
C17H35COONa + Н2O → С17Н35СООН +NaOH
Жоғары карбон қышқылдары тұздарының қолданылуы жуғыш заттар ретінде шектелмейді. Кальций тұзын мұнай майларына қосып, солидол жағар майын алады. Тығыз маталарды алюминий сабынымен (тұзымен) өңдеп, су өткізбейтін брезенттер жасайды. Қорғасын, марганец сабындарын майлы бояулар дайындағанда пайдаланады. Қазіргі кезде синтетикалық жуғыш заттар кеңінен қолданылуда. Синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ), негізінен, алкилсульфаттардың натрий тұзынан тұрады. RO — SO2— ONa. R — құрамында 8—18 көміртек атомы бар көмірсутек радикалы. СЖЗ алу үшін әуелі спирт пен күкірт қышқылын әрекеттестіріп, күкірт қышқылының күрделі эфирін алады:
R — OH + HO — SO2— OH → R — О — SO2 — OH + H2O
Түзілген алкилсульфаттан күрделі эфирдің натрий тұзын алады:
R — О — SO2 — OH + NaOH → R — O — SO2— ONa + H2O
СЖЗ күкіртсутектің ұзын тізбегі (R) мен ерігіш функционалдың топтан тұратындықтан, сабын сияқты жуғыштық қасиеті жоғары. Сабыннан айырмашылығы — кальций мен магний тұздары ерігіш болғандықтан, жуғыштық қасиетін кермек суда да жоймайды. Синтетикалық жуғыш заттар өте баяу айырылады, сондықтан табиғатқа, қоршаған ортаға, тірі организмдерге зиян тигізуі мүмкін. Сол себепті акаба (кір) суларды тұндырғыштарда тұндырып, балдырларда болатын биологиялық бактериялар көмегімен тотықтыру арқылы тазалайды. Бұл кезде органикалық заттарды көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдыратады. Алкилсульфаттар мен алкилсульфонаттарды ыдырататын бактериялар штамдары әзірленген, осылар арқылы микробиологиялық тазарту іске асады. Сабындар жоғары карбон қышқылдарынъш (палъмитнн және стеарин) калий және натрий тұздары. Сабындар қатты және сұйық болады. Сабын кермек суда "іріп" кетіп, кір ашылмайды. Синтетикалық жуғыш заттардың кір алғыштығы сабыннан жоғары, бірақ қоршаған ортаға зиян тигізуі мүмкін.